Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Политехникалық колледжіндегі ішкі тәртіп ережел...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
10.11.2019
Размер:
147.46 Кб
Скачать

5. Оқушылардың негізгі міндеттері

5.1.Оқу мекемесінің оқушылары міндетті;

  1. Таңдаған мамандығы бойынша теориялық білімдерді, тәжірибелік дағдыларды және іскерліктерді жүйелі меңгеру.

  2. Өз мәдениеттілігін және кәсіпшілік деңгейін жоғарылату үшін үнемі жұмыс істеу .

  3. Міндетті оқу және тәжірибелік жұмыстарға қатысу.

  4. Оқу жоспарларымен және бағдарламалармен алдын ала ескерілген тапсырманы, белгіленген мерзімде орындау.

5.1.5. Өзінің еңбекқорлығын тәрбиелеу, қоғамдық - пайдалы еңбекке, оқу мекемесінде және өндірісте өзіне -өзі қызмет етуге белсенді қатысу.

5.1.6. Оқу мекемесінің ішкі тәртіп ережелерін және қоғамда мінез-құлық нормаларын сақтау .

5.1.7. Оқу мекемесінде қалай тәртіпті және жинақы, таза болса, көшеде, қоғамдық орындарда да дәл солай болу керек, тапсырылған іске шығармашылықпен қарау.

5.1.8. Оқу мекемесінің меншігін сақтау және бекіту.

5.1.9. Адамгершілікке жат көрінулерге және жетіспеушіліктерге шыдамсыздықпен қарау, ұжымның қоғамдық өміріне қатысу, белсенді өмірлік ұстанымды ұстау.

5.1.10. Оқу мекемесінің халық арасында өткізетін қоғамдық шараларына және оқушылармен кәсіби бағдарлық жұмысқа қатысу.

5.2. Оқу жұмыстарын өткізу үшін, оқушылар дәрісханаларда, зертханаларда, кабинеттерде, оқу шеберханаларында оқу топтарына бөлінеді. Оқу мекемесі директорының бұйрығымен таңдаған мамандығына байланысты, оқу топтарының құрамы белгіленеді.

Дәрісханаға оқытушылар, оқу мекемесінің бастықтары кірген кезде, оқушылар оларды орындарынан тұрып қарсы алады. Оқушылар оқу сабақтары жүріп жатқан кезде, оқытушылардың түсіндірулерін және жолдастарының жауаптарын ықыласпен тыңдауға, бөтен істермен шұғылданбауға, әңгімелеспеуге және оқытушылардың барлық нұсқауларын орындауға міндетті. Сұрақтар қойылған және жауап берген кезде, тек қана оқытушының рұқсатымен ғана тұруы және отыруы тиіс.

  1. Зертханаларда, оқу шеберханаларында кабинеттерде және өндірістік тәжірибе кезіндегі сабақ уақытында оқушылар сабақ жетекшісі көрсеткен аспаптармен, құралдармен немесе басқа құрылғылармен ғана жұмыс істеп, оларды ұқыпты ұстауы тиіс және техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Оқушыларға колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз, зертханалардан, оқу және басқа бөлмелерден заттарды және әртүрлі жабдықтарды шығаруға болмайды.

  2. Оқушы аурып немесе басқа орынды себеппен сабаққа келмесе, күн ағымында директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарына, бөлім меңгерушісіне, сынып жетекшісіне хабарлауы тиіс.

Оқушы ауырып қалса бөлім меңгерушісіне, сынып жетекшісіне белгіленген түрдегі емханалық дәрігер мәліметін немесе емдік мекеменің анықтамасын әкелуі тиіс. айырылумен меңгерушіге немесе класс бастыққа пайдалануына береді .

5.5. Оқу мекемесі директорының бұйрығымен, әрбір оқу тобында жаңа оқу жылына жақсы үлгерушілер, тәртіпті және ұйымдастырушылық қабілеті бар оқушылар қатарынан староста тағайындалады. Топ старостасы сынып жетекшісінің басшылығымен жұмыс істейді, оның барлық бұйрықтарын және нұсқауларын өз тобының мәліметіне жеткізіп отырады.

5.6. Старостаның міндетіне кіреді: топтағы тәртіпті сақтау, оқушылардың сабаққа келмеуін немесе кешігуін қадағалау, олардың себептері туралы бөлім меңгерушісіне рапорт беру, оқу жабдықтарының және құрал-саймандардың сақталуын бақылау, оқу сабақтарының кестесіне енгізілген өзгертулер туралы оқушыларға хабарлауы, оқулықтарды және оқу құралдарын дер кезінде алу және топ оқушыларына тарату, қоғамдық, мәдени-бұқаралық және спорттық шараларды ұйымдастыру және өткізу.

Көрсетілген қызметтер шектеріндегі старостаның бұйрықтары барлық оқушылар үшін міндетті.

5.7. Староста кезекшіліктердің кестесімен сәйкес топ бойынша (шағын топқа) сабақтың әрбір күніне кезекшіні тағайындайды.

Топтың кезекшісіне оқу ғимаратындағы тәртіпті, тазалықты және мүліктің сақталуын қадағалау міндеті, сабақтың алдында қажетті материалдармен қамтамасыз ету жүктеледі.