Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Атажол Құрылс ЖШС.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
04.09.2019
Размер:
634.88 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе........................................................................................................................3

І. КӘСІПОРЫННЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1 «Атажол Құрылыс» ЖШС-нің құқықтық мәртебесі мен техника-экономи-калық көрсеткіші.........................................................................................................4

1.2 Кәсіпорында қаржылық есепті қалыптастырудың негіздері...........................6

ІІ Кәсіпорынның негізгі қаржылық жағдайын талдау

2.1 Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін талдау...................8

2.2 «Атажол Құрылыс» құрылыс ұйымының іскерлік белсенділігі.....................18

2.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын жетілдіру жолдары.......................30

Қорытынды...........................................................................................................33

Қолданылған әдебиеттер............................................................................34

Кіріспе

Кез келген ұйымда қаржылық есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. Қаржылық есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып-тасымалдауға, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жұмсауға, яғни кәсіпорындағы шаруашылық үрдістердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық үдерістердің, сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығының да есепке алынуы экономикалық талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.

Өндірістік тәжірбені өту мақсаты:

-практикалық тұрғыдан дағдылану, тәжірибелік есеп жұмысын дайындау үшін қажет ақпарат жинақтау.

-әрбір қызметкердің практикалық тұрғыдан дағдылану деңгейі оның кәсіби қызметінде маңызды орын алады. Сондықтан алынған теориялық білімді практикада қолдану тәжірбесін кеңейту арқылы тиімді жұмыс нәтижесіне қол жеткізу;

-тәжірбиелік есеп жұмысын дайындау барысында өндірісте қаржылық есеп жүргізілуінің ерекшеліктеріне көңіл аударып, жұмыс мәнін терең зерттеу.

Іс-тәжірибе барысында студенттің атқаратын міндеттері:

-Кәсіпорын жарғысымен, ұйымдастырушылық құжаттармен, оның құрылымымен, қызмет сипатымен және бөлімдерінің атқаратын қызметтерімен танысу;

-Кәсіпорындағы жетекшімен бірлесіп іс-тәжірибені өтудің күнтізбелік жоспарын құру, күнделікке осы жоспар бойынша күнделікті жазбалар жүргізу;

-қаржылық есептің ұйымдастырылуын үйрену;

- есеп саясатын, есепті жүргізу түрін;

- бастапқы құжаттарды және құжат айналымын;

- қаржылық есептің құрамы мен мазмұнын;

- басқару және қаржылық талдау;

- салықтық есептеулер;

- есеп жұмыскерлері арасында міндеттемелердің бөлінуімен танысу;

-есептілік құжаттарды толтыру мен өңдеу, түгендеу және тексеру жүргізуге қатысу;

-Кәсіпорын қызметіне талдау жүргізу;

-Ғылыми жетекшінің тапсырмасы бойынша қортындылаушы жұмысты дайындауға, ғылыми зерттеулерге және іс-тәжірибе жөнінде есеп беруге материалдар жинақтап, жүйеге келтіру;

-Кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелері мен еңбек заңдылығының талаптарын орындау.

Тәжірбиелік есепті дайындау өзектілігі – алынған теориялық білімді практикалық дағдылану арқылы жалпылау мен жүйелеу.

Тәжірбиелік есеп беру объектісі – «Атажол-Құрылыс» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі деректері негізінде жазылған.

І. КӘСІПОРЫННЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1 «Атажол-Құрылыс» ЖШС-нің құқықтық мәртебесі мен техника-экономикалық көрсеткіші

«Атажол-Құрылыс» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі 2003 жылдың 13 наурызында №13453-1901-ЖШС тіркеу нөмірімен Астана қаласының заң Басқармасы рұқсатымен 87,2 мың теңге жарғылық капиталымен тіркелді.

Эмитенттің толық атауы – «Атажол-Құрылыс» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік.

Құқықтық-ұйымдық формасы: Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік.

Заңды мекен-жайы: ҚазЖШСстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Махтумкули көшесі, 1/2. Деректі мекен-жайы (орналасқан жері): ҚазЖШСстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 47.

Эмитенттің банктік реквизиті: ағымдық шоты №022467047 «Казкоммерцбанк» ЖШС, БИК 195301716. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі: 620200018021

Серіктестіктің негізгі қызмет түрі болып:

- құрылыс инвестициясы;

- құрылыс, ремонт, монтажды жұмыстарын атқару;

- пәтерлерді өткізу, құрылыс материалдарын өткізу;

- жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен операциялар жасасу;

- сыртқы-экономикалық қызмет;

- ҚР заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметтер.

Төмендегі кестеде «Атажол-Құрылыс» ЖШС-нің шаруашылықтағы қаржылық жұмысының соңғы 2009-2011 жылдар бойынша техникалық-экономикалық көрсеткіштерін қарастырайық.

Кесте 1- «Атажол құрылыс» ЖШС техника-экономикалық көрсеткіші (мың тг)

Атауы

Жылдар

өзгеру

2009

2010

2011

10/09

11/10

1

Құрылыс саласында қызмет көрсетуден түскен түсім

2577931

3452513

5 126 375

874582

167382

2

Сатылатын қызметтің өзіндік құны

1697686

2324566

3 025 649

626880

701 083

3

Жалпы табыс

880 245

1127947

2 100 726

247702

972 779

4

Кезезеңдік шығындар

209 197

402 520

725 364

193323

322 844

5

Негізгі қызметтен түскен табыс

671 048

725 427

1 375 362

54 379

649 935

6

Негізгі емес қызметтен түскен табыс

92 503

112 456

386 253

19 953

273 797

7

Салық салынғанға дейінгі қалыпты қызметтен түскен табыс

763 551

837 883

1 761 615

74 332

923 732

8

Заңды тұлғалардың табыс салығы бойынша шығыстар

229 065

251 365

528 485

22 300

277 120

9

Салық салынғаннан кейінгі қалыпты қызметтен түскен табыс

534 486

586 518

1 233 131

52 032

646 612

10

таза табыс

534 486

586 518

1 233 131

52 032

646 613

Талдау нәтижесінен кәсіпорынның таза табысы 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда оң мәнде, ал 2011 жылы оның үлесі күрт жоғарылайды, яғни 646 613мың теңгеге көтеріледі. Сондай-ақ құрылыста қызмет көрсетуден түскен түсім мен сатылатын құрылыстық қызмет көрсетудің өзіндік құны ғана өскенін көреміз, яғни бұл кірістердің шығыстардан асқанын байқаймыз. 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіштердің өскені байқалады, бұл есепті жылдың неғұрлым тұрақты қаржылық жағдайын сипаттайды.

Серіктестіктің негізгі қызметіндегі құрылыс материалдарының құралдары болғандықтан, 2-кестеде 2009-2011 жылдар бойынша негізгі құралдардың құнының динамикасы келтірілген.

Кесте 2 -2009-2011 жылдардағы негізгі құралдардың құнының динамикасы

Атауы

Жылдар

Динамикасы +/-

2009

2010

2011

09-08

10-09

1

Жер

1 253 49123

12534912

1 253 49162

-1

+40

2

Ғимарат пен қосалқылар

172 081 240

72118765

172123921

+37525

+5156

3

Машиналар мен құралдар

17 795 317

17529622

16265696

-265695

-1263926

4

Транспорттық құралдар

62 277 041

60678943

55598098

-1598098

-5080845

5

Басқа да құралдар

5 441 195

6 628 596

4812599

+1187401

-1815997

6

Барлығы

15 6308609

16 7944078

154629576

+1163549

-13314502

Дерек көзі: «Атажол Құрылыс» ЖШС 2009-2011 жылдардағы қаржылық есептілігі.

Кестеде келтірілгендей, соңғы үш жылдың көрсеткіштерінде көрсетілген- дей 2009 жылдың басында негізгі құралдардың құны 419 747 361 теңгені құрады. 2010 жылға қарай ол алынған есептелген тозу бойынша 16 794 478 теңгені құрады және негізгі құралдардың құны 2011 жылы 1 546 291 576 теңге болды. Жердің құны 2010 жылы төмендеп, 2011 жылы +40 артты. Ал ғимарат пен қосалқылар құны екі жылда да салыстырмалы динамика көрсеткіштері бойынша ұлғайған, машиналар мен құралдардың құны төмендеген. Басқа да құралдар 2010 жылы +1187401 теңгеге ұлғайып, келесі жылы -1815997 теңгеге төмендеген. Жалпы негізгі құралдар бойынша 2010 жылы +11635469 теңгеге артып, 2011 жылғы көрсеткіште -1331450 2 теңгеге төмендегеін көреміз. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементінің жағдайы. Бұл көрсеткіш кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құнының (қалдық) өзгеруі, ерекше назар аудартады. Өйткені бұл көрсеткіштер кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.

Әрі қарай, серіктестіктің 2009-2011 жылдардағы мүліктік жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын төмендегі суреттегі «Атажол Құрылыс» ЖШС негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің динамикасынан көреміз.

2-сурет. 2009-2011 жылдардағы «Атажол Құрылыс» ЖШС негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің динамикасы

«Атажол-Құрылыс» құрылыс ұйымының шаруашылықтағы қаржылық көрсеткішін есептеуден, яғни 2011 жыл соның алдындағы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда пайданың ұлғайғандығын көреміз, яғни алдындағы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай пайдалы болғанын көреміз, пайда құрылыста қызмет көрсету мен сату жөніндегі негізгі қызметтен алынды, ЖШС қаражатының шағын бөлігі негізгі құралдарды және өзге де мүлікті сатудан түсті.

1.2 Компанияда қаржылық есепті қалыптастырудың негіздері

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу барысында «Атажол Құрылыс» ЖШС-нің есеп саясатының принциптері мен негіздеріне сүйенеді. Аталмыш құжаттың құқықтық негізін қосымшалар, бұйрықтар, инструкциялар мен басқа да үкімдік -ұйымдастырушылық құжаттар құрайды. Бұл құжаттар өз кезегінде ҚР заңдық және нормативтік актілер негізінде «Атажол Құрылыс» ЖШС-нің кәсіпкерлік қызметінің шарттарына сай дайындалған. Осы құжаттар қаржылық, салықтық және бухгалтерлік есепке тіркеу үшін негіз болады.

«Атажол Құрылыс» ЖШС-нің есеп саясаты бір есепті жылдан астам уақытқа бекітіледі. Бұл қаржылық есеп берудің өз уақытында жасалып, оның қызығушылық танытқан әрбір пайдаланушыға түсінікті, сенімді, дәйекті ақпарат беру мүмкіндігін тудырады.

Есеп саясатын бекіту мақсатында кәсіпорын басшысы бухгалтерлік, қаржылық, инженерлік, техникалық және басқа да жұмысшылардан тұратын комиссия жасақтайды. Компанияның қызмет бабы барысында есеп саясатына экономикалық негізделген өзгерістер енгізілуі мүмкін. Бұл өзгерістер ішкі сәйкестендірілген құжаттармен бекітіледі. Мысалы, үкім, бұйрық және т.б.

Есеп саясатын жасақтауға жауапты тұлғалар компания басшысы және бас бухгалтер болып табылады.

«Атажол Құрылыс» ЖШС-нің есеп саясаты 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2432 «Бухгалтерлік есеп туралы» заң негізіндегі ҚР Президентінің қаулысы мен ҚР БЕС №1-20; ҚР Қаржы министрлігінің 21 мамыр 1997 жылғы бұйрықтарының және басқа да заң күші бар нормативтік актілерде көрсетілген кәсіпорын қызметінің өндірістік-экономикалық талаптарына сай жасалады.

Есеп саясатында төмендегідей бөлімдер қамтылған:

  1. Жалпы ережелер.

  2. Ұйымдастырушылық құрылымы мен заңды статусы.

  3. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.

  4. Табыс БЕС-5

  5. Негізгі құралдар есебі БЕС-6.

  6. Құралдардың тозу есебі

  7. Инвентаризациялау.

  8. ТМҚ есебі БЕС-7

  9. Тұлғалармен еңбекақы бойынша есеп айырысу

  10. Жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құны

  11. Салық салынатын табыс бойынша жеке табыс салығының есебі

  12. Бухгалтерлік есептілік.

Бухгалтерлік жазулар шаруашылық операцияның болғандығын растайтын бастапқы құжаттар негізінде жүргізіледі. Меншікті капитал, кәсіпорын активтері, міндеттемелері, пайдасы мен шығынына әсер етуі мүмкін.

Барлық шаруашылық операциялар мен шаруашылық қызметтің басқа да жағдайлары кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде көрініс табады.

Бухгалтерлік жазбалар компьютерлік жүйе арқылы немесе қолмен де енгізілуі мүмкін. Бастапқы құжаттар келесі міндетті реквизиттерден тұрады:

-құжат атауы, мерзімі, -құжат жасаушы субъект атауы, -шаруашылық операция мазмұны шаруашылық операцияның жүзеге асырылуына жауапты тұлғалар атауы,-қолтаңба иелерінің аты-жөні.

Бастапқы құжаттар операциялардың орындалған немесе аяқталған кезінде жасалынады. Кассалық немесе банктік құжаттарға өзгертулер енгізу қарастырылмайды, қалған жағдайларда түзетулер шаруашылық операцияға қатысушы тұлғалардың келісімімен түзету уақытын көрсете отырып, сол тұлғалардың жеке қолымен бекітіліп жүргізіледі. Бастапқы құжаттарда берілген ақпарат жинақталып бухгалтерлік есеп регистрлеріне көшіріледі. Бухгалтерлік есеп регистрлерінде берілген ақпарат жинақтала отырылып сәкесінше қаржылық есеп беруде көрсетіледі. Кәсіпорын басшысы бухгалтерлік құжаттарға қол қоюға құқығы бар тұлғаларды анықтайды, сондай-ақ электронды қолтаңбаны қолдану құқығына қатысты бақылау шараларын енгізеді. Кәсіпорында қолданылатын шоттардың Жұмыс жоспары Типтік шоттар жоспарына сәкес қалыптастырылып, бекітілген. Аналитикалық есептің субшоттары мен коды қаржылық және шаруашылық операциялардың түріне байланысты ашылған.

2 Кәсіпорынның негізгі қаржылық жағдайын талдау