Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазіргі кездегі дипломатия_050202-Халықаралық қ...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
23.08.2019
Размер:
455.68 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Тарих факультеті

Бүкіләлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасы

«Қазіргі кездегі дипломатия»

пәні бойынша

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

050202-Халықаралық қатынастар

Қарағанды - 2011

Құрастырушы: Смағұлова Г.М. т.ғ.к., доцент

Оқу-әдістемелік кешен 050202-Халықаралық қатынастар мамандығының ІҮ курс студенттеріне кредиттік технология бойынша сабақ беруге арналған және дәрістер тезисінің, семинар жоспарының және студенттердің өзіндік жұмыстарын жүргізу нысандарының және қажетті әдістемелік ұсыныстар мен әдебиеттер тізімінен құралды. Сондай-ақ өзіндік жұмыстардың тақырыптары, тест сұрақтары және емтихан сұрақтарынан тұрады.

«Қазіргі кездегі дипломатия» пәні бойынша оқу - әдістемелік кешені. 050202-Халықаралық қатынастар мамандығы студенттері үшін. / Құрастырушы Смағұлова Г.М. -Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2011. – 54 бет.

© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2011

1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus

1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:

Смағұлова Г.М. т.ғ.к., доцент Бүкіләлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасы

1.2 Пән туралы мәліметтер:

«Қазіргі кездегі дипломатия»

Барлығы 2 несие

Өткізілетін орыны: № 3 корпус

Оқу жоспарынан көшірме:

Курс

Семестр

Несиелер

Лекция

Тәжірибе

ОСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі

ІҮ

VІІ

2

15

15

30

30

90

емтихан

1.3 Пререквизиттері:

Негізгі компонент ретіндегі «Қазіргі кездегі дипломатия» пәнін меңгеру үшін студенттер меңгеруі тиіс:

- дипломатия тарихының, дипломатиялық қызмет пәндерінің негізгі мәселелерін білуі тиіс;

- қазіргі кездегі дипломатияның ерекшеліктерімен жете танысу; - дипломатиялық қызметке қажетті құжаттармен жұмыс жасауға дағдылану;

- халықаралық қатынастардағы қазіргі кездегі дипломатияда орын алып отырған өзекті проблемаларды айқындай білу.

1.4 Постреквизиттер:

«Қазіргі кездегі дипломатия» курсын оқу барысында алған білім, шеберлік мамандық бойынша Типтік оқу-жоспарының негізгі және арнайы пәндерін, таңдау бойынша компоненттің пәндерін оқу барысында негіз болып табылады:

- Қазіргі замандағы халықаралық қатынастардың тарихы;

- Қазіргі заманғы шиеленістер және оларды реттеудің әдістері;

- Халықаралық ұйымдар;

- Көпжақты дипломатия;

- Халықаралық қатынастардың қазіргі кездегі мәселелері;

- Халықаралық қатынастардың қазіргі кездегі жүйесі.

1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:

«Қазіргі кездегі дипломатия» курсы «Халықаралық қатынастар» мамандығының таңдау пәндерінің бірі болып табылады.

Курстың шеңберінде қазіргі кездегі дипломатияның өзекті мәселелері, әр мемлекеттің дипломатиясының ерекшеліктері, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары, қазіргі кездегі дипломатияда ең көп кездесетін және қаралатын проблемалар, олардың халықаралық қатынастардағы рөлі сияқты бірқатар мәселелер зерттеледі.