Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экономикалық теория пэні жоғарғы оқу орындарынд....doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
474.62 Кб
Скачать

6. Циклді даму және кедейшілік-әлеуметтік құбылыс ретінде

Кедейшілік мәселесі бүкіл әлемдік дәрежедегі көңіл аударатын мәселеге айналуда. Мұндағы таңқаларлық жэйт - әлем дәрежесінде адамдардың өмір сүру жағдайы жақсарған сайын кедейшілік пен қайыршылық өсу беталуда. Жер шарында алты миллиард халық санының жартысына жақыны күніне 2 доллардың шамасында өмір сүреді, ал халықтың бестен бір бөлігі - 1 доллардың шамасында өмір сүруде.

Әлемде өте бай елдердің бірі - АҚШ. Бұл елдің байлыгы соншалық, тіпті өте кедей делінетін отбасылар басқа елдер тұргындарына қараганда жақсы түратын болуы мүмкін. Соганқарамастан, американдықтардың да шпнде, егер олар сырттан көмек алмаса, аш-жалаңаш жүретіндер болады. Тұрмыс жағдайы өте нашар отбасылары да кездеседі. Көшеде тұрып өмір кешетін, басында панасы жоқтар да табылып қалады.

АҚШ халқының 1990 жылы 14%-ы, яғни, шамамен әрбір жетінші тұрғыны кедейшілікте өмір сүріпті, 1979 жылғы американың бүрынғы түрғындарының деңгейінен төмен табыс тапқан. Көптеген адамдар жұмыссыз болғандықтан, пэтерақы төлей алмай элде тұрғын үйді жалдап алуға ақшасы болмай, үйсіздер қатарьша қосылуда. АҚШ-та жалпы есептеулер бойынша, 600 мыңнан 1 млн. айналасындағыдай адамдар үйсіз жүрген көрінеді.

Статистикалық мэліметтер бойынша Қазақстан халқының 32 пайызы күн көру минимумының нормасынан (айына 4,5 мың теңге) төмен күнкөрісте. Басқа сөзбен айтқанда, Қазақстан халқының әрбір үшіншісі жоқшылықтың зардабын, қиыншылығын көруде.

Қазіргі кезде кедейшіліктің деңгейін анықтауда біздің республикада біржақтылық байқалады, ол кедейшіл деңгейін тек табыс деңгейі арқылы анықтайды. Әлемдік дәрежеде бұл көрсеткіштен біртіндеп бас тартып, кешенді көзқарасқа көшу байқалады. Табыс деңгейінен басқа кедейшілік деңгейін анықтау үшін білім дәрежесін, денсаулығын, экология жағдайын ескеру қолданылуда.

Кедейлік дегеніміз - "қалыпты өмір сүру үшін материалдық ресурстардың жетіспеушілігінен пайда болган, қоғамның маңызды бір бөлігіне тән болып табылатын жағдай". Әлеуметтік құбылыс ретінде өндіріс тәсіліне қарамастан кедейлік барлық экономикалық жүйеге тән. Алайда, ЮНИСЕФ-тің бағалауы бойынша социализмнің экономикалық жүйесі қүлаганнан кейін экономикасы нарықтық қатынастарға багыт алған елдердің есебінен кедейлік кең өріс алды. Кедейліктің таралу өрісі бір елдерде 5-30%-дан 25-60%-ға өссе, тағы бір елдерде жоқшылықтың ең төменгі шегіне жетіп, ол 60%-га бағаланды. Кедейліктің кең өріс алып, тоқыраушылыққа ұшыратуы Бұұ-ның кедейлікті жою үшін күрес жөніндегі онжылдықты жариялауына негіз болды.

Қайта құру жылдарында бұл мәселе Қазақстанда да туындадыЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері бойынша 850 мың қазақстандықтар әлеуметтік көмек алады, бірақ, бұл кедейліктің шегінде өмір сүріп жатқан адамдардың санына сәйкес келмейді, яғни, соңғыларының саны өте көп.

Кедейлікті бағалаудың түрлі жолдары, критерийлері және көрсеткіштері бар. Кедейліктің жалпы критерий! ретінде жан басына шаққандағы табыс пен төменгі өмір сүру деңгейінің арақатынасы алынады. Сонымен бірге жан басына шаққандағы табыс пен елдегі орташа еңбекақының арақатынасы да алынады: жан басына шаққандағы табыс елдегі орташа еңбекақының үштен бір бөлігінен төмен болған жағдайда, мұндай табыс иесі кедейлер қатарына жатқызылады. Сол сияқты, еңбекақының отбасы шығындарының ішіндегі тамаққа жұмсалатын бөлігі бойынша да кедейлікті анықтайды: шығынының 70%-ы тамаққа жұмсалатын отбасы да кедейге жатқызылады. Халықаралық салыстырулар бойынша кедейлік бөлінген шығындардың белгілі бір пайыздық үлесі бойынша анықталады. Көбінесе, барлық орташа табыстың 50%-ын құрайтын екі ересек адамнан түратын үй шаруашылығы кедейліктің бастапқы деңгейіне жатқызылады.

Алайда бұл анықтағыштар кедейлікті түпкілікті бейнелей алмайды. Оның табиғи көрінісі жан-жақты. Оған халықтың сатып алу қабілетінің төменгі, оқудан тыс қалған балалардың саны, денсаулық деңгейі, білімділігі, орташа өмір сүру ұзақтығы, (өкінішке орай қарқынды өсіп келе жатқан ішкілікке, нашақорлыққа салыну, жезөкшелік, қылмыс сияқты) әлеуметтік жағдайдың төменгі шегі, көші-қон, т.б. жатады. Мысалы, Қазақстанның ең үлкен қаласы Алматыда 2001 жылы кедейліктің деңгейі мен құрылымы төмендегідей мэліметтермен сипатталған: халықтың 12,1%-ның табысы күнкөріс деңгейінің төменгі мөлшерінен де аз болған, ал жан басына шаққандағы табысы 10%- дан жоғары және 10%-дан төмен топты халықтың 7,5%-ын құраған, жұмысшылардың еңбекақысын төлеудегі салааралық

айырмашылықтар 8,2 есеге, жұмыссыздық деңгейі 10,8%-ға жетсе, әр 100 адамның қырығы өкпе қабынуы ауруымен ауырған, жүкті әйелдерінің 52,2% анемиямен ауырған, жаңа туған нәрестелердің әрбір төртіншісі түрлі аурулармен дүниеге келген.

Кедейлік түрғысынан алғанда, халықтың әлеуметтік жағдайы аса темен тобының құрамында оқитын және жұмыс істейтін жастар емес, балалар мен көп балалы отбасылар, ұзақ мерзім жұмыссыз болғандар, жалғызбасты қарт адамдар, мүгедектер, маргиналды топтар - үйсіздер, түзету мекемелерінен босағандар, босқындар, ауылдардан қоныс аударғандар бар. Маргиналды топтардың саны қала өміріне бейімделуі қиын болған, ауылдан қоныс аударушылар-дың, жұмыссыздардың, заңды және заңсыз қоныс аударушылар-дың, босқындардың, қайыршылардың, ішкіштердің, нашақорлар-дың, Т.б. есебінен көбейіп келеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» деген Қазақстан халқына 2004 жылғы 19 наурыздағы жолдауында елімізде кедейшілікті болдырмау жолын анықтай келіп, былай деген: "Түрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қолдау жөніндегі өзге де шаралармен қатар, 2005 жылдың соңына қарай 2003 жылдың басымен салыстырғанда күнкөрісі кедейшілік деңгейінен төмен азаматтарды әлеуметтІк қолдау жөніндегі өзге де шаралар, 2005 жылдың соңына қарай 2003 жылдың басымен салыстырғанда, күнкөрісі кедейшілік деңгейінен төмен азаматтар саны екі есе азаюы тиіс".

Әрине, кедейлік мәселесін шешу - өте күрделі әрі ұзақ мерзімді іс. Адам өздігінен нарықтық жағдайларға бейімделе алмайды. Қазіргі жағдайда, кәсіпорындар шарт пен әлеуметтік серіктестік қарастырған шаралар негізінде ғана әлеуметтік қызмет атқарады. Жұмысшыларды әлеуметтік қорғауды күшейту шығаратын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді, сондықтан халыққа әлеуметтік қолдау көрсету жоніндегі шығындардың айтарлықтай бөлігін мемлекеттік органдар, сонымен бірге жергілікті органдар көтереді. Бұл мәселелерді шешу барысында олар негізгі құрал ретінде әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды пайдаланады.

Қазақстанда қазіргі кезеңде экономикалық өсу негізінде

халықтың тұрмысын жақсарту мақсатында 54 мемлекеттік және салалық бағдарлама қабылданып, жүзеге асырылып жатыр. Аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамыту жөнінде қабылданған бағдарламалардың тізімі өте кең және сан түрлі. Сонымен, соңғы 3-4 жылда Алматы қаласы бойынша мемлекеттік және жергілікті деңгейде қабылданған бағдарламалар:

2003-2010 жылдарға арналған Алматы қаласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы;

2003-2005 жылдарға арналған Алматы қаласы халқын жұмыс-пен қамту бағдарламасы;

1999-2003 жылдарға арналған Алматы қаласы мүгедектерін қолдаудың кешенді мақсатты бағдарламасы;

2001-2005 жылдарға арналған Алматы қаласындағы мемлекеттік демографиялық саясат бағдарламасы;

2001-2005 жылдарға арналған Алматы қаласындағы мемлекеттік көші-қон саясатының бағдарламасы;

2003-2004 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламасы;

2001-2006 жылдарға арналған Алматы қаласындағы білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы;

Алматы қаласы халқының денсаулығы жөніндегі бағдарлама;

2002-2005 жылдарға арналған ана мен бала денсаулығын қорғау бағдарламасы;

"Алматы қаласы халқының зақымдану жағдайларының алдын алу және оларды азайту" бағдарламасы; "Диабет" бағдарламасы;

2002-2003 жылдарға арналған Алматы қаласының әлеуметтік-мэдени саласын дамыту бағдарламасы;

2003-2005 жылдарға арналған көлік пен коммуникацияны дамытудың кешенді бағдарламасы;

1999-2015 жылдарға арналған қала экологиясын сауықтыру-дың "Таза ауа - жанға дауа" бағдарламасы.

Әлеуметтік мәселелерді бағдарламалар негізінде шешу 1991 жылы еңбекпен қамту жөніндегі органдар мен оған мүдделі министрліктер халықты еңбекпен қамтудың республикалық бағдарламасын жасап, үкімет бекіткен кезден басталған. Сол

бағдарлама мен сол сияқты басқа да бағдарламаларда жыл сайын еңбекпен қамту саясатының негізгі бағдарламалары мен басымдықтары, жұмыссыздарды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қолдау шаралары, қоғамдық жұмыстарға тарту, жаңа кәсіпке үйрету немесе кәсіби біліктілігін көтеру үшін жұмыссыздардың нақты саны анықталып, осы жұмыстарды жүргізуге арналған қаражаттар қарастырылды.

Өкінішке орай, 1998 жылдан бастап халықты жұмыспен қамту туралы Заңдағы бапты ешкім алып тастамаса да, жұмыспен қамту туралы республикалық бағдарламаны әзірлеу тоқтап қалды, ал еліміздің еңбек рыногындағы жағдай бүрынғысынша күрделі болып қала берді - жұмыс күшіне деген сұраныстан ұсыныс көп болды. Аймақтық деңгейде еңбек және жұмыспен қамту органдары аймақтық бағдарламаларды әзірлеуін жалғастырып, оларды мэслихаттар мен әкімдіктер бекітті.

Кедейлік пен жұмыссыздықтың өзара байланысын ескере отырып, 2000 жылы 3 маусымда бекітілген 2000-2002 жылдарға арналған кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарламаның мақсаты 1999 жылмен салыстырғанда кедейлікті 8,7%-ға қысқарту және жер-жерде жұмыспен қамту саясатын белсенді жүргізу есебінен жұмыссыздық деңгейін төмендету: соның ішінде, әр отбасының кем дегенде бір мүшесін жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру, тұрмысы нашар азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.

Бағдарлама еңбек рыногындағы мәселені айқындап беретін төмендегі факторлар деген түжырымға негізделіп жасалады:

- мемлекеттік ұйымдарды жекешелендірудің жалғасуы, аграрлық сектордағы қайта құрулардың күшеюі;

-бюджеттік саладағы қайта құрулар, мемлекеттік қызметтің кейбір бөлігінің жеке секторға берілуі;

- банкроттық шараларын жеделдету және жұмыс күшін босату арқылы жағдайы нашар өнеркәсіптерді тарату;

-жоғары технологиялық жаңа және тиімді өндірістерді, инфрақұрылымдық объектілерді құру үшін шетелдік тікелей инвестиция мен сыртқы қарыздарды елімізге тарту арқылы

инвестицияның белсенділігін арттыру;

-импортты ауыстыру, жаңа жұмыс орындарын қалыптастыруға мүмкіндік беретін тұрғын үй құрылыстары бағдарламаларының белсенділігІн арттыру;

- 2005-2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын табысты түрде жүзеге асыру және микрокредит беру бағдарламасын кеңейту;

Осы бағдарлама мен оны дамытуға арналып эзірленген аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру барысында жергілікті еңбек нарығында 35 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық саны 20 мың адамға кеміді. Көп балалы отбасылар, жүкті эйелдер мен жас нәрестелі аналар, ұзақ уақыт бойы жұмыссыз отырған адамдар басым түрде әлеуметтік көмек алды. Жергілікті органдар бұл жұмысқа бұқараны тартып, тұрғын кварталдарының, шағын аудандардың, көше, ауыл, ардагерлер кеңестерінің өкілдерінен, ЖТҚ мүшелерінен түратын учаскелік комиссиялар кұрды, адрестік әлеуметтік көмек көрсетуде олардың пікірлері ерекше ескерілді.

Қазақстан Республикасында 2003-2005 жылдарға арналған кедейлікті азайту жөніндегі Мемлекеттік бағдарлама қабылданғаннан кейін де бұл жұмыс өз жалғасын тапты. Бұл бағдарлама бүрынғысынан аса нақтылығымен, жан-жақты әзірленгенімен және оны жүзеге асыру үшін тек мемлекеттік органдар ғана емес, қоғамдық ұйымдар мен қалың бұқараның тартылуымен ерекшеленеді. Бұл бағдарлама экономикалық өсу негізінде кедейлікті азайту, халықтың табысын арттыру, кедейлер-дің емделуге, денсаулықтарын арттыруға, білім алуға деген мүмкіндіктерін кеңейту, сонымен бірге қоғамдық институттарды тарту арқылы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру сияқты бүрынғы мақсаттарды көздей отырып, әлеуметтік қорғаудың аса жоғары параметрлерін қарастырды: кедейлікті 33%-ға, жұмыссыздықты 7,8%-ға, өкпе ауруынан қайтыс болу деңгейін әр 100 мың адамға шаққанда 23-ке, балалар өлімін жаңа туған әр мың баланың 18,6-ға, ана өлімін әр 100 мыңның 49,6-на азайту.

Экономиканы дамыту - кедейліктен алып шығатын ең маңызды шарт. Мұны мынадай мысалдан көруге болады: соңғы жылдары тұрақты экономикалық өсу көзделіп отырған Алматы қаласында өнеркәсіп кешені өркендеп келеді, соның нәтижесінде жұмысшы күшіне деген сұраныс артуда. "Сайман", "Іскер", "АЗТМ", "Ырысты", "Белкамит", "Обис", АХБК сияқты кәсіпорындардың техникалық қайта жабдықталуы (барлығы 56 кәсіпорын) өнеркәсіп саласында 4 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді, инвестиция саласы қарқынды дамып келеді: инвестиция көлемі екі есе өсті, көлік пен байланысты, тұрғын үй құрылысын, сауданы дамытуда инвестицияның үлесі артып, жұмыспен қамту мен кедейлікті азайтудың алғышарттары жасалды.

Жұмыс орындарын қалыптастырып, кедейліктен алып шығуда тұрақты дамуы арнайы бағдарламамен колдау тауып отырған шағын кәсіпкерліктің үлесі де зор. Қалада 161 мыңнан астам адам жұмыс істейтін 25 мыңнан астам шағын кәсіпорындар бар. Қалада өндірілетін өнімнің үштен бір бөлігі шағын кәсіпкерліктің үлесінде. Алматыда құрамынна 38 кәсіпорынды біріктіретін бизнес-инкубаторы бар өндіріс аймағын құру туралы тұжырымдаманың арқасында өндіріс секторының - өнеркәсіптің, көлік қүрылысының және байланыс саласының өсу қарқыны байқалып отыр.

Шағын бизнестің тұрақты дамуы қала бюджетіне түсіп, әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсауға мүмкіндік беретін салықтың орта есеппен 30%-ға өсуін қамтамасыз етеді. Экономикадағы ілгерілеушіліктер халықтың ақшалай табысының, күнкөріс деңгейінің және халықты әлеуметтік қорғауға бөлінетін қаражаттың өсуіне негіз болды. Сонымен, 2001 жылы халықтың орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 2,7 есе артты, жұмысшылардың орташа айлық еңбекақысы 4,3 есе өсті. Халықтың жан басына шаққандағы табысы 25,7%-ға артты. Бұл қарқын бүгінгі кезеңде де сақталып отыр.

Кедейліктің деңгейі көбінесе адамның еңбек рыногындағы мәртебесіне де байланысты. Қазақстандағы кедейлердің құрамына, әсіресе, жұмысқа қабілетті жастағы жұмысқа жарамдылар арасында, жұмыссыз қалғандар мен тұрақсыз әрі төмен ақылыжұмысқа ауысқандар кіреді.

Халықаралық беделді ұйымдар жұмыспен қамту саласындағы саясат жөніндегі 1964 жылғы конвенцияға бағынатын мемлекеттер мен халықаралық қоғамдастықты жаппай жұмыспен қамту туралы міндеттеме қабылдауға шақырады. Егер барлық елдер өздерінің ұлттық саясатында жаппай жұмыспен қамтуға баса көңіл бөлсе, макроэкономикалық саясатты үйлестіру және валютаны ауыстыру бағамын реттеу жеңіл болып, бұл экономиканың өсуіне қосымша мүмкіндіктер берер еді.

Көптеген елдер мен халықаралық ұйымдардың тануы бойынша өзекті саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді шешуде біздің еліміз де көшбасшы бола алар еді.

Еліміздің көңіл қуантарлық макроэкономикалық көрсеткіш-тері: жалпы ішкі өнімнің орташа даму қарқыны 2000-2002 жылдары 10%-дан асты, алтын валюта қорының өсімі 7,5 миллиард долларға, шетелдік инвестиция 21 миллиард долларға жетті, ішкі инвестицияның сыртқы инвестициядан артуы экономиканың тұрақты өсуіне мүмкіндік беріп, соның нәтижесінде 7,1 миллион адам жұмыспен қамтылды, оның 1,5 миллионын жұмыспен шағын бизнес қамтамасыз етіп отыр. Алайда жұмыспен қамту мәселесі әлі де күрделі болып қалып отыр.

Тұрақты жұмыссыздықты 6 айдан 12 айға дейін ұзақ мерзім жұмыссыз отырғандар құрайды, олардьщ үлес салмағы Алматы қаласында соңғы жылдары ер адамдар арасында 12,3-тен 12,2%-ға, ал эйелдер арасында 6,5-тен 24,9%-ға өсті. Жыл сайын олардың жұмыспен қамтылғандар қатарына қосылу мүмкіндігі аз, себебі олар арнайы даярлықтан өткен жұмысшылармен бәсекеге түсуге қабілетті емес.

ұзақ жұмыссыздық аймактық еңбек рыногында жұмыс берушілердің жұмыс күшіне деген сұранысы артса, нақты азаюы мүмкін.

Жұмыспен қамтудың аса тиімді нысандарының бірі -бағдарлама негізінде еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органының қатысуымен жергілікті атқарушы органдардың жанында ұйымдастырылған қоғамдық жұмыстар.

Қоғамдық жұмыстардың аймақтық ерекшеліктерін анықтайтын факторлар аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға, инвестициялық мүмкіндіктер мен қосымша жұмыс орындарын ашуға арналған қаржыға байланысты.

Жұмыспен қамтудың осы түрін жетілдіру үкіметаралық келісімге мүмкіндік берді, соған сәйкес 1999-2000 жылдары Қазақстанда "Еңбек нарығы және жұмыспен қамту саясаты" атты Қазақстан-Германия жобасы жүзеге асырылды. Оның негізгі мазмұны Алматы және Талдықорған қалалары бойынша қоғамдық жұмыстардың тиімділігІн арттыру шараларын ұйымдастыру болды. Бұл жобаның жаңашылдығы - қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға ғылыми-өндірістік бірлестіктердің қатысуы, оларға білІкті мамандарды тарту, осы секторда жұмыспен қамтудың ұзақтығы, еңбекақының біліктілік бойынша теңестірілуі және менеджменттің ерекшелігі (нақты жұмыстардың орындалуына жұмыссыздар қатарынан алынған мамандар жетекшілік жасады). Нәтижесінде жинақталған тәжірибе еліміздің басқа да көптеген аймақтарына таратылды.

Қазіргі кезде қоғамдық жұмыстар бағдарламасы кедейлікпен, халықтың жұмысқа орналасуы аса қиын болып табылатын топ арасындағы жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарламаның кұрамдас бөлігі болып табылады, сондықтан оларды мынадай бағытта максатты түрде жетілдіру қажет: қоғамдық жұмыстардың нақты сектордағы түрлерін кеңейту (мысалы, Америкада қоғамдық жұмыстардьщ тізімінде жолдар мен түрғын үй қүрылыстары болған); жұмыссыздардың еңбекақысына қойылатын шектеуді алып тастау; қоғамдық жұмыстарды аса ұзақ мерзімге - бір жылға дейін үзарту; қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың төлемдерін әлеуметтік төлемге қосу және әлеуметтік салықтан босату. Бұл ұсыныстарға маслихаттардың қоғамдық жұмыс аймақтарындағы көлемін кеңейтіп, жұмыссыздар арасындағы оның тиімділігі мен танымалдылығын арттыратын шешімдері нормативтік сипатты иелене алады.

Еңбек рыногын реттеуші дамыған нарық елдеріндегі билік органдарының басты мақсаты - жұмысшылардың білімі. Мысалы,

американдықтардың түрмысының жақсы болуының себебі мынада: олардың білімі жақсы болғандықтан еңбектері жоғары бағаланады. "Білімді" еңбек рыногы жақсы жұмысшы мен жақсы жұмыс берушінің кездесуіне көмектеседі. Біздің елімізде орын алатын бірнеше қарама-қайшылықтар бір жағынан, үлттың жоғары білімділігімен, екінші жағынан, арзан жұмыс күшінің ағылып келуімен түсіндіріледі. Біріншісі, шындыққа жанаспайды, себебі жоғары білімді жұмысшылар айына 20-30 мың теңге ала алмайды, ал олардың еңбегі одан да жоғары болуы тиіс.

Жоғары білімді ұлт үшін барлық деңгейдегі соған сәйкес білім жүйесі керек. Бұл жалпы білім беретін мектептен басталуы қажет, себебІ жаңа Қазақстан тарихының алғашқы онжылдығында мектептердің саны 438-ге қыскарып, соның салдарынан сыныпта-ғы оқушы саны күрт өсіп, сабақ бір уақытта бірнеше сынып оқушыларымен оқытылатын аралас сыныптар пайда болды және бұл білім сапасына кері әсер етті.

Жұмыс берушілер жаңа және бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндіктері бар білімді де білікті жұмыс күшІ мен мамандарға мұктаж бола отырып, адами капиталға инвестиция салудан бас тартады, сөйтіп, олар бұл істің ең табысты екенін естен шығарьш алды. Мамандарды даярлаудан іс жүзінде бас тарта отырып, олар өз хабарландыруында дипломды, тәжірибелі жұмысшыларға сұраныс жасайды. Егер кәсіпорын басшылары өндірістен қол үзбей оқитын студенттерді сабаққа және сессияға қиындықпен жіберетін болса, жұмысқа талаптанушы мұның бәрін қайдан алады деген сұрақ туындайды.

Қазіргі заманғы жалпы білім беретін мектептердің ерекшелігі - жеке мектептерде ғана емес, мемлекеттік мектептерде де байлардың балалары оқымайтындықтан, "күнәні" табыстары орташа және темен адамдар бастан өткереді. Жергілікті билік орғандары бұған көз жұмып қарамаулары керек, керісінше, бұл тәжірибемен экономикалық әдістер арқылы күресулері қажет: ата-аналардан жиналатын алымдар есебінен бюджеттен қаржыландыруды төмендету және осы мөлшерде мектеп басшыларына айыппүл төлету керек.

Жоғары білім беру жүйесінің бөлінбес бөлігі больш табылатын мемлекеттік емес жоғары оқу орындары нашар отбасылардан шыққан жақсы оқитын студенттерге арнайы қолдау көрсету немесе кедей отбасынан шыққан студентке берілетін жеңілдікке байланысты оқу орнының салық салу базасын төмендету. Бұл профессорлық-оқытушылар құрамының саны жөнінен шағын бизнес субъектісі больгп табылатын жеке оқу орындарында мамандар даярлауда мемлекеттің қосар үлесі және қолдауы болады. Мемлекеттік тапсырыспен бірге бұл шараның да мамандар даярлаудың сапасын нарық талабына сәйкес арттыруда маңызы зор.

Жұмыспен қамтуды кеңейту бағытында жұмыспен қамту туралы Заңды да жетілдіру қажет. Өйткені бұл заңның әр жаңа басылымында жұмыспен қамтуды және жұмыссыздарды қорғауды қамтамасыз ететін құралдардың азайып келе жатқанын көруге болады. Олардың саны 12-ден 4-ке дейін қысқарды.

Бірқатар шет елдер тәжірибесінде жұмыспен қамту жөніндегі тікелей және жанама шаралармен бірге, жергілікті билік органдарының басшылық қызметтеріне үміткерлер бағдарлама-сында жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселелерін шешу жөніндегі шаралар қарастырылады. Бұл тэжірбиені біздің елімізде де қолдануға болар еді.

Жұмыссыздардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыруға жыл сайын есепте түрғандардың 20-30%-ын қамтитын кәсіпке оқыту және қайта даярлау жұмыстары мүмкіндік береді. Оқыту мен қайта даярлау еңбек рыногының талабына сәйкес және еріктілік принципін сақтай отырып жүзеге асырылады. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін оқу бағдарламалары білім беру органдарының аймақтық біліктілікті арттыру институттарымен келісіліп жасалады. Жұмыссыздарға қолдау көрсетудің бұл бағытын келешекте жетілдіру - мамандықтар бойынша кадрларға деген қажеттілікті анықтаудың әдістемесін жасауды, сонымен бірге, жұмыссыздарды оқытатын мекемелер арасында байқау жүргізу түрінде анықтау шараларын ұйымдастыруды қажет етеді. Жұмыссыздарға оқу кезеңінде стипендия төлеуді қалпына келтіруойға сыйымды болар еді, бұл олардың біліктілігін көтеруге деген ынтасын арттыратыны сөзсіз. Сонымен бірге, оқу дегеніміз -тұрмысы нашар отбасыларға ақы төлеуді қажет ететін еңбек.

Көптеген қалаларда шағын несие беру негізінде жұмыссыздарды жұмыспен қамтуды қамтамассыз ететін жақсы тәжірибе бар. Мысалы, Алматыда тұрмысы нашарларға халықаралық ұйымдар (ТАСИС, ПРООН, Техникалық қызмет жөніндегі неміс қоғамы), қоғамдық ұйымдар ("Мөлдір" әйелдер қауымдастығы), сол сияқты тұрмысы нашар отбасыларды қолдау жөніндегі қалалық қор мен кәсіпкерлікті дамыту қоры гранттар бөледі. Шағын несие беру жүйесін дамыту кейбір кемшіліктерді жоюды қажет етеді: нақты нормативтік базаның жоқтығы, бөлінетін қаражаттың жетіспеушілігі, оларды қайтару ісінің жан-жақты жетілдірілмегені, ұсынылатын ресурстардың тиімсіз пайдаланылуы.

Жұмыссыздыққа қатысты жағымсыз жағдай түрлі факторлардың әсерінен пайда болады, соның бірі мамандарды даярлаудағы теңсІздік. Статистикалық мәлімет бойынша Қазақстан-да бір жұмысшыға бес жоғары білімді маман келеді. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдарының мэліметтері бойынша жекелеген аймақтардағы жоғары оқу орындары мен колледждер тапсырыстан 40 есе артық заңгерлер мен 50 есе артық экономистерді даярлайды екен. Ал, қүрылыс пен өндіріске даярланатын мамандардың саны күрт азайған. Ауылдарда кәсіби механизаторлар мен тракторшылар тапшы болып отыр.

Бул үкімет пен жергілікті билік органдарының еңбек нарығын реттеуді күшейтуіне қажетті айғақтардың бірі. Еңбек ресурстарын пайдалану тәжірибесінің өткенінен алуға болатын жағымды жақтар да бар. Олар: аймақаралық ақпарат алмасулар ұйымдастырылып, аудандар, қалалар, облыстарда салалар бойынша маманға деген сұраныстар болжанып, соның нәтижесінде, бүрынғы кезде кәсіптік бағдарлау жұмыстары жүргізіліп, жұмысшы мамандар даярланып, жұмыс күші бөлінген. Мүлдай жұмыстарды жұмыспен қамту қызметтері компьютер, факс, көшіру техникасынсыз жүзеге асыра алған. Ал, қазіргі заманға сай ұйымдастыру техникасы бар жұмыспен қамту орган дары еңбек рыногына икемділік беретін мұндай мәселелерді шешумен айналыспай отыр. Әрине, бұл олардың жұмысына басқаша көзбен қарауды талап етеді: сұранысты анықтаудың ең сенімді әдістерін жасау, жұмыс берушілермен, аймақтық статистика, экономика және бюджеттік жоспарлау органдарымен өзара байланысты және жергілікті билік органдары тарапынан қолдауды күшейту.

Еңбек рыногындағы конъюнктураның жақсаруы жұмыспен қамту туралы Заңға Қазақстан аумағында шетелдіктерді жұмысқа тарту тәртібі мен жергілікті билік органдарына жұмыс күшін экелуге квота белгілеу қүқығын беру сияқты өзгерістерді енгізуге мүмкіндік береді, бұл еңбек рыногын тұрақтандыруда жергілікті билік органдарының рөлін арттырары сөзсіз.

Жергілікті өкілетті және аткарушы билік органдары бағдарлама негізінде жұмыспен қамтуды реттеу ісінде айтарлықтай тлжірибе жинады. Бағдарламалардың жетістігі туралы сөз ете келе, оларды жетілдіру жөніндегі ұсыныс ойларымызды айтқымыз келеді. Бағдарламаларда қамтылмаған мәселелердің бірі - аймақтық нарықтың параметрлерін төмендету. Сонымен, ухынылған жұмысшы күшін жұмыспен қамту қызметіне тіркелген тұлгалардың Свнымен бағаланады, ал кәсіпорынға тікелей барғандар есепке алынбайды. Соңғыларының саны делдалдарға тіркелгендердің Свнынан 2-3 есе көп. Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің әсер і-іу тетігі болмағандықтан, жұмысшы күшіне деген сұраныс элі де ізаюы мүмкін. Себебі олардың құрылымында маманға сұраныс, ІЖПСырыс беретін инспекциялар жоқ.

Аймақтық бағдарламаларда белгіленген шаралар жоғарыда имі.ілғандай, мүмкіндіктері шектеулі жұмыспен қамту қызметтері-ІИ ғана қатысты. Ал нақты жұмыспен қамтамасыз ететін жұмыс берушілердің рөлі туралы айтылмайды. Бағдарламаларда нарықтық врдегі жұмыспен қамту, еңбекті төлеу және еңбек шарты туралы елелерде рөлі жоғары болып табылатын кәсіподақтардың да "үй Гіпсырмалары" көрсетілмеген.

Бағдарламаларда аймақтық деңгейдегі түрлі салалардағы жаңа іыс орындары туралы болжамды мэліметтер берілсе, олардыңмазмұны әсерлі болар еді. Аймақтар деңгейі, құрылымы жағынан бІр-бірінен ерекшеленгенімен, бағдарламалардың мазмұндары өте ұқсас. Біздің ойымызша олар өзекті мәселелердің жетілдірілуімен ерекшеленуі тиіс. Мысалы, жұмыссыздық деңгейі облыстан да жоғары аудан, қалалардағы жетілдірілуімен ерекшеленуі тиіс. Мысалы, жұмыссыздық деңгейі облыстан да жоғары аудандар мен қалалардың бағдарламаларында жаңа орындар көбірек қарастырыл-ып, жергілікті бюджеттің қаражаты осындай аймақтардың пайдасына бөлініп отыруы қажет.

Республикалық бағдарламада аймақтық еңбек нарықтарының ерекшеліктері айқындалып, олардың жұмыспен қамтылу деңгейі топтатылып, жұмыссыздықтың табиғи және накты деңгейі жұмыс беруші - кәсіподақ - үкімет сияқты үш жақ бойынша болжануы ойға қонымды болар деп есептейміз. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен келісуге болады, ал одан жоғары болған жағдайда оны қысқартып, бағдарламаларда ол туралы түсініктеме берілуі тиіс. Сонда ғана бағдарламалардан күтілетін нәтижелер экономикалық түрғыдан негізделіп әрі жоғары болар еді.

Төменгі тиімділік шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың аймақтық бағдарламаларына да тән. Мысалы, 1997-1998 жылдарға арналған осындай бағдарламада Алматы қаласы бойынша 854 жұмыс орнын ашу қарастырылған. Кейінғі бағдарламаларда осы аймақ бойынша ашылатын жұмыс орнын ашу қарастырылған. Кейінгі бағдарламаларда осы аймақ бойынша ашылатын жұмыс орындарының саны көрсетілмеген. Бұл аймақтык бағдарламаларды жасау әдісін жетілдірудің қажеттілігін көрсетеді, яғни, бағдарламаға енгізілетін көрсеткіштерді нақтылау керек, бұл олардың орындалуын бақылауға мүмкіндік береді.

Кедейлікті азайтудың маңызды бағыттарының ішінде табыс пен еңбекақы саясаты бар. 2003 жылдың 9 айындағы халықтың ақшалай табысының бір адамға шаққандағы орташа мөлшері 83725 теңгені құрап, өткен жылдың осындай кезеңіндеғі көрсеткіштен 14,7 % атаулы, 7,2 % нақты мөлшерде өсті. Аймақтар бойынша ең жоғары өсім Астана қаласында, ең төменгі өсім Оңтүстік Қазақстан облысында байқалды. Халықтың негІзгі табыс көзі республика

бойынша 72%-ды құрайтын еңбекақы болып табылады, ол Маңғыстау облысы бойынша ақшалай табыстың 84%-ын құрайды. Көптеген мемлекеттер кәсіпорындарды акционерлендіруге қарамас-тан, құнды қағаздардан түскен дивидендтер табыстың нақты өсу көзіне айналмады. Жалдамалы жұмысқа алынғандардың еңбекақыдан басқа табыс көзі болмағандықтан, оның деңгейі нарықтық болуы қажет. Ал еңбекақы үлесі өнім құнының Ю-15%-ын қүраған бүгінгі жағдайда, ол нарықтық қана емес, кеңестік деңгейден де алшақ жатыр. Экономиканың нарықтық секторы жұмысшылардың осьшдай еңбекақы мөлшерімен сатып алу қабілеттілігінің, бизнес мүдделі болып отырған тауарлар мен қызмет түрлеріне деген сұраныстың ешқашан жоғары болмайтынын мойындауы қажет сиякты.

Біздің ойымызша, өнімнің бәсекелік қабілеттілігін төмендетеді деп еңбекақының өсуіне кедергі жасауға болмайды. Тауар мен қызмет түрлерінің бәсекелік қабілеттілігін еңбекақы қорын үнемдеу есебінен ғана емес, сонымен бірге, тарифте көрсетілген пайданың мөлшерін азайту арқылы да арттыруға болады, өйткені бизнесте пайданың жоғарғы шегі болмайды: габиғаттың жоқшылықтан қорқатыны сияқты, капитал табыстың жоқтығынан немесе тым аз пайдадан көркады. Жеткілікті табыс болған жағдайда капитал батылдана түседі. 10 пайыз табыс габыңыз, сонда капитал барлық қажеттілікке қолдануға келіседі, табысыңыз 20 пайыз болса, ол өте батыл болады, 50 пайыз болса барлығына басын тігуге әзір, 100 пайыз болса, барлық адамдық заңды бағындырады, 300 пайыз болса ол бас тікпейтін қылмыс ІКОқ" (Т.Дж.Даннинг. Тред-юнионы и стачки. Лондон, 1860, 35, 36).

Пайда халықтың сатып алу қабілетін төмендетіп, кейбіреуін Кедейлікке үшырататын баға факторының есебінен де артады. Яғни, баға кез келген экономикалық конъюнктурада өсетіні белгілі: экономика қүлдыраған немесе дамыған жағдайда, өнім жақсы немесе жаман болған жағдайда, теңге бағамы өскен немесе түскен жағдайда. Әдетте бұл тауарөндірушінің немесе сатушының, алушушының мүддесін ұмытып, өзінің экономикалық мүддесін ойлауымен түсіндіріледі. Біздің ойымызша пайданың, әсіресе, еңбекақыны төмендетіп, бағаны өсіру есебінен өсуінде қандай да бір шек болуы қажет және ол кәсіпорындарға да тиімді болуы керек. Мұндай шексіз пайданы тұрмысы нашар отбасыларды қолдау үшін жергілікті бюджеттерге аудару қажет.

Сөйтіп, Қазақстанда бағдарламалар негізінде кедейлікті басқарудың белгілі бір тәжірибесі жинақталды. Бағдарламаларды эзірлеу әдістемесін жетілдіру, онда күтілетін нәтижелерді нақтылау, солар арқылы қаржыны анықтау - оларды әлеуметтік саланы реттеудің тиімді құралына айналдырары сөзсіз.