Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Атажол Құрылс ЖШС.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
04.09.2019
Размер:
634.88 Кб
Скачать

2.1 Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін талдау

Серіктестіктің құнын арттыруға қаржылық-экономикалық көрсеткіштерді жақсарту, қызмет көрсету көлемін өсіру, қызмет көрсетудің жаңа түрлерін дамыту, қызмет көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, тиімді технологиялар енгізу арқылы қол жеткізілетін болады.

Басқарудың тиімділігін арттыру қаржылық басқарудың құралдары мен механизмдерін енгізуге, жедел басқарудың құралдары мен механизмдерін тұрақты түрде жетілдіруге, нәтижелерге бағдарланған дәлел жүйесін әзірлеуге және енгізуге бағытталатын болады. Осы айтылғандардың негізінде «Атажол-Құрылыс» ЖШС қаржылық жағдайына талдау жүргізу барысында 2008-2010 жылдардағы мәліметтер қарастырылады. Серіктестіктің қаржылық жағдайын көрсететін негізгі көрсеткіштер баланста ұсынылған. Қаржылық жоспарлау осы көрсеткішті зерделеуден басталады.

Осы көрсеткіштердің кейбіреуі тікелей баланста, сондай-ақ түсіндіру жазбасында қамтылған. Алайда бірқатар көрсеткіштер қосымша есептеудің баланс деректерін қайта топтаудың немесе бухгалтерлік есеп деректерін тартудың көмегімен алынуы тиіс. Серіктестіктің активтері компанияның қызмет кезеңінде қабылдаған инвестициялық шешімдерді көрсетеді. Өтімділік – серіктестіктің қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыра білу қабілеттілігі. Ұзақ мерзімді активтер бір есептіліктен көп кезең ішінде пайдаланылатын қаражат, оны жыл ішінде сатуға болмайды. Олар баланстың «Негізгі қаражат және айналымнан тыс активтер» деген бірінші бөлімінде көрсетілген.

Баланс пассивінде серіктестіктің қаржыландыруды таңдау жөніндегі шешімі көрініс табады. (Пассивтің бабы: Қысқа мерзімді міндеттеме; Ұзақ мерзімді міндеттеме; Меншікті капитал (ұзақ мерзімді міндеттеменің бір бөлігі).

Ұзақ мерзімді міндеттеме – бұл бір жылдан асатын мерзімде өтелуге тиіс міндеттеме (қарыздар, кредиттер, облигациялар, төлем вексельдері, зейнетақы төлеу жөніндегі міндеттеме.)

Қысқа мерзімді міндеттемеге салынған капитал – бұл айналым активтерімен жабылатын немесе қысқа мерзімді жаңа міндеттемелердің пайда болуы нәтижесінде өтелетін міндеттеме (шоттар және төлем векселдері, компанияның қысқа мерзімді қарыз алғаны туралы борыштық куәлік, салықтар бойынша берешек және мерзімі ұзартылған салықтар, жалақы бойынша берешек, алынған аванстар – бұл меншік иелері инвестицияланған капитал.

Жинақталған пайда – бұл салықтар мен дивидендтерді шегергеннен кейінгі пайда, оған қоғам өзі өмір сүрген барлық жылдар ішінде ие болады (өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы, резервтік капитал, жинақтау қоры және есепті жылдардағы таза пайда). Капитал меншікті не қарызға алынған болуы мүмкін. Дәстүрлі негізде қаржылық тұрақтылықты бағалау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1. Мүліктік жағдайды және капиталдың құрылымын бағалау;

2. Капиталды пайдаланудың тиімділігі мен интенсивтілігін бағалау;

3. Серіктестіктің қызмет етуінің нәтижелерін бағалау.

Сонымен, «Атажол-Құрылыс» ЖШС құрылыс ұйымының шаруашылық-қаржылық қызметіне жалпылама талдау:

«Атажол-Құрылыс» құрылыс ұйымының мүліктік аналитикалық сипаттамасы баланс активінің мәліметтері бойынша жүзеге асырылады. Мүліктің жалпы құны баланс қорытындысына тең. Ол «Атажол-Құрылыс» құрылыс ұйымында 2009 жылы 11 252 707 мың теңгені құрады, 2010 жылы 17 858 457 мың теңгеге, 2011 жылы 22 651 327 мың теңгеге ұлғайды. БірЖШС талданып отырған уақыт мерзімінде компания мүлкінің жеке түрлерінің құны бірқалыпты деңгейде өзгерген жоқ, сондықтан оның құрамында құрлымдық өзгерістер пайда болды. Корпорация мүлкінің құрамы мен құрлымын талдау үшін 6-кестені пайдаланамыз.

Кестеде көрсетілгендей, ұзақ мерзімді активтердің жалпы активтердегі үлесі 2009 жылы 53,48% немесе 6 017 599 мың теңгені құрады. 2010 жылы олардың үлесі 51,59%-ға дейін төмендеді. 2011 жылы компанияның негізгі құралдарды сатып алуға байланысты берілген активтердің үлесі 54,19%-ға дейін өсті және 12 275 489 мың теңгені құрады.

Ұзақ мерзімді активтердің құрылымына келсек, олардың негізгі бөлігін негізгі құралдар алады. Олардың активтердегі үлес салмағы 2009 жылы 31,02%, ал сомасы 3 491 050 мың теңгені құрады, 2010 жылы олардың үлесі 33,24%-ға дейін жоғарылады және мөлшері 5 936 091 мың теңге болды. 2011 жылы 2009 жылдағы көрсеткіштермен салыстырғанда негізгі құралдардың үлес салмағы 33,32%-ға дейін, ал мөлшері 7 546 939 мың теңгеге дейін өсті. Жалпы негізгі құралдардың өзгеру динамикасы оң, талданған кезеңде олардың абсолютті сомасы және активтердің құрамындағы үлесінің өсу тенденциясы байқалды.

Кесте 3 - 2009-2011 жылдардағы «Атажол-Құрылыс» ЖШС-тің баланс активтерінің құрамы мен құрылуы

Актив

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

Мың тг

%

Мың тг

%

Мың тг

%

1

Ұзақ мерзімді активтер

6017599,0

53,8

9 213800

51,59

12275489

54,1

2

Материалдық емес активтер

139229,00

1,24

221 188

1,24

316 103

1,40

3

Негізгі құралдар

3491050,0

31,2

5 936 091

33,24

7 546 939

33,2

4

Ұзақ мерзімді қарж. инвеститц.

510982,00

4,54

879 048

4,92

1 734 982

7,66

5

Басқа да ұзақмерзімді активтер

1876338,0

16,6

2 177 473

12,19

2 677 465

11,8

6

Ағымдығы активтер

5235108,0

46,2

8 644 657

48,41

10375838

45,8

7

ТМҚ

701767,00

6,24

907 136

5,08

1 131 738

5,00

8

дебиторлық берешек

380 118,0

3,38

517 764

2,90

688 580

3,04

9

Ақша қаражаттары

1589449,0

14,3

2 267 322

12,70

3 667 875

16,1

10

Басқа қысқа мерзімді активтер

2563774,0

22,8

4 952 435

27,73

4 887645

21,58

11

Баланс

11252707

100

17858 457

100

22651327

100

Дерек көзі: «Атажол-Құрылыс» ЖШС 2009-2011 жылдардағы қаржылық есептілігі

Ұзақ мерзімді активтердің құрылымындағы инвестициялардың өзгеруі де оң, талданған уақыт аралығында олардың сомасы да, активтердегі үлесі де жоғарылады. 2009 жылы инвестициялар активтердің 4,54% құрады, 2010 жылы бұл үлес 4,92%-ға дейін, 2011 жылы 7,66%-ға дейін өсті.

Материалдық емес активтердің жиынтық активтердің құрамында аз үлесті алады, 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда берілген актив түрінің сомасы 139 229 мың теңгеден 221 188 мың теңгеге дейін өссе де, үлесі өзгермеді, 1,24% мөлшерінде сақталды.

Ұзақ мерзімді активтер құрамындағы басқа да активтердің үлесі ғана азайды. 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы басқа да активтердің сомасы 1 876 338 мың теңгеден 2 177 473 мың теңгеге дейін, ал 2011жылы 2677465 мың теңегеге дейін өсті, алайда бұл активтердің үлесі 2009 жылы ол 16,67% болса, 2010 жылы 12,19%-ға дейін, ал 2011 жылы 11,82%-ға дейін төмендеді.

Егер 2009 жылы ұзақ мерзімді активтер мен қысқа мерзімді активтерінің қатынасы 53,48: 46,52 болса, онда 2011 жылы бұл қатынас 54,19: 45,81 болды.

Ұйымның қысқа мерзімді активтердің құрамы мен құрылымын талдау мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: талданып отырған уақыт аралығында олар тең дәрежеде өзгерген жоқ.

Мысалы, олардың материалдық бөлігі 2009 жылы 701 767 мың теңгеден 2009 жылы 907 13 мың теңгеге, ал 2010 жылы 1 131 738 мың теңгеге дейін ұлғайды. 2009 жылы тауарлы-материалдық қорлардың үлесі 6,24%-ды құрайды, бұл кезеңде материалдар үлкен партиялармен әкелінді, осылайша компанияда 2009-2010 жж. соңғы кезеңдеріне құрылысты жоспарлады, олар барлық қажетті материалдарды өндірістік процесс (қызмет көрсету) кезінде қажетті шикізатпен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету үшін көп көлемде сатып алды. 2010-2011 жж. Олардың құны біртіндеп төмендейді, 2010 жылы олардың үлесі 5,08%-ды құрады. 2011 жылы олар тағы да 5%-ға төмендейді.

Ал материалдық емес бөлігі, яғни ақша-қаражаттар 2010 жылы 2009 жылға қарағанда төмендеп, 2011 жылы болса 16,19%-ға дейін жоғарылайды, ағымдық активтер құрамына кіретін дебиторлық берешек соммасы 2010 жылы 380 118 мың теңге немесе активтердің 3,38%-ын және 2010 жылы 517 764 мың теңге мөлшерінде болы және 2,9%-ға түсіп, 2011 жылы 688 580 мың теңге немесе 3,04%-ға сәл ұлғайды. Басқа да қысқа мерзімді активтер болса, 2009 жылы 22,78%-дан 27,73%-ға артты, ал 2011 жылы компания өз қаражаттарын қандай да бір қызмет саласына салған жоқ, сондықтан 21,58%-ға дейін төмендейді. Бірақ үш жылда да негізгі құралдар өседі, нәтижесінде басқа баланс активтерінің үлесі мүліктің жалпы құнын жоғарылатады: егер негізгі құралдардың үлесі мүліктің жалпы құнында 2009 жылы 31,02%, 2010 жылы 33,24%-ды, ал 2011 жылы 33,32%-ға көтеріледі.

Бұл құрлымдық өзгерістерді безендірілген түрде көру үшін төмендегі 3-сурет қолданылады.

Сурет 3 «Атажол-Құрылыс» құрылыс ұйымының активтерінің құрылымы

Серіктестіктің шаруашылық-қаржылық жағдайын тек абсолютті көрсет-кіштермен ғана емес, сонымен қатар салыстырмалы көрсеткіштер арқылы да талдауға болады. Сондықтан «Атажол-Құрылыс» қоғамының мүліктік жағдайын 4 - кестеден көреміз.

Кесте 4 - «Атажол-Құрылыс» мүліктік жағдайының коэффиценттері (мың тг)

Көрсеткіштер

2009ж

2010ж

2011ж

Өзгеріс (+/-)

10/09

11/10

Активтердің құны, мың теңге

11 252 707

17 858 457

22 651 327

6 605 750

4 792 870

Тозу коэффициенті

0,13

0,13

0,13

0

0

Жаңару коэффициенті

0,03

0

0,01

-0,03

0,01

Жарамдылық коэффициенті

0,87

0,87

0,87

0

0

Шығу коэффициенті

0,01

0

0,01

-0,01

0,01

Өсу коэффициенті

0,02

0

0

-0,02

0

НҚ активті бөлігі

0,34

0,27

0,12

-0,06

-0,15

Талдау нәтижесінен кәсіпорын активтерінің, шаруашылық қаражат-тарының соммасы кәсіпорын балансындағы активтердің жалпылама құндық сипаттамасын береді. Жоғарыда айтылып өткендей, активтер құны 2009 жылмен салыстырғанды 2011 жылы 11 252 707 мың теңгеден 22 651 327 мың теңгеге дейін ұлғайды, ол компания мүліктік потенциалының ұлғайғандығын білдіреді. Оны негізгі құралдар актив бөлігінің 2009 және 2011 жылдардағы үлесінен көруге болады: 2009 жылы ол 0,34 теңгені, ал 2011 жылы 0,12 теңгені құрады, яғни 0,22 теңгеге төмендейді. Өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициенті талданып отырған уақыт мерзімі аралығында тек өсу тенденциясына ие болған, ол 2011 жылға қарай өзгеріссіз болады.

Қоғам негізгі құралдарының тозу коэффициенттері талданып отырған үш жылда да оптималды емес болып келеді, (себебі >0,5) оны кестеде көруге болады, ал жарамдылық коэффициенті үш жылда да оптималды ( >0,5). Бұған сәйкесінше жаңару коэффиценті 0,01теңгені құрады, бұл 2011 жылдың соңына қарай негізгі құралдардың 1% жаңа болып табылады.

Істен шығу коэффицентінің мәні компания есепті жылдың басында жұмысын бастаған негізгі құралдардың 1% ескіргендіктен немесе басқа да себептерден істен шығып қалды.

Мүліктің қалыптастыру көздерінің құрамы мен құрлымын бағалау баланс пассивінің көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады.

Аналитикалық есеп нәтижелері бойынша талданып отырған уақыт кезеңі ішінде қалыптастыру көздер құрылымында мәнді өзгерістер пайда болды. Пассивтердің жалпы құнындағы меншікті капитал үлесі жоғарылап, яғни 2009 жылы 56,56%-ды немесе 6 3639 782 мың теңгені құраса, онда 2010 жылы олардың үлесі 52,19% -ға төмендеді немесе 9 320 985 мың теңге соммасын құрайды. Қарыз қаражаттарының ішінде ұзақ мерзімді міндеттемелер негізгі орынды алады, олардың үлесі пассивтердің жалпы құрылымында 2009 жылы 0%-ды, 2010 жылы үлес салмағы 8,32% -ға өсті немесе 1 485 444 мың теңгеге, ал 2011 жылы ұзақ мерзімді міндеттемелер үлесі 6,77%-ға төмендейді.

Қысқа мерзімді міндеттемелері болса, 2009 жылы 43,44%-ды құраса, 2010-2011 жылдары олардың үлесі 39,49% және 37,87%-ға төмендейді, яғни ол өзіндік қорлардың жетіспеулігін көрсетеді. Серіктестіктің пассивтердің құрылымы төмендегі 4-суретте көрсетілген.

Сурет 4. «Атажол-Құрылыс» ЖШС құрылыс ұйымының пассивтерінің құрылымы

Пайда мен шығын туралы есептің көмегімен есепті жылдың қаржы нәтижелерін қарастырайық. Ол құрылысты салудан түскен ақша, салық салынатын пайда, серіктестіктің иелігінде қалған пайданы жұмсау бағыты көрсеткіштерінен көрініс береді.

Кіріс пен пайда көрсеткіштері:

Құрылыс бойынша қызмет көрсетуден, сатудан алынатын таза түсім – бұл қосымша құн салығын, акциздерді, қайтарылған тауарлар мен баға жеңілдігін шегергеннен кейін сатудан алынған жалпы түсім.

Сатудан түскен жалпы пайда – бұл сатылған құрылыстағы қызмет көрсетуден өндірістік шығындарын шегергеннен кейін сатудан алынған түсім. Бұл көрсеткіш серіктестіктің өндірістік қызметінің тиімділігін талдауға мүмкіндік береді.Негізгі қызметтен алынатын пайда (залал) (операцияның пайдасы немесе операцияның залалы) – басқару жөніндегі шығыстарды және өткізу жөніндегі шығыстарды шегергеннен кейін сатудан алынған жалпы пайда. Қаржы қызметінен түсетін пайда – қаржы қызметі бойынша шығыстар мен кірістердің сальдосы. Бұл көрсеткіш серіктестіктің өндірістік-шаруашылық қызметінен түскен пайданы серіктестіктің проценттер мен дивидендтер алу, шетел валюталарымен операциялар жасау тәрізді және басқа пайда көздерінен бөлу үшін қажет.

Төтенше пайдалар.

Салық төлегенге дейінгі пайда (залал). Бұл көрсеткіш бухгалтерлік пайдадан салық салу пайдасына көшу нүктесі болып табылады. Бухгалтерлік немесе есептік пайда – бухгалтерлік есеп талаптарына сәйкес есептелген пайда. Салық салынатын пайда – бұл салық талаптарына сәйкес аударылған бухгалтерлік пайда.

Таза пайда (таза залал) – салық төленгеннен кейінгі пайда. Нарықтық экономика жағдайында бұл кәсіпорын қызметінің аса маңызды көрсеткіші.

Кәсіпорын шығыстарының көрсеткіштері:

Сатылған құрылыстық қызмет көрсетудегі өзіндік құны. Бұл бапқа материалдар, жалақы және өндірістік қосымша шығыстар тәрізді сатылған құрылысқа кеткен серіктестіктің өндірістік шығыстары ғана қамтылады.

Жалпы шаруашылық және коммерциялық шығыстар.

Қаржы қызметі жөніндегі шығыстар. Оларды әсіресе серіктестіктің борышына қызмет көрсетуге кететін шығыстар үлесін көрсету үшін есептеу маңызды. Нарықтық экономика жағдайында бұл көрсеткіш серіктестіктің тіршілік қабілеттілігін бағалау үшін қажет: мұндай шығыстардың үлес салмағының жоғары болуы банкроттыққа алып келуі мүмкін.

Кірістер мен шығыстарды айқын жіктеу белгілі бір кезең үшін таза нәтижені негізді айқындаудың базасы болып табылады.

Жоғарыдағы бөлімшеде қарастырып өткендей талданып отырған кәсіпорынның таза табысы 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда оң мәнде, ал 2010 жылы оның үлесі күрт жоғарылайды 646 613мың теңгеге көтеріледі. Сондай-ақ құрылыста қызмет көрсетуден түскен түсім мен сатылатын құрылыстық қызмет көрсетуден өзіндік құны ғана өскенін көреміз, яғни бұл кірістердің шығыстардан асқанын байқаймыз. 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіштердің өскені байқалады, бұл есепті жылдың неғұрлым тұрақты қаржылық жағдайын сипаттайды. «Атажол-Құрылыс» құрылыс компаниясының кірістері мен шығыстарын топтастырайық, өзгерістерді абсолютті шамамен көрсетеміз. Құрылыс ұйымының кірістер мен табыстар көрсеткіштері төмендегі суретте көрсетілген.

Сурет 5. Компанияның кірістер пен табыстар коэффциенттерінің өзгеру динамикасы

Көрсетілген мәліметтер кәсіпорын «Атажол-Құрылыс» құрылыс ұйымының шығыстар мен кірістер көрсеткішін есептеуден, яғни 2010 жыл соның алдындағы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда пайданың ұлғайғандығын көреміз, яғни алдындағы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай пайдалы болғанын көреміз, пайда құрылыста қызмет көрсету мен сату жөніндегі негізгі қызметтен алынды, ақша қаражатының шағын бөлігі негізгі құралдарды және өзге де мүлікті сатудан түсті.

Егер есепті кезеңде ақша ағымдарының негізгі көзі серіктестіктің өз акцияларын сатуы болса, бұл инвесторларға серіктестіктің өтімділігінің нашарлағаны туралы және негізгі қызметтен ақша қаражатының жеткілікті сомасын алу проблемасына берілгені белгі болар еді.

Қорытындылай келе кәсіпорынның қаржылық жағдайы соңғы жылдары қаржылық тұрақтылығы орташа екенін көреміз. Жоғарыда есептелген қаржылық тұрақтылық коэффициенттері, төлем қабілеттілік коэффициент-терінің мәні бұған дәлел ретінде болып отыр. Кәсіпорын өзінің қызмет ету барысында жылдан жылға кредиторлық берешектерінің көлемін ұлғайтып, ағымдағы активтер, оның ішінде тез айналысқа түсетін ақша қаражаттары мен дебиторлық борыш көлемінің қысқартқанын көреміз. Жоғарыда айтып кеткеніміздей кәсіпорын нвсие қабілетті болу үшін ағымдағы активтер сомасы қысқа мерзімді міндеттемелер сомасынан жоғары болуы қажет. Ал біздің кәсіпорнымызда бұл көрсеткіш соңғы 2008 жылы кері мәнді берген. Бухгалтерлік баланстың мәліметтерін негізге ала отырып, кәсіпорынның осындай жағдайына ұзақ мерзімді өтімділігі төмен активтердің көбеюі жэне кредиторлық борыштың ұлғаюы себеп болды дегім келеді. Сонымен, берілген және есептелген мәліметтер бойынша «Атажол-Құрылыс» құрылыс ұйымынының есепті жылда тұрақты қаржылық жағдайы жеткілікті деңгейде деп қорытынды жасауға болады. Компанияның шаруашылық қаржылық жағдайын сипаттайтын негізгі бағыттар бойынша есептелген көрсеткіштердің 2008 жылдан 2010 жылға қарай жоғарлағанын көреміз. Берілген компанияда төлем қабілеттілігі жақсы, яғни компанияда қаржылық тұрақтылық жағдай орын аладыКәсіпорынның тұрғын ұй құрылысында қызмет көрсету басты қызметі болғандықтан, негізгі құралдарды, атап айтсақ, өндіріске қажет жоғары бағалы техникаларды, құрал-жабдықтарды сатып алу немесе сату алдындағы берешектерінің көбеюі осындай қаржылық жағдайының төмендеуіне себеп болып отырған тәрізді. Сондықтан абсолютті өтімді активтер мен тез төленуге тиіс міндеттемелердің мәнінің теңсіздігі сақталғандықтан, кәсіпорын жақын арадағы борыштарын өтеуге қабілетті дейміз, дегенмен алдағы кезеңдерде берешектерін өтей алмауы да мүмкін, себебі жедел өтімді активтер мен қысқа мерзімді кредиторлық борышты салыстыру кезінде кредиторлық берешек көлемінің ағымдағы активтер сомасынан сәл теңестірілмей тұрғаны байқалды, сәйкесінше активтер борышты жаба алмайды дегенді білдіреді.

«Атажол-Құрылыс» құрылыс ұйымының болашақ стратегиясын әзірлеу үшін оның ағымдағы қаржылық жағдайы талдануы тиіс.

Құрылыс ұйымының құнын арттыруға қаржы-экономикалық көрсеткіш-терді жақсарту, қызмет көрсету көлемін өсіру, қызмет көрсетудің жаңа түрлерін дамыту, қызмет көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, тиімді технологиялар енгізу арқылы қол жеткізілетін болады.

Басқарудың тиімділігін арттыру стратегиялық басқарудың құралдары мен механизмдерін енгізуге, жедел басқарудың құралдары мен механизмдерін тұрақты түрде жетілдіруге, нәтижелерге бағдарланған дәлел жүйесін әзірлеуге және еңгізуге бағытталатын болады.

Төмендегі қарастырылған коэффициенттердің дұрыс есептелуінен «Атажол-Құрылыс» құрылыс ұйымының болашақтағы стратегиялық жоспардың ойдағыдай орындалуына байланысты.

Неғұрлым маңызды коэффициентерді қарастырайық:

Өтімділік коэффициенті

Іскер белсенділік коэффициенті

Табыстылық коэффициенті

Қаржылық тұрақтылық коэффициенті

Өтімділік коэффициенттері серіктестіктің өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін есепті кезең ішінде төлеу қабілеттілігін айқындауға мүмкіндік береді.

Жалпы өтімділік коэффициенті қысқа мерзімді міндеттемеге арналған айналым қаражатын бөлуден жеке ретінде есептеледі. Ол серіктестіктің белгілі бір кезең ішінде өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелерін өтеуге пайдаланылатын қаражатының жететін-жетпейтінін көрсетеді (коэффициент қолайлы мәні >0,9).

Айналым қаражаты, ең кем дегенде қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеуге жеткілікті болуға тиіс, олай болмаған жағдайда компанияға банкроттық қаупі төнеді. Айналымдағы ақша қаражатының қысқа мерзімді міндеттемелерден екі, үш еседен артық болмағаны жөн, өйткені ол капиталдың ұтымсыз құрылымына себеп болуы мүмкін.

Жалпы өтімділік коэффициенті талданатын уақыт аралығында 1,059; 1,040; 1,142 құрады. Есептелген көрсеткіштер арқылы компания өз міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша өз төлемдерін 2009 жылы ұтымды, 2010-2011 жылдары да жүзеге асыра алу қабілетін білдіреді, бірақ бұл қабілет 2011 жылы осы мінінен аз мөлшерде 2010 жылға қарағанда жоғарылайды, осыған қарамастан жалпы төлем қабілеттілігін жоғарыламағанын көрсетеді. Өтімділікті ақша қаражатының көрсеткіштері бойынша бағалау көп жағдайда неғұрлым сенімді болып табылады. Бұл көрсеткіш абсолюттік өтімділік коэффициенті деп аталады және қысқа мерзімді міндеттемеге арналған ақша қаражатынан жеке ретінде есептеледі. Оның қолайлы мәні >0,2болып есептеледі.

Талданып отырған уақыт аралығында берілген өтімділік көрсеткіші 2009 жылда 0,304-тен 2010 жылы 0,262-ге төмендеді, бірақ та бұл жылы компания төлемқабілетті, 2011 жылы көрсеткіш мәні 0,354-ке дейін қайта жоғарылайды. Яғни «Атажол-Құрылыс» құрылыс ұйымының өзінің шұғыл жүзеге асырылатын активтерінің жеткілікті нәтижесінде қысқамерзімді міндеттеме-лерінің барлығын өтей алады.

Жедел өтімділік коэффициенті компанияның меншікті көздерден қалыптастырылатын жеткілікті еркін ресурстар көлеміне ие екенін білдіреді. Бұл көрсеткіш қалыпты мәні ≥1.

Кәсіпорынның талданып отырған уақыт аралығында берілген өтімділік көрсеткіші 2009 жылы ұтымсыз оның мәні 0,927-ден 2010 жылы 1,097-ге дейін ұлғайды, кейін 2010 жылы алдыңғы жылдарға қарағанда жедел өтімділік коэффициенті 1,078-ғе дейін жоғарлады. Бұл компанияның өзінің шоттары бойынша төлемдерін жүзеге асыра алуын қабілетімен байланысты тәуекелділіктің жоқ екенін көрсетеді.

Ағымдық өтімділік коэффициенті қысқамерзімді міндеттемелердің 1 теңгесіне активтердің неше теңгесі келетінін көрсетеді және барлық айналым қаражаттарының бір айналымының орташа ұзақтығына тең мерзімде компанияның күтіліп отырған төлем қабілеттілігін сипаттайды. Бұл көрсеткіш қалыпты мәні ≥ 2болу қажет.

Кесте 5- «Атажол-Құрылыс» құрылыс ұйымының өтімділігін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіштер

Көрсеткіш

Баланстағы мәні

2009

2010

2011

1

Жалпы өтімділік коэффициенті

1,059

1,04

1,142

2

Абсолютті өтімділік коэффициенті

0,304

0,262

0,354

3

Жедел өтімділік немесе аралық жабу коэффициенті

0,927

1,097

1,078

4

Ағымдық өтімділік коэффициенті

1,071

1,226

1,21

5

Тауарлы материалдық қорлардың ағымдық активтердегі үлесі

0,134

0,105

0,109

6

Тауарлы материалдық қорлардың өтелу коэффициенті

0,494

1,756

1,588

7

Меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу коэффициенті

0,066

0,184

0,173

8

Ағымдық міндеттемелетдің табыстылық коэффициенті немесе сатудан түскен табыстың орташа ағымдық міндеттемелерге қатынасы

 

0,431

0,355

9

Ақша қаражаттарының жеткіліктілігі коэффициенті

1,26

0,892

1,757

10

Ақша қаражаттарының капиталдандыру коэффициенті

0,489

0,277

0,23

Кәсіпорынның талданып отырған уақыт аралығында берілген өтімділік көрсеткіші 2009 жылы 1,071 мәнінен 2010 жылы 1,226 мәнене дейін ұлғайды- бұл «Атажол-Құрылыс» құрылыс ұйымының өз қаражаттарын рационалды емес салаға салғанын және тиімсіз түрде қолданғанын көрсетеді. 2011 жылы да ағымдық өтімділік коэффициенті 1,210 мәніне дейін түсіп, анықталған көрсеткіш компания үшін тиімсіз, яғни осы жыл да ұтымсыз болып келеді. Бұны төмендегі суреттен көруге болады.

Сурет 6. Кәсіпорынның өтімділік коэффициенттерінің өзгеру динамикасы

Тауарлық-материалдық қорлардың өтелу коэффициенті матералдық қорлар қандай дәрежеде меншікті қаражаттар арқылы өтелетінін және қарыз қаражаттарына қажеттілік деңгейін көрсетеді. Шаруашылық тәжірибенің статистикалық салыстырмалы мәліметтері негізінде алынған көрсеткіштің қалыпты мәні ≥ 0,6 болуы қажет.

Бұл көрсеткіштің мәні «Атажол-Құрылыс» құрылыс ұйымында талданып отырған уақыт аралығында 0,494; 1,756; 1,588 болды. Компанияның тауарлық-материалдық қорлары жеткілікті деңгейде меншікті қаражат көздерінен өтеледі дегенді білдіреді.

Меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу коэффициентінің қалыпты мәні ≥ 0,1 болуы қажет. Берілген компания үшін бұл көрсеткіш талданып отырған кезеңде қолайсыз, яғни 2009 жылы мәні 0,066, ал 2010-2011 жылдары қолайлы, яғни 0,184; 0,173 көрсетеді. Сонымен жоғарыда есептелген көрсеткіштер нәтижелеріне сай келесідей қорытынды жасауға болады: меншікті айналым капиталы 2010 жылы ұтымсыз, ал 2010-2011 жылдарға қарай жоғарылаған. Өтімділік көрсеткіштерінің негізгілері қолайлы мәндерге ие, тек ағымдық өтімділік көрсеткіші қанағаттандырғысыз дәрежеде; бірақ компанияның қаржылық тұрақтылығын бағалайтын ұйым акциялары мен облигацияларын сатып алушылар мен ұстаушылары үшін оның мәні қалыпты деңгейде, соныменен басқа да өтімділіктің қалған көрсеткіштері компания үшін жеткілікті деңгейде орналасқан. Сондықтан өтімділік коэффициенттерінің негізгілері болып табылатын жалпы және ағымдық өтімділік көрсеткіштеріның нәтижелері негізінде «Атажол-Құрылыс» компаниясы өз қысқамерзімді қарыздарын өтеу алу қабілетін, және қажетті жағдайда өз материалдық-өндірістік қорларын сатпайтынын білдіреді.