
- •Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі
- •«Қазіргі кездегі дипломатия»
- •050202-Халықаралық қатынастар
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •1.3 Пререквизиттері:
- •1.4 Постреквизиттер:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Баға туралы ақпарат:
- •1.9 Курстың саясаты мен рәсімі
- •2. «Қазіргі кездегі дипломатия» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Лекция сабақтарының тезистері
- •1 Тақырып. Кіріспе лекция. Кәсіби дипломатия
- •2 Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: дипломатиялық әдістердің, оқиғаның алдын алудың эволюциясы
- •3 Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: конференция дипломатиясы, арнайы миссиялар, сауда және экономикалық дипломатия, дипломатия және барлау
- •4 Тақырып. Дипломатиялық байланыстар
- •5 Тақырып. Дипломатиялық корпус: дипломатиялық корпуспен байланыс, дипломатиялық корпустың өмірі, дипломаттың қабілеті
- •6 Тақырып. Дипломатиялық корпус: американдық және ағылшын дипломаттар
- •7 Тақырып. Дипломатиялық корпус: француз, неміс, итальян дипломатиясы
- •8 Тақырып. Дипломатиялық корпус: жапон, қытай, үнді дипломатиясы
- •9 Тақырып. Дипломатиялық корпус: қазіргі кездегі ресейлік және қазақстандық дипломатия
- •10 Тақырып. Дипломатиялық корпус: Латын Америка және араб елдеріндегі дипломатия
- •11 Тақырып. Дипломатиялық әңгімелер
- •12 Тақырып. Дипломатиялық құжаттар және дипломатиялық тіл
- •13 Тақырып. Қазіргі кездегі дипломатиядағы жаңашылдықтар
- •2.3 Семинар сабақтарының жоспары
- •1 Тақырып. Кәсіби дипломатия
- •2 Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: дипломатиялық әдістердің эволюциясы, оқиғаны болжау.
- •3 Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: конференция дипломатиясы, арнайы миссиялар, сауда және экономикалық дипломатия, дипломатия және барлау
- •4 Тақырып. Дипломатиялық корпус: дипломатиялық корпустың ерекшеліктері, дипломаттың қабілеті.
- •5 Тақырып. Дипломатиялық корпус: ағылшын және американдық дипломаттар
- •6 Тақырып. Дипломатиялық корпус: француз, неміс, және итальяндық дипломатия
- •7 Тақырып. Дипломатиялық корпус: жапон, қытай, үнді дипломатиясы
- •8 Тақырып. Дипломатиялық корпус: қазіргі кездегі ресейлік және қазақстандық дипломатия
- •9 Тақырып. Дипломатиялық құжаттар және дипломатиялық тіл
- •2.5 Оқытушының жеткшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •1 Тақырып. Кәсіби дипломатия
- •2 Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: конференциялық дипломатия, арнайы миссиялар, сауда және экономикалық дипломатия, дипломатия және барлау.
- •3 Тақырып. Дипломатиялық байланыстар
- •4 Тақырып. Дипломатиялық корпус: дипкорпустардың арасындағы байланыстар, дипкорпустың өмірі, дипломаттың қабілеті
- •5 Тақырып. Дипломатиялық корпус: ағылшын және американдық дипломаттар
- •6 Тақырып. Дипломатиялық корпус: француз, неміс, итальян дипломатиясы.
- •7 Тақырып. Дипломатиялық корпус: жапондық, қытай, үнді дипломатиясы
- •8 Тапсырма. Дипломатиялық корпус: қазіргі кездегі ресейлік және қазақстандық дипломатия
- •9 Тапсырма. Дипломатиялық корпус: Латын Америка елдерінің және араб елдерінің дипломатиясы
- •10 Тапсырма. Дипломатиялық әңгімелер
- •11 Тапсырма. Дипломатиялық құжаттар және дипломатиялық тіл
- •12 Тапсырма. Қазіргі кездегі дипломатиядағы жаңалықтар
- •2.6. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •2.7. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық ілеспе
- •2.8 Өзін-өзі тексеру үшін арналған тест тапсырмалары
- •Дұрыс жауаптардың кілті
- •2.9. «Қазіргі кездегі дипломатия» пәні бойынша емтихан сұрақтарының тізімі
- •«Қазіргі кездегі дипломатия» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
- •050202 – Халықаралық қатынастар
2. «Қазіргі кездегі дипломатия» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар
2.1 Курстың тақырыптық жоспары
Барлығы 2 несие
№ |
Тақырыптардың атауы |
Сағат саны |
|||
Лек. |
Сем. |
ОСӨЖ |
СӨЖ |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Кіріспе лекция. Кәсіби дипломатия. |
1 |
1 |
1 |
1 |
2 |
«Ескі» және «жаңа» дипломатия: дипломатиялық әдістердің, оқиғаның алдын алудың эволюциясы |
1 |
2 |
|
2 |
3 |
«Ескі» және «жаңа» дипломатия: конференция дипломатиясы, арнайы миссиялар, сауда және экономикалық дипломатия, дипломатия және барлау |
1 |
2 |
2 |
3 |
4 |
Дипломатиялық байланыстар |
2 |
|
2 |
2 |
5 |
Дипломатиялық корпус: дипломатиялық корпуспен байланыс, дипломатиялық корпустың өмірі, дипломаттың қабілеті |
1 |
1 |
2 |
3 |
6 |
Дипломатиялық корпус: американдық және ағылшын дипломаттары |
1 |
2 |
3 |
3 |
7 |
Дипломатиялық корпус: француз, неміс, итальян дипломатиясы |
1 |
2 |
4 |
3 |
8 |
Дипломатиялық корпус: жапон, қытай, үнді дипломатиясы |
1 |
2 |
4 |
3 |
9 |
Дипломатиялық корпус: қазіргі кездегі ресейлік және қазақстандық дипломатия |
2 |
2 |
2 |
2 |
10 |
Дипломатиялық корпус: Латын Америка елдерінің және араб елдерінің дипломатиясы |
1 |
|
2 |
2 |
11 |
Дипломатиялық әңгімелер |
1 |
|
2 |
2 |
12 |
Дипломатиялық құжаттар және дипломатиялық тіл |
1 |
1 |
3 |
2 |
13 |
Қазіргі кездегі дипломатиядағы жаңалықтар |
1 |
|
3 |
2 |
|
Барлығы |
15 |
15 |
30 |
30 |
2.2 Лекция сабақтарының тезистері
1 Тақырып. Кіріспе лекция. Кәсіби дипломатия
Сыртқы саясаттың негізгі құрамдас бөлімдерінің бірі - дипломатия болып табылады. Дипломатия өз кезегінде сыртқы саясатты жүргізу үшін қолданатын әдістер мен тәсілдердің, практикалық іс-шаралардың жиынтығынан құралады. Мемлекеттердің сыртқы саясатын анықтауда дипломатиялық қызметтің маңызы ерекше.
Халықаралық қатынастар тарихында дипломатия ұғымына қатысты түрлі анықтамалардың бар екені белгілі және олар дипломатияның мәні мен жекелеген қырларын ашып көрсетуге бағытталған.
«Дипломатия» термині. Оның шығу тарихы. «Дипломатия» ұғымының ресми түрде айналымға ену уақыты. Сыртқы қатынастар саласындағы мемлекеттің қызметін анықтау ретіндегі «дипломатия» ұғымы. Дипломатияны кәсіби қызмет ретінде қарастыру мерзімі. Мемлекеттік органдар жүйесінде мемлекет басшыларының арасында хат алысуға және қарым-қатынас орнатуға, шетелдік елшілер мен олардың делегацияларын қарсы алуға, келіссөздер жүргізуге арналған арнайы ведомстволардың пайда болуы.
Толық мағынадағы «дипломатия» ұғымын бірінші рет қолданған Людовик ХІҮ тұсындағы бірқатар еуропалық мемлекеттерде елші қызметін атқарған, маңызды келіссөздерге қатысқан француз дипломаты Франсуа Кальер. Ол 1716 ж. өзінің «Мемлекет басшыларымен келіссөздер жүргізудің әдістері» («Способы ведения переговоров с государями») деген еңбегін жариялаған. Бірақ ол өзінің осы еңбегінде «дипломатия» сөзін қолданбайды, автор оның орнына «келіссөз жүргізуші» сөзін пайдаланады. Осы еңбектің жарық көруінен соң дипломатия жоғарғы моральдық принциптерге негізделген ғылым және өнер ретінде қарастырыла басталды. Себебі грек және рим дәуірі кезеңдерінде дипломатия өтірік айту, жалған сөйлеу, алдау және айлакерлік таныту үшін кәсіп болып саналса, ал орта ғасырларда өтірік пен алдау тәсілдері өнер деңгейіне дейін жетті. Ф.Кальер бірінші рет келіссөздің құралы ретіндегі өтірікті жоққа шығарды. Сондықтан да «дипломатияға» байланысты қолданылатын «ғылым», «өнер» ұғымына анықтамалар беріліп, олардың ара қатынасы анықталды. Қазіргі кезде Ф. Кальердің бұл еңбегін Батыс және Шығыс елдерінің дипломаттар даярлайтын мектептерінде міндетті оқу құралы ретінде пайдаланады.
«Дипломатия» термині көбінесе келесі мағыналарда қолданылады:
- сыртқы қатынастар саласындағы мемлекеттік қызмет;
- сыртқы саясатта мемлекеттік қызметпен айналысатын мекемелер мен тұлғалар жиынтығы;
- дипломат мамандығы.
Мысалы, бельгиялық заңгер және халықаралық қатынастар маманы А.Ривье «дипломатия» сөзінің үш мағынасын атап көрсетеді:
1) «дипломатия» деп техникалық және арнайы мағынада... мемлекетің өкілдерінің және келіссөздер жүргізудің ғылымы мен өнері...;
2) «дипломатия» сөзі кең көлемде қолданылады, яғни осы мемлекеттің өкілдерінің, оған қоса сыртқы істер министрлігі органдарының жиынтығы немесе оның саяси агенттерінің жиынтығын білдіретін күрделі ұғым;
3) «дипломатия» деп дипломаттың кәсібін немесе мансабын түсінуге болады..
Ағылшын дипломаты және публицисті Г. Никольсонның айтуы бойынша «Дипломатия – бұл халықаралық қатынастарды келіссөздер арқылы жүргізу, осы қатынастарды елшілердің қатысуымен реттеуші әдіс-тәсілдер және дипломаттың жұмысы немесе өнері». Кейде ол сыртқы саясаттың синонимі ретінде, кейде келіссөздер жүргізуде өнер ретінде қолданылады. Жалпы ол сыртқы істердің шетел ведомствосының мағынасын айқындау үшін қолданылады. Көбінесе дипломатияны екіге бөліп қарастырады: кең мағынада (сыртқы саясатта - ғылым ретінде) және тар мағынада (арнайы келісімдерді жүргізуде - өнер ретінде).
Дипломатияның сыртқы саясатқа қарағанда ұғымы тарлау, өйткені ол соңғыны жүргізудің бір тәсілі болып табылады. Сыртқы саясат дипломатиядан басқа халықаралық қатынастар жүйесінде әр түрлі тәсілдерді (мысалы, әскери тәсіл) қолданады. Ең басты айырмашылығы дипломатия сыртқы саясаттың құралы ретінде әскери күш қолданбауы (мысалы, келіссөздер, дипломатиялық хат аласу, кездесулер т.с.с.)
«Дипломатия» ұғымымен халықаралық дау–жанжалды реттеу немесе тоқтату, ымыраға келуді және өзара қолайлы шешімді іздеу, сондай–ақ халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету мақсатында келіссөз жүргізу өнерін де байланыстырады.
Дипломатияны жүргізу кәсіби шеберлікке байланысты. Сондықтан кәсіби дипломаттар іс жүргізудің ережелерін жетік меңгерумен қатар, келіп түсетін ақпараттарға сараптама жасай да білу керек. Сол сияқты делегацияның баға жетпес кеңесшісі де кәсіби дипломаттар. Сондықтан лекция барысында төмендегі мәселелер қарастырылады:
Қазіргі дипломатия ұғымы және оның ерекшеліктері. Дипломатия және сыртқы саясат. Дипломатия және халықаралық құқық, дипломатия және дипломатиялық құқық ұғымдарының ара қатынасы.
ХХІ ғасырдағы дипломатияның маңызы мен рөлі.
Дипломатиялық қызмет ұғымы. Оның дамуының негізгі кезеңдері. Дипломатиялық қызметті құқықтық реттеу. Дипломатиялық сыныптар мен рангтер.
Дипломатиялық кадрлар. Дипломатиялық қызметкерлерге қойылатын талаптар.
Мемлекеттің дипломатиялық қызметінің негізгі формалары мен әдістері.
Негізгі әдебиеттер: 1 ,2 ,5, 7, 11, 18, 19, 22, 32, 33, 36, 39
Қосымша әдебиеттер: 4, 11, 12, 17, 24, 25, 34,68