Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ПРОКУРОРДЫҢ ҚАТЫСУЫ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
09.09.2019
Размер:
236.03 Кб
Скачать

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: «ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы»

Тақырыбы: «Азаматтық процеске прокурордың қатысуы»

Орындаған:

Ю-31к тобының студенті Сағатбекова Ә.С.

Ғылыми жетекшісі: Төлеубеков А.Т.

Қарағанды 2011

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ...........................................6

    1. Бас прокурор, облыс және аудандық прокурорлардың қызметі...........................................................................................................6

    2. Прокурорларға қойылатын талаптар..........................................................11

    3. Соттағы прокурордың іс жүргізу жағдайы................................................14

2 АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ПРОКУРОРДЫҢ ҚАТЫСУ НЕГІЗДЕРІ.............20

2.1 Заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауда прокурордың қатысуы....................................................................................................................20

2.2 Прокурордың алдын ала тергеу және анықтау органдарында заңдардың орындалуын қадағалау...........................................................................................24

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................30

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................33

КІРІСПЕ

ҚР Конституциясының 1.б. 83 б. сәйкес "прокуратура мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Заңдылықтың кез келген заң бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдарға, өзге де құқықтық актілерге наразылық жасайды. Прокуратура сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңдармен белгіленген тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады".

Үлкен энциклопедиялық сөздікке сәйкес прокурор француз тіліндегі ргocteur деген, латын тілінің забучусь деген сөздерінен шыққан - ол прокуратура органының лауазымды адамы. Сотта ол мемлекет мүддесін білдіреді.

ҚР Конституциясы және "Прокуратура туралы" ҚР Заңы прокуратураны мемлекеттік органдар арасындағы дербес жүйе ретінде, ал прокурорлық қадағалауды прокуратура органы ретінде анықтады.

ҚР Конституциясының 4-бөлімінің 3-бабына сәйкес республикадағы мемлекеттік билік біртұтас. Ол Конституция мен зандар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, одардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады. [1, 16 б.]

Прокуратураға қатысты ережелер ҚР Конституциясының "Соттар және сот төрелігі" бөліміне енгізілген. Бірақ, бұл жерде прокуратура соттармен қатар сот билігіне ие болады дегенді білдірмейді. Прокуратура органдарының міндеттері мен функцияларының сипаттамасы прокуратураны биліктің сот тармағына, сондай-ақ басқа атқарушы мен заң шығарушы тармақтарына жатпайтынына ещқандай күмән келтірмейді. Прокуратура органдары биліктің үш тармағының әрқайсысымен функционалды байланысты болса да, ешқайсысына толығымен жатпайды. Мемлекеттік құрылымдағы прокуратураның мұндай өзіндік жағдайы билік тармақтарының қызметін теңестіруге және олардың оңтайлы іс-қимылын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, мемлекеттік қызметтің жеке түрі ретінде прокурорлық қадағалаудың өзгешелігі туады.

Осы айтылғандардан оқу курстарын игеруде маңызды принципиалды бірнеше ережелер шығады.

Біріншіден, прокурорлық қадағалау - бұл прокуратурадан басқа мемлекеттік, қоғамдық, дербес немесе өзге ұйымдар, мекемелер немесе лауазымды адамдар жүзеге асыра алмайтын мемлекеттік қызметтің дербес, ерекше түрі.

Екіншіден, прокурорлық қадағалау Қазақстан Республикасының мемлекеті атынан жүзеге асырылады. Осы ережелердің маңыздылығы прокурордың қадағалауды іске асыра отырып, құқық бұзушылықтарды анықтау, оларды жоюға және жергілікті өзін-өзі басқару, атқарушы немесе сот биліктерінің жеке органдары атынан емес, олардың барлық жиынтығына сәйкес кінәлі адамдарды жазалауда шараларды қолдануы.

Үшіншіден, прокурорлық қадағалау - мемлекеттік қызметтің өзіндік түрі. Оның басқа мемлекеттік қызмет түрлерінен өзгешелігі ҚР Конституциясының дәл сақталуын тексеру, заң талаптарының орындалуы, өзге де құқықтық актілердің заңға сәйкес келуін және тек прокуратураға ғана берілген құралдардың көмегімен анықталған құқық бүзушылықтарды жоюға шаралар қабылдайтын қызметтердің ерекше мазмұнымен анықталады.

Прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің басқа нысандарынан, ең алдымен мемлекеттік функцияларды орындауда өзінің тағайындалуымен ерекшеленеді.

Мемлекеттік басқарудың жеке органдары мен сот органдарына жүктелген кейбір қадағалау міндеттері осы қызметтердің бір бөлігін ғана құрайды: мемлекеттік басқару органдары үшін - бұл атқару және бөлу қызметі; сот органдары үшін - сот әділдігі. Прокурорлық биліктің мемлекеттік басқару билік органдарынан және әділ соттан ерекшелендіретін өзінің өзгешелігі бар. Прокуратурада қадағалауды іске асыру кезінде занда аталғандарды қоспағанда, басқа органдардың шешімдерін өзінің шешімдерімен ауыстырмайды, құқық бұзушыларға жазалау шараларын қолданбайды, керісінше құзыретті органдардың, лауазымды адамдардың, ұйымдардың заң бұзушылықты жоюын талап етеді. Атап айтқанда, прокурорлық шара қолдану жолымен мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың қызметіне бақылау жасамай, олардың әкімшілік қызметіне араласпай заң бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолданады. Заңдардың және жарлықтардың дәл әрі бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалаудың субъектісі Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынышты прокурорлар болып табылады.

Осыған байланысты, прокурорлық қадағалауды заң бұзушылықтарды анықтау және жою үшін шаралар қолдану, кінәлі адамдарды жауапқа тарту, қылмыстық қудалауды іске асыру жолымен заңдардың дәл және бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды іске асыруды қамтамасыз ететін арнаулы өкілетті адамдардың-прокурорлардың қызметтері мемлекет атынан іске асырылатын мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде сипаттауға болады.

ҚР Конституциясының 2-бабындағы 83-бабына сәйкес республика прокуратурасы төменгі тұрған прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға және республика Бас прокурорына бағындыра отырып, басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз бірыңғай орталықтандырылған жүйе құрайды. Қазақстан Республикасының Президенті прокуратураға қатысы бойынша жоғарғы мемлекеттік саты болып табылады.

"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 13-бабына сәйкес Президент Парламент Сенатының келісімімен Бас прокурорды бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Осы Конституциялық заңның 19-бабына сәйкес Президент прокуратура органдарының қызметкерлеріне сыныптық шендер береді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті прокуратура органдарын тікелей қалыптастырады және олардың қызметтеріне бақылау жасайды.

Прокурорлық қадағалаудың маңызы ол мемлекет атынан Президент бақылауында іске асырылады, жергілікті органдарға тәуелсіз, тек Қазақстан Республикасының Бас прокурорына ғана бағынышты.

Прокурорлық қадағалау республиканың барлық аумақтарында және үкіметке, барлық министрліктер мен ведомстволарға, оларға бағынышты мекемелерге, барлық кәсіпорындарға, меншік нысанына қарамастан атқарушы және бөлу органдарына және лауазымды адамдарға, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен республиканың азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдіктерге қатысты әрекет етеді.

Зандармен белгіленген тәртіп пен негізде енгізілген прокурорлық қадағалау актілері барлық органдарға, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тиісті.

Прокурорлық қадағалаудың маңызы, сондай-ақ біздің қоғамдағы құқық рөлімен анықталады. [2, 21 б.]

Сонымен, прокурорлық қадағалаудың маңыздылығы ол мемлекет атынан Президент бақылауында іске асырылады, жергілікті органдарға тәуелсіз, тек Қазақстан Республикасының Бас прокурорына ғана бағынышты.

1 ҚР ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ

    1. Бас прокурор, облыс және аудандық прокурорлардың қызметі

Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының біртұтас жүйесін Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген әскери және басқа мамандандырылған прокуратуралар құрайды.

Қазақстан Республикасының прокуратурасы прокурорлық жүйенің жоғарғы бөлігі болып табылады және барлық прокуратура органдарына және оның мекемелеріне басшылық жасайды. Бас прокуратураны Заңның 12-бабына сәйкес ҚР Бас прокуроры басқарады. Оның ҚР Бас прокурорының ұсынымы бойынша ҚР Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бірінші орынбасары мен орынбасарлары болады. Бас прокуратурада төрағасы ҚР Бас прокуроры және мүшелері: бірінші орынбасары және орынбасарлары (лауазымына қарай), ҚР Бас прокуроры тағайындаған басқа прокурорлық қызметкерлер болып табылатын қүрамда Алқалар үйымдастырылады. ҚР Бас прокуратурасының құрылымын аға көмекшілері болып табылатын бастықтар басшылық ететін департаменттер, басқармалар және бөлімдер құрайды. ҚР Бас прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі кеңесшілері мен көмекшілері болады. ҚР Бас Прокуроры орынбасарларының да көмекшілері болады.

Депратаменттерде, басқармаларда және бөлімдерде аға прокурорлар және прокурорлардың лауазымдары көзделген.

Әрбір бөлімшелерде прокурорлық қадағалау бағыттарының анықталған заңдары есебімен прокурорлық жүйенің функцияларынан шығатын міндеттерді шешеді және орындайды. [3, 10 б.]

Бас басқару құқығында ҚР Бас прокуратурасының қүрылымына ҚР Бас прокурорының орынбасары болып табылатын Бас әскери прокурор басқаратын Бас әскери прокуратура кіреді.

Республиканың Бас прокуроры департаменттер, басқармалар және бөлімдер бастықтарын және олардың орынбасарларын, сондай-ақ аға көмекшілерді, кеңесшілерді, ерекше тапсырмалар бойынша көмекшілерді, аға прокурорларды және департаменттердің, басқармалар мен бөлімдердің прокурорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. "Прокуратура туралы" ҚР Заңының 12 б. 5-тармағына сәйкес Бас прокуратура:

1) Республика прокуратура органдарының іс-қимылдарын олардың қызметінің негізгі бағыттары бойынша үйлестірілуі мен орайластырылуын қамтамасыз етеді;

2) Республикада Заңдардың орындалуын, заңдылықтың жай-күйін қадағалау практикасына талдау жасайды;

3) Прокурорлық қадағалауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

4) Республика прокуратура органдарының заңдардың орындауын қадағалау жөніндегі жұмысын бақылайды;

5) Заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуде жедел-іздестіру қызметік анықтауды және тергеуді жүзеге асыратын басқа да республикалық құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасайды және олардың қызметін үйлестіріп отырады;

6) Кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады және жүргізеді;

7) Норма шығарушылық қызметіне қатысады;

8) Халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарының атынан өкілдік етеді.

ҚР Бас прокуроры ҚР прокуратура органдарының барлық жүйесін және мекемелеріне және ҚР Бас прокуратурасына тікелей басшылық жасайды.

ҚР Бас прокуроры прокуратура органдарының қызметіне басшылық жасайды және олардың жұмысына бақылау жасауды іске асырады.

Прокуратура органдары мен мекемелерінің қызметкерлеріне міндетті түрде орындау үшін ҚР прокуратура жүйесі қызметтерінің ұйымдастыру мәселелерін және көрсетілген қызметкерлердің материалдық және әлеуметтік қамтамасыз етілуін іске асырудағы тәртібін реттейтін бұйрықтарды, нұсқаулықтарды, өкімдерді, ережелерді, нұсқауларды шығарады. ҚР Бас прокуроры бөлінген штаттық құрам және еңбек ақы төлеу қоры шегінде ҚР прокуратуралар мекемелері мен бағынышты прокуратуралардың штаты мен құрылымын белгілейді.

ҚР Бас прокуроры департаменттер, басқармалар және бөлімдер бастықтарын және олардың орынбасарларын, кеңесшілерік Бас прокурордың ерекше тапсырмалары бойынша көмекшілерді және олардың орынбасарларық аға прокурорларды және департаменттердің, басқармалар мен бөлімдердің прокурорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

ҚР прокуратурасы жүйесінің барлық буындарының прокурорларын да ҚР Бас прокуроры қызметке тағайындайды.

ҚР Бас прокуроры Прокуратура туралы Заңға сәйкес прокуратура органдарына жүктелген міндеттердің орындалуына жауап береді. Жыл сайын ҚР Президентіне заңдылықтың жай-күйі елдегі құқықтық тәртіп туралы, оларды нығайту бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндайды.

ҚР Бас прокуроры болмаған кезде немесе өз міндеттерін орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда оның міндетгерін бірінші орынбасары орындайды. Егер ол да болмаған жағдайда немесе қандай да себептермен ҚР Бас прокурорының міндеттерін орындау мүмкін болмағанда, оның орынбасарларының біреуіне жүктеледі.

ҚР Бас прокурорының орынбасарлары арасындағы міндеттерді ҚР Бас прокуроры бөледі.

Ол сондай-ақ кеңесші органы болып табылатын алқа жұмысына басшылық жасайды. Алқа жиналыстарында ҚР прокуратура қызметтерінің негізгі бағыттары бойынша жұмыстардың жай-күйлері талқыланады; орындауды, іріктеуді, кадрларды орналастыру мен тәрбиелеуді, бұйрықтар жобаларын, нұсқаулықтар мен басқа маңызды нормативтік актілерді тексеру мәселелері талқыланады. Бас әскери прокурордың, бас басқармалар бастықтарының, облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың есептері, бағынышты прокуратуралар жұмысының тексеру нәтижелері тыңдалады. Алқа шешімінің негізінде Бас прокурор бұйрық шығарады. [4, 37 б.]

Аумақтық прокуратуралар аумақтық құрылымдар мен аумақтық бөлінулерге сәйкес құрылған. Әрбір облыста атауы көбінесе облыс атуымен аталатын прокуратуралар бар. Бұдан басқа, облыс прокуратуралары құқығындағы Астана қаласы мен Алматы қаласы прокуратуралары, мамандандырылған прокуратуралар жұмыс істейді.

Облыс прокуратурасы мен оған теңестірілген прокуратураларды ҚР Президентінің келісіммен ҚР Бас прокуроры тағайындаған прокурор басқарады. Облыс прокурорларының ҚР Бас прокуроры тағайындаған бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары болады.

Облыс прокуратуралары мен оған теңестірілген прокуратуралардың өз құрылымдарында мекемелердің, ұйымдардың, өз деңгейіндегі (яғни, республикалық, облыстық және т.б.) лауазымды адамдардың заңдарды орындауын қадағалауды және қалалардың, аудандардың және ҚР әкімшілік-аумақтық өзге де бірліктердің қызметтерін бақылауды іске асыратын басқармалары мен бөлімдері болады.

Облыс прокуратурасында прокурор басқаратын алқа болады. Алқа мүшелері болып прокурордың орынбасарлары мен бөлімшелер бастықтары табылады.

Облыс прокурорларын және оларға теңестірілген прокурорларды ҚР Бас прокуроры қызметке тағайындайды.

Облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар ҚР Бас прокурорына есеп береді және оларды Бас прокурор қызметтен босатады. Олар ҚР аумағында қолданылатын заңдардың, және ҚР Бас прокурорының нормативтік актілері негізінде қалалар мен аудандардың прокуратураларын және өзге де оларға теңестірілген прокуратураларды басқарады және барлық бағынышты қызметкерлер орындауға тиісті бұйрықтарды, нұсқауларды, өкімдерді шығарады, ҚР Бас прокуроры бекіткен құрам және төлем қоры шегінде өз аппараттары мен бағынышты прокуратуралардың штаттық кестесіне өзгерістер енгізеді.

Облыстық прокуратуралар мен оларға теңестірілген прокуратуралардың алқалары өздерінің жиналыстарында прокуратура органдары қызметтерінің аса маңызды мәселелерін, қылмысқа қарсы күрес заңдарының орындалуына қадағалауды іске асыру бойынша ҚР Бас прокурорының бұйрықтары мен нұсқауларының орындалуын қарайды, басқармалардың, бөлімдердің бастықтарының, төменгі тұрған прокурорлардың есептерін тыңдайды, кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу мәселелерін, бұйрық жобаларын талдайды.

Аумақтық прокуратуралардың төменгі звенолары қалалық және аудандық прокуратуралар болып табылады. Аймақтық прокуратуралардың қатарында құзыреті екі ауданға немесе аудан және облысқа бағынышты қала прокуратураларына тарайтын ауданаралық прокуратуралар жұмыс істейді.

Барлық аумақтық прокурорларды облыс прокурорларының ұсынымдары бойынша 5 жыл мерзімге ҚР Бас прокуроры тағайындайды.

Аудандар мен қалалар прокуратураларындағы жұмыстары аса көп көлемді прокурорлардың орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері болады.

Аудандық және қалалық прокуратураларды, оларға теңестірілген әскери және өзге де мамандандырылған прокуратураларды тиісті прокурорлар басқарады. ҚР Бас прокуроры оларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Олар ҚР Бас прокурорына және жоғарғы прокурорларға бағынышты және есеп береді. Олардың міндеттеріне бағынышты көмекшілердің, тергеушілердің жұмысына басшылық жасау, олардың барлық бағыттарын қадағалауды іске асыру және қылмыстық және азаматтық істерді сотта қарауға қатысу жатады. Аудандық бөлінудегі қалалардың прокурорлары аудандық және оларға теңестірілген прокуратуралардың қызметтеріне басшылық жасайды, жоғарғы тұрған прокурорға өз аппараттарымен бағынышты прокуратуралардың штаттық құрамын өзгерту туралы, кадрлық өзгерістер туралы ұсыныстар енгізеді.

Кез келген деңгейдегі прокурор өз өкілеттігі ішінде өз еркі бойынша қызметтен босатылуы мүмкін: қызметтен кетуге байланысты; басқа жұмысқа ауысуына байланысты; денсаулық жағдайы бойынша; міндеттерін орындай алмауына байланысты; аттестация нәтижесі бойынша; сот үкімімен белгіленген заңды күшіне енетін қылмыстарды жасаған кезде; Еңбек туралы ҚР заңында көзделген басқа негіздер бойынша. [5, 17 б.]

Мамандандырылган прокуратураларға әскери, көлік (темір жол, су, әуе көліктерінде), табиғатты қорғау және ҚР Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқарушы жүйесінің (колония және түрме) түзету мекемелерінде заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі прокуратуралар жатады.

Көлік прокуратуралары теміржол басқармасының құрылымына және көліктер жүйесіне сәйкес, сондай-ақ көліктегі (желілі бөлімшелер, бөлімдер мен басқармалар) ішкі істер құрылымы есебінен ұйымдастырылады. ҚР Бас прокурордың бұйрығымен көліктік прокурорларға Көлік және коммуникациялар министрлігінің бөлімшелерінде, "Темір жол" РМК", "Қазақстан әуе жолы" (автожол қызметтерін қоспағанда), өзен флотының қызметінде және оған жататын мемлекеттік кәсіпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде, сондай-ақ ҚР Кеден комитеті оның және органдарында заңдардың орындалуына қадағалау жүктелген. Табиғатты қорғау прокуратуралары экологиялық заңдылықтардың орындалуын қадағалауды күшейту мақсатында құрылған. Облыста прокуратура құқығында бір ғана - Каспий табиғатты қорғау прокуратурасы бар. Оның құрамына ауданаралық құқықтардағы әрбіреуі Каспий бассейнінің белгілі учаскелерінде экологиялық заңдардың орындалуын қадағалауды іске асыратын табиғатты қорғау прокуратуралары жатады. Дегенмен де, бұл прокуратура таратылды.

Аймақтардың қатарында тиісті облыс прокурорларына бағынышты ауданаралық құқықтардағы табиғатты қорғау прокуратуралары құрылған.

Түзеу мекемелерінде заңдардың сақталуын қадағалау жөніндегі прокуратуралар қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу және тәрбиелеу колонияларының, түрмелер, емдеу-сауықтыру мекемелерінің әкімшілігі қызметінде заңдылықты қадағалауды іске асырады. Осы мамандандырылған прокуратуралардың құзыреттері әртүрлі өзара шекаралас облыстардың аумақтарында орналасқан бірнеше түзету мекемелеріне таратылады. Түзеу мекемелерінде заңдылықтың сақталуын қадағалау жөніндегі прокурорлара аумағында мамандандырылған прокуратуралар орналасқан сол облыстың прокурорына бағынады.

Түзеу мекемелерінің әкімшілігінде заңдардың орындалуын қадағалаудан басқа прокуратуралар жазасын өтеп жатқан адамдар, сондай-ақ соңғы аумақтағы осы мекемелердің қызметкерлері жасаған қылмыстар туралы қылмыстық істерді тергелуін қадағалауды іске асырады.

ҚР прокуратура органдары жүйесіне ғылыми мекемелер кіреді: С. Есқараев атындағы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы заңдылық, құқық тәртібі проблемаларын зерттеу және прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты.

Бас прокурор Институт директорын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 "Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту концепциясы туралы" Үкімет қаулысын іске асыру, сондай-ақ прокуратура органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыру мақсатында ҚР Бас прокуроры:

1. "Қазіргі кезенде кадрлардың кәсіби шеберлігін жетілдіру және біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды прокуратура органдарының ең маңызды міндеттерінің бірі есептеуді талап етеді. Білімдерін үнемі жаңартып отыру жүргізіліп отырған реформалардың тиімділігінің және прокуратура органдары қызметкерлерінің лауазымды міндеттерін тиісті орындаудың ең маңызды шарттары болып табылады.

2. Прокуратура органдары басшылары бес жылда бір рет біліктілігін арттыру міндетті курстарынан өтуді белгіледі. Ал қалған қызметкерлер - үш жылда бір рет". [6, 26 б.]

ҚР Бас прокурорының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 87 бұйрығы. Бас прокуратураның прокурорлық қадағалау жөніндегі нормативтік құқықтық актілер жинағы. Астана, 2003 ж. -326 б. қараңыз.