Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

аржылы есептілік-экзамен

.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
100.86 Кб
Скачать
  1. Қаржылық есептілік-1- «Қаржы есептілігін ұсыну» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес жалпы мақсаттағы қаржы есептілігі – бұл өздерінің нақты ақпараттық қажеттіліктеріне сай келетін есептіліктің ұсынылуын талап етуге мүмкіндігі жоқ пайдаланушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған есептілік.

  2. Мекеменің өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметінің ағымдағы бухгалтерлік есебін жүргізу Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңының және Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы №217 «Ұлттық қаржылық есептіліктің №2 стандартын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес қаржылық есептілікті тиісті көлемде, нысандарда және белгіленген мерзімде жасаумен аяқталады.

  3. Қаржылық есептілік келесі қағидаттарға сәйкес жасалады: есептеу мен үздіксіздік.

  4. Есептеу қағидатының мәні - жасалған шаруашылық операцияларының, сондай-ақ мекеменің шаруашылық қызметінің нәтижесі болмайтын, бірақ оның қаржылық жағдайына әсер ететін оқиғалардың нәтижелерін оларды төлеу мерзіміне қарамастан іске асыру фактісі бойынша табысты тануды қамтамасыз етуі болып табылады. Мұнда операциялар мен оқиғалар олардың жатқызылатын кезеңдердің бухгалтерлік есебінде көрсетіліп, қаржылық есептілікке енгізіледі. Мұндай қаржылық есептілік пайдаланушыларды тек ақша қаражаттарын төлеу мен алуға байланысты өткен операциялар туралы емес, сондай-ақ келешекте ақша төлейтін міндеттемелер туралы, келешекте ақша түрінде алынатын ресурстар туралы ақпарат береді. Осыған сәйкес ақша қаражаттары алынған немесе төленгеніне қарамастан табыстар болып танылады, егер олар еңбекпен табылғанда, ал шығыстар мен залалдар орын алған кезден бастап танылады.

  5. Үздіксіздік қағидат. Қаржылық есептілігін әзірлеген кезде мекеменің басшылығы мекеменің өз қызметін жалғастыру қабілетін бағалауға міндетті . Қаржылық есептілігі, егер мекеменің басшылығы не мекемені таратуға, немесе оның қызметін тоқтатуға өзі ниет еткен, не бұлай жасаудан басқа нақты баламасы болмағандықтан, осындай іс әрекет тәсілін таңдауға мәжбүр болған реттерді қоспағанда, міндетті түрде қызметтің үздіксіздігі негізінде жасалуға тиіс. Егер мекеменің басшылығы бағалау барысында бұдан былай мекеменің қызметті үздіксіз жалғастыру қабілетіне едәуір күмән туғызуы мүмкін оқиғаларға немесе жағдайларға байланысты елеулі тұрлаусыздықтар туралы оған мәлім болса, тұрлаусыздықтар қаржылық есептілігінде міндетті түрде ашып көрсетілуге тиіс. Егер қаржылық есептілігі қызметінің үздіксіздігіне жол беру негізінде жасалмаса, бұл факт есептілік жасалған негізбен және мекеме үздіксіз іс- әрекет етеді деп есептелмейтін себеппен қатар, міндетті түрде ашып көрсетілуге тиіс.

  6. Қаржылық есептілік ақпараттың сапалы сипаттарына байланысты принциптер: түсініктік орындылық, сенімділік, салыстырмалық .

  7. Түсініктік. Қаржылық есептіліктер берілетін ақпарат бизнес, экономикалық қызмет пен бухгалтерлік есеп туралы жеткілікті білімі бар және ақпаратты тиесілі ынтазарлықпен зерделеуге ниет білдірген пайдаланушыларға түсінікті болатындай етіп ұсынылуға тиіс. Солай бола тұрса да жоғарыда айтылғандар кейбір пайдаланушылардың қабылдауы үшін оның аса қиындығы тұрғысынан орынды ақпаратты қамтымауы үшін сылтау болмауға тиіс.

  8. Орындылық. Қаржылық есептілікте берілетін ақпарат шешімдер қабылдау кезінде пайдаланушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, орынды болуға тиіс. Ақпарат пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне оларға өткен, қазіргі немесе болашақ оқиғаларды бағалауға көмектесе отырып немесе олардың бағалауларын түзете отырып, әсер еткен жағдайда орындылық сапасына ие болады.

  9. Сенімділік. Қаржылық есептілікте берілетін ақпарат сенімді болуға тиіс. Ақпаратта елеулі қателер болмаса, ол бір жақты болып табылмаса: және ақылға қонымды күтулерге сәйкес білдіру немесе білдіруі мүмкін мақсатты дұрыс білдірсе сенімді болып табылады. Қаржылық есептілік осындай есептіліктердегі ақпаратты іріктеу немесе ұсыну шешім қабылдауға әсер етуді көрсетуге немесе жоспарланған нәтижеге немесе салдарға қол жеткізу мақсатында пікір қалыптастыруға бағытталғанда бір жақтылықты қамтитын болады.

  10. Салыстырмалық. Пайдаланушылар оның қаржылық жағдайындағы және қызмет нәтижесіндегі үрдістерді айқындау үшін мекеменің әр түрлі кезеңдеріндегі қаржылық есептіліктерін салыстыру мүмкіндігін иеленуге тиіс. Осылайша, ұқсас операциялардың қаржылық нәтижелері мен басқа операцияларды әрі жағдайларды өлшеу және көрсету барлық мекеме үшін оның жұмыс істеу кезеңінде кезекпен және әртүрлі мекемелер үшін кезекпен жүзеге асырылуы тиіс.Бұдан басқа пайдаланушыларға қаржылық есептіліктерді жасаған кезде қолданылатын есеп саясаты туралы және есеп саясатындағы өзгерістер және осындай өзгерістердің нәтижелері туралы хабарлануға тиіс.

  11. Мекеменің жылдық қаржылық есептілігі үшін есепті кезең 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса күнтізбелік жыл болып табылады.Жаңадан құрылған мекеме үшін бірінші есепті жыл ол мемлекеттік тіркеуден өткен кезден басталып сол жылдың 31 желтоқсанын қоса қамтиды.

  12. Қаржылық жағдайды бағалаумен байланысты қаржылық есеп берудің элементі болып активтер, міндеттемелер және капитал табылады.

  13. Активтер – болашақ экономикалық пайданы алудан күтілетін өткен оқиға қортындысы бойынша жеке кәсіпкермен немесе ұйымдармен қадағаланатын ресурстар.

  14. Міндеттемелер - өткен оқиғадан туындайтын экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығуына әкелетін жеке кәсіпкердің немесе ұйымның ағымдағы міндеттерін қадағалау.

  15. Капитал – барлық міндеттемелерді шегергеннен кейін қалатын жеке кәсіпкердің немесе қйымдардың активіндегі бөлігі.

  16. Пайда мен залал (залалдар) туралы есептегі қызметінің қорытындысын өлшеумен тікелей байланысты элементтері болып пайда мен шығындар табылады.

  17. Табыстар капиталға қатысушы тұлғалардың салымымен байланысты өсуден жақсы, капиталдың өсуіне әкелетін есепті кезең ішіндегі экономикалық табыстың түсімінің немесе активтердің өсімінің көбейуі немесе міндеттемелердің төмендеуі.

  18. Шығындар – капиталда қатысушы тұлғалардың қайта бөлуімен байланысты капиталдың төмендеуіне әкелетін есепті кезең ішіндегі экономикалық табыстың азаюы немесе активтердің азаюының төмендеуі немесе міндеттемелердің туындауы.

  19. Қаржылық есептіліктің мәліметтерін пайдаланушылар екі ірі топқа бөлінеді:

  • Ішкі пайдаланушылар

  • Сыртқы пайдаланушылар

Ішкі пайдаланушыларға кәсіпорынмен тікелей байланысы бар қызметкерлер, мысалы директорлар, менеджрлер, маркетологтар, яғни қызметкерлері жатады.

Сыртқы пайдаланушылар өз алдына екі топқа бөлінеді:

  • Коммерциялық қызығушылығ бар

  • Коммерциялық қызығушылығы жоқ

Коммерциялық қызығушылығы бар, олар осы кәсіпорынмен қарым қатынас кезінде басты мақсаты пайда алу, табу пайдаланушыларды жатқызамыз, мысалы, инвесторлар, қызметкерлер, кредиторлар, жеткізушілермен мердігерлер, сатып алушылар және ұйымдар табылады

Коммерциялық қызығушылығы жоқ, олар осы кәсіпорынмен қарым қатынас кезінде басты мақсаты пайда алу емес, белгілі бір ақпарат алу пайдаланушыларды жатқызамыз, мысалы, мемлекет пен бюджет органдары, салық органдары, аудиторлар және ұйымдар табылады.

  1. Есепті кезеңгі жатқызылатын барлық табыстар мен шығыстарды жан – жақты тексергеннен кейін 6 «Табыстар» және 7 «Шығыстар» бөлімдерінің шоттары 5610 «Қорытынды пайда (қорытынды залал) » шотына есептен шығару (жатқызу) арқылы міндетті түрде толық жабылады.

  2. Журнал – ордерлердің тексерілген жиынтық деректері Бас кітапқа көшіріледі.

  1. Бухгалтерлік баланстың сан алуан түрлері бар. Бухгалтерлік баланстар мынадай белгілері бойынша жіктеледі:

  1. Құру уақыты бойынша: кіріспе, ағымдағы, бастапқы, аралық, бөлу, таратылу;

  2. Құрудың қайнар көздері бойынша: инвентарлық, кітаптық, бас;

  3. Ақпараттар көлеміне байланысты: біртекті, жинақ, топтастырылған жинақ;

  4. Қызметінің сипатына байланысты: негізгі қызмет балансы, негізгі емес қызмет балансы;

  5. Меншік нысандары бойынша: мемлекеттік, жергілікті басқару, кооперативтік, ұжымдық, жеке, аралас, біріккен кәсіпорындардың балансы;

  6. Бейнелену көлемі бойынша: дербес, жеке;

  7. Тазарту тәсілдері бойынша: баланс-брутто, баланс-нетто.

1. Бухгалтерлік баланстар құру уақыты бойынша мынадай болуы мүмкін:

а) кіріспе; ә) ағымдағы; б) таратылу; ) бөлу; г) қосылу.

Кіріспе балансты кәсіпорын алғаш рет құрылған кезде жасайды. Ол, кәсіпорынның өз қызметін бастаған тұстағы құндылықтарын анықтайды.

Ағымдағы баланстар кәсіпорынның барлық қызмет ету уақыты бойында жасалады. Олар өз кезегінде бастапқы, аралық және соңғы (қорытынды) болып бөлінеді.

Бастапқы баланс есепті кезеңнің басына, ал соңгы балансы аяғына құралады. Осыған орай, есепті кезеңнің соңғы балансы келесі жылдың бастапқы балансы болып саналады.

Аралық баланстар жылдың басы мен аяғы арасындағы межеге құрылады. Олардың соңғы баланстан айырмашылығы, біріншіден, соңғы балансқа баланстың қандай да бір баптарын ашатын есеп беру нысандарының көпшілік бөлігі қоса тіркеледі; екіншіден, аралық баланстар, тәртіп бойынша, ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтерінің негізінде ғана құрылады, ол кезде соңғы балансты құрардың алдында баланстың барлық баптарына міндетті түрде түгендеу жасалуы керек.

Таратылу балансы кәсіпорын таратылған және жабылған кезде жасалады.

Бөлу баланстары ірі кәсіпорынның бірнеше шағын құрылымдық бірліктерге немесе құрылымдық бөлімшелерді басқа бір кәсіпорынға берген кезде жасалатын баланс, бұл жағдайда балансты беру балансы депте атауымызға болады.

Біріктіру балансын бірнеше кәсіпорындарды біріктір-ген кезде жасайды.

2. Балансты оны жасаудың қайнар кездері бойынша былай бөлуге болады:

а) инвентарлық; ә) кітаптық; б) бас.

Инвентарлық баланстар шаруашылық құралдарының тізімі негізінде ғана құрылады. Мұндай баланстар бұрынғы қызмет еткен мүлік негізінде кәсіпорынның құрылуы кезінде немесе кәсіпорынның өз нысанын өзгертуі кезінде (мемлекеттік нысаннан акционерлік, біріккен нысандарға ауысу) талап етіледі.

Кітаптық баланс тек қана ағымдағы бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде оларды тексермей-ақ алдын ала түгендеу жүргізу жолымен жасалады.

Бас балансты есеп мәліметтерінің және түгендеу жүргізу деректерінің негізінде жасайды.

3. Баланстар ақпараттар көлеміне байланысты былай бөлінеді:

а) біртекті; ә) жинақ; б) топтастырылған жинақ.

Біртекті баланс тек бір ғана кәсіпорынның қызметін көрсетеді және ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтерінің негізінде жасалады.

Жинақ баланстарын бірнеше біртекті баланс баптарында есепте тұрған сомаларды механикалық түрде қосу жолымен алады.

Топтастырылған жинақ балансы - экономикалық түрде бір-бірімен өзара байланысты заңды дербес кәсіпорындардың баланстарын қосу жолымен жасалады. Мұндай баланстарды холдингтік компаниялар (басқа компаниялардың бақылау акция пакеттерін иеленушілер), өздерінің еншілес және тәуелді серіктестіктері бар бас кәсіпорындар пайдаланады.

4. Қызметінің сипатына байланысты баланстар негізгі және негізгі емес қызмет баланстары болып бөлінеді.

Негізгі қызмет балансы - кәсіпорынның бағытына және оның жарғысына сөйкес жасалған баланс.

Негізгі емес қызмет балансы - кәсіпорынның құрамында тұрғын-үй коммуналдың шаруашылығы, қосалқы ауыл шаруашылығы, көлік шаруашылығының бар болуы. Осы бөлімшелер бойынша жасалған баланс негізгі емес қызмет балансы деп аталады.

Егер осы бөлімшелер бойынша баланс жасалмайтын болса, онда олардың қызметтері тиісті баптарды қосу жолымен негізгі қызмет балансында көрсетіледі.

  1. Меншік нысандарына байланысты баланстар мемлекеттік, жергілікті басқару (муниципалдың), кооперативтік, ұжымдық, жеке, аралас және біріккен кәсіпорындардың баланстары болып бөлінеді.

  2. Бейнелену көлемі бойынша баланстар былай бөлінеді:

а) дербес; ә) жеке.

Дербес баланс заңды тұлғалар болып табылатын кәсіпорындарда болады.

Жеке балансты кәсіпорындардыд құрылымдың бөлімшелері (цехтар, филиалдар және т.б. жасайды.

7. Тазарту тесілі бойынша баланстар баланс-брутто, баланс-нетто болып келеді.

Баланс-брутто - реттеуші баптарды қосатын бухгалтерлік баланс («Негізгі құралдардың тозуы», «Материалдық емес активтердің амортизациясы»);

Баланс-нетто - реттеуші баптарсыз жасалған бухгалтерлік баланс.

  1. Баланс француз тілінен аударғанда «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны білдіреді. Баланс «актив» және «пассив» деп аталатын екі бөлімнен тұрады.

  2. Баланстың актив бөлімі қысқа мерзімді активтер және ұзақ мерзімді активтер деп 2-ге бөлінеді.

  3. Бухгалтерлік баланстың пассив бөлімі 3 бөлімінен тұрады: Қысқа мерзімді міндеттемелер; Ұзақ мерзімді міндеттемелер; Капитал мен резерв

  4. Актив = меншікті капитал + міндеттеме

  5. Капитал= актив-міндеттеме

  6. Пайдалар мен залалдар туралы есеп негізгі қызмет бойынша, сондай – ақ негізгі емес қызмет бойынша да алынған барлық табыстар мен шығыстардың жиынтық деректерін көрсетеді де, пайдаланушыларға мекеменің түпкілікті қаржылық нәтижелері туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл есепті жасау және өткізу тәртібі 1«Қаржы есептілігін ұсыну» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты, Ұлттық қаржылық есептіліктің №2 стандарты, Қаржылық есептілікті әзірлеу және тапсырудың тұжырымдалық негіздемемен белгіленген.

  7. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп 7 – «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартының талаптарына сәйкес жасалады да, есепті кезеңнің қаржы есептілігінің құрамдас бөлігі ретінде ұсынылады. Аталған стандартқа сәйкес ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп өзіне ақша қаражаттарындағы өзгерістер мен осындай өзгерістерді операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен болған өзгерістерге бөліп, мекеменің кезеңдегі ақша қаражатының баламалары туралы ақпаратты қамтиды.

  8. Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп 1 « Қаржы есепшілігін ұсыну» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына және Ұлттық қаржылық есептіліктің №2 стандартына сәйкес жасалады да, мекеменің есепті кезеңдегі қаржылық есептілігінің жеке нысаны түрінде ұсынылады. Бұл есепте мынандай ақпараттар қамтылады:

-меншікті капиталдағы барлық өзгерістерді

-меншікті капитал иелері ретінде әрекет ететін меншікті капитал иелерімен операциялар жасау нәтежиесінде туындайтындардан өзгеше меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп.

  1. Бухгалтерлік баланста активте көрсетіледі: НҚ

  2. Бух.баланста НҚ - баланстық құнмен көрсетіледі.

  3. Бух.баланста қорлар – өзіндік құнмен көрсетіледі.

  4. Қаржылық есеп қандай валютада құрылады? ұлттық

  5. Қаржылық есепті қай ұйымға тапсырамыз? салық комитеттеріне

  6. Қаржылық есептің бух.баланстың элементтері: актив, міндеттеме, капитал.

  7. Активтер – бұл дара кәсіпкер немесе мекеме өткен оқиғалар нәтижесінде бақылап отырған, болашақта экономикалық пайда алу күтілетін ресурстар.

  8. Міндеттемелер - бұл дара кәсіпкердің немесе мекеменің өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған міндеттері, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады.

  9. Капитал – бұл танылған міндеттемелерді танылған активтердің құнынан шегеру нәтижесінде пайда болған қалдық.

  10. Қаржылық есептің нәтижесін көрсететін элементтер: табыс, шығыс.

  11. табыстар - активтердің ағыны немесе өсімі нысанындағы есепті кезең ішіндегі экономикалық пайданың ұлғаюы немесе капиталға қатысатын адамдардың жарналарына байланысты ұлғаюдан ерекшеленетін капиталдың ұлғаюына әкелетін міндеттемелердің азаюы;

  12. шығыстар – активтердің жылыстауы немесе азаюы нысанындағы есепті кезең ішінде экономикалық пайданың азаюы немесе капиталға қатысатын адамдарға бөлуге байланысты азаюдан ерекшеленетін капиталдың азаюына әкелетін міндеттемелердің пайда болуы.

  13. Пайда мен залал туралы есепті не үшін қарастырамыз? таза пайданы анықтау үшін.

  14. «Жалпы пайда» бабы мекеменің өнімді өткізуден, жұмысты орындаудан және қызмет көрсетуден түскен табыстардан олардың өзіндік құнын шегергеннен соң анықталған қаржылық нәтижесін көрсетеді.

  15. Пайда мен залал туралы есеп қай шоттарда жүргізіледі? 6, 7-бөлім шоттарында

  16. Таза пайданы тапқаннан кейін қандай бапқа сәйкес келу керек? бөлінбеген пайда (залал)

  17. Ақша қаражатының баламалары инвестициялаудан немесе басқа мақсаттардан гөрі қысқа мерзімді ақша міндеттемелерін өтеу үшін қолданылады.

  18. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің ағымдары: операциялық, инвестициялық, қаржылық.

  19. Операциялық қызмет – мекеменің табыс келтіретін негізгі қызметі және инвестициялық және қаржылық қызметінен айырмашылығы бар басқа қызмет.

  20. Инвестициялық қызмет – мекеменің ақша қаражаттарының баламаларына жатпайтын ұзақ мерзімді активтер мен басқа да инвестицияларды сатып алу және сату қызметі.

  21. Қаржы қызметі – мекеменің меншікті капиталы мен заем қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгерістерге әкеліп соқтыратын қызметі.

  22. Капиталдағы өзгерістер туралы есеп қай шотпен көрсетіледі? 5-бөлім

  23. Ақша қаражаттарын толтырғанда қандай әдістер қолданылады? тікелей, жанама.

  24. Ақша қаражаттары қай стандарт? 7 ХҚЕС

  25. Журнал ордерлері тексерілгенде қайда тіркеледі: бас кітап.

  26. Бас кітаптан қаржылық есептілік толтырылады.

  27. 6,7-бөлім шоттары қандай шотпен жабылады? 5610

  28. Өзгеру типтері:

  29. Бірінші тип, активті өзгеріс (тек активті шоттар қатысады) шаруашылық операцияларының әсерінен баланстың актив бөліміндегі бір бап көбейеді белгілі бір сомаға, ал екінші бабы осы сомаға азаяды. Баланс сомасы өзгермейді.

А+Х+ А-Х=П

Мысалы: Ағымдағы банктiк шотынан кассаға ақша түстi-50000тг. Осы әрекетке сәйкес баланс активінің екі бабы өзгеріске ұшырайды: «Ағымдағы банктiк шотындағы ақша қаражаты» шот және «Кассадағы ақша қаражаты» шот.

«Кассадағы ақша қаражаты» шоты бойынша сома артады, ал «Ағымдағы банктiк шотындағы ақша қаражаты» бойынша сома тең сомаға кемиді.

  1. Екінші типі, пассивті өзгеріс (тек пассивті шоттар қатысады) шаруашылық операцияларының әсерінен баланстың пассив бөліміндегі бір бап көбейеді белгілі бір сомаға, ал екінші бабы осы сомаға азаяды. Баланс сомасы өзгермейді.

А =П+Х+ П-Х

Мысалы: Банк несиесi арқылы жабдықтаушыға берешек сомасы аударылды - 60000тг. Осы әрекетке сәйкес баланстың пассивінде екі бабы: «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек» шоты азаю жағына және «Қысқа мерзімді банктік қарыз» көбею жағына өзгеріске ұшырайды.

  1. Үшінші типі, активті пассивті көбею шаруашылық операцияларының әсерінен баланстың активтегі де, пассивтегі де баптар бірдей сомаға көбейеді. Баланс сомасы да сол сомаға көбейеді.

А+Х=П+Х

Мысалы: Жабдықтаушылардан тауарлар түстi-80000 тг. Осы әрекетке сәйкес баланстың активіндегі «Тауарлар» бабы мен баланстың пассивіндегі «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек» көбейеді. Баланс валютасы да осы сомаға артады.

  1. Төртінші типі, активті пассивті азаю (активті де, пассивті де шоттар қатысады) шаруашылық операцияларының әсерінен баланстың активтегі де, пассивтегі де баптар бірдей сомаға азаяды. Баланс сомасы да сол сомаға азаяды.

А-Х=П-Х

Мысалы: Ағымдағы банктiк шотынан жабдықтаушылардың қарызы қайтарылды-70000тг. Осы шаруашылық әрекетінің нәтижесінде баланс активінің «Ағымдағы банктiк шотындағы ақша қаражаты» шоты мен баланс пассивінің «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек» шоты кемиді. Баланс валютасы да осы сомаға азаяды.

  1. Кәсіпкер немесе мекеме өткен оқиғалар нәтижесінде бақылап отырған, болашақта экономикалық пайда алу күтілетін ресурстар: актив

  2. Негізгі құралдар: 16 ХҚЕС

  3. Кәсіпорын НҚ өзгерісі туралы ескертулерде қандай ақпаратты ұсынуға міндетті емес: салымшының үлесін туралы ақпарат.

  4. Аудиторлық тексеріс нәтижесінде не толтырылады? аудиторлық қорытынды

  5. Аудиторлық қорытынды неше бөлімнен тұрады? 3 (кіріспе, талдау және қорытынды)

  6. а) кіріспеде – аудиторлық кәсіпорын үшін оның мекен- жайы, телефон нөмірі, лецензия нөмірі, оны берген органын атау, күні. Лицензияны қолдану мерзімі. Есеп айырысу шоттың нөмірі тексеріске қатысқан аудиторлардың аты жөні. Өз бетімен қызмет көрсететін аудитор үшін аты- жөні аудитор болып істеген стажы аудиторлық куәлігін берген органның аты, оның уақыты және куәлігінің қолдану мерзімі, тіркеу куәлігінің нөмірі, есеп айырысу шотының нөмірі.

  7. б) талдау бөлімінде- экономикалық субъектінің аты, және қандай қызмет мерзіміне тексеріс өткізіледі.

- қаржылық есепті ұйымдастыруының сараптамасының нәтижесі, керекті есеп беруді толтыру, және ішкі бақылаудың жағдайы;

- бухгалтерлік есепті жүргізгенде және қаржылық есептілікді толтырғанда болған тәртіп бұзушылықтарды олардың аудиторлық тексерісті өткізгенде анықталғандығы;

  1. в) қорытынды бөлімінде – экономикалық кәсіпорынның қаржылық есептілігінің нақтылығы беріледі.

  2. Аудиторлық қорытындының 4 түрі болады. 1) қорытындыны ескертусіз жасау; 2) қорытындыны ескертумен жасау; 3) қанағаттанарлықсыз қорытынды жасау; 4) қорытынды жазылмайды.

  3. Аудиторлық қорытындының әр бетіне қол қояды: аудитор (есепті тапсырушы)

  4. Ақша қаражаттарына жатады: кассадағы, банк шотындағы, ақша қаражаттары (шоттан қарауға болады).

  5. 1998 жылы 20 қарашада қабылданған заң: Аудиторлық заң.

  6. Есеп саясаты- бұл мекеме қаржы есептілігін дайындау және ұсыну үшін қолданатын нақты қағидаттар, негіздер келісімдер, ережелер және практика.

  7. Есеп саясаты: 8 ХҚЕС

  8. Түсініктеме хат – қаржылық цифрлық мәліметтерді ашып көрсету құжаты.

  9. Ағымдағы салықтық міндеттеме түсінігі – бюджетке төленетін салықтар, басқа да салықтар.

  10. Түсініктеме жазба мекеменің: бух.баланс бойынша ақпарат алынады.

  11. НҚ-----ұзақ мерзімді актив

  12. Азшылық үлесі – мұнда еншілес мекеменің пайдасы мен залалының және таза активтерінің бөлігі, оның негізгі мекеме еншілес мекеме арқылы тікелей немесе жанама түрде меңгермейтін капиталдың қатысу үлесіне келетінін анықтау.

  13. Ауылшаруашылық қызметімен байланысты биологиялық активтерді (өсімдіктер, жануарлар) бастапқы таныған сәтте және теңгерімнің (баланстың) әрбір күнгі жағдайы бойынша бағалау және есепке алу әдістемесі - Биологиялық активтер.

  14. Аралық қаржылық есептілікті құру кезінде есептік мерзімнің басынан соңына дейін қандай әдіс қолданылады? дискреттік әдіс

  15. Аралық қаржылық есептілік жасағанда: дивиденд, мемлекеттік дотация, грант.

  16. Аралық қаржылық есептілікті құру туралы шешімді кім қабылдайды? басшы

  17. Аралық қаржылық есептілікті қолданушылар: акционерлер, инвесторлар, несиелік ұйымдар, қор б-ы.

  18. Қызметтің басым бөлігі маусымдық сипатта болатын кәсіп. үшін аралық есептіліктің соңында қандай ақпарат болуы мүмкін: аяқталатын 12 ай бойынша қаржылық ақпарат және өткен 12 ай кезеңінің салыстырмалы ақпараты.

  19. Мекеменің қаржылық қызметінің нәтижесін бағалаумен тікелей байланысты бағалау элементі: пайда мен зиян, табыс пен шығын.

  20. Журнал ордерлері:

5 журнал ордері- 7710 корпоративті табыс салығы бойынша

6010 шот өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден алынатын кіріс-11 журнал ордері

басқа табыстар-12 журнал ордері

Корпоративті табыс салығы- 5 журнал ордері

7110, 7200, 7300 шоттары (кезең шығыстары): 10 журнал ордері

  1. Кезеңдегі жиынтық пайда қалай табылады: азшылық үлес шегергенге дейінгі таза пайда – азшылық үлес

  2. 34 ХҚЕС (IAS) сәйкес, аралық қаржылық есептілігі терминіне мынадай анықтама беріледі:

Аралық қаржылық есеп деп құрамында аралық мерзім бойынша қаржылық есептіліктің толық пакеті (1ХҚЕС (IAS) «Қаржылық есептілікті ұсыну» ережелеріне сәйкес), не болмаса қаржылық есептіліктің қысқартылған жинағы (берілген стандарт ережелеріне сәйкес) болатын қаржылық есептілікті айтады.

  1. Аралық қаржылық есептілік: 34 ХҚЕС.

  2. Аралық қаржылық есептілік туралы негізгі ақпарат минималды болу керек.

  3. Сегменттік есеп (14 ХҚЕС) түрлері: шаруашылық, географиялық.

  4. Шаруашылық сегмент өнім өндірумен немесе қызмет көрсетумен айналысатын, тәуекелдері мен пайдалары басқа шаруашылық сегменттерінен (мысалы, өнеркәсіптік,ауылшаруашылық, қаржылық сегменттер) өзгеше болатын кәсіпорынның жеке бөлінетін компоненті ретінде түсіндіріледі.

  5. Географиялық сегмент нақты экономикалық ортада өнім өндірумен немесе қызмет көрсетумен айналысатын, тәуекелдері мен пайдалары басқа экономикалық ортада жұмыс істейтін шаруашылық сегменттерінен мысалы, өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, қаржылық сегменттер) өзгеше болатын кәсіпорынның жеке бөлінетін компоненті ретінде түсіндіріледі. Географиялық сегменттер бойынша бөліну компания операцияларын жүзеге асыру орындарына немесе компанияның өткізу нарықтары мен тұтынушыларының орналасуына негізделеді.

  6. Әкімшілік шығындары: басшылық жалақысы, басқа шығыстар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]