Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазіргі кездегі дипломатия_050202-Халықаралық қ...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
23.08.2019
Размер:
455.68 Кб
Скачать

9 Тақырып. Дипломатиялық құжаттар және дипломатиялық тіл

1. Дипломатиялық құжаттардың түрлері. Дипломатиялық стильге тән сипаттар.

2. Дипломатиялық құжаттарға қойылатын талаптар.

3. Дипломатиялық тілдің ерекшеліктері.

Тапсырмалар:

1. Дипломатиялық құжаттардың түрлерін және оның қысқаша мазмұнын ашатын кесте құрыңыздар.

2. Дипломатиялық тілмен жазылған бір құжаттың түрін әзірлеңіздер.

Негізгі әдебиеттер: 33, 36, 39, 43.

Қосымша әдебиеттер: 53, 57, 66, 67, 68

Әдістемелік нұсқау:

Дипломатияның сәтті жүруі үшін дипломатиялық тіл, ал оның нәтижелі болуы үшін дипломатиялық құжаттың алатын орны ерекше. Сондықтан тапсырманы орындау үшін міндетті түрде А.Р. Әліпбаевтың «Дипломатиялық құжаттама» оқу құралымен (Алматы, 2008) танысыңыздар. Сонда кесте құру анағұрлым жеңілірек болады.

2.5 Оқытушының жеткшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары

1 Тақырып. Кәсіби дипломатия

Тапсырмалар:

1. Дүниежүзіне даңқы шыққан әлемдік дипломаттар және олардың дипломатия тарихына қосқан үлестері туралы шолу әзірлеңіздер.

2. Кәсіби дипломатияға байланысты терминологиялық сөздік әзірлеңіздер.

ОСӨЖ өткізу түрі:

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ кітапханасында ұсынылған әдебиеттермен, оқулықтар және оқу құралдарымен таныса отырып, тапсырма сұрақтарын кітапханада орындау.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау:

Бірінші тапсырманы орындау үшін түрлі деректерден қажетті мәліметтерді жазып алу керек. Сонда екінші тапсырманы орындау жеңілірек болады. Әрі оны орындау үшін де ұсынылған әдебиеттерден басқа, түрлі сөздіктермен жұмыс істеу керек.

Негізгі әдебиеттер: 1 ,2 ,5, 7, 11, 18, 19, 22, 32, 33, 36, 39

Қосымша әдебиеттер: 41, 55, 65, 66, 68

2 Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: конференциялық дипломатия, арнайы миссиялар, сауда және экономикалық дипломатия, дипломатия және барлау.

Тапсырмалар:

1. Дипломатияның түрлеріне арналған, оларды қолдану саласына байланысты кесте құру. Кесте құрған кезде «ескі» және «жаңа» дипломатияға байланысты олардың екуіне ортақ жайлар мен түбегейлі айырмашылықтарды айқындаңыздар.

ОСӨЖ өткізу түрі:

Үйде жазбаша түрде аналитикалық талдау жасап, оның қорытындыларын дәрісханада талдау.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау:

Әр студент берілген тапсырманы мұқият орындағаны жөн. Кесте бойынша аналитикалық талдауды ортаға салып талқылау барысында студент тақырыптың өзектілігін, мақсаты мен міндетін дұрыс айқындаулары қажет. Дайындалу барысында деректерді және соңғы шыққан ғылыми зерттеулерді қарастырған жөн.

Негізгі әдебиеттер: 1 ,2 ,5, 7, 11, 18, 19, 22, 32, 33, 36, 39.

Қосымша әдебиеттер: 41, 43, 53, 57, 67, 68

3 Тақырып. Дипломатиялық байланыстар

Тапсырмалар:

1. «Дипломатиялық байланыстар» деген іскерлік ойын сценариін әзірлеп келу.

ОСӨЖ өткізу түрі:

Топ студенттерінің қатысуымен әзірлеп келген сценарий бойынша іскерлік ойын ойнау.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау:

«Іскерлік ойынның» сценариін жазбастан бұрын ұсынылған әдебиеттермен танысу керек. Тапсырманы орындау барысында байланыстарға қатысушы топтарды іріктеп, солардың әрқайсысына тапсырма бөліп берген дұрыс.

Негізгі әдебиеттер: 18, 29, 32, 33,3 9, 44.

Қосымша әдебиеттер: 39, 44, 53, 55, 59, 64, 68