Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан Республикасының Конституциясы.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
10.09.2019
Размер:
115.2 Кб
Скачать

Ж о с п а р

Кіріспе..................................................................................................................

І тарау. Қазақстан Республикасының Конституциясы

1.1 Конституция мемлекеттің негізгі заңы......................................................

1.2 Конституция – қоғамдық қажеттлік заңдар жинағы................................

ІІ тарау. Қазақстан тәуелсіз демократиялық мемлекет

2.1 Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет............................

2.2 Қазақстан Президенттік республика........................................................

Қорытынды......................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі.

Қазаққстан тәуелсіздігін алғаннан кейін егеменді ел ретінде өз ата заңын өзінің төл Конституциясын құруы тиіс болды. Әрине Конституция жобасы алдыңғы қатарлы дамыған елдердің үлгілерімен, сонымен қатар шет елдерден заңгер практиктер консультанттар келіп көмектесті. Қазақстан өз конституциясын 1993 жылы қабылдады, бірақ уақыт сынында жаңа заман талабына сай конституция қабылданды. Қазақстан ата-заңының мәнін ашып көрсету мәні мен мағынасы ең өзекті мәселе болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты:

Курстық жұмыстың мақсаты: Конституцияның негізгі қызметі, оның бөлімдерін,1993 және 1995 жылдардағы Коституциялар, бабтар, құқықтар мен бостандықтар мағынасы мен мақсаты ашып көрсету.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- Қазақстан Республикасының егемендікалуы және тұңғыш коституцияның қабылдануын атап өту.

- Конституция мемлекеттің негізгі заңы екенін тұжырымдау

- Конституция қоғамдық қажеттілік заң және мемлекет пен қоғамдағы реттеу мәнін баяндау

- Қазақстанның Президенттік Республика және Конституциядағы Президент бөлімін ерекше атап өту

    1. Конституция – мемлекеттің негізгі заңы

Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген, қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттік құра отырып өзімізді теңдік және татулық мұраттарына берген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып дүние жүзілік қоғамдастыққа лайықты орын алды тілей отырып жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып осы конституцияны қабылдаймыз деп басталады еліміздің ата заңы.

Адам қоғамыныцң заңсыз өмір сүре алмайтыны белгілі, ал, қоғамның барлық өмір аяларында болып жататын құбылыстардың бәрін заңмен басқару үшін қажетті нормативті актілердің саны қанша болуы керектігін ешкімде дәл тауып айта алмас еді. Дамыған демократиялы елдерде әрекет ететін заңдар мыңдап саналады. Сол заңдардың бәрінің бастау алар негізі – Конституция болып табылады. Өркениетті қоғам конституциялық заңдылыққа бағына отырып дамиды. Мемлекет түрлері көп болса да олардың бәріне ортақ белгілері болады. Конституцияда мемлекеттің құрылымы түрлері (унитарлық, федерация немесе конфедерация) мемлекетті басарудың (монархия әлде республика) формалары анықталады. Мемлекеттің негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері көрсетіледі. Мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретінде Конституция бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі болып табылады. Өзге номативтік актілердің бәрі конституциялық ережелеріне негізделіп қабылданады. Сондықтанда оның басқа нормативтік актілерінде кездеспейтін өзіне тән белгілер болады.

Конституция (латын. Constitutio – құрылу өнім ) қоғамдық және мемлекеттік органдар жүйесін олардың түзілу реттілігі мен қызметін азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің негізгі заңы. Конституцияның мәні мемлекеттік негізгі заңдылық мүдделерін халықтың шын мәніндегі еркіне сай келуімен және құзіреттілігімен айқындалады.

Конституцияны жасауға саясатшылардың, философшылардың, әлеуметтанушылардың, құқықшылардың, мәдениеттанушылардың, тарихшылардың, экономистердің, өзге де мамандық иелердің және қарапайым халықтың бірнеше ұрпағы қатысады. Оның жасалу үрдісі кейде ондаған жылдарға созылуы мүмкін. Сондықтан мемлекеттілік даналықтың жинақталған нысанының көрінісі ретіндегі конституцияны қабылдау аса зор жауапкершілікті қажет етеді. Бүкіл қоғамның тағдырын айқындайтын негізгі заң болғандықтан конституцияға өзгеріс енгізу реттілігі де өте қатаң және ондай әрекет жиі қайталана бермейді. Батыстың классикалық демократиялы кейбір елдері жүздеген жылдар бойы конституцияларын өзгертпей орнықты өмір сүріп келеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясында халық ұғымына барлық ұлттық топтарды түгел қамтитын тұтас әлеуметтік саяси құбылыс ретінде түсіндіреді. Халық әлеуметтік таптарға, топтарға бөлінбей сонысымен қоғамда бейбітшілікті сақтауда маңызды роль атқара алады. Конституция адамдарды мүліктік жағдайларына қарай алаламайды. Түрлі әлеуметтік топтардың ешқайсысын жатқапшықпайды,өзін халықтың белгілі бір ғана тобының заң шығарушылық акті деп танымайды. Конституция мемлекетті әлеуметтік деп яғни бүкіл халықтық бір тобының есесінен оның екінші бір тобына артықшылық бермейді. Мемлекет халықтың барлық топтарына олардың әлеуметтік жағдайына сәйкес қамқорлық жасауға тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы түрлі әлеуметтік топтардың құқықтарына шек қоймай, тұтас халықты конституциялық – құқықтық қатынастардың субъектісі деп таниды.

Көп ұлтты Қазақстан қоғамының жағдайында «халық» деген ұғымға қазақ ұлтымен қатар барлық ұлттық диаспоралар чмен этностар өкілдері де кіреді. Қазақ ұлты мемлекеттік, яғни бүкіл халықтық әлеуметтік базасының ұйытқысы болғанымен , оған айрықша құқықтық әлеуметтік экономикалық немесе мәдени артықшылықтар берілмейді.

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін артықшылық деп санауға болмайды. Өйткені ол қазақ тілінің табиғи құқығы. Егер Қазақстанның мемлекеттік мәртебесі болмаса, онда ол тілді қолданушылардың құқығы табанға тапталған болып шығар еді.

Қазақстан Республикасының Конституциясын жасаушы халық деп танылуы оның мазмұндық мәнін ашып береді. Сондықтан да Қазақстан Респуббликасының халқы осы Конституцияны қабылдаймыз деген сөздермен басталады. Қазақстан халқының референдумда қабылданды.

Қазақстан халқы Коституцияны қабылдаған соң бірден-бір субъектісі болғанынан оның құрылтайшылық сипаты туындайды. Халық мемлекеттік биліктің қайнары болуымен де дербестіктің шын мәніндегі кепілі. Қазақстан халхы мемлекетті осы Конституция арқылы құрды, Оның басқару және құрылу нысандарын әлеуметтік экономикалық құрылысының негіздерін адам мен азаматтың мәртебесін анықтады.

Қазақстан Республикасының конституциясына өзгерістер мен толықтырулар республикалық референдум арқылы енгізілуі мүмкін.Былайша айтқанда, халық конституцияны қабылдап қана қоймайды, ол конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселерді де шешеді, референдум өткізу жөнінде шешімді Президент қабылдайды. Егер Президент Конституцияға өзгертулер мен түзетулер енгізу мәселесін Президенттің қарауына беру туралы шешім қабылдаса, онда референдум өткізілмейді. 1998 жылы Конституцияға өзгертулер мен түзетулер енгізу осылай жүзеге асты.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлімнен,98 баптан тұрды. Жалпы ережелер деп аталған І бөлімде Қазақстан Республикасының саяси сипаттамасы қызметінің түбегейлі ұстанымдары көрсетілген Президенттік басқару нысаны құқықтың қолданылуы айқындалған идеологияның және саяси алуандылық меншікке қатысты қағидалар тұжырымдалған. Қазақстан Республикасының Конституциясында «Мемлекеттік биліктің бірден- бір бастау халық» деп жарияланған.

Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, азамат және азаматтыққа байланысты ережелері «Адам және азамат» деп аталған ІІбөлімде жинақталған берілген.