Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_205.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
09.09.2019
Размер:
1.01 Mб
Скачать

Казахский язык

1. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

A) Ұзын, қысқа.

B) Мұғалім, ұстаз.

C) Түс, ат.

D) Сұлу, әдемі.

E) Ат, есім.

2. Дұрыс жазылған сөзді табыңыз.

A) Кітаб.

B) Кытап.

C) Кітәп.

D) Кітабі.

E) Кітап.

3. Тек ашық буыннан тұратын сөзді табыңыз.

A) Балық.

B) Торы.

C) Тақпақ.

D) Күз.

E) Оқ.

4. Түбір сөздерді табыңыз.

A) Беру, сенің, оның.

B) Кет, айт, жаз.

C) Көгілдір, ақшыл, келді.

D) Емші, сонау, беру.

E) Барсын, жазу, айтты.

5. Домбыра аспаптың қандай түріне жататынын анықтаңыз.

A) Сарнамалы аспап.

B) Ішекті аспап.

C) Шулы аспап.

D) Үрмелі аспап.

E) Дабылды аспап.

6. Сынып жабдықтарын белгілеңіз.

A) Әке, шеше, ата, әже.

B) Табиғат, орман, өзен.

C) Гүл, өсімдік, шырша.

D) Дүкен, асхана, дәмхана.

E) Тақта, парта, карта.

7. Мақалды толықтырыңыз.

Өнер алды - … тіл.”

A) Ақ.

B) Көк.

C) Қызыл.

D) Жасыл.

E) Қара.

8. Синонимнің анықтамасын табыңыз.

A) Жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер.

B) Мағыналары қарама-қарсы сөздер.

C) Екі буынды сөздер.

D) Жазылуы әр түрлі, мағыналары ұқсас сөздер.

E) Бір буынды сөздер.

9. Үнді дыбыстан басталып, үнді дыбысқа аяқталатын сөзді анықтаңыз.

A) Нан, роман, мақал.

B) Көше, аспаз, мұғалім.

C) Тамақ, ас, бала.

D) Халық, жиын, ел.

E) Кітап, оқулық, дәптер.

10. Жұрнағы бар сөзді табыңыз.

A) Сыныптар.

B) Сабақта.

C) Керек.

D) Көрсеткіш.

E) Мектебі.

11. Септік жалғауы жалғанған сөзді табыңыз.

A) Уақытым.

B) Сағатым.

C) Сағаттар.

D) Сағаты.

E) Сағаттың.

12. Салыстырмалы шырайдың жұрнағын көрсетіңіз.

A) -гіш.

B) -сыз, сіз.

C) -лық, -лік.

D) -лау, -леу.

E) -паз.

13. Күрделі сан есімді табыңыз.

A) Екілерде.

B) Төртеу.

C) Бесінші.

D) Алты.

E) Үш жүз.

14. Тиісті есімдікті қойыңыз.

... үйі таудың етегіне жақын екен.

A) Сіздің.

B) Сенің.

C) Біздің.

D) Оның.

E) Менің.

15. Бұйрық райды табыңыз.

A) Аудар.

B) Қорғану.

C) Қолдану.

D) Оқыған.

E) Көру.

16. «Бірақ, дегенмен» жалғаулық шылауларының түрін анықтаңыз.

A) Қарсылықты.

B) Талғаулықты.

C) Шартты.

D) Себеп-салдар.

E) Ыңғайластық.

17. Тура толықтауышты белгілеңіз.

Ғалым бүкіл өмірін табиғат тіршілігіне, оны зерттеуге арнаған.

A) Ғалым.

B) Бүкіл.

C) Арнаған.

D) Табиғат тіршілігіне, оны зерттеуге.

E) Өмірін.

18. Айтылу мақсатына қарай бөлінетін сөйлем түрін табыңыз.

A) Толымсыз.

B) Толымды.

C) Атаулы.

D) Жақты.

E) Сұраулы.

19. Қазақстанның көне қалаларын көрсетіңіз.

A) Отырар, Түркістан.

B) Қарағанды, Алматы.

C) Талдықорған, Тараз.

D) Алматы, Астана.

E) Түркістан, Қызылорда.

20. Қатаң дауыссыз дыбысқа жатпайтын дыбыстарды көрсетіңіз.

A) Ч, х, щ.

B) П, ф, к.

C) Ғ, г, д.

D) Һ, ц, ж.

E) Т, с, ш.

21. Сөз үнді дыбысқа аяқталса, қосымша қандай дыбыстан басталатынын анықтаңыз.

A) Қатаң немесе ұяң дауыссыз дыбыстан.

B) Үнді немесе ұяң дауыссыз дыбыстан.

C) Тек үнді дауыссыздан.

D) Тек ұяң дауыссыз дыбыстан.

E) Қатаң дауыссыз дыбыстан.

22. Болжалды келер шақтың болымсыз түрін белгілеңіз.

A) Біз бұл жағдайға үйренер емеспіз.

B) Бірақ Түйебайдың бір қасиеті – қанша таяқ жесе де, көп жыламайды.

C) Өзіміз де кедейміз, атамекен жерімізді ешкімге бере алмаймыз.

D) Мен ол келгенде тұрған жоқпын.

E) Абай күлместен, мысқылдай қарайды.

23. Сабақтас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.

Мұғалім айтқан кезде, ол жаза бастады.

A) Шартты.

B) Мезгіл.

C) Мақсат.

D) Қарсылықты.

E) Қимыл-сын.

24. Қыстырма сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

A) Шындығында, ол аса талантты әрі іскер адам.

B) Мектеп оқушылары серуенге шықты.

C) Табиғат – алтын бесік.

D) Бүгін ауа-райы салқын болып тұр.

E) Астана – жаңа қала.

25. Одағай қандай сезімді білдіреді, анықтаңыз.

Бәрекелді, әжем базарлық әкелді!

A) Бұйыру.

B) Жекіру.

C) Шақыру.

D) Қайталау.

E) Көңіл-күй.

ТЕСТ ПО ПРЕДМЕТУ КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК

ЗАВЕРШЕН

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]