Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазіргі кездегі дипломатия_050202-Халықаралық қ...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
23.08.2019
Размер:
455.68 Кб
Скачать

9 Тақырып. Дипломатиялық корпус: қазіргі кездегі ресейлік және қазақстандық дипломатия

Ресей дипломатиялық қызметінің қалыптасу тарихына шолу.Қазіргі ресейлік дипломатия. ХХ ғ.аяғындағы ресейлік дипломатиядағы өзгерістер. Оның объективті және субъективті тұстары.

Ресей Федерациясындағы дипломатиялық қызмет. Ресейлік дипломаттар (А.Козырев, Е. Примаков т.б.). Олардың саясаттарындағы негізгі атқаратын қызметі мен рөлі.

Қазақстандық дипломатияның қалыптасу кезеңдері. Қазақстандағы дипломатиялық қызмет. Оның саяси-құқықтық базасы. Қазақстандық дипломатиялық мектептің қалыптасу жолдары. Қазақстандық дипломатияның әлемдік деңгейге көтерілуі. Қазақстанның превентивті дипломатиясы – АӨСШК. Тәуелсіздік жылдар ішіндегі Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықта екіжақты және көпжақты дипломатиялық қарым-қатынастарды орнатуы. Қазақстандық дипломаттардың халықаралық аренада таныла басталуы.

Негізгі әдебиеттер: 18, 20, 32, 33, 39, 42.

Қосымша әдебиеттер: 24, 25, 33, 38, 43, 45, 53, 57, 60, 64, 65,

66, 67

10 Тақырып. Дипломатиялық корпус: Латын Америка және араб елдеріндегі дипломатия

Латын Америка елдеріндегі дипломатиялық қызметтің қалыптасуы.

Мексиканың дипломатиялық қызмет мектебі. Оның көрнекті өкілдері.

Кубадағы халықаралық қатынастар институты. Оның кәсіби мамандары.

Бразилияның дипломатиялық мектебі және оның еркшелігі.

Латын Америка елдерінің көпжақты дипломатияда белсенділік танытуы.

Азияның және Африканың араб елдеріндегі дипломатиялық қызмет. Олардың ерекшеліктері.

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы араб дипломатиясының қызметіндегі өзгерістер. «Доллар дипломатиясының» пайда болуы және оның жүру барысы. Арабтардың бірлігі идеясы.

Көпжақты дипломатиядағы Араб елдерінің лигасы, Ислам конференциясы ұйымы ұйымдарының қызметі мен олардың алатын орны.

Араб дипломатиясындағы ислам дінінің орны.

Негізгі әдебиеттер: 18, 20, 32, 33, 39,42

Қосымша әдебиеттер: 50, 54, 57, 63, 65, 68

11 Тақырып. Дипломатиялық әңгімелер

Дипломатиялық әңгімелесудің түсінігі. Оның қажеттілігі. Дипломатиялық әңгімені жүргізудің әдістері. Оның көздейтін негізгі мақсаттары. Дипломатиялық әңгімелесудің түрлері: мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша келген мемлекеттің өкілдерімен ресми әңгімелесу; мемлекеттің сыртқы істер министрінің тапсырмасы бойынша келген мемлекеттің өкілдерімен ресми әңгімелесу; қабылдау барысында, ресми іс-шараларда, көрмелерде т.б. жерлерде әңгімелесу; күтпеген жерде дипломатиялық өкілдермен кездсіп қалған жағдайда әңгімелесу т.с.с.

Дипломатиялық әңгімелесу барысындағы сенімділік, шындық, жалған айту, әзілдесу т.с.с. Олардың дипломаттар үшін маңыздылығы.

Дипломатиялық әңгімелерді ресімдеу шаралары. Дипломатиялық күнделік жазу. Дипломатиялық хаттама.

Негізгі әдебиеттер: 17, 18, 33, 36, 39, 43

Қосымша әдебиеттер: 50, 54, 57, 63, 65, 68

12 Тақырып. Дипломатиялық құжаттар және дипломатиялық тіл

Қазіргі дипломатияның тәжірибесінде кең тараған ең маңызды құжаттар. Дипломатиялық және консулдық қатынастар туралы 1961 жылғы Вена Конвенциясы. Конвенция дипломатиялық құқықтың барлық негізгі мәселелерін реттейді: дипломатиялық миссиялардың түрлері мен функцияларын, дипломатиялық өкілдіктің басшысын және осындай өкілдіктердің сыныптарының басшысын тағайындау, дипломатиялық иммунитет түсінігін айқындау.

Вена Конвенциясының құрамдас бөліктері. Оған 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасының да қосылуы.

1963 жылғы 24 сәуірде қабылданған консулдық қызмет туралы Вена Конвенциясы.

Халықаралық қатынастар тарихында және дипломатиялық тәжірибеде бұл құжаттардың маңызы өте зор. Кейбір баптары әрбір мемлекеттердің конституцияларының мазмұнына енген.

Жалпы дипломатиялық қатынастарды реттейтін және дипломатиялық қызметтің негізгі функцияларын анықтайтын маңызды құжаттар.

Дипломатиялық құжаттардың түрлері: вербальды ноталар, есте қаларлық жазба, меморандум, жеке хат.

Ведомствоның ішіндегі дипломатиялық құжаттардың түрлері. Саяси хаттар, есептер, шифрланған жеделхат, анықтамалар т.б. Олардың маңыздылығы.

Қазіргі дипломатиялық тіл және оған тән сипаттар. Оның ерекшелігі. Дипломатиялық тілде қолданылатын арнайы лексика мен терминдер.

Дипломатиялық тәжірибеде кең қолданылатын жұмыс тілдері: ағылшын, француз, испан, қытай, араб және орыс.

Негізгі әдебиеттер: 14, 15, 16, 18, 32, 33, 39.

Қосымша әдебиеттер: 50, 54, 57, 63, 65, 68