Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ПРОКУРОРДЫҢ ҚАТЫСУЫ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
09.09.2019
Размер:
236.03 Кб
Скачать

2.2 Прокурордың алдын ала тергеу және анықтау органдарында заңдардың орындалуын қадағалау

Прокурордың алдын-ала тергеу және анықтауды жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау өкілеттігі ҚР қылмыстық іс жүргізу заңдылығымен және өзге заңдармен (прокуратура туралы Заңның 38-бабы) анықталады.

Алдын-ала тергеу және анықтау кезінде заңдардың орындалуын қадағалау бойынша прокурордың өкілеттігі биліктік-өкімдік сипатта болады.

Алдын-ала тергеу және анықтау органдарында заңдардың орындалуын жүзеге асыру кезінде биліктік-өкімдік өкілеттікті іске асыру мыналарға бағытталған:

- қылмыстық процеске қатысушылардың және өзге азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылмауына, бір де бір қылмыстың ашылмай қалмауына, қылмыс жасаған адамдардың бір де біреуі заңда белгіленген жауапкершіліктен жалтармауына;

- қылмыс жасау күдігі бойынша азаматтарды ұстау тек заңда қарастырылған тәртіп пен негіздер бойынша жүргізілуіне;

- ешкімнің заңсыз және негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылмауына немесе басқа құқықтарының шектелмеуіне;

- прокурордың санкциясыз немесе сот шешімінсіз ешкімнің қамауға алынбауларына;

- қылмыстық істерді қозғау мен тергеудің, тергеу мерзімдерінің заңда қарастырылған тәртіптерінің сақталуына;

  • тергеу кезінде дәлелдемелердің жан-жақты, толық, және объективті жиналуы мен зерттелуі туралы заң талаптарының сақталуына;

- қылмыс жасауға мүмкіндік тудыратын себептер мен жағдайлардың анықталуына және оларды алдын-алу шараларының қолданылуына;

- прокурор қылмыстық ізге түсу және қылмыстық істерді тергеу заңдылықтарын қадағалай отырып, өзіне жүктелген процессуалдық өкілеттікті жүзеге асыру үшін:

- оқиға болған жерді қарауға қатысуға, сараптама тағайындауға, сондай-ақ қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешуге қажетті басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы;

- қылмыстық іс қозғайды немесе оны қозғаудан бас тартады, тергеу іс-әрекеттерін жүргізу туралы жазбаша нұсқаулар береді;

- заңдарда көзделген жағдайларда алдын ала тергеу жүргізетін лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне санкция береді;

- жекелеген тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге қатысады;

- қылмыстық ізге түсуден иммунитеті бар адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім алу үшін ұйғарым шығарады;

- алдын ала тергеу органдарынан келіп түскен қылмыстық істі сотқа жібере отырып, істі мәнісі бойынша қарау үшін айыпталушыны сотқа тапсырады;

- қылмыстық ізге түсу органдарынан тексеру үшін қылмыстық істерді, құжаттарды, материалдарды және жасалған қылмыстар туралы, жедел-іздестіру қызметі, анықтау мен тергеу барысы туралы өзге де мәліметтерді алады;

- жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау, тіркеу, шешу кезінде заңның сақталуын тексереді;

- анықтаушы мен тергеушінің, сондай-ақ анықтау органы мен тергеу бөлімі бастықтарының заңсыз қаулыларының күшін жояды;

- тергеу мен анықтау толық болмаған, сондай-ақ тергеу және анықтау барысында заң бұзушылыққа жол берілгені анықталған жағдайда қылмыстық істі қосымша тергеуге жібереді, не оны толық көлемінде немесе белгілі бір адамдарға қатысты қысқартады;

- қылмыстық істі анықтау органдарынан алып, алдын-ала тергеу органына береді; айрықша жағдайларда тергеудің толық және объективті болуын қамтамасыз ету мақсатында алдын ала тергеу органының жазбаша өтінімі бойынша не өз бастамашылығымен белгіленген тергеу ретіне қарамастақ алдын ала тергеудің бір органынан екінші органына береді;

- анықтаушы мен тергеушінің, анықтау және тергеу органдары басшыларының іс-әрекеттері мен шешімдеріне жасалған шағымдарды қарайды;

- алдын-ала тергеу, анықтау және тергеу органдары басшыларының іс-әрекеттері мен шешімдеріне жасалған шағымдарды қарайды;

  • алдын-ала тергеу, анықтау ісін жүргізуде заң бұзушылықты анықтаған кезде, анықтаушыны қылмыстық істі одан әрі тергеуден шеттетеді;

- алдын ала тергеудің және бұлтартпау шарасы ретінде қолданылған қамауға алудың мерзімдерін ұзартады;

- бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған адамдарды күзетпен ұстаудың заңдарда белгіленген тәртібі мен шарттарының сақталуын тексереді;

- заңдарда көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жоғарыда атап көрсетілгендей, прокурор он күн сайын жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы, сондай-ақ хабар-ошарсыз жоғалып кеткен азаматтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау, тіркеу, шешу туралы заң талаптарының орындалуын тексеруге міндетті. Бұл міндетті орындау үшін прокурор аталған арыздар мен хабарларды қабылдау, тіркеу, есепке алу кітаптарымен, журналдарымен және басқа құжаттамалармен, тексеріс нәтижелері туралы материалдармен, қылмыстылықты сипаттайтын статистикалық мәліметтермен және басқа да қажетті мәліметтермен танысады. Прокурор заң талаптарының орындалуын тексеру үшін жіберілуі мүмкін заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында, алдын ала тергеу және анықтау органдарынан қылмыстық істерді, құжаттарды, алдын ала тергеу және анықтау кезінде жасалған қылмыстар туралы басқа да мәліметтерді талап етуге жөне қылмыс жасаған адамдарды анықтауға құқылы. [15, 46 б.]

Алдын ала тергеуді жүргізу кезінде жіберілетін заң бұзушылықтарды нәтижелі жою мақсатында прокурорға айрықша өкілеттік - яғни тергеушілердің және анықтау жүргізуші адамдардың заңсыз және негізсіз қаулыларын бұзу құқығы берілген. Мұндай шешімдерді прокурор оларды бұзу негіздемелері көрсетілетін дәлелді қаулыларды қабылдау жолымен бұзады. Прокурор қаулысы тергеушілер мен анықтау жүргізуші адамдардың қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы, қылмыстық істі қозғау туралы, қылмыстық істерді біріктіру туралы, қылмыстық істі бөлу туралы, тергеуді тоқтату туралы, қылмыстық істі қысқарту туралы, азаматтарды айыпталушы ретінде тарту туралы, бұлтартпау шараларын қолдану туралы және басқа да заң талаптарына сәйкес келмейтін іс жүргізу шешімдерін қабылдау туралы заңсыз және негізсіз қаулыларын бұзу кезінде шығарылады.

Бірақ, жалпы тәртіп бойынша, заңда бірнеше ерекшеліктер қаралған. Тергеуші прокурордың адамды айыптаушы ретінде тарту туралы немесе қылмысты дәрежелеу мен айыптау көлемі туралы, сондай-ақ айыпталушыны сотқа беру туралы немесе істі қысқарту туралы нұсқауларымен келіспеген жағдайда, ол нұсқауларды орындамай, жазбаша қарсылықтарымен істі жоғары тұрған прокурорға ұсынуға құқылы. Жоғары тұрған прокурор мұндай жағдайда мына екі шешімнің бірін қабылдайды: төмен тұрған прокурордың шағымданған нұсқауын бұзады немесе бұл қылмыстық іс өндірісін жүргізуді басқа тергеушіге тапсырады.

Заң нұсқауларды орындау мерзімдерін белгілемейді. Прокурор оның орындалуына нақгы мүмкіндіктерді есепке ала отырып, мерзімді өзі анықтай алады.

Прокурор анықтау органдарына ұстау, алып келу, қамауға алу, қылмыс жасаған адамдарды тінту, алу, іздеу және басқа да тергеу іс-әрекеттерін жүргізу туралы қаулылардың, сондай-ақ өндірістегі барлық қылмыстық істер бойынша қылмыстарды ашу және оларды жасаған адамдарды анықтау туралы нұсқаудың орындалуларына тапсырма беруге құқылы.

Бұл өкілеттіктен маңызды екі жай анықталады.

Бірінші, прокурор анықтау органдарына жеке тергеу іс-әрекеттерін орындау және осы қылмыстық қудалау органдары өндірісіндегі істер бойынша қылмыстарды ашу және оларды жасаған адамдарды анықтауға қажетті шараларды анықтау туралы нүсқау береді; екінші, прокурор көзделген тергеу ретіне қарамастақ мұндай тапсырмалар мен нұсқауларды алдын ала тергеу және анықтау органына жолдай алады.

Қылмыстық процеске қатысушылар мен басқа да азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын алдын-алу мен анықтау, анықталған заң бұзушылықтарға шаралар қолдану мен жоюдың басты жолы прокурордың алдын ала тергеу мен анықтау өндірісіне қатысуы болып табылады. Қылмыстық іс кімнің өндірісінде болуына қарамастан, жеке тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге прокурор жеке өзі қатыса алады. [16, 26 б.]

Сондай-ақ, айыпталушыны (күдіктіге) қамауға алуға санкция беру мәселесін шешу кезінде прокурордың өзі бұл адамнан жауап алуға және тиісті хаттама жасауға міндетті. Бұл өкілеттік азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзылуын анықтаудың және жоюдың маңызды жолы болып табылады.

Жалпы тәртіп бойынша, алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғалған күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірмей аяқталуға тиіс, және ол іс қозғалған күннен бастап істі айыптау қорытындысымен немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарау үшін істі сотқа беру туралы қаулымен бірге прокурорға жіберген, не істі қысқартқан немесе өндірісін тоқтатқан күннен бастап есептеледі. Дәлелді себептер бойынша белгіленген мерзімде тергеуді аяқтамауға мүмкіншілік болмаған жағдайда (істің күрделілігі, көпэпизодтылығы, тергеу жұмысының үлкен көлемділігі, шалғай жерлерде тергеу іс-әрекеттерін орындау қажеттілігі, сараптаманы жүргізудің ұзақтығы және т.б.) оны аудан, қала прокурорлары, гарнизонның әскери прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар үш айға дейін; облыс прокуроры, оның орынбасарлары және оларға теңестірілген прокурорлар - алты айға дейін ұзартуы мүмкін. Алдын-ала тергеу мерзімін одан әрі ұзартуды тек істің аса күрделілігін ескерумен, айрықша жағдайларда ғана ҚР Бас прокуроры немесе оның орынбасарлары, Бас әскери прокурор жүзеге асыра алады.

Істі қосымша тергеуге қайтарғанда, сондай-ақ уақытша тоқтатылған немесе қысқартылған іс қайта қозғалған кезде, қадағалаушы прокурор - өндіріске қабылдаған кезден бастап бір айдан аспайтын қосымша тергеу мерзімін анықтайды. Мерзімді одан әрі ұзарту жалпы негіздерде жүргізіледі. Тергеу мерзімін ұзарту қажет болған кезде тергеуші дәлелді қаулы қабылдайды. ҚР Бас прокурорының нұсқауы бойынша тергеу мерзімін ұзарту туралы өтініштер тергеу мерзімінің өтуіне дейін бес күн бұрын ұсынылуы тиіс.

Бұл мерзімді анықтау органының бастығы анықтау өндірісін тікелей қадағалайтын прокурорға міндетті түрде хабарлаумен бір айға дейін ұзарта алады. Айрықша жағдайларда, анықтау мерзімдерінің одан әрі ұзартылуы алдын ала тергеу мерзімдерін ұзартуға қатысты тәртіптерде жүргізілуі мүмкін.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 18-тармағына көзделген: ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол қойдыру, жеке кепілдік беру, әскери қызметшіні әскери бөлім команда басқармасының бақылауына беру, кәмелетке толмағандарды қарауға беру, кепіл беру, үйде қамауда ұстау және қамау сияқты мәжбүрлеу шараларының ішіндегі ең қаталы қамау болып табылады. Жалпы тәртіп бойынша, бұлтартпау шаралары айыпталушыларға, яғни айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынды, не істі сотта объективті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды, немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, қылмыс жасады деп айып тағылған адамдарға, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қолданылуы мүмкін.

ҚР ҚІЖК 142-бабына сәйкес ерекше жағдайларда, қамау түріндегі бұлтартпау шарасы сезіктіге 10 күннен аспайтын мерзімге қолданылуы мүмкін. Егер ұстау мерзімін есептеумен оны қолданған кезден бастап 10 күн ішінде айып тағылмаса - ол дереу босатылуға жатады.

Кез келген жағдайда, тек қозғалған қылмыстық іс бар болғанда ғана, бір адамға қатысты бір ғана бұлтартпау шарасы қолданылады. Бұлтартпа шарасын қолдану қажеттілігі туралы мәселені шешу кезінде бүдан бүрын аталған негіздерден басқа, тағылған айыптаудың ауырлығы, айыпталушының жеке басы, оның жас мөлшері, денсаулық жағдайы, отбасы жағдайы, немен шұғылданатындығы, мүліктік жай-күйі, тұрғылықты жерінің бар-жоқтығы және тағы басқа мән-жайлар міндетті түрде ескеріледі және зерттеледі.

Алдын ала тергеу және анықтау органдарымен бұлтартпау шаралары қолданылғандығы туралы дәлелді қаулы шығарылады, оның көшірмесі соған қатысты шығарылған адамға тапсырылады және онымен бір мезгілде шағымдану тәртібі түсіндіріледі. [17, 9 б.]

Қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде прокурордың санкциясымен ғана жүргізіледі. Егер неғұрлым жеңілірек бұлтартпау шарасын тандауға мүмкіндік болмаған жағдайда және тек қылмыстық іс құжаттарын мұқият қарап және айыпталушыдан (сезіктіден) жеке жауап алғаннан кейін, жоғарыда аталған шарттар бар болған жағдайда ғана уәкілетті прокурор айыпталушыны (сезіктіні) қамауға алуға санкция береді. Айыпталушыдан (сезіктіден) жауап алу кезінде тергеуші, анықтаушы, қорғаушы, егер ол іске қатысатын болса, кәмелетке толмаған айыпталушының (сезіктінің) заңды өкілдері қатысады және қаралатын мәселе бойынша өз пікірлерін айта алады.

Мерзімдерді одан әрі ұзарту заң шығарушымен қарастырылмаған. Қамауда болудың шектеулі мерзімдері өткеннен кейін алдын ала тергеу кезеңінде адам кідірмей босатылуға жатады. Сондай-ақ, шектеулі мерзімдер өткенге дейін бір айдан кешіктірмей қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып және оның материалдары танысу үшін айыпталушыға және оның қорғаушысына берілуі керек.

Қамауда ұстау мерзімдерін ұзарту рәсімдері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 153-бабында толық берілген. Заң шығарушы қылмыстық ізге түсу органына айыпталушыларды қамауда ұстау мерзімдерін ұзарту туралы өтінішті аудан, облыс прокурорларына, оның орынбасарына және оларға теңестірілген прокурорларға мерзім өткенге дейін жеті күннен, ал Бас прокурорға, оның орынбасарларына және Бас әскери прокурорға - он бес күннен кешіктірмей ұсынуды ұйғарған.

Қамау мерзімін 9 айдан астам уақытқа ұзарту, өтініш ҚР Бас прокуратурасы алқасында қарағаннан кейін жүргізіледі.

ҚР ҚЖК 110-бабына сәйкес сезікті, айыпталушы, олардың қорғаушысы, заңды өкілі прокурор санкцияландырған қамауға алу түріндегі бұлтартпау, сондай-ақ қамау мерзімін ұзарту шарасына тиісті прокуратураның орналасқан жері бойынша қалалық (аудандық) сотқа шағымдануға құқылы.

Қадағалау шағымының келіп түсуі қамау туралы қаулының қолданылуын тоқтатпайды және адамды қамаудан босатуға әкеп соқпайды.

Судья, істі талап етіп ала отырып, прокурордың міндетті түрде қатысуымен жабық отырыста, үш күннен кешіктірмей прокурор санкциясының негізділігін жеке өзі тексереді және мәселені мәні бойынша: бұлтартпау шараларын тоқтату немесе өзгерту, немесе шағымды қанағаттандырусыз қалдыру жайында шешеді. Судьяның қаулысына шағым немесе наразылық келтірілуі мүмкін. Шағым беру немесе наразылық келтіру сезіктіні, айыпталушыны қамаудан босату туралы сот қаулысының орындалмауын тоқтата тұрады.

Бұл жерде қамаудағылардың туыстармен және айыпталушының (сезіктінің) жақындарымен кездесуге рұқсат беру туралы мәселелер тергеу және анықтау, прокуратура және сот органдарының құзыретіне жататындығын атап өту қажет. Айрықша жағдайларда, жоғарыда аталған органдар өз қараулары бойынша қамаудағылармен кездесуге рұқсат беруге немесе бермеуге құқылы.

Бұл қылмыстық-құқықтық институт қандай да бір заңдылықты бекітпейді. Бірақ бұдан бұрын айтып өтілген бұлтартпау шарасы ретінде қамауды таңдау негіздерінен оны қолдану мемлекеттің қамалғандарды оқшаулау бойынша белсенді әрекеттеріне қайшы екендігі көрінеді.

Прокурордың тергеу сатысындағы маңызды өкілеттігі, заңның бұзылғандығы анықталған кезде өзінің қосымша тергеу жүргізу туралы нұсқауларымен қылмыстық істі алдын ала тергеу немесе анықтау органына қайтару құқығы. Мүндай өкілеттік тергеуді тоқтатудың, қылмыстық істерді қысқартудың заңдылығы мен негізділігін тексеру, қылмыстық істердің айыптау қорытындысымен түсулері немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу және тәртіптік ықпал ету шараларын қолдану туралы мәселелерді қарау үшін істі сотқа жолдау туралы қаулы қабылдау кезінде іске асады.

Ауыр қылмыстардың, әсіресе пайдақорлық-күш қолдану қылмыстарының елеулі түрде көбеюіне, қылмыстың ұйымдасу нысанының кең таралуына байланысты, тергеу аппараты анықтау органдарының қылмыстарды ашу, толық, жан-жақты және объективті тергеу, оларды жасаған адамдарды анықтау және әшкерелеу, қылмыстар құрбандарының құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру жұмыстары біршама қиындады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Күннен күнге қылмыс жасау деңгейі өсіп келе жату, криминалистикалық мінездемесі нашарлау, ұйымдаеқан қылмыс пен жемқорлық-сыбайластық кең тарау жағдайларында қылмысты тіркеу және есепке алу маңызды болып табылады.

Қылмыстарды тіркеу және есепке алу жөніндегі заң талаптарын дер кезінде және дұрыс орындау, қылмыс жасаған айыпты тұлғаны жауапқа тарту және жазықсыз адамды немесе қылмысқа қатысы жоқ тұлғаларды жауапқа тарту жағдайларын ескере отыру қажет.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі "Құқық қорғау жүйесін бұдан әрі реформалау шаралары туралы" Жарлығына сәйкес, құқықтық статистика саласындағы мемлекеттік саясат мәселесі ҚР МСК криминологиялық ақпарат Орталығы, ҚР ІІМ және ӘМ статистикалық қызметтің қарамағынан прокуратура қарамағына берілді. Осы актке сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы аймақтық орталықтарын басқаратын (бөлімдерін) қүқықтық статистика және ақпарат (АОБҚСжА) құрылды.

Прокуратура органдарына құқықтық статистика функциясын беру заң шығарушы ҚР Президенті Жарлығының, 1998 жылғы 2 шілденің, заң күші бар, "Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" 4 б. қосымшасында белгіледі. Осында 6 б. прокуратура органдары "статистикалык көрсеткіштерді тұтастықты, дәлдікті және жеткілікті қамтамасыз ету, құқықтық статистика саласында заңдарды қолдануын қадағалауды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік құқықтық статистикасы қалыптастырады" көрсетілген. [18, 13 б.]

Осындай ТМД өзге елдерінен ерекше шешіме ұзақ пікірталас арқылы қабылдауға келді. Онымен қоса, Бас прокуратура бір қалыпты шешім қабылдау дегеніне көмей-ақ, қылмыспен күресу және оған статистикалық баға беру бір органның қарамағында шоғырланған бұрынғы статистикалық жүйенің әдепсіздігіне сүйенеді. Осындай көпжылждық тарихы бар және қылмыстық қудалауды тікелей жүзеге асыратын ведомстволық құрылымдардың мүдделеріне негізделген дағды, көпшілік бұзушылықтармен, бұрмалаумен және статистикалық мәліметтерді еркін қулық жасау әрекеттермен қабаттаса келген.

Шекті шаралармен де (қылмыстық қудалауға дейін) осы жағдайды тұрақтандыра алмады, өйткені есепке қою-тіркеу жүйесінің әдепсіздігі ұйымдастыру мәнінде болды.

Республиканың құқық қорғау органдары жүйесін реформалауымен қосымша мәселелер туындады. Олар көбінесе бүрынғы ССРК тарихындағы Мемлекеттік тергеу комитеті ретінде, олар қылмыспен күресу органы бола тұра біржола статистикалық функцияны жүзеге асырған және бұрыңғы жүйенің жарамсыз қылықтарын қабылдап алған, теңдессіз тергеу-жедел іздестіру институтын құрған.

Мемлекеттік мекеме - ҚР Бас Прокурорының 2001 жылғы 6 наурыздағы № 32 бұйрығымен бекітілген, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы құқықтық статистика және ақпарат Орталығы туралы Ережеге сәйкес, Прокуратура органдары, Ішкі істер, Ұлттық қауіпсіздік, Әділет, Қорғаныс министрлігі, Салық комитеті, Кеден комитеті, ҚР төтенше жағдайлар бойынша агенттік және соттар құқықтық статистика субъектілері болып табылады.

Бірыңғай әдістемелік орталығымен дамып келе жатқан екі жыл ішінде нормативті-инструктивті негіз жаңарды, 20 шақты есеп және олардың нұсқаулары және де алғаш тіркеу құжаттарының түрлері құрастырылып, тәжірибелік қолданысқа енгізілді.

2000 жылғы 1 қаңтарынан "Тергеу және анықтау органдарының жұмыстары туралы" 1-Е есеп беру түрі енді, ол қылмыстық қудалау органдарының сот алдындағы қызмет нәтижелерін бейнелейді және статистикалық жүйенің потенциалды бірыңғайлаған маңызды түйіні болып табылады. Облыстық ҚСжАО қатысуымен соттық есеп берудің жаңа түрлерін құрастыру аяқталды, олар процессуалды және хронологиялық алдағы басқа есеп берулермен статистикалық байланысты белгілейді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының "Жемқорлық-сыбайластық туралы" Заңы статистикалық және ақпараттық қамтамасыз ету тәртіпке келтірудің барлық негіздері бар екенін дәлелдеуге болады. Өткен жылдың қыркүйек-қазан айлары ішінде жемқорлық-сыбайластық қылмыстар туралы есептіліктің ережесі енгізілді және осындай әрекеттердің субъектілері жөнінде мәліметтер банкін құру аяқталды. Жемқорлық-сыбайластық туралы статистикалық-аналитикалық материалдар Қауіпсіздік Кеңесінің кезеңді отырыстарында пайдаланылады.

1998 жылғы 2 шілдедегі Заңына қосымша енгізілген Құқықтық статистика саласында заңдар қолдануын қадағалау функциясы Орталықтың жаңалығы болып табылады. Осы норманы іске асыру аудандық деңгейден басталады, статистика бойынша онда аудан (қала) прокурорының аға көмекшісі лауазымы енгізілген, ол алғашқы есепке қою құжаттарын жинақтауын жүзеге асырады және олардың шындылығын анықтайды. Осымен осы кезеңде қылмыс жасыруға кедергі қоятын шаралар кешенін пайдаланылатын. Республика көлемінде және барлық аймақтар мен субъектілерінде құқықтық статистиканың есепке қою-тіркеу пәні мен статистикалық мәліметтердің шындылығы Орталықпен тексерілді. Осы жұмыстың нәтижелері есептеу қызметінің барлық аспектілерінде жетіспеушіліктерді айқындауға, ішкі істер және кеден органдарына мүмкіндік берді. Тергеу мен соттан қашып құтылғандарды, хабар-ошарсыз кеткендерді, танылмаған өліктерді анықтау және табу жұмыстары жайын нәтижелі тексеру, тіркеу, есепке қою және хабарлар мен арыздарды шешу кезінде заңдылығын анықтау - прокурорлық қадағалау актісін енгізумен аяқталған. [19, 39 б.]

Одан әрі, Орталық қылмыстық статистика субъектілерінің қызметіне жағаласу мен бақылау тәжірибесі қолданылады, онысымен шындығы, сапалылығы мен дер кезінде есепке қою-тіркеу материалдарын беруді қамтамасыз етеді. Мысалы, ҚР ІІМ қылмыстық-атқарушы инспекциясының қызметтік тексерісімен, бас бостандығынан айырмай-ақ жазалау шарасы қолданылған тұлғалар туралы мәліметтер ҚСжАО мүлде берілмеген. Осындай іс-әрекет жасамаушылық осындай санатты тұлғаларды құқық қорғау көзінен тасалаған, рецидивті қылмыстың алдын алу бойынша жұмысын нашарлатты және сот қателіктеріне душар етті. Тек Орталықтың қадағалау ұсынысынан кейін осы бұзушылықтар жойылды.

Осындай жолмен 1000 қылмыстық істер бойынша заңдылық қалпына келтірілген, солар бойынша Алматы қ. мен Алматы облысы бойынша, бірнеше жыл ішінде, іс жүргізу шешімдері қабылданбаған.

ҚСжАО (Департаментінің) қазіргі түрінде жұмыс істеуі "Жедел-іздестіру қызметі" Заңының қолданудың қадағалауын қамтамасыз етеді, оны адалсыз атқару азаматтардың құқықтарына және қорғалатын заңды мүдделеріне қауіп тудырады. Тергеу-жедел тәжірибе айыпты туралы хабарлау және оны іздестіруді тоқтату, азаматтар жоғалу жөнінде арыздарды қарау, бейтаныс өліктердің тұлғасын анықтау жөнінде тәртібін бұзу фактілері толып жатыр, осындай жағдайда оларға қарсы әрекет ететін жалғыз жарамды құрал ретінде прокурорлық қадағалау болып табылады, б.а. ҚСжАО органдарының атқарушылығында.

Сонымен, ҚСжАО (Департамент) - ҚР Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдің Жарлығына сәйкес, осындай күйінде болжалған Бас прокуратурасы жанындағы құқықтық статистика және ақпарат Орталығы - өз бағытына сай құзыретке ие болды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылғы 30 тамызда

қабылданған, 1998 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының

Конституциялық заңымен енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен).

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше

бөлімдері) - Алматы: Юрист, 2002.

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің ресми мәтіні (Жалпы және Ерекше бөлімдері): 2000 жылғы 1 сәуірге дейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізген нұсқасында - Алматы: Жеті жарғы, 2000.

  2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын орындау қорытындылары және деконсациялау тәртібі туралы "Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы."

  3. Қазақстан Республикасының Президентінің 1997 жылғы 7 сәуірдегі "Тауарлық биржа туралы" жарлығы.

  4. Қазақстан Республикасының 1997 жыл 5 наурыздағы "Бағалы қағаздар нарығы" туралы заңы.

  5. Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсанындағы "Қозғалмайтын мүлік құқұғын және олардағы мәмілені мемлекеттік тіркеу" туралы заң күші бар жарлығы.

9. Құқұқ негіздері. Оқу құралы. – Оспанов Қ.М. – Алматы: Жеті Жарғы,

2006.

10. "Прокуратура туралы" ҚР Заңы. Бас прокуратураның прокурорлық қадағалау жөніндегі нормативтік құқықтық актілер жинағы. Астана, 2003 ж. - 9 б. қараңыз.

11. Мемлекет және құқұқтанудың жалпы тарихы.- Булгакова Д.А., Истаев

А.Ж.–Алматы: Заң әдебиеті, 2004.

12. Қазақстан Республикасындағы құқұқтық мемлекет: мәселелері мен

болашағы (халықаралық ғылыми-практикалық конференция құжаттары). – Астана: БОЖ, 2002.

13. Құқық қорғау органдары: Заңнамалық актілер жинағы. Алматы: ЮРИСТ, 2003 ж. - 28 б. қараңыз.

14. Нәрікбаев М.С., Өтебаев Ғ.Қ., Алиев М.М. Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау - Астана, 2005.

  1. Соловяненко Н. К.Гражданское право / 1-том, –М., 1997, № 6.

  2. Андреева Л. В. "Гражданское право". –М., 1999, № 4.

  3. Ильясова г.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы (Жалпы бөлім) - Қарағанды, 2006.

  4. Томилин А. Ф. "Гражданское право // 1-том ". –М., 1998, № 8.

  5. Ильясова Г.А. Қазақстан республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы (Ерекше бөлім) - Қарағанды, 2006.

33