Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экономикалық теория пэні жоғарғы оқу орындарынд....doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
474.62 Кб
Скачать

3.Қазақстан экономикасы ауқымында тұтыну мен жинақтаудың д.М. Кейнсшілдік талдауы

Д.М. Кейнстің "Жұмысбастылық, пайыз және ақшаның жалпы теориясы" атты еңбегінде нақты өмірге қайшы келетін классикалық теорияның негізгі жағдайлары сынға алынады.

Біріншіден, Кейнс неокласикалық үлгіде көрсетілгендей, экономика оңайлықпен дамымайды, жалақы мен баға икемді емес, деп дәлелдейді.

Екіншіден, инвестициялық жинақтаудың және молшерлмелі пайыздың негізін қалаушыларының өзара байланысы күдік туғызған. Нәтижесінде Кейнс мемлекеттің араласуынсыз тепе-теңдікке автоматты түрде қол жеткізудің мүмкін еместігін негіздеген". Кейнс еңбекақыны төмендету есебінен толық ж^мысбастылық деңгейіне қол жеткізудің мүмкіндігіне сенбеді. Ол жұмыссыздықты есепке алмай еңбекақы төмендемейді және еңбек рыногы тепе-теңдік емес күйде қалады деп санады.

Кейнсиандықтар бойынша үкімет ЖҰӨ-нің осуіне мүмкіндік жасай алады және жұмысбастылық үшін өндірістік шығындарды арттырады, ал баға өндіріс көлемінің артуы жағдайында халық жұмысбастылығының артуы байқалады.

Макроэкономикалық пропорцияның оңтайлануына сұраныс және ұсыныс механизмі арқылы қол жеткізіледі. Бұл сұрақты капитал мен жұмыс күшінің иелеріне қатысты сұраныс пен ұсыныс үйлесімділігі мәселесін ескере отырып қарастырамыз. Фирмалар өнім ондіріп, осы үшін ақша алады да жұмыс күшіне деген сұранысты тудырады. Жұмысшылар өзінің жұмыс күшін ұсынып, осы үшін сыйақы алып ондірілген өнімге сұраныс тудырады. Фирмалар мен үй шаруашылықтарының өзара қарым-қатынасы негізінде тауар және қызмет көрсету рыногында жалпы ұлттық өнімді қор жинауға болу пропорциясы қалыптасады.

Тұтыну адамдардың материалдық және рухани қажеттілігін қанағаттандыруға

бағытталган тұтыну құндылығын жеке және ортақ тұтынуды білдіреді.

Құндық пішінде - ол халықтың материалдық игіліктерді сатып алуға жұмсаған ақша сомасы. Халық тұтынуы - экономика жағдайын анықтайтын негізгі компоненттердің бірі. Жинақтау -бұл табыстың тұтынылуы кейінге қалдырылған немесе қазіргі уақытта тұтынылмайтын бөлігі. Олар табыс пен ағымдағы тұтыным арасындағы айырмашылық. Қор жинау - болашақтағы өндірістік және тұтынушылық қажеттіліктерді қамтамасыз етуге байланысты үрдіс

Осыған сай, жинақтау - бұл инвестициямен байланысты экономикалық үрдіс; ағымдағы өндірістік және тұтынушылық қажеттілікке жұмсалу барысында пайдаланылмай қалатын, жинақталатын табыс бөлігі. Жинақтау фирмаларда да, сол сияқты үй шаруашылықтарымен де жасалады. Фирмалар өндірісті кеңейту және пайданы арттыру үшін қор жинақтайды. Үй шаруашылықтары көптеген себептерге байланысты: берекелі кәрілікті қамтамасыз ету және балаларына мүра қалдыру, жер, жылжымайтын мүлік сатып алу, материалдық игіліктерін қордалауга тырысады.

Жинақтау және инвестициялау бір-біріне байланыссыз түрлі экономикалық субъектілерге және түрлі себептерге байланысты іске асады.

Инвестициялауды және жинақтауды (сбережение) кейнсиандық талдау

Инвестициялар ел деңгейінде ұлғаймалы ұдайы өндіріс үрдісін анықтайды. Инвестицияның қайнар көзі жинақтау болып табылады. Бірақ, мәселе мынада, егер жинақтау бір ғана шаруашылық жүргізуші агенттерімен жүргізілсе, онда инвестициялар мүлдем баска шаруашылық жүргізуші субъектілерімен жүргізіледі.

Халық жинақтарының үлкен бөлігі инвестицияның қайнар көзі болып табылады. Бірақ та, бұл тұлғалар капитал құру, капитал жасау процесімен айналыспайды.

Инвестицияның қайнар көзі әрекет етуші түрлі фирмалардьщ қор жинауы қордалануы болып табылады. Мұнда "жинақтаушы" мен "инвестор" ұштасады. Бірақ, жалдамалы еңбек тұлғаларының жинақтаушы рөлі бірмезгілде кәсіпкер болмайды, жинақтаушы мен инвестициялау үрдісінің үйлеспеуі келтірілген себептерге байланысты экономиканы тепе-теңдіктен ауытқитын күйге әкелуі мүмкін.