Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗяз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
28.09.2019
Размер:
249.34 Кб
Скачать

 

Салалас құрмалас сөйлем - Сложносочиненное предложение. Сложным называется предложение, состоящее из двух или нескольких простых предложений, объединенных по смыслу и составляющих единое целое. Сложносочиненные предложения образуются при помощи следующих союзов: Ыңғайлас (Сочинительные союзы): және, да, де, та, те (и, к, тому же). Оның бүгін кеткісі келмеді және күн суық болды. (Он не хотел сегодня уезжать, и к тому же день был холодный) Жиналыс бітті де, халық тарқай бастады. (Собрание закончилась, и народ стал расходиться). Қарсылықты (Противительные союзы): бірақ, алайда, дегенмен, әйтсе де, сонда да, (но, однако, иначе, все-таки). Мен кітабымды беріп едім, бірақ ол алмады (Я давал ему свою книгу, но он не взял). 2. Ол менен бұрын кетті, сонда да мен оны қуып жеттім (Он ушел раньше меня, но я его догнал). Талғаулықты (Разделительные союзы): (біресе, не, немесе, я, яки, бірде, не болмаса, әлде, кейде, (или, иногда, то, однажды, либо). Күн біресе жауады, біресе ба-сылады (Дождь то шел, то переставал). Бүгін киноға не мен барамын, не сен барасың (В кино сегодня либо я пайду, либо ты пойдешь). Себеп-салдар салалас (причинно-следственные): сондықтан, сол себепті, сөйтіп, сонымен, өйткені, себебі шылаулары арқылы байланысады. Менің кім екенімді Жұмабайға әкесі айтып берді, сондықтан ол менен қымсынбай сөйледі.  Кезектес (разделительный) - бірде, біресе, кейде шылаулары арқылы байланысады. Ел іші сапырласып жатқан әскер: біресе қызыл келеді, біресе ақтың әскері келеді.

Өтқап (желчный пузырь); (vesica fellae, лат. vesica — қап, fella — өт) — өт уақытша жиналатын жұқа қабырғалы қапшық. Қабырғасы: ішкі — кілегейлі (бір қабат призма тәрізді эпителий астарлайды), ортаңғы — етті, сыртқы — сірлі қабықтардан құралған. Өтқап бауырдың ішкі бетінде орналасады. Өтқап жылқыда, түйеде, бұғыда болмайды.

Сөйлем мүшелері – сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен мағыналық байланыста болады, сол байланыс негізінде грамматикалық мағынаға ие болған сөздер, сөз тіркестері сөйлем мұшелері қызметін атқарады. Сөйлем мүшелері қызметінде сөйлемнің дұрыс құрылуының, әр сөздің өз орнында жұмсалуы мен ой желісі, стильдік жағынан нақты болуының орны ерекше. Сөйлем мүшелері үлкен екі топқа бөлінеді: тұрлаулы мүшелер (бастауыш, баяндауыш); тұрлаусыз мүшелер (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш). Тұрлаулы мүшелер сөйлемнің негізгі арқауы саналады, предикативтік қатынас негізінде ең кіші сөйлем ретінде жұмсалып, олардың негізінде тема, рема, тіпті есімді, етістікті сөз тіркестері айқындалады. Бастауыш – сөйлемдегі ойдың иесі, ол нөлдік, көптік, тәуелдік тұлғаларда есімдіктен, есім сөз таптарынан, ал баяндауыш бастауыштың негізгі қасиеттерін нақтылай келе етістіктен, т.б. сөз таптарынан жасалады. Тұрлаусыз мүшелер бастауыш пен баяндауышқа тікелей қатысты болып, сөйлемде айтылуға тиісті ойды толықтырып, айқындап тұрады. Толықтауыш септелген сөздердің заттық қасиетін көрсетеді де, тура және жанама түрлерге бөлінеді. Анықтауыш заттың, субстантивтенген сөз таптарының, септік жалғаулы пысықтауыштарды айқындайды, оның сапалық, меншікті түрлері бар. Пысықтауыш көбіне қимылға, кейде есімдерге де қатысты жұмсалады. Сөйлем мүшелері негізінен дербес мағыналы сөз таптарынан жасалады, олардың жасалуына көмекші есім, көмекші етістік, шылау, модаль сөздер де қатынасады, дербес мағыналы сөздердің семантикасын осы көмекші сөздер айқындайды. Сөйлем мүшелері дара, күрделі, үйірлі, кейде құрама болады.

Болезни

Дерт — медицинада адамның қалыпты денсаулығының бұзылуы, ауру. Дерт көпшілік жағдайларда қоршаған ортаның әсерлеріне, сондай-ақ ағзаның ішкі жағдайлары мен тұқым қуалау белгілеріне байланысты болады. Дерттің пайда болу себептерін зерттейтін ілімді этиология деп атайды. Дерттер пайда болу себептеріне қарай туа біткен ауру және жүре пайда болатын дерт болып бөлінеді: Туа біткен ауру — тұқым қуалаудан немесе баланың пайда болған кезеңіндегі әр-түрлі кінәраттардан (паталогиядан) дамиды; Жүре пайда болған ауру — жұқпалы (індет) және жұқпалы емес болап бөлінеді. Дерттің өтуі алғашқыайқындалу және аяқталу кезеңінен тұрады. Аурудың алғашқы кезеңінің жасырын және басталу басталу сатылары болады. Жасырын сатысында аурудың ешқандай белгілері байқалмайды. Кейін қосымша белгілер (әлсіздік, бейжайлық, ұйқы бұзылуы, тәбеттің болмауы, бас ауруы, т.б.) біліне бастайды. Айқындалу кезеңінде аурудың клиникалық белгілері (симптомдары) айқын білінеді. Аурудың аяқталу кезеңінде науқас адам толығынан ауығады немесе жартылай сауығады. Кейде ол созылмалы түрге ауысады немесе қазаға душар етеді. Көптеген аурудан алдын ала сақтануға болады. Ол үшін салауатты өмір салтын сақтаудың маңызы зор.

Жай сөйлем құрамы мен құрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Сөйлемде тұрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң сөйлем және жайылма сөйлем болып бөлінеді. Жалаң сөйлем - тұрлаусыз мүшелер болмай, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем. Жайылма сөйлем - тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлем. Сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты сөйлем, жақсыз сөйлем болып бөлінеді. Жақсыз сөйлем - бастауышы бар кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауышы арқылы табуға болмайтын, баяндауыштың өзі ғана сол сөйлемге ұйытқы болатын жай сөйлем түрі.  Жақсыз сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғада келеді: 1. –қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақты қалау рай етістікке бол көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтқысы келді. 2. Тұйық етістікке керек, жөн, мүмкін, тиіс сияқты сөздер тіркесіп келеді: баруы керек, айтуы тиіс т.б. 3. –ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеге бол (көбіне болма тәрізді болымсыз түрінде) көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтып болмайды, ұғып болмайды. 4. Баяндауыш құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар, бірақ сөйлем мүшелеріне жіктеуге келмейтін тұрақты тіркестерден болады: шек сілесі қатты, шарасы қалмады. Толымды сөйлем - сөйлемде ойға қатысты айтысуға мүшелері түгел жай сөйлемнің түрі.  Толымсыз сөйлем - айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрі. Мысалы: Кәлен бір ытқып сыртқа шықты. Күпі сыртынан қайыс белбеуін буып алды. Көзінен жасы ыршып кетті. Осы үш сөйлемнің алдыңғысы – толымды cөйлем, өйткені оны сөйлем етіп тұрған баяндауышы (не істеді? - шықты) да, бастауышы (кім шықты? – Кәлен) да бар және сөйлем білдіретін ойға қатысты пысықтауыш (қайда шықты? – сыртқа және қалай шықты – бір ытқып ) та жұмсалған. Сондықтан бұл - толымды сөйлем. Екінші сөйлемде баяндауыштың (не істеді? – буып алды) иесі бастауыш жоқ, сөйлемде түсіп қалған, бірақ оны табуға болады: кім буып алды? – ол (Кәлен). Үшінші сөйлемде көзінен сөзінің анықтауышы (кімнің көзінен?) түсіп қалған. Сондықтан екінші, үшінші сөйлемдер толымсыз сөйлемдер деп танылады.  Атаулы сөйлем - ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың құбылыстың, мезгілдің, мекеннің аты аталып көрсетілетін жай сөйлемнің ерекше түрі. Атаулы сөйлем жеке дара қолданылатындықтан, шартты түрде сөйлем деп танылады. Бірақ оның мәні тек өзінен кейін қолданылған сөйлемдер арқылы түсініледі. Атаулы сөйлем өз ішінде сөйлем мүшелеріне жіктелмейді. Мысалы: Кеш. Ымырт жабылған кезі. Көкшетау маңы. Айнадай тұнық сулы Көлшүмектің қасы. Көлшүмектің жағасындағы көк ала қамыс, судыр құрғақтар айнаның жиегіне салынған салынған әдемі өрнек сияқты. Мұнда алғашқы 4 сөйлем мезгілді (1-2 сөйлемдері кеш және ымырт жабылған кез) және мекенді (3-4 сөйлемдер: Көкшетау маңы және айнадай Көлшүмектің қасы) атап қана тұр. Мысалдан көргеніміз атаулы сөйлем бір сөзден де, бірнеше сөзден де құрала береді.

Сабақтас құрмалас сөйлем — құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен сабақтаса байланысқан құрмаластың түрі. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы алғашқы жай сөйлемніңбаяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысады. Мысалы: Қасым төре түрегеліп, күміс қынды сапысын шешіп, Кенесарының алдына қойды (І.Есенберлин). Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бірі басыңқы келіп, негізгі ойды білдіреді, қалғандары бағыныңқы болады да басыңқыдағы ойды айқындап, іс-әрекеттің орындалу шартын, себебін, мақсатын, мезгілін, амалын, т.б. қатынастарды білдіреді. Сабақтас құрмалас сөйлем мағынасына қарай түрі Сабақтас құрмалас сөйлем мағынасына қарай төмендегіше бөлінеді:Шартты бағыныңқылы іс-әрекеттің орындалу шартын білдіреді, -са, -се жұрнағы арқылы жасалады.Қарсылықты cабақтас құрмалас сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыдағы ойға қарама-қарсы мағыналық қатынаста болады. Мысалы, Май құйған шам сөнсе де, Шамшырақ сөнбес дүниеде. (Жамбыл) Себеп бағыныңқылы сабақтас;Мысалы, Соны Ербол біліп қоймасын деп, Әзімбай әдейі үндемеді. (М.Әуезов)Мезгіл бағыныңқы сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыда айтылған ойдың мезгілін, мақсат сабақтас құрмалас сөйлем мақсатын, қимыл-сын бағыныңқы іс-әрекеттің қалай жүзеге асқандығын білдіреді. Салыстырма бағыныңқылы сөйлемде оқиға бір-біріне салыстырыла, теңдестіріле беріледі. Мысалы, Басқалар қандай қуанса, ол да сондай қуанған еді (Ә.Әбішев). Сабақтас құрмалас сөйлем бағыныңқылы түрі Сабақтас құрмалас сөйлемның көп бағыныңқылы түрі де кездеседі, олар басыңқыға екі жағдайда қатысты болады: Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы көп бағыныңқылар бірыңғай келіп, бәрі өз бетімен бір басыңқыға бағынады (бірыңғай бағыныңқылы сабақтас); Бағыныңқылар бір-біріне қатысты тізбектеледі де, бәрі жиналып бір басыңқыға бағынады (сатылы бағыныңқылы сабақтас).

ЕЛІКТЕУІШ СӨЗДЕР Табиғаттағы сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-біріне қақтығысуынан пайда болатын дыбыстарға еліктеумен немесе олардың кимыл-әрекеттерінің көрінісіне байланысты сөздерді еліктеу сөздер дейміз. Мысалы: тарс-тұрс, сарт-сұрт, жалт-жұлт, салп-салп, кірш-кірш, пыр-пыр, шыр-шыр т. б.

Еліктеу сөздер сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады.

Еліктеу сөздер екі түрлі: дыбыстық еліктеуіш және бейнелеуіш сездер.

1.      Дыбыстық еліктеуіш сездер. Табиғаттағы сан алуан құбылыстар мен заттардың қақтығысуынан туатындыбыстарға еліктеу   арқылы қалыптасқан   сөздерді дыбыстық еліктеуіш сөздер дейміз. Олар: сырт-сырт, тық-тық, шіңк-шіңк, дар-дар,   сылқ-сылщ,   пыс-пыс,  сақ-сақ, қаңқ, дыр, сақ, бақ, тарс, шаңқ, бырт, қарқ т. б.

2.      Бейнелеуіш сөздер. Табиғаттағы түрлі-түрлі құбылыстар бейнесін елестетуден туған сөздерді бейнелелеуіш сездер дейміз. Олар: жарқ, жарқ-жарқ, жарқ-жұрқ,  жалт-жалт, жалп-жұлп, жалп, жалт-жұлт, жалп-жалп, арбаң-арбаң, едірең-едірең, маң-маң, митің-митің, жылт-жылт, желп-желп т. б.

то что видим-бенелеуиш

а слышим -дыбыстауыш

Тұмау , грипп (лат. grіppus фр. grіpper – “бас салу, шап беру”), инфлуэнца – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы –ортомиксовирустар, олардың үш типі: АВС бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін. Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады. Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусынаантибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс. Тұмау асқынғанда науқасты ауруханаға жатқызып, кешенді емдеу шараларын жүргізеді. Арнайы дәрілер (оксолин, амантадин, ремантадин, интерферон, т.б.), антибиотиктер, қызу басатын, организмнің улануын азайтатын дәрі-дәрмектер беріледі.

Белгісіздік есімдіктер деп мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз.

Белгісіздік есімдіктердің жасалауына бір, әр, әлде деген үш сөз ұйытқы болып қызмет атқарады, белгісіздік есімдіктер осы сөздердің кейбір басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады. Мысалы:

  1. Біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме (бірнеше).

  2. Әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай.

  3. Әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан (алдақашан).

Төл сөз — бөгде сөздің еш өзгеріссіз, түпнұсқасы сақтала отырып қолданылған түрі. Сөйлемде басқа біреудің сөзі Төл сөз болады да, сөйлеуші не жазушы адамның сөзі автор сөзі болады. Төл сөз құрамы жағынан әр түрлі болып келеді, оның жеке сөз не сөйлем болуы да, сондай-ақ бірнеше сөйлемдер тізбегінен құралған тұтас бір мәтін болуы да мүмкін. Төл сөз қандай құрамда, қай мағынада айтылса да, автор сөзімен байланыста болады. Екеуара байланыс Төл сөздің бастапқы құрылымына ешқандай өзгеріс енгізбей, өз дербестігін толық сақтаған жағдайда, де көмекші етістігі арқылы жүзеге асады. Төл сөз автор сөзінен өзіндік интонация арқылы ерекшеленеді, сөздердің орын тәртібі еркін болады.[1] Мысалы, Құнанбай тыңдап болды да: Жарайды, айтам деп әкелгенің екен. Бірталай жерге жеткізіп айттың. Енді осымен тоқталайық! – деді, (М.Әуезов).

Төлеу сөз- көркем шығармада кейіпкердің сөзін айтылған қалпын сақтамай, тек мағынасын ғана жеткізетін сөздер. Мысалы, "Абай жолы" романында М.Әуезов Самалбек тілмәштің Абайға айтқан сөзін былай жеткізеді:"Оның жалғыз білгенім сол деп айтқаны: алысып жатқан екі жақ бірдей Абайды тыңдау қажет десті, бірақ олардың ішінде, арғы ниетінде қандай байлау бар екенін Самалбек білмейді. Оның ойынша, Абай не қыларын өзі жақсы аңғаратын болар. Және сол өзіне лайық көрінген дағдылы жолмен куәлік айтқаны Абай басына лайық болар" дегендей кеңес тәрізді сөз айтып бітірді".Бұл жерде жазушының кейіпкер сөзін тікелей келтірмей, өзінше мазмұндап беру тәсілі көңіл аудармақ. Көркем шығармада кейіпкердің ішкі монологі, яғни іштей айтқан ойы, кейде төл сөз түрінде басталып кейіпкердің аузынан шыққан қалпын сақтағандай көрініп, бара-бара төлеу сөз түріне ауысып, автордың сөзі болып кетеді, ал кейде сол екеуінің жігін, шекарасын айыру қиын болады. Осындай көркемдік тәсіл "Абай жолы" романында Абайды ойлану, толғану үстінде бейнелейтін тұстарда ұтымды қолданылады. Төлеу сөз тәсілін қолдану әдебиетте төл сөзге қарағанда әлдеқайда сирек кездеседі. Бұдан жазушының кейіпкер сөзін тікелей айтылған қалпын сақтап беруге көбірек мән беретіні байқалады.[1]Төлеу сөз – бөгде сөздің өзгеріске ұшырап, тек мазмұны сақталған түрі. Автордың өзге біреудің сөзін өз тарапынан өзгертіп беруін төлеу сөз дейміз. Мұндайда біреудің сөзінің не туралы айтқаны, негізгі ойы сақталады да, оған тән басқа ерекшеліктер: ритмика-интонациялық бояуы мен кей сөздердің грамматикалық тұлғалары өзгертіліп пайдаланылады. Төлеу сөзде бөгде сөздің тұрлаулы мүшелері жойылып, автор сөзінің тұрлаусыз мүшелеріне, яғни бастауышы ілік септікті анықтауышқа, баяндауышы табыс не барыс септікті толықтауышқаайналады. Сонымен қатар жақ өзгеріске ұшырап, бір жақтың орнына басқа бір жақ қолданылады. Автор сөзіндегі “де” етістігі түсіп қалып, оның орнына басқа етістіктер қолданылады.

Мысалы, Әлі бұл өңірде көктің шабан тебіндеп келе жатқанын, қыс ызғарының әлі түгел айығып болмағанын әңгіме қып отырды (М.Әуезов). Елеусіз көлдің не себепті Қызылкенатанғанын сұрады (Т.Әлімқұлов).

Қызылмия (латынша Glycyrrhіza glabra) – бұршақ тұқымдасы мия туысына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қызылмия Қазақстанның далалы және шөлді аймақтарында, ЖайықШуІлеСырдария өзендерінің жағаларында өседі. Қызылмия дүниежүзілік және отандық фармакологияға (грекше pharmakon – дәрі және poіeo – жасаймын) енген. Биіктігі 30 – 80 см. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі бұршақ. Жапырақтарының көбі қауырсын пішінді. Гүлі ақшыл күлгін түсті. Тамырында глюкоза (0,6 – 15,2%); фруктоза (0,3 – 4,1%); сахароза (0,3 – 20,3%); мальтоза (0,1 – 0,6%); крахмал (34%) бар, сонымен қатар органикалық қышқылдар, эфир майлары, глицирризин қышқылы, фенолкарбон қышқылдары және олардың туындылары (кумарин, флавоноид, тері илегіш заттар, жоғарғы алифатты көмірсутектер және спирттер) болады. Медицинада Қызылмия препараттарын эликсир, сығынды, ұнтақ және қою шырын түрінде қақырық түсіретін және іш өткізетін дәрі ретінде пайдаланады. Тибет медицинасында Қызылмия препараттарын өкпе туберкулезін емдеуге, артериосклерозға, т.б. қарсы, алБатыс Еуропа медицинасында семіздіктен арылу үшін қосынды жасап қолданады.