Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Политехникалық колледжіндегі ішкі тәртіп ережел...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
10.11.2019
Размер:
147.46 Кб
Скачать

3. Оқу орны қызметкерінің негізгі міндеттемелері

3.1. Оқу орнының қызметкерлері міндетті:

3.1.1.Адал және ұқыпты еңбек етуге, еңбек тәртібін сақтауға, әкімшіліктің бұйрықтарын уақытылы және дәл орындауға, тапсырылған істі орындауға бүкіл жұмыс уақытын жұмсауға, басқа қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтіретін әрекеттерден аулақ болуға.

3.1.2. Сәйкес ережелермен және нұсқаулармен ескерілген, еңбек тазалығы мен өртке қарсы қорғау, өндірістік санитария, техникалық қауіпсіздік, еңбекті қорғау бойынша талаптарды толық сақтау, бірыңғай арнайы киімді, аяқ киімді және қажетті жеке қорғау құралдарын пайдалану.

3.1.3. Өз жұмыс орнын, жиһаз, жабдықты және құралдарды түзу күй-жағдайда сақтау, сонымен қатар дәрісханаларда және оқу мекеме аумақтарында тазалықты сақтау, заттық құндылықтарды және құжаттарды сақтаудың белгіленген тәртібін сақтау.

3.1.4. Меншікті заттарды, жабдықты, аппаратураны, аспаптарды, станоктарды, құрал-саймандарды сақтау және бекіту, шикізатты, материалдарды және электр энергиясын үнемді және орынды жұмсау.

3.1.5. Өзін лайықты ұстау, ішкі тәртіп ережелерін сақтау, спиртті ішімдіктерді ішуін болдырмау.

3.2. Оқу мекемесінің оқытушылары міндетті:

3.2.1. Оқулық және әдістемелік жұмысты жоғары дәрежеде жүргізу, оқу жоспарларының және бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету.

3.2.2. Оқушылардың үлгерім есебін жүргізу, олардың дербес жұмысын ұйымдастыру және бақылау.

3.2.3. Оқушылардың идеялық тәрбиеленуін жүзеге асыру және оқушыларды тәрбиелеудің бірыңғай кешенді жоспарына сәйкес дәрісханадан тыс тәрбиелік жұмысын жүргізу.

3.2.4. Әрбір семестрге күнтізбелік - тақырыптық жоспар құрастыру, сонымен қатар әр сабақтық жоспарларды, қажетті құжатнаманы жүргізу ,

3.2.5. Өзінің идеялық деңгейін, педагогикалық шеберлігін және іскерлік біліктілігін жүйелі түрде жоғарылату, оқытудың қазіргі заманғы әдістерін, тәрбиелеудің және еңбекті ұйымдастыруды оқу және енгізу.

3.2.6. Оқу мекемесі өткізетін қоғамдық шараларға және оқушылармен кәсіби бағдарлық жұмысқа қатысу.

4. Оқу мекемесі әкімшілігінің негізгі міндеттері

4.1. Оқу мекемесі әкімшілігінің міндеттері:

4.1.1. Оқу мекемесінің оқытушылары мен басқа да қызметкерлердің еңбегін өз мамандығы мен біліктілігіне сәйкес ұйымдастыруға, әрбір қызметкерге белгілі бір жұмыс орнын бекітуге, оқу сабақтарының кестесімен оқытушыларды дер кезінде таныстыруға және бекіту оқу жылы күнтізбелік - тақырыптық жоспарларды алдағы, оқу жылына бекіту, оқу жылының соңында оқытушыларға олардың жаңа оқу жылына жылдық жүктемесін (демалысқа кетуге дейін) хабарлау.

4.1.2.Денсаулығының амандығын және еңбек пен оқудың қауіпсіз шарттарын, орналастыру, бөлмелердің, от жағудың, жарықтандырудың, желдетудің, аспапты, станоктардың және қалған басқа жабдықтаудың түзу күй-жағдайын және оқу барысын толассыз жүргізуді қамтамасыз ететін, қажетті материалдардың болуын қамтамасыз ету.

4.1.3. Мамандарды қабылдаудың және бітіріп шығарудың белгіленген жоспарларының орындалуын қамтамасыз ету, оқу мекемесі жұмыстарының сапалы көрсеткіштерін жақсарту бойынша шараларды жүзеге асыру.

4.1.4 Қазіргі заманның өндірісі талаптарын есепке ала отырып, мамандарды дайындау сапаласын жақсартуға арналған жағдайлар жасау, еңбектің тәсілдері мен оқытудың алдыңғы қатарлы әдістерін зерттеу және енгізуді ұйымдастыру.

4.1.4. Жақсы оқуға, еңбекке, тұрмысқа, мәдениетті- тәрбиеге, дене тәрбиесіне - бұқаралық, шипалы жұмыстарға, демалысқа, дәрігерлік қызмет етуге және оқушылардың тамақтануына арналған қажетті жағдайларды жасау.

Оқу ғимараттарын, жатақханаларды, шипалы және спорттық құрылыстарды дер кезінде жөнделуін қамтамасыз ету.

Оқу барысын, мәдени - тәрбиелік, дене тәрбиелік - бұқаралық, шипалы жұмысты қажетті жабдықтаумен, материалдармен, құрал-саймандармен және аспаптармен қамтамасыз етуге шара қолдану.

4.1.5. Оқу жоспарларының және бағдарламалардың орындалуын, оқу сабақтары кестесінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру.

4.1.6. Нашақорлық пен маскүнемдікке қарсы шығуға және алдын алу бойынша іс-шараларды жасау және өткізу, ішімдікке қарсы насихатты батыл күшейтуге және оның нәтижелілігін жоғарылатуға бағытталған тәрбиелік шараларды жүзеге асыру.

4.1.7. Қоғамдық ұйымдардың, оқытушылардың және басқа қызметкерлердің оқу мекемесінің жұмыстарын жақсартуға бағытталған ұсыныстарын дер кезінде анықтап қарау және енгізу және оқу мекемесінің жақсы қызметкерлерін қолдау және көтермелеу.

4.1.8. Ұйымның еңбек ақы төлеуін үнемі жетілдіру, олардың жеке еңбегінің нәтижелеріне және жұмыстың жалпы қорытындыларына қызметкерлердің заттық құштарлығын, еңбек ақы төлеу қорының үнемді шығындалуын, еңбек ақысын төлеудің жұмыс істейтін шарттарын дұрыс қолдануын қамтамасыз ету, еңбек ақысын және стипендияны белгіленген мерзімдерде беру .

4.1.9. Ұйымдастырушылық және тәрбиелік жұмысты тұрақты жүзеге асыра отырып, оны нығайтуға бағытталған, еңбек және оқу тәртібінің қатал сақталуын қамтамасыз ету, жұмыс уақытының шығындарын жою, тұрақты еңбек ұжым құру; еңбек тәртібін бұзушыларға әсер ететін шараларды қолдану және мұнда еңбек ұжымының пікірін ескеру керек.

4.1.10.Техникалық қауіпсіздік, өндіріс санитариясының және еңбек гигиенасының, өртке қарсы сақтық нұсқауларының барлық талаптары бойынша, қызметкерлердің және оқушылардың білімдері мен сақтауын үнемі бақылау.

4.1.12. Қызметкерлерді және оқушыларды жарақат алудан, кәсіби және басқа аурулардан сақтандыру, қажетті шараларды жасау; арнайы киіммен, аяқ киіммен және жеке қорғаныштың басқа құралдарымен, жұмыс істейтін нормалармен сәйкестікте қамтамасыз ету, бұл құралдарға тиісті қарауды ұйымдастыру, оқушылар мен қызметкерлердің жоғарғы киімдерінің сақталуына арналған жақсы жағдайлар жасау.

4.1.13. Оқу мекемесінің барлық қызметкерлеріне демалысты дер кезінде беруді қамтамасыз ету.

4.1.14. Оқу мекемесі қызметкерлерінің кәсіпорындарында кәсіпшілік мамандықты және сынақ істерін жүйелі жоғарылатуды қамтамасыз ету.

4.1.15. Қызметкерлердің қоғамдық өмірге қатысуын есепке ала отырып, кәсіпшілік қызмет рейтингін жүйелі жүзеге асыру, мамандарды дайындау сапасын жоғарылату бойынша шығармашылық жұмыс үшін жағдай жасау, байқаулардың қорытындысын дер кезінде шығарып отыру, жеңімпаздарды адамгершілік және заттық ынталандыру шараларын, алдыңғы қатарлы қызметкерлерді қолдау туралы сұрақтардың шешімдерін жетілдіру, оқытушылардың және басқа қызметкерлердің озық педагогикалық тәжірибелерін және бағалы ынталарын таратуды қамтамасыз ету.

4.1.16. Қызметкерлердің өз өкілеттіктерін орындау үшін қажетті жағдайлар жасау, іскерлік шығармашылық жағдайды жасауға көмектесу, олардың ынтасын және белсенділігін барлық жағынан қолдау және дамыту, оқу мекемесін басқаруға олардың қатысуын қамтамасыз ету, еңбек ұжымының жиналыстарын, педагогикалық және әдістемелік кеңестерді толық мәнінде қолдану, қызметкерлердің сын ескертпелерін дер кезінде анықтап қарау және оларға қабылданған шаралар туралы хабарлау.

4.1.18. Оқу мекемесі қызметкерлерінің сауалдарына, олардың мұқтаждықтарына ықыласпен қарау, тұрғын үй- тұрмыстық жағдайларын жақсартуға шаралар қолдану.