Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Политехникалық колледжіндегі ішкі тәртіп ережел...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
10.11.2019
Размер:
147.46 Кб
Скачать

6. Жұмыс уақыты және оқу сабақтарын ұйымдастыру

6.1. Колледжде 5- күндік жұмыс аптасы орнатылады.

Басқарушы, оқу-тәрбиелік және әкімшілік-шаруашылық қызметкерлердің жұмыс күнінің ұзақтығы -8 сағат.

6.2. Оқытушылардың жұмыс уақытының басталуы мен аяқталуын, демалуға және тамақтануға арналған үзілісін оқу мекемесінің әкімшілігі белгілейді.

6.3. Оқу мекемесінің әкімшілік-шаруашылық және оқу-көмекші қызметкерлерінің жұмыс уақытының басталуы мен аяқталуы, демалуға және тамақтануға арналған үзіліс уақыты келесідегідей белгіленеді:

Жұмыстың басталуы – сағат 8.30-да.

Түскі тамаққа үзіліс – 13.00 -14.00-дейін.

Жұмыстың аяқталуы – сағат 17.30-ға дейін.

6.4. Оқу сабақтарының ұзақтығы 45 минут, қос сабақ -90 минут, олардың арасындағы үзіліс 10 минут болып белгіленеді.

Оқу күнінің ішіндегі түстік үзілісі -40 минут болып белгіленеді.

Директор, директордың орынбасарлары және бөлім меңгерушілері үнемі жұмыс күні ішінде оқытушыларды, қызметкерлерді және оқушыларды қабылдайды.

  1. Оқу мекемесінің оқытушылары әкімшілікпен келісіп оқылатын пәндер мен үйірмелердің жұмыс уақыттары бойынша кеңестердің сағаттарын белгілейді.

  2. Бір аптадағы жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығын сақтап, кәсіподақ комитетімен келісіп, әкімшілікпен бекітілген, ауысымдылық кестесімен белгіленеді, демалуға және ас ішуге арналған үзілісті және соның ішінде және күн сайынғы жұмыстың басталуы және аяқталуы, күнделікті жұмыстың ұзақтығы сақталуымен анықталады.

  3. Оқытушылар мен оқушылар әрбір сабақтың басталуы туралы екі қоңыраумен хабарландырылады: біріншісі ескертуші (сабақ басталғанға дейін екі минут бұрын) және екіншісі оның басталуы туралы. Сабақтар аяқталған кезде бір қоңырау беріледі.

6.8. Әкімшілік оқу орынның барлық қызметкерлерінің жұмысқа келуін және жұмыстан қайтуын есепке алуды ұйымдастыруға міндетті.

Оқытушының немесе қызметкердің келмеген жағдайында әкімшілік оны басқа оқытушымен (қызметкермен) ауыстыру шараларын тез арада қабылдау керек.

Мас күйінде жұмысқа келген қызметкерді әкімшілік бұл жұмыс күні, оны жұмысқа жібермейді.

Ауруына байланысты жұмысқа келмеген жағдайда, қызметкерге жұмыс істей алмайтыны туралы, емдеу мекемесінің белгіленген тәртіптегі парақ беруі тиіс.

6.9. Оқу сабақтары директор бекіткен кесте бойынша жүргізіледі. Оқу кестесі бір семестрге оқу жоспарына сәйкес құрастырылады және оқу корпустарындағы және жатақхандағы көзге көрінетін жерлерге ілінеді, сабақ басталғанға дейін, бір аптадан кеш емес. Факультативтік сабақтарды өткізу үшін жеке сабақ кестесі құрылады.

Оқушылардың жүктемесі өндірістен қол үзіп оқитын оқудағы міндетті оқу сабақтары аптасына 36 сағаттан аспауы тиіс. Оқу жоспарларында бекітілген, демалыстың ұзақтығын қысқартуға рұқсат етілмейді.

6.10. Әрбір оқу сабағы басталғанға дейін (және сабақтар арасындағы үзілістерде) оқытушылар және лаборанттар қажетті оқу құралдарын, аппаратураны, жабдықты, аспаптарды дайындайды.

Барлық оқу және оқу өндірістік бөлмелердегі қажетті тазалық пен тәртіпті өзіне- өзі қызмет көрсету бастамасымен оқушылар қамтамасыз етеді. Жалпы пайдалану бөлмелері– техникалық қызметкерлер оқу орнындағы белгіленген тәртіпке сәйкес.

  1. Әр оқу тобына белгіленген түрдегі оқу сабақтарының журналы басталады. Журнал оқу бөлімінде сақталады және топта сабақ өткізетін оқытушыға беріледі. Оқытушының жұмыс уақыты (оқушылардың жазба жұмыстарын тексеруге және сабақтарға дайындыққа қажетті, уақытты есептемегенде) оқу сабақтарының кестесімен, сондай-ақ оқу орынның тәрбие және әдістемелік жұмысының жоспарларымен белгіленеді.

  2. Сабақтың үстінен жұмыстарға, әдеттегідей, рұқсат етілмейді. Әкімшіліктің сабақтың үстінен жұмыстарға, кейбір шамадан тыс жағдайларда, ол ҚР қолданысындағы Еңбек кодексінде ескерілген және оқу орынның кәсіподақ комитетінің рұқсатымен ғана жүргізілуі мүмкін.

  3. Қысқы демалыс кезінде, сондай –ақ еңбек демалысы басталғанға дейін және оның аяқталған, жаз кезінде оқытушылар бекітілген семестрлік және жылдық жоспарларға сәйкес, оқу орынның директорымен әдістемелік комиссияның және бірлестіктердің оқыту әдістемесінің сұрақтарымен, жобаларды, оқу бағдарламаларын және әдістемелік зерттемелерді талқылауға, педагогикалық оқуларға, семинарларға байланысты жұмыстарға және оқытушылардың теориялық білімдерін жетілдіру мен біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларға қатысуға тартылуы мүмкін.

  4. Сынып жетекшілері және басқа оқытушылар әкімшіліктің тапсырысы бойынша қысқы демалыс кезінде, оқушылармен мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастырады. Пәндік (топтамалық) комиссиялардың жетекшілері, кабинет, зертхана меңгерушілері келесі семестрге оқу-әдістемелік құжаттамаларды, кабинеттерді, зертханаларды дайындайды.

6.15 Сабаққа ешқандай қатысы жоқ адамдардың қоңыраудан кейін, үзіліске дейін сабаққа кіруіне тиым салынады. Кейбір жағдайларда ғана дәрісханаларға директорға немесе оның орынбасарларына кіруге рұқсат етіледі.

6.16 Бөтен адамдар сабаққа директордың немесе оның оқу жұмысы жөніндегі орынбасарының рұқсат етуімен ғана сабаққа кіре алады. Сабақ өткізіп жатқан кезде оқытушыларға, олардың жұмысы туралы ескерту жасауға ешкімге рұқсат етілмейді. Оқу сабақтарының дұрыс жүруі үшін, барлық оқу және оларға жақын бөлмелерде тынышытық және тәртіп қамтамасыз етілуі тиіс.

Оқу сабақтарын тоқтатып қоюға, сабақты өткізіп жатқанда дәрісханаға кіріп және шығуға болмайды.

6.17. Жұмыс уақытында тиым салынады:

6.17.1. Қызметкерлерді олардың тікелей жұмыстарынан алаңдатуға, оларды жұмыс істеп жатқан орнынан шақырып алуға және қоғамдық міндеттемелерді орындауға және өндірістік қызметпен байланысты емес (кеңестер, семинарлар, спорттық жарыстар, көркемөнерпаздар сабағы, туристік сапарларға) әртүрлі іс-шараларды өткізуге алып кетуге.

6.17.2. Қоғамдық тапсырмаларды орындау үшін оқу сабақтарынан оқушыларды босатуға.

6.18 Қызметкерлердің демалуы үшін оқу-тәрбие барысының жақсы жүруін және қолайлы жағдайлардың қажеттілігін ескеріп, оқытушылар мен қызметкерлердің жылсайынғы еңбек демалысын беру кезегі кәсіподақ комитетімен және оқу орынның әкімшілігімен белгіленеді.

Еңбек демалысының кестесі әр күнтізбелік жылға, ағымдағы жылдың 5 қаңтарына кеш емес құрастырылады және оқу орынның барлық қызметкерлерінің мәліметіне жеткізіледі. Оқытушыларға жылсайынғы еңбек демалысы, әдеттегідей, жазғы демалыс кезінде беріледі.

6.19. Оқу бөлмелеріндегі жайлылық үшін (жақсы жиһаздың және жабдықтың болуы, тазалықты сақтау және бірқалыпты температураны сақтау, жарықтың дұрыс түсуі және басқалары үшін) директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы бойынша орынбасары жауапты болады.

Зертханалардағы және кабинеттердегі жабдықтардың сақталуына және жұмыс істеп тұруына, сабаққа оқу материалдарын дайындауға, кабинеттерге және зертханаларға лаборанттар жауапты болады.

6.20. Оқу орынның бөлмелерінде тиым салынады:

6.20.1. Сыртқы киіммен және бас киіммен жүруге.

6.20.2. Сабақ өтіп жатқан кезде қатты сөйлеуге, дәліздерде шулауға.

6.20.3. Шылым тартуға.

6.21. Оқу шеберханаларында, зертханаларда, оқу кабинеттерінде техникалық қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтар ілінуі тиіс.

6.22. Барлық оқу бөлмелерінің кілттері күзеттің кезекші қызметкерінде болуы тиіс және директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары бекіткен тізім бойынша берілуі тиіс.