Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ПРОКУРОРДЫҢ ҚАТЫСУЫ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
09.09.2019
Размер:
236.03 Кб
Скачать

2.1 Заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауда прокурордың қатысуы

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерінің сақталуын прокурорлық қадағалау - дербес және прокурорлық қадағалау саласындағы маңыздылардың бірі болып табылады.

Осы сала дәстүрлі "жалпы қадағалау" деп аталатын, ол қарастырылып отырған саланы прокурорлық қадағалаудың басқа арнайы салаларынан шек қоюға мүмкіндік беретін. Прокурорлық қадағалауды реттейтін қолданыстағы заңнамада "жалпы қадағалау" термині аталмаса да, ол прокуратура органдарының жұмыскерлерін құрастыру кезінен қалыптасып, бұрынғысынша солармен қолданылады.

Қарастырылып отырған салада барлық прокурорлар топтары жүзеге асыратын ҚР прокурорлық қадағалаудың мәні және міндеті аса бет-бедерлі белгіленеді. Тап сонда Қазақстандық прокуратура құқықтық мемлекеттің нормативті негізін - адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтау үстінен қараушылық заңын қамтамасыз ету бойынша тікелей көрінісі бар.

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалау, басқа мемлекеттік қоғамдық-жарамды, жасампаз қызмет тәрізді өз мәні мен міндеттері бар.

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалау саласының мәні ҚР "Прокуратура туралы" Заңының 28 б. анықталған.

1. "Қазақстан Республикасының аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және министрліктердің, ведомстволардың, мемлекеттік комитеттердің, қызметтердің және атқарушы биліктің өзге орталық органдарының, өкілетті (заңды) және жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдардың, әскери басқару "органдардың, бақылаушы органдардың, олардың лауазымды адамдарының, басқару органдары мен нысанына қарамастан коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар басшыларының өзге де нормативтік актілердің дәл және бірыңғай қолданылуын қадағалауды іске асырады". Прокурорлық қадағалаудың осы бағыттарының өзгешелігі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына байланысты құқықтық саласында анықталады.

2. Жоғары аталып кеткен "органдармен шығаратын (қабылдайтын) құқықтық актілер заңға сәйкес келетіндігін қадағалау".

Бұл жұмыста жоғарыда айтылып кеткен жағдайды сипаттай отырып прокурорлық қадағалаудың осы бағытын, ҚР-дағы азаматтар және адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласы бойынша заңдылық сақтау жөнінде прокурорлар қадағалайтын барлық органдар аталмаған қорытындысын атап кету керек. Мысалы, мыңдаған ұйымдар, мекемелер, олардың лауазымды адамдары, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, қозғалыстар аталмаған. [12, 28 б.]

Аталып кеткен органдардың (ұйымдардың) міндеттемеріне ҚР аумағында қолданылып жүрген заңдарды дәл орындау жүктелгеніне байланысты және оларды орындамаған кезде немесе дұрыс емес орындамағандықтан адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделеріне қысым жасалса, кімнің қарамағында болғанына (ведомствоға қарасты) және меншік нысанына қарамастан, осы органдар мен ұйымдар прокурорлық қадағалау өрісі тізімінен алып тастануы мүмкін емес.

Бұл жұмыста қадағалау субъектілері ретінде азаматтар қарастырылмайды. Сол шақта заңдарды дәл орындау талаптары азаматтар алдына қойылады. Азаматтар заң бұзушылық жасаса прокуратура органдары заңмен белгіленген жазалау шараларын қолданады. Осыдан, егер азаматтар заң бұзушылыққа барса, олар прокурорлық қадағалаудың субъектілері болады.

Заңдар орындалуын прокурорлық қадағалау саласына ҚР Жоғарғы Соттың Пленарлық мәжілісінің нормативті қаулылары да кіреді. Прокурорлар ҚР (қол қойылған) жасалған немесе оларға қосылған екіжақты және көпжақты халықаралық шарттардың және тағы басқа халықаралық актілердің орындалуын қадағалайды. Онымен қоса ұлттық заңнама халықаралық заңнамаға сай болу қажеттілігін ескере отыру тиіс.

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалау саласының мәні ҚР "Прокуратура туралы" Заңының 28 б. анықталған, олар мынадай болып келеді:

1) "Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалау құқықтық актілердің және органдардың, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың әрекеттері заңнамаға сәйкес болу керек;

2) кез келген заң бұзушылықты айқындау, осындай заң бұзушылыққа мәжбүр болған себептер мен жағдайларын жою, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру".

Прокуратура басқа мемлекеттік органдардың орнын баспайды және ұйымдардың қызметі мен азаматтардың жеке өмірлеріне қол сұқпайды.

Басқа мемлекеттік органдар жүзеге асыратын қадағалау мен бақылаудан осы прокурорлық қадағалау түрінің айырмашылығы - заңдар бұзушылық туралы ақпарат прокурордың өз өкілеттіктерін қолдану негізі болып табылады. Осындай ақпаратқа ие болып, прокурор заң атқарушылық тексерістерін өткізеді және басқа да қадағалау әрекеттерін жасайды.

Басқа салалармен салыстырғанда адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалау саласы, анықтау мен тергеу, соттар және сотпен тағайындалған жазалауды атқаратын органдардан басқа, заңдардың көбін қамтитын аса кең және көп қырлы сала болып табылады. Осы сала өте күрделі және ауыр сала болып табылады.

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарық заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалау саласы - өкілетті және атқарушы өкімет органдары, бақылау органдары, кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар, қоғамдық ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар заңдарды біркелкі түсініп, бұлжытпай орындауын қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Осы мақсат белгілі даму кезеңдерінде қоғам мен мемлекет алдында тұрған міндеттерге бейімделіп, прокурорлық қадағалауды реттейтін заңнамада анықталады. Осы қадағалау қазақстандық прокуратура құқықтық мемлекеттің нормативті негізін - адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтау үстінен қараушылық заңын қамтамасыз ету болып табылады. Заңдар орындалуын прокурорлық қадағалаудың негізгі мақсаты дәл осында.

Ақырғы уақыттарда, қылмыстық өсумен байланысты, қылмыстардың алдын алудың алғаш құралы ретінде заңдар орындауына прокурорлық қадағалаудың рөлі өсуде. Қадағалауды жүзеге асырып, прокурорлар тек қылмыстарды айқындаумен шектелмейді, ерекше маңыздысы, олар қылмысқа айналатын немесе қылмыс жасау мүмкіндігін туғызатын құқық бүзушылықты айқындайды. Барлық аумақтық және мамандандырылған прокуратураларға қатысты прокурорлық қадағалаудың нақты міндеттері ҚР Бас прокурордың, оның орынбасарларының, облыс прокурорларының бұйрықтары мен нұсқауларында анықталады. Осы актілердің ішінде "Әлеуметтік-экономикалық саласында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қолдануына, сақтауына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы" Нұсқау ерекше орын алады. Ерекше алғанда, ҚР Бас прокуроры қадағалаудың басым бағытын былайша анықтайды:

- нормативті құқықтық актілер Конституцияға, ҚР Президентінің заңдары мен актілеріне сәйкес келуі;

- мемлекеттік органдардың адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауы;

- қоғамдық және діни бірлестіктердің және де бұқаралық ақпарат қызметтерінің заңдылығы.

Заңдарды орындау бойынша прокурорлық қадағалауды жүзеге асырған кезде прокурорлардың жалпы түріндегі міндеттері мыналарда:

- заң бұзушылық туралы түскен мәліметке байланысты, прокурор заң бұзушылықты және осыларға әкеліп соқтырған себептерін айқындау және жою шараларын қабылдау жолымен прокурордың міндетті түрде кірісуі;

- құқық бұзушылықтың, бірінші кезекте - қылмыстардың алдын алу заң талаптарын орындау кезінде прокурорлық қадағалаудың барлық мүмкіншіліктерін қолдану;

- заңдарды және заңға сәйкес актілерді орындауын, заңдылық пен құқықтық тәртіпті бекітуін, әсіресе осы органдарда прокурорлық тексерістер өткізу және бағынышты, бақылауындағы және төмен тұратын органдарда, мекемелерде және ұйымдарда тексеріс өткізу тапсырыстарын беру жолмен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бақылау және қүқық қорғау органдардың қызметін қарқындату және жетілдіру; лауазымына және мүліктік жағдайына қарамастан құқық бұзушылық жасаған, заң алдында бәрі тең қағидатын ескерте отырып, заңда белгіленген жауапкершілікке тарту жөнінде, бұлтартпас жауапкершілік қағидатын өмірге белсендірек өткізу;

- радио, теледидар, периодикалық басылым арқылы прокуратура органдарының қызметі жөнінде, оның ішінде зандар орындалуын прокурорлық қадағалау саласында және олар заң бұзушылыққа қарсы қолданып жүрген шаралары жөнінде және айыпты тұлғалардың аты-жөні, лауазымы, жағдайы айтылып, жауапкершілікке тартылғаны жөнінде және де аймақтың құқық бұзушылық динамикасы халық пен қоғамдыққа жеткізілсін;

- қолданыстағы заңнаманың, қоғамдық қатынастардың нормативті реттеуіндегі тұтынымдарының және өкілетті (заңнамалық) органдарға және заң шығарушы бастамасы қүқына ие органдарына сәйкес үсыныстарын енгізу арқылы, кемістіктерін (ақауларды) айқындау және оларды жою шараларын қабылдау;

- лауазымды тұлғалардың, әсіресе құқықтық актілер мен заңды маңызды әрекеттер жасайтын мемлекеттік органдары басшыларының, коммерциялық ұйымдардың, кәсіпкерлердің және де азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру.

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалауға қазіргі кезеңде қойылатын талап - оның нәтижелілігін көтеру, ол оның ақырғы қорытындысы - құқықтық тәртіптің заңдылық жағдайына әсер етеді.

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша прокурорлық қадағалауды жетік жүзеге асыру үшін прокурорлар анық құқықтарға ие және заңда белгіленген міндеттер атқарады, т.б. сәйкес өкілеттіктері бар. Прокурорлық қадағалауды жүзеге асырған кезде прокурорлардың өкілеттіктері екі топқа бөлінеді. [13, 12 б.]

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалау бойынша өкілеттіктің бірінші тобы заң бұзушылық пен оларға себепкер (себебі мен жағдайы) және осыған айыпты тұлғаларды дер кезінде айқындауға бағытталған. Осы өкілеттіктер ҚР "Прокуратура туралы" Заңының 29 б. 1 бөлігінде бекітілген.