Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_stan_tarikhy_emtikhan.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
15.09.2019
Размер:
126.6 Кб
Скачать

XIX ғасырдың 60 жылдарынан россиялық кәсіпкерлер қаражаттарын қазба байлықтары мол қазақ аймақтарында өндіріс салуға жұмсады.

Түсті металдар және тас көмір өндіретін тұңғыш кен орындары Шығыс, Орталық Қазақстанда ашылды. 300-400 жұмысшылары бар ірі өнеркәсіп өрындары - Спасск мыс қорыту заводы (1857 ж.), Успен кеніші, Қарағанды көмір алабы, Екібастұз, Риддер кәсіпшілігі. 1898 жыл – Семей облысының Павлодар уезінде Воскресенск Кен - өнеркәсіп қоғамы құрылды.

Кен кәсіпшілігінің орталығы – Қарқаралы уезі. Химия өнеркәсібінің бастамасы – Шымкент сантонин заводы (1822 ж.)

Алтын өнеркәсібіндегі жұмысшы әйелдер саны – 1873 жылы 12%, ал 1893 жылы 17% болды. Қазақстанның кен орындарында балалар еңбегі XIX ғ. 90 жылдырыңда кеңінен пайдаланылды.

Темір жол.

1893-1895 жылдары Сібір темір жолы (ұзындығы 3138 км) салынды. Оның 178 шақырымы қазақ жерін басып өтті. 1893-1897 жылдар – Рязань – Орал темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы қазақ өлкесінің батысы арқылы өтті. 1899-1905 жылдар – Орынбор – Ташкент темір жолы (ұз.1656 км) салынды. 1905 ж. қаңтарда іске қосылды. Патша үкіметінің темір жолдар салудағы кездеген мақсаты:

1. Жалпы россиялық жаңа шаруашылық қатынастар жүйесіне Қазақстанда тартуды тездету.

2. Өлкенің шикізатын кеңінен пайдалану.

3. Қазақстан мен Орта Азияны Россия өнеркәсіп орталықтарымен байланыстару.

4. Қазақ халқының ұлт-азаттық күресі күшейген жағдайда Россиядан қарулы күштерді тез жеткізу.

50. XIX ғ. аяғы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің қалыптасуы мен дамуы.

51. Қазақстандағы патша өкiметiнiң қоныс аудару саясаты. Негiзгi кезеңдерi, бағыты және салдары (XIX ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басы).

52. ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы мәдениет (1900-1917 ж.ж.).

53. ХХ ғ. басындағы ұлттық зиялылардың қоғамдық-саяси қызметi (А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақпаев, Б. Қаратаев және т.б.).

54. Қазақстан бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарында. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.

1914 ж. Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бірінші дүниежүзілік соғыс барлық халықтарға, оның ішінде Казақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Соғыс қажетіне 1914-1916 жж. Түркістан өлкесінен 2039 мың тонна мақта, 300 мың пүт ет, 70 мың жылқы, 13 мыңға жуық түйе, 14 мыңға жуық киіз үй алынды. Соғыстың бірінші жылында тек Жетісу обылысынан майдан қажетіне жіберілген мал мен оның өнімдерінің қүны 34 млн. сомға жетті. Жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Соғыс елдегі жалпы-үлттық дағдарыстың пісіп-жетілуін тездетті. Оның айқын керінісі Қазақстан мен Орта Азияның барлық аймақтарын қамтыған 1916 ж. үлт-азаттық көтеріліс болды. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымдағы армияның тыл жумыстарына Қазақстанның Орта Азияның және ішінара Сібірдің 19-дан 43 жасқа дейінгі "бүратаналық" еркектерді шақыру женіндегі жарлығы тікелей себеп болды. Кетерілісті Торғай даласында Әліби Жанкелдин мен Аманкелді Иманов, Орал обылысы мен Бекей ордаларында Сейтқали Меңдешев, Әбдірахман Әйтиев, Маңғыстауда - Жалау Мыңбаев, Ақтебе даласында - Әділбек Майкетов, Жетісуда - Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Түрар Рысқүлов жвне т.б. басқарды. Сотсыз және тергеусіз атылғандарды есептемегенде, сот үкімімен Түркістан өлкесінде 1917 ж. 1 ақпанына дейін 347 адам өлім жазасына, 163 адам каторгалық жүмыстарға, 129 адам түрмеге жабылуға кесілді. Соның салдарынан 300 мың қазақтар мен қырғыздар Қытайға қашуға межбүр болды. Ал Торғайдағы көтеріліс 1917 ж. ақпан революциясына дейін жалғасты.1916 ж. көтеріліс қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының тарихында ерекше орын алды. Ол кезінде Кенесары Қасымов бастаған үлт- азаттық қозғалыстан кейін Қазақстанның бүкіл аймақтарын қамтып, бүкілқазақтық сипат алды.

55. ХХ ғ. басындағы қазақ мерзiмдi басылымдардың қоғамдық-саяси өмірдегі рөлi.

56. 1917 жылғы Ақпан революциясы және Қазақстан. «Алаш» партиясы.

1917 ж. ақпанда буржуазиялық - демократиялық революция жеңіп, патша екіметі қүлатылды. Петроградтағы оқиғалар туралы хабарды Қазақстан халқы, үлттық-демократиялық қозғалыстың басшылары қуанышпен қарсы алды. Олар үлттық автономия қүратын, жалпы үлттық мвселелерді шешетін сәт туды деп есептеді.

1917 ж. наурыз-сәуір айларында бүкіл елдегідей, Қазақстанда да қос өкімет орнады. Уақытша екіметтің Қазақстандағы жергілікті органдары қүрылып, обылыстардың басына бүрынғы патшаның шенеунікгері, сондай-ақ қазақтардың үлттық интеллигенциясының жекелеген екілдері қойылды. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша өкіметтің Торғай обылысындағы, М. Тынышбаев - Жетісу обылысындағы комиссарлары болып тағайындалды. Жер-жерде Уақытша үкіметпен қатар, екінші екімет - жүмысшы, солдат және шаруалар депутаттарының Кеңестері қүрылды. «Алаш» партиясы (1917—1920) — 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов. Алаш партиясы мүшелері Алаш Орда үкіметінің құрамында барынша көпшілігі болған. Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор. Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавиесінің қол астында болған жылдарда қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және т.б. болатын. Олар патша самодержавиесінің қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді.

57. Қазан қарулы көтерiлiсiнің (1917 ж.) Қазақстанға тигізген әсері. Қазақстанда Кеңестер үкiметiнiң орнауы.

Уақытша өкіметтің халықтарға білім, жүмысшыларға 3 сағаттық жүмыс күні мен нан, шаруаларға жер, аз үлт өкілдеріне тендік бере алмауы, халықтың оның саясатына наразылығын күн сайын күшейте түсті. Осы наразылықтың нәтижесінде 1917 ж. 25 қазанда (7 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс жеңіп, саяси билік большееикгердің қолына кешті. Кэзан революциясын қазақ зиялыларының басым көпшілігі заңсыз акт деп санап, оған наразылықпен қарады. Петроградта қарулы мемлекеттік төңкеріс жүзеге асырылғаннан кейін Қазақстанда да өкімет билігі Кеңестер қолына ете бастады. Қазақстанда Кеңес екіметін орнату 4 айға, 1917 ж. аяғынан 1913 ж. наурызына дейін созылды. Биліктің Кеңестер қолына көшуі өлкенің пролетарлық революцияға дайын еместігінен, әлеуметтік-экономикалық және мәдени артта қалуынан, жергілікті жүмысшы табының большевикгік үйымдардың сан жағынан аз, ері елсіз болғандығынан, үлтаралық қатынастардың күрделілігінен шиеленісе түсті. Кеңес екіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевикгердің халыққа бейбітшілік, жүмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға тендік пен бостандық беруге уедесі ез септігін тигізді.

58. II Бүкiлқазақ съезi. “Алашорда” автономиясының құрылуы.

1913 ж. қаңтарда Кеңестердің III Бүкілресейлік съезі Ленин дайындаған ғЕңбекшілер мен қаналушы халықтар қүқықтарының Декпарациясын" қабылдап кеңестік үлт республикаларының федерациясын қүруға бағыт алып, езге үлттардың өзін-өзі билеу қүқы жоққа шығарылды. Осылайша вуелі 1913 ж. 5 қаңтарда Бүкілресейлік қүрылтай жиналысы, одан кейін 5 ақпанда Ташкент Кеңесі шешімімен Қоқанд шабуылмен алынып, Түрікстан автономиясы күшпен таратылды. Оқиғалардың бүлай дамуымен иАлаш" партиясы мен оның кесемдері келісе алмады. Олар Қазан революциясынан влде қайда бүрын Қазақстанның влеуметтік-экономикалық жвне саяси дамуына сай ездерінің бағдарламасының жобасын дайындаған болатын. Он пункттен түратын жоба 1917 ж. 21 қарашада ғҚазақ" газетінде жарияланды.

Жоба 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші жалпықазақ съезінде талқыланып, қазақ автономиясы - 25 мүшеден түратын Алашорда үкіметі - Уақытша Халық Кеңесі қүрылды. Жаңа қүрылған үкіметтің құрамына 15 адам, Халық Кеңесі төрағасы болып Ә.Бвкейханов бекітілді. 10 орын Қазақстанда түратын орыс жвне басқа халықтар өкілдеріне қалдырылды. Съезд қазақ милициясын қүру жоспарын жасады. Оның врбір облыс бойынша белгілі бір сандық құрамы, уездер бойынша үйрету мен жабдықтау шаралары ескерілді. Бастауыш мекгептерде ана тілінде оқыту, қазақ тілінде двріс беретін орта мектеп, университет ашу, кітапхана ашу белгіленді. Жер Алаштың мемлекеттік меншігі деп шешілді.

59. Қазақстандағы ұлттық және кеңестік автономиялар (1917-1920 жж.).

60. Қазақ АССР-нiң құрылуы. “ҚАССР еңбекшiлерiнiң құқық декларациясы”.

61. Қазақстандағы азаматтық соғысы (1918-1920 жж.). Әскери коммунизм саясаты.

Большевиктердің жер-жердегі екіметті басып алуы, алғашқы шаралары құлатылған таптардың қарсылығын туғызды. 1918 ж. наурызда Орал казакгары көтеріліп Гурьевте, Оралда Кеңес екіметін құлатып, билікті ез қолдарына алды. Мамыр-маусым айларында Антанта елдерінің айдап салуымен Чехословак корпусы жергілікті контрреволюциялық күштермен бірігіп Петропавлды, Кекшетауды, Ақмоланы, Омбыны, Павлодарды, Семейді, Костанайды басып алды. Алаш Орда үкіметі Дутовпен, Омбыдағы Сібір уақытша үкіметімен, Самарадағы Күрылтай жиналысының Комитетімен одақтасып, Кеңес екіметіне қарсы шықты. Крстанайда, Ырғызда, Семейде ақгвардияшылардың көмегімен үйретілген алаш әскери полктері көп үзамай Қызыл Армияға қарсы шайқастарға қатысты.

Оларға қарсы Кеңестердің басшылығымен Казақстан елкесінде Кьізыл Армияның үлттық әскери белімдері қүрыла бастады. Осының салдарынан азамат соғысы жылдары біртұтас қазақ халқының екіге жарылуына тура келді. Бірте-бірте ақгвардияшылар басып алған жерлерде партизан қозғалыстары мен халық көтерілістері етек алды. 1919 ж. жазында қызу шайқастардың барысында Колчак армиясы екіге бөлінді. Олардың бір бөлігі Сібірге, екіншісі Түрікістанға қарай шегінді. Колчакгың "Оңтүстік армиясы" Түрікістан майданының Кызыл ескер белімдерінен тамыз айының екінші жартысында жеңілді. Солтүстік -шығыс Қазақстанның азат етілуі Орал майданының жойылуына алып келді. Енді Түрікстан майданының ескер бөлімдері солтүстік Жетісуға жеткізіліп, мүндағы қарсылықты тезірек басуға мүмкіндік еперді. Қазақстандағы азамат соғысының ең соңғы майданы - Солтүстік Жетісу майданы 1920 ж. наурызда жойылды.

62. 1920-1922 жылдарындағы экономикалық дағдарыс. 1921 жылғы Жер-су реформасы.

Жер-су реформасы. Қазақ республикасы патша өкіметінің жер мәселесі жөніндегі саясатының ауыр зардаптарын жоюға бағытталған шараларды қолға алды. 1921 ж. сәуірде кезінде патша өкіметі Сібір мен Орал әскерлеріне берген жерлерді қазақ еңбекшілеріне қайтару туралы декрет қабылданды. Декрет бойынша қазақ шаруаларына Ертіс өңірінен 177 мың десятина, Жайықтың сол жақ жағалауынан 203 мың десятина, Жетісуда 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен бірге бүрынғы офицерлер жері мен еркін қоныстану учаскелерінен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін 1 млн. десятинадан астам жер қоры қүрылды. Декрет 1913 ж. Қытайға кеткен 300 мың босқынның қайтып оралуына жағдай жасады. Алайда, реформаны жүзеге асыру кезінде жергілікті жерлерде қателікгер мен бүрмалауға жол берілді. Ұлт араздығы орын алды. Жер-су реформасын жүзеге асыруға 1921 ж. қүрылған "Қосшы" одағы тартылды.

63. Жаңа экономикалық саясаты, оның Қазақстандағы ерекшеліктері, нәтижелері.

Империалистік соғыс пен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық және әлеуметтік-саяси жағдай елдің орталық аудандарымен салыстырғанда елдеқайда ауыр болды. Қазақстанның мемлекет иелігіне алынған 307 квсіпорынның 250-і жүмыс істемеді. 1913 ж. салыстырғанда Қазақстанда мүнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірін ендіру 5 есе қысқарды. Егістік келемі1914 ж. 3,6 десятинадан, 1922 ж. 1,6 млн. десятинаға дейін, мал басы осы екі аралықта 10,3 млн. басқа азайды. Осының салдарынан 1921-1922 жж. Орынбор губерниясында 445 мың адам, Қостанай губерниясында- 225 мың Оралда - 400 мың Ақтөбеде - 360 мың Бөкей губерниясында - 100 мың адам аштыққа үшырады. Жаңа экномикалық саясат кеп үзамай-ақ республика экономикасын кетеруге езінің игі әсерін тигізді. 1925 ж. егістік келемі 3 млн. гектарға жақындап, 92 млн. пүт астық жиналды, бүл 1914 ж. сәл ғана кем еді. Мал саны 1922 ж. салыстырғанда 2 есе өсті. Сауда саттық жанданып, 1926 ж. өлкеде 123 жәрмеңке жүмыс істеді. Республика экономикасы кеп укпадты сипат ала бастады. Меншіктің әр алуан түрлерінің қатар өмір сүруі, олардың өзара бәсекелестігімен бірін-бірі толықтырып отыруы халық шаруашылығының дамуына оң әсерін тигізді. Республика енерквсібі де біртіндеп еңсесін кетере бастады. 1925 ж. аяғына қарай республикада енерквсіп өнімін өндіру 1920 ж. салыстырғанда 5-6 есе есіп, соғыстан бүрынғы деңгейдің үштен екісіне жетті. Бірақта, екінішке орай, мүндай жағдай ұзаққа созылмады. Өйткені, 20-шы жылдың екінші жартысынан биліктен айырылып қалудан қорыққан Кеңес екіметі жаңа экономикалық саясаттан бас тартып, қайтадан басқарудың вкімшілдік жолдарына көшті.

64. Қазақстан, Орта Азия шекараларының ұлт-аумақтық межеленуi. Қазақ жерлерiнiң бiрiктiрiлуi (1924-1925 жж.).

65. ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы Қазақстанның мәдени құрылысы.

66. Қазақстанды индустрияландыру: ерекшелiктерi, қиыншылықтары, негiзгi нәтижелерi, халықтың әлеуметтiк құрылымының өзгеруi.

Социалистік индустрияландыруды жузеге асыру 1925 ж.желтоқсан айында өткен партияның XIV съезінде белгіленді. Индустрияландыруды жузеге асыру Қазақстанда елеулі қиыншылықтарға кездесті. Олардың ең бастысы республиканың әлеуметтік-экономикалық артта қалушылығы болды. Оның үстіне республикалық халық шаруашылығын қалпына келтіру елі де аяқталмаған еді, түтас алғанда енерквсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейдің 61 пайызына жеткен болатын. Өлкенің табиғи байлықтары елі толық зерттелмеген, байланыс және қатынас жүйелері нашар дамыған еді. Жүмысшы табының саны аз, үлттық инжәнер - техник кадрлар жоқтың қасы болды. Қазақстан жономикасында ауыл шаруашылығы басым, оныңүлесіне бүкіл жалпы өнімнің 34,4 пайызы тиетін, халықтың 90 пайызы ауылдық жерлерде түрды. Индустрияландыру барысында, соғысқа дейін 600-ден астам өнерквсіп орындары іске қосылып, Қазақстан индустриялы-аграрлы елге айналды. 1940 ж. өндірісте істейтін жүмысшылардың жалпы саны 350 мыңға жетті. Республикада көптеген инжәнер-техник кадрлары даярланып, олардың саны 11 мыңнан асты.

Сонымен қатар, Қазақстанда индустрияландыруда елеулі ағаттықтар мен кемшілікгер болды. Олардың ең бастысы республика енерквсібінің шикізаттық бағыты еді. Машина жасау саласы дамымады. Түтыну заттарының да басым көпшілігі республикадан тыс жерлерден тасылып әкелінді.

67. ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы.

68. ХХ ғ. 30 ж.ж. жаппай құғынға ұшыраушылық (репрессия) және оның салдары.

69. Қазақстандағы күштеп жүргiзiлген ұжымдастыру: мақсаттары, негiзгi кезендерi, әлеуметтiк – саяси және демографиялық салдары.

Қазақстанда жаппай үжымдастыру 1929 ж. соңынан басталды. Республика үжымдастыруды негізінен 1933 ж. кектемінде аяқтауға тиісті аймақтық топқа жатқызылды. Іс жүзінде үжымдастыру қарқыны жеделдетіліп, аудандар мен округтер бір-бірімен жарысқа түсті. Осының нәтижесінде 1923 ж. Қазақстанда барлық шаруашылықтардың 2 пайызы ғана үжымдастырылған болса, 1930ж. 3 сәуірінде 56,4 пайызы, ал 1931ж. қазан айына қарай 65 пайызы үжымдастырылды. Алғашқы күннен бастап шаруалардың колхоздарға кіруге және отырықшылдыққа көшуінің еріктілік принципі бүзылып, күштеу әдістері кеңінен қолданылды. Күштеп үйымдастыру салдарынан 1931-1932 жж. аштық кеңінен етек алды. Аштық, індет және басқа жоқшылықтар салдарынан толық емес деректер бойынша 1 млн. 750 мың қазақ қазаға үшырады. Бір миллионнан астам қазақтар республикадан тыс жерге көшіп кетті. Қазақтардың бүрынғы саны 40 жылдай уақыт өткен соң, 1969 ж. ғана қалпына келді.

70. ХХ ғ. 20-40 жж. Қазақстан территориясына халықтардың депортациясы.

71. Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жеңісіне қосқан үлесі.

Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағының халықтары, соның ішінде қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды. Әйгілі қолбасшы, соғыс батыры Бауыржан Момышұлы «Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген, миллиондаған отандастарымыздың арасында өшпес із, жазылмас жара қалдырды» дей отырып, ол «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» тек біздің замандастарымызды ғана емес, адамгершілік, игілік сезімдер тұрғысынан болашақты да толғандыратын тақырып» деп өз ойын жалғастырды. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500 ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды.

72. Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақстандықтардың майдандарға қатысуы. . Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 – жеке атқыштар бригадасы 30 – дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 – атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды. Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР – нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941 – 1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлектерінің бірі И. Н. Кожедуб үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

73. 1946-1953 ж.ж. Қазақстандағы экономикалық, қоғамдық – саяси жағдай, мәдениет және ғылым.

74. Қазақстанда тың және тыңайған жерлердi игеру: экономикалық, демографиялық, экологиялық салдары.

Тың және тыңайған жерлерді игеру. Соғыс аяқталысымен Кеңес екіметі ауыл шаруашылығына өзінің қысымын арттыра түсті. 1946 ж. 19 қыркүйекте Кеңестер Одағының Министрлер Кеңесі мен Бүкіл Одақтық Коммунистік партияның Орталық Комитеті 1,Колхоздардағы ауыл шаруашылық артелі Жарғысын бүрмалаушылықты түзету шараларьГ туралы қаулы қабылдады. Қаулыға сай соғыс жылдары колхозшыларға берілген шамамен 600 мың га жер қайтарылып алынды. Малға жекеменшіктің мөлшері женінде қосымша нүсқаулар қабылданып, 250 мыңға жуық мал жекешеден колхоз қарамағына кешеді. Осылайша жеке меншік секгордың елді астықпен қамтамасыз етудегі ролі жойылды. Мүндай жоғарыдан жүзеге асырылған қатаң шекгеулер колхозшыларды ауыл шаруашылығы өнімін арттыруға ынталандырмады. Тың игерудің нәтижелері мен салдары. Тың игерудің республика үшін әлеуметтік-экономикалық ролі күменсіз. Тың жерлерді игерудің нәтижесінде Қазақстан түрғын халықтың жан басына 2 мың кг. астам астық өндіруге қолы жетіп, мындаған совхоз орталықтары салынды. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары Қазақстанға өзге республикалардан қоныс аудару жаңа қарқынмен жалғасып, республикадағы демографиялық жағдайды одан ері күрделендіріп жіберді. Тың игеру жылдарындағы қоныс аудару саясаты бүрынғы Кеңестер Одағының ееропалық бөлігі үшін де, Қазақстан үшін де тиімсіз еолюнтаристік сипатта болды. Өйткені сол кездің езінде-ақ одақтың ееропалық белігінде жылдан- жылға селолық жерлерде түрғындар саны азайып, ал біздің республикамызда керісінше есіп отырды. Осы ерекшелікгер ескерілмей, онсызда саны кеміп отырған - ееропалық аудандардан 1954-1962 жж. Қазақстанға 2 млн. адам көшіріліп екелінді.

75. ХХ ғасырдын 50-ші жылдардын 2-шi жартысы мен 60-шы жылдардын 1-шi жартысындағы Қазақстан. Қоғамдық – саяси өмiрi мен экономикадағы реформалар.

76. Қазақстанның ХХ ғ. 60-шы жылдардын 2-шi жартысы мен 80-шы жылдарының бiрiншi жартысындағы әлеуметтiк – экономикалық дамуы.

77. ХХ ғ. 60-80 жж. Қазақстан мәдениеті

78. 1986 ж. Алматыдағы желтоқсан оқиғасы: себептерi және салдары. Жастар баскөтерулерiнiң маңызы.

Қазақ жастарының 1986 ж. желтоқсандағы бейбіт шеруінің түрі ұлттық болғанымен, ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, оның ішінде, орыс халқына бағытталмаған болатын. Бірақ республиканың және одақтың партиялық-бюрократтық жүйе тарапынан ол экстремистік пиғылдағы ұлтшыл жастардың бүлігі деп бағаланып, шындық бүркемеленді.Бейбіт шеруді басып-жаншуда зандылық өрескел бұзылды. Жастарды қуып таратуда сырттан арнайы әскери бөлімдер жеткізіліп, орыс ұлтының өкілдерінен халық жасақтары жасақталып, өрт сөндіру машиналары, төмір таяқтар, шағын саперлік күрекгер, үйретілген иттер пайдаланылды. Ұсталғандар прокурордың санкциясынсыз түрмелерге қамалып, онда орын жетпегендерді ұрып-соғып, зебірлеп қысты күні киімсіз қала сыртына апарып тастады. Қылмысты істер бойынша тергеу қысқа мерзімде, үстірт жүргізілді. Бұл шаралардың барысында ішкі істер орындарында 3,5 мыңнан астам адам ұсталып, 103 адам сотталды, 270 студент жоғарғы оқу орындарынан, 753 адам комсомолдан, 52 адам партиядан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Келік министрлігінен 309 адам жумыстан шығарылып, жоғарғы оқу орындарының 12 рекгоры қызметтен алынды. Бірнеше жастар қыршынынан қиылды. Олардың ішінде қазақ халқының батыр ұлы Қайрат Рысқұлбеков бар. Партия ұйымдарын тазалау жүзеге асырылып, тек 1937 ж. обылыстық партия комитеттерінде істейтін жауапты қызметкерлердің 23 пайызы, ал қалалық және аудандық партия комитеттерінің ербір үшінші қызметкері жумыстан босатылды. Мундай тазарту жумыстары сондай-ақ кеңес, кәсіподақ, комсомол ұйымдарында да кеңінен жүргізілді.

79. Қазақстан “Қайта құру” жылдарында (1985-1991 ж.ж.). Оны жүзеге асырудағы қайшылықтар.

Қайта құру" концепциясы ұлт меселесін де одан ері ұшықтыра түсті. Ұлттық қатынастардағы ұзақ жылдар бойы жиналған шиеленіс 1936 ж. желтоқсанда жас демократияның өміршіл-екімшілдік жүйемен ашық қақтығысына алып келді. Қайта құру тусында орталық өміршіл-екімшіл жүйе 16-желтоқсанда Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің 1- ші хатшысы Д.А. Қонаевты, республикаға беймәлім бурынғы Ульянов обылыстық партия комитетінің хатшысы Г.В. Колбинмен алмастырды. Бұл шешімге наразы болған жастар келесі күні Орталық Комитет жанында жиналып ез наразылықтарын білдірді. Желтоқсанда Алматыда болған уақиғалардың негізінде ұзақ жылдар бойы жинақталған тұтас тарихи, әлеуметтік-экономикалық және саяси факгорлар жатты. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі патша өкіметі және кеңес екіметі тусында аяққа басылды, қазақ халқының экономикалық мүддесі ескерілмей ұлттық байлығы тоналды.

80. Тәуелсiз Қазақстан Республикасының құрылуы. Егеменді мемлекеттiліктiң дамуы.

1991 ж. 3 желтоқсанда Минск түбінде Ресей Президенті Б. Ельциң Украина Президенті Л.М. Кравчук және Белорусь Жоғарғы Кеңесінің терағасы С.С. Шушкевич: 1"жаңа Одақтық келісім-шарт түйыққа тірелді, республикалардың Одақтан шығуы және теуелсіз мемлекеттердің қүрылуы өмірдің шындығына айналды" - деп мойындап, Теуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) қүру женіндегі Беловежск келісіміне қол қойды. Беловежск келісімі Кеңестер Одағының тарағандығын өмір шындығына айналдырды. Осы түста 1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында түңғыш республика Президенті болып Н.Ә. Назарбаев ашық сайланды. Муныңөзі елде және халықаралық аяда оның беделін көтеруге үлкен әсерін тигізді. Н.Ә. Назарбаевтың президент сайлануы, сондай-ақ республиканың өз ішіндегі саяси-экономикалық меселелерді шешуге де ықпалын тигізді. Көп үзамай президент өзінің өкімімен вице-президент, премьер-министр мен оның орынбасарлары, мемлекеттік кеңесшілер мен Президент және Министрлер Кабинеті аппаратының басшылары арасындағы міндеттерін беліп бекітті. Бүл өзгеріс республика басшыларының алдына қойылған міндеттерді атқаруға жағдай жасады. 1991 ж. 16 желтоқсанда Республика Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары ғҚазақстан Республикасының мемлекеттік теуелсіздігі туралы" заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы теуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол езінің жеріне, үлттық табысына түгелдей иелік ету қүқығы бар, теуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізді, басқа шет мемлекеттермен халықаралық қүқықтың принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді. Республикадағы барлық үлттардың екілдері жергілікті қазақтармен бірдей Қазақстанның тең қүқықты азаматы деп саналады. Олар республикадағы мемлекеттік өкіметтің қайнар кезі және егемендікті бірден-бір қорғаушы болып табылады. Республика азаматтарының қүқықтарына қол суғушылар заң бойынша қылмысқа тартылуы тиіс. Занда республика қарулы күштерін қүру жөніндегі қүқығы, республика азаматтарының әскери міндетін етеу, оның тертіптері мен талаптары жөнінде айтылған. Оғаң сондай-ақ республика қарауындағы азаматтарды қорғау, қоғамдық тертіпті және мемлекеттік қауіпсіздікгі қамтамасыз ету меселелері кірген. Республиканың мемлекеттік тілі - қазақ тілі, ал орыс тілі үлтаралық болып саналды.

81. Қазақстан Республикасың мемлекеттік рәміздері.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу - алтын түстес. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шоты Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады.

Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. 1992 жылы республика гимніның мәтіні мен әніне конкурс жарияланды. Комиссия іріктеуіне барлығы 750 жоба келіп түсті. Конкурста төрт атақты ақын: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және ақын Жадыра Дәрібаевалар жеңіске жетті. Қазақстан әнұранының әнін алғаш жазған авторлар Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

82. Қазақстанның 1993-1995 жылдарындағы конституциялық реформалары.

1992 ж. маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары - Елтаңба, Туы мен Әнүраны дүниеге келсе, 1993 ж. 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі дербес, теуелсіз мемлекеттің түңғыш Конституциясын қабылдады. Қазақстанның мемлекеттік теуелсіздігін нығайтуда, халыққа қызмет ететін, азаматтардың кең көлемді қүқықтары мен бостандықтарын т.б. жариялаудағы халықтың еркін білдіретін мемлекеттік жаңа органдар қүруда бүл Конституцияның зор маңызы болды. Сонымен бірге Казақстан Республикасың 1993 ж. Конституциясы жаңа мемлекетте пайда болған мемленеттік, экономикалық өмірдің, адам қүқығы мен бостандықтарының меселелерін толық шеше алмады. Жоғарғы Кеңестің екілдігіне шек қойылмады. Ал мүның өзі оны Президенттің Үкіметтің істеріне араласуына екеліп соқты. Сондықтан қоғамдық өмірдің өзі Конституцияны қайта қарау туралы мәселені алға тартты. Президент Н.Ә. Назарбаеетың басшылығымен жаңа Конституцияның жобасы езірленіп, бүкілхалықтық талқыға салу үшін баспасөзде жарияланды. Талқылау барысында жоба бойынша көптеген ескертулер айтылды. Олардың ең елеулі дегендері ескеріліп, бүкілхалықтық дауыс берудің нәтижесінде 1995 ж. 30-тамызында Казақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Ол 9 бөлімнен (1. Жалпы ережелер; 2. Адам және азамат; 3. Президент; 4.Парламант; 5. Үкімет; 6. Конституциялық кеңес; 7. Соттар және сот тертібі; 3. Жергілікгі мемлекеттік басқару және езін-езі басқару; 9. Кррытынды және етпелі ережелер) және 93 баптан түрады. Жалпы ережелерде Казақстан Республикасының президенттік басқару нысанындағы демократиялық, зиялы және біртүтас мемлекет, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екендігі, мемлекеттік меншік пен жеке меншікгің танылатындығы және бірдей қорғалатындығы, мемлекеттік тіл - қазақ тілі, сонымен қатар мемлекеттік үйымдарда, жергілікті өзін-өзі басқару орындарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатындығы көрсетілген.

83. “Қазақстан 2030” стратегиялық бағдарламасы. Даму бағдарламаның негізгі приоритеттері.

ҚаЗАҚСТАН 2030» даму стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің арасындағы белді мемлекет ретінде көргісі келетінін атап көрсетті.

Жалпы Қазақстанның бұл даму стратегиясы негізгі жеті басымдық арқылы жүзеге асырылады. Оларға:

1. Ұлттық қауіпсіздік;

2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы;

3. экономикалық өсу;

4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты;

5. Энергетика ресурстары;

6. Инфрақұрылым, әсіресе, көлік және байланыс;

7. Кәсіпқой мемлекет құру.

Сондай-ақ даму стратегиясын жүзеге асыру негізгі қабылданған үш жылдық, бес жылдық, он жылдық даму бағдарламалары арқылы жүзеге асырылып отырылады. Тақырыптың қызықтылығы, Қазақстанның дамуы үшін маңызды саналатын 2030 жылға дейін даму сратегиясын талдау арқылы оның негізгі экономикалық мақсаттарын ашу және танып білу.

Тақырыптың актуалдығы. Қазақстанның қазіргі күнде атқарып жатқан қызметтері осы даму стратегиясына негізделіп жүргізіледі. Мемлекеттің дамуындағы бұл стратегияның орны ерекше және маңызды болып саналуы тақырыптың бүгінгі таңдағы маңыздылығын арттыра түседі. Қазақстанның дамуы үшін бұл қабылданған стратегияның менің ойымша маңызы зор. Себебі біздің әсем мемлекетіміздің дамуына және мақсаттарын айқындауына ең қажетті осы стратегия болып табылады. Себебі бұл стартегияда қарастырылған әрбір басымдылыққа ие бағыттар экономиканың өсуіне, халықты өркениеттілікке жеткізуге, жалпы Қазақстанды алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан көруімізге зор ықпалын тигізеді.

84. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мәдениеті, негізгі тенденциялары мен бағыттары.

85. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы (1991 жылдан біздің күнімізге дейін.)

86. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.

Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты. Қазақстан теуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 ж. 3 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді, Халықаралық еалюта қорының Халықаралық реконструкция және даму банкісінің Дүниежүзілік банктің Халықаралық даму ассоциациясының Инвестицияға кепілдік беретін көп жақты агенттіктің Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының мүшесі болды және басқа бірсыпыра үйымдарға кірді. Осы уақыт ішінде Қазақстанды жүзден аса мемлекет танып, олардың көпшілігімен елшілік және екілеттілік дережеде дипломатиялық қатынас орнатылды. Республиканың сыртқы саяси бағыты шекаралас мемлекеттермен, ТМД-ның мүшелерімен езара тиімді достық қатынасты сақтау, сондай-ақ басқа да мемлекеттермен еділеттік және халықаралық серіктестік негізінде жан-жақты байланыстарды дамыту. Олардың ішінде Америка Кұрама Штаттарымен стратегиялық және демократиялық серіктестік, Жапониямен стратегиялық серіктестік туралы келісімдерге, 1,Шанхай бестігі" жобасы шеңберіндегі шекараның үзына бойына сенім шаралары туралы келісімгн Ресеймен, Өзбекстанмен, Кырғызстанмен, Украинамен достық туралы шарттарға қол қою айрықша орын алады. Қазақстан Республикасының ҚХР-мен шекарасын межелеу, Ресеймен, Өзбекстанмен және Кэірғызстанмен шекараны белгілеу туралы меселені шешу женінде жүмыс жүргізілуде.

87. Қазіргі Қазақстанның саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстары

88. Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы (1991 жылдан біздің күнімізге дейін.).

Қазақстан бұрынғы империяның көлеңкесінде бас сауғалап келген өмірден түбегейлі және түпкілікті бас тартып, нарықтық экономикасы әлеуметтік бағытталған және жаңа принципті түрдегі қоғамдық қарым-қатынастарға негізделген күшті егемен мемлекетті құруға кірісті. Саяси жүйе мен мемлекеттік құрылыс түбегейлі түрде өзгеріп келе жатқаны, республиканың демократиялық бағытқа, халықаралық нормалар мен принциптерге адалдығы айқын. Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғары құндылығы — адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр. Адамдардың заң жүзінде құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі қамтамасыз етілген, топтасу, адамгершілік, ұлтаралық келісім, барлық ұлттар мен ұлыстардың теңдігі идеялары негізделген. Осының бәрі — сайып келгенде, реформаларды дәйекті түрде жүзеге асырудың берік негізі. Алайда саяси және экономикалық жүйелердің ауысуына байланысты қоғамдық санада өзгерістер өздігінен болады деу сенімсіз болар еді. Бұл құбылыстың өзі айтарлықтай елеулі әрі күрделі, өйткені әлеуметтік өмірдің терең процестерімен, дүниетанымдық тағылымдардың өзгерістерімен, психологиялық таптаурындармен, сонымен бірге қоғам өмірімен, әрбір адамның тұрмыс салтымен байланысты. Әрі бүгінгі таңда біздің бәрімізге қос ауыртпалық түскен тәрізді: экономика мен қоғам өткен мен болашақтың ортасында сияқты. Артқа қайырылар жол жоқ екенін біле отырып, біз шаруашылық жүргізу жүйесінің, ғылымның, мәдениеттің, білімнің, рухани өмірдің бүгінгі таңда өткеннің сарқыншағынан арыла алмай отырғанын мойындауға тиіспіз. Біздің алдымызда адамдарға, жерге, жалпы алғанда табиғатқа келтірілген бүкіл шығынды есептеу міндеті тұр. Бұл тым болмаса апаттың шынайы ауқымын бағалау үшін және оның салдарын жою жөніндегі шараларды белгілеу үшін қажет. Оның үстіне бүкіл дүние Қазақстандағы экологиялық жағдай туралы нақты түсінік алуға тиіс.

89. ХХ ғ. 90 жж. екінші жартысынынан біздің күнімізге дейінгі Қазақстанның саяси жұйесін демократизациялау кезеңдері.

90. Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтің саяси портреті.