Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Политехникалық колледжіндегі ішкі тәртіп ережел...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
10.11.2019
Размер:
147.46 Кб
Скачать

Келісілген Бекітемін

Кәсіподақ комитетінің

төрайымы Колледж директоры

___________Р.М. Бралина ______________В.И. Старунов

2010 жыл 10 сәуір 2010 жыл 10 сәуір

Астана қаласының Политехникалық колледжіндегі ішкі тәртіп ережелері

1. Жалпы ережелері

1.1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, колледждің Жарғысы және «Білім жөніндегі» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалып және бекітілді. Олар жұмысты дұрыс ұйымдастыруға, жұмыс уақытын тиімді пайдалануға, колледждің қызметкерлері мен оқушылардың еңбек сапасын арттыруға және нығайтуға көмектесуге бағытталған.

1.2. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республиканың азаматтары еңбек пен білімге құқығы бар. Азаматтарға еңбек келісімінің бостандығы кепілденеді, олардың қауіпсіздік пен тазалық шарттарына жауап беретін, еңбек шартына құқығы бар.

  1. Әр еңбек етуге жарамды азаматтың - оның таңдаған қызметі саласындағы ұқыпты еңбегі, еңбек тәртібін сақтауы арының ісі.

  2. Ұқыпты еңбек — бұл өз жұмысына деген саналы және шығармашылықпен қарауы, жұмыс уақытын өнімді пайдалану, еңбек кестесін және еңбек тәртібін сақтау. Оқу орнындағы еңбек және оқу тәртібі ішкі тәртіп ережелерін қатаң түрде сақтауға, оқушылар мен қызметкерлердің өздерінің еңбек және оқу міндеттерін орындауға саналы және шығармашылықпен қарауына негізделеді. Еңбекте және оқуда қатаң тәртіпті сақтау – оқу орнындағы ұжымның әр мүшесі тәртібінің ең алғашқы ережесі.

2. Оқу орынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару тәртібі

2.1. Оқу мекемесінің қызметкерлері еңбектің келісім-шарт жасау жолымен еңбекке құқықты іске асырады

2.2. Әкімшілік жұмысқа қабылдау кезінде ол кісіден: еңбек кітапшасын немесе еңбек келісім-шартын, немесе қабылдау туралы және жұмыстан шығару бұйрықтарын жазып алуды, жеке басының куәлігін, әлеуметтік дара код иеленуі туралы куәлігін, білімі туралы құжатын, зейнетақылық келісім-шартын талап етуге міндетті.

2.2.1. Жұмысқа қабылдау кезінде ҚР Еңбек кодексімен алдын ала ескерілмеген құжаттарды тапсыруды, еңбеккерлерден талап етуге тиым салынады.

2.2.2. Жұмысқа қабылдау оқу мекемесі директорының бұйрығымен ресімделеді, ол қызметкерге қолхат бойынша жеткізіледі. Бұйрықта штаттық кестемен сәйкестікте лауазым атауы және еңбек ақысын төлеу шарттары көрсетілген болуы тиіс.

Қызметкердің еңбектік функцияларының орындалу басы болып, еңбек келісім-шартында көрсетілген, жұмыстың басталу күні есептеледі.

2.3. Жұмысқа тағайындау кезінде немесе басқа жұмысқа анықталған ретте ауыстыру кезінде әкімшілік міндетті:

2.3.1. Қызметкерді тапсырылған жұмыспен, лауазымдық нұсқаумен және еңбек шарттарымен және еңбек ақысын төлеумен таныстыру, оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.

2.3.2. Оны ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру.

2.3.3. Техникалық қауіпсіздік, өртке қарсы және электрқауіпсіздік өндірістік санитария, еңбек тазалығы және еңбекті қорғау тағы басқа ережелер бойынша нұсқаулық беру.

2.4. Еңбек келісім-шартын тоқтату, ҚР Еңбек кодексімен алдын ала ескерілген негіздер бойынша болуы мүмкін.

Оқу орын әкімшілігінің ынтасы бойынша еңбек келісім-шартын бұзу, ҚР Еңбек кодексімен алдын ала ескерілген жағдайлардан басқа, кәсіподақ комитетінің алдын ала келісімінсіз рұқсат етілмейді.

Еңбек келісім-шартын тоқтату әкімшіліктің бұйрығымен ресімделеді.

2.5.Қызметкердің жұмыстан шыққан күні әкімшілік жұмыстан босатылуы жөніндегі жазуы бар, еңбек кітапшасын беруге және онымен соңғы рет есеп -айырысу жүргізуге міндетті. Жұмыстан шыққан күні болып, жұмыстағы соңғы күні есептеледі.