Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗяз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
28.09.2019
Размер:
249.34 Кб
Скачать

:1. Жалғаулықты

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем — синтаксистік компоненттеріндегі баяндалған оқиға-әрекеттер бір-біріне қарама- қарсы қойылатын құрмалас сөйлем. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдегі қарсылықты мағына екі түрлі кұбылысты, іс-әрекетті, көріністі салыстыра баяндауға негізделеді. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің бір компонентініңбаяндауышы болымды, енді бір компонентінің баяндауышы болымсыз тұлғада беріліп, қарама-қайшы мән туғызады. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер жасалу жолына бірнеше түрге бөлінеді:1. Жалғаулықты, Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем— ол бірақ, дегенмен, әйтсе де, алайда, сонда да, әйткенмен сияқты жалғаулықтар арқылы жасалады. Мысалы: Дьяковен де жерде тіл табысып кетерміз деп дәмеленіп еді, бірақ ол ойлағаны болмады (Ә. Нүрпейісов).2. Жалғаулықсыз, Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем - Мұнда оның компоненттері ешбір жалғаулықсыз іргелес, қатар жұмсалады. Мысалы: Мәмбет екінші рет тағы атайын деп еді, мылтығының шаппасы жүрмей тұрып алды (I. Жансүгіров). Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді Ахмет Байтұрсынұлы "Тіл — кұралында" қайырыңқы салалас сөйлем деп атаған (А. Байтұрсынов. Тілтағылымы. Алматы, 1992, 302-6).[1]

Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: әкем, дәптерім деген сөздер зат болса, Түйенің үлкені өткелде таяқ жейді (мақал) деген сөйлемдегі үлкені сын есімі субстантивтеніп тұр. Ердің екі сөйлегені - өлгені; еменнің иілгені - сынғаны (мақал) дегендегі сөйлегені, өлгені, иілгені, сынғаны деген сөздер - зат есім орнына қолданылып тұрған есімше формалар.

Жақ-жақтың көрсеткіші ретінде қызмет ететін тәуелдік жалғау қосымшалары мыналар:

Жақ

Соңғы дыбыс

Дауысты

Дауыссыз

Жуан буын

Жіңішке буын

Жуан буын

Жіңішке буын

1. I жақ

-ым

-ім

2. II жақ

-ың

-ің

3. II жақ

-ңыз

-ңіз

-ыңыз

-іңіз

3. III жақ

-сы

-сі

Бұл қосымшалар жалғанған сөздер, әдетте, өздерінен бұрын ілік септік жалғауда тұрып тіркесетін жіктеу есімдіктермен тікелей байланысты болады. Сол себептен тәуелдеулі сөздің жақ жалғаулары да жіктеу есімдіктерінің жақтарына сәйкес келіп отырады. Мысалы: менің қаламым; сенің қаламың; сіздің қаламыңыз, оның қаламы.

Жекеше түр мен көпше түрдің тәуелденуі

Сөз жекеше түрде де, көпше түрде де тәуелденеді. Егер сөз (зат) жекеше түрде тәуелденіп тұрса, бір зат бір адамға (я затқа) тән екендігі білінеді. Ал, сөз (зат) көпше түрде тәуелденіп тұрса, көп зат я бір тектес бірнеше зат бір адамға (я затқа) ғана меншікті екендігі білінеді. Тәуелдіктің бұл түрі оңаша тәуелдеу деп аталады.

Мысалы: Бірдің тәжірбиесі - көптің игілігі (мақал); Байлықтың атасы - еңбек, анасы - жер (мақал) деген сөйлемдердегі тәуелдік жалғауының қосымшалары жалғанған сөздерді тәуелдік жалғауларынсыз қолданса, сол сөйлемдердегі сөздердің қиюлары кетіп, олар өз ара үйлеспей, қисындаспай тұрады.

КАЗАХСТАН

 Отан...Бұл сөз-әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз.

         Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным-сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке - Қазақстан.

         Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы құлағыма келеді.

Қазақстан - тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті.Әсіресе XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғығы толы кезеңімен есте қалды.

         Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүрсілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз, айыптамаймыз да. Себебі, бұл-тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналықты жадымызда ұстайық!

          Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында келеді. Еліміз тәуелсіз ел, дербес мемлекет болып XXI ғасыр табалдырығын сенімді аттағанбыз. Ел өз қалауымен президентті сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тіліміз-қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы- Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде.

         Елбасымыз айтқандай XXI ғасыр-жастар ғасыры. Мұқағали ағамыз:

                                                                      « Сендердікі қоғам, өмір, заман да,

                                                                        Сен түзеген қалаңменен далаң да,

                                                                        Болашақта барлығы да сендердікі, жас ұрпақ,

                                                                        Сендерге аманат етіп табыстаймыз, қабыл алыңдар!»,- дейді.

         Біз - халқымыздың үміт артарымыз, өлкемізді көркейтіп жасартары да біз-жастар.

         Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің. Менің жаным өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Туған жер! Мен сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңмін, тәуелсіздікті мықтап қолда ұстайтын балаңмын!

Күшейткіш үстеу Күшейткіш үстеу сынның немесе қимылдың, іс-әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп я солғындатып көрсетеді. Күшейткіш үстеулер көбінесе сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалады да, онымен тұтасып келіп сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасауға негіз болады. Мысалы: ең әдемі, тым биік, өте жақсы, аса терең, орасан зор т. б. Күшейткіш үстеулердің біразы етістікпен тіркесіп, қалай? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың сипатын күшейте я солғындата көрсетеді. Мысалы: мүлдем білмейді, әбден шаршаған, сәл жүріңкіре, керемет сөйлейді т. б. Құрамы жағынан күшейткіш үстеулер негізгі түбір болып келеді.

Пиелонефрит – бүйректің және бүйрек түбегінің көбінесе интерстициялық талшығының қабынуы. Бұл – бүйректің ең жиі кездесетін ауруы.

Ішек таяқшасы (60-80% жағдайында), сирекірек болса да стрептококк, стафилококк, протен жетекші маңыз атқарады, жекелеген жағдайда ауруды аралас микрофлора туғызды. Несеп жолдарының қабынып ауруы көбінесе экссудаттық-қатаралдық диатезбен, гипотрофиямен, ас қорытуының бұзылуымен ауыратын балаларда байқалады. Ауру үш жолмен: гематогендік, лимфогендік, несеп жолының төменгі бөлімдерінен шығатын жолдармен тууы мүмкін. Бұған несеп жолдарының тарылуы мен бұзылуы, иілуі, қысылуы және несептің жүруін бұзатын басқа да себептер жәрдемші болады. Пиелонефритке тән синдромдар – лейкоцитурия, бактериурия және бүйрек өзекшелерінің функциионалдық қабілетінің нашарлауы. Бірініші және екінші пиелонефрит болып бөлінеді.

Бірінші пиелонефрит – жалпылама ұғым. Бүйректің зақымдану себебі беймәлім. Екінші обструкциялық пиелонефритке және туа бітетін тубулопатия (бүйрек өзекшелерінң тұқым қуалайтын зақымдануы) себепші болатын пиелонефритке бөлінеді. Өту сипаты бойынша жедел, толқын тәрізді латентті пиелонефрит болып бөлінеді. Антибиотиктер мен химиялық препараттар оларды қалай көтеретіндігін, микрофлораның сипаты мен процестің белсенділігін ескере отырып, тағайындалады. Пенициллин қатарынның препараттары, ең жақсысы – жартылай синтетикалық препараттар (окцациллин, ампициллин, эритромицин), тетрациклин қатарының препараттары қолданылады. Аралас инфекция жағдайында екі антибиотик немесе оларды басқа да антимикробтық дәрі-дәрмектермен араластырып қолданады. Антибиотиктер алғашқы 10-14 ткүде енгізіледі, одан соң препараттарды ауыстырады. Сульфаниламидтік препараттарды 3-4 күннен үзіліс жасап, 7-10 күн циклымен пайдаланылады. Олардың ішінде нефротоксині ең азы – уросульфан, этазол, сульфадиметоксин, 10-14 кү циклымен антибиотиктерге қосып немесе қоспай-ақ нитрофуран өнімдері – фурагин, фурадонин, фурозолин тағайындалады, оладың бактериостатикалық әсері айқын болады. Нафтиридиннің өнімдері налидикс қышқылы (неграм, нефиграмон, налидиксин) пайдалы, олар 20-3 апта бойы қолданылады. Арасына 10 күн салып, екі апта циклымен нитроксолин (5 – НОК, оксихинолиннің өнімі) ойдағыдай пайдаланылып жүр. 1 – 1 1\2 ай бойы үздіксіз антибактериялық терапия жүргізеді.міндетті түрде витаминдер: ретинол, аскорбин қышқылы, В тобының витаминдері, пангам қышқылы (В15 витамині) тағайындалады.