- •Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •1.5. Пәннің мазмұны:
- •1.5. Пәннің мазмұны:
- •1.6. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •1.7. Пәнді оқытудың міндеті:
- •1.8.Тапсырмалардың түрлері және оларды орындау мерзімі
- •1.9. Тапсырмаларды орындауға ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •1.10. Студенттердің білімін бағалау жүйесі
- •Аралық аттестацияға арналған сұрақтар
- •1.11 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1. Сабақ түрлері бойынша сағат бөлу
- •Өндіріс және оның ерекше формалары
- •Ресурстар
- •Өндіріс процесі мен тұтыну процесі
- •Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары
- •Жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қызмет факторлары
- •Кәсіпкерлік және кәсіпорын
- •Меншік - экономикалық категория
- •Меншік және иемдену заңдары
- •Экономиканы реформалау және ондағы меншіктің орны
- •Даналар сөзін тыңдайық
- •Дәстүрлі қоғамның негізгі белгілері және Қазақстандағы реформа туралы
- •Тауар, оның қасиеттері және функционалдық формалары
- •Тауар және оның құны
- •Ақшаның қызметтері
- •Мировые деньги
- •Тауарлық өндірістің экономикалық заңдары. Баға игілігі
- •Бағалар және тарифтер
- •Бағалардың қалыптасуы, түрлері
- •Бағалардың түрлері
- •Нарықтық қатынастардың теориялық негіздері
- •Нарық қызметтерінің шарттары
- •Нарықтық экономиканың элементтері, қызмет ету принциптері
- •Нарықтың құрылымы
- •Нарықтың түрлері
- •Нарықтық экономиканың үлгілері
- •Нарықтық экономиканың үлгілері
- •Вексель
- •Нарықтық экономиканың үлгілері
- •Нарықтық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •Кәсіпкерліктің негізгі формалары
- •Фирманың көлеміне қарай бөлінуі
- •Менеджменттің төрт қызметі
- •Фирманы басқару
- •Маркетинг: мәні, қызметтері, принциптері
- •Фирма ішіндегі маркетингтік жоспарлау
- •Кәсіпкерлік капиталдың қалыптасу көздері
- •Шығындар теориясы
- •Пайда және оны белгілейтін факторлар
- •Макроэкономика-өзара байланысты өндірушілердің және тұтынушылардардың жиынтығы
- •Жұмыссыздық және оның түрлері
- •III. Аралық бақылау жұмысы.
- •2.3. Сөж мазмұны
- •2.4. Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Өздік бақылау жұмыстарының жауаптары:
- •Глоссарий
1.9. Тапсырмаларды орындауға ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер:
-
Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. Экономикалық теория. – Алматы: Экономика, 2003.
-
Әкімбеков С.С., Баймұхамбетова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. – Астана: 2002
-
Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы. Алматы: «LЕМ баспасы», 2007.
-
Дәуренбеков А.Н. Қазақстан өнеркәсібінің индустриялық деңгейін көтерудің экономикалық механизмі: – Алматы: Экономика, 2005.
-
Ералы А.Қ., Қабылбеков М.Г. Кәсіпорын экономикасы, ҚазҰТУ, 2004.
-
Мамыров Н.К., Тілеужанова М.А. Микроэкономика. – Алматы: Экономика, 2003.
-
Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы. – Алматы: Экономика, 2003.
-
Оразалин К.Ж., Есайдар У.С., Төлегенов Б.Т. Кәсіпорын экономикасы. – Алматы: АТУ баспасы , 2003.
-
Жалғасбаев А.А. Кәсіпорын экономикасы. – Алматы: Эверо баспасы, 2003.
-
Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі. Алматы: Білім, 1994.
-
Уәлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. Алматы, «Ғылым»,1988
-
Қалиұлы Б.Жалпы тіл білімі, Алматы: Қазақ университеті, 2006.
-
Бектаев Қ.Орысша-қазақша сөз тіркестері сөздігі. Алматы: Мектеп, 1989
-
Руссо-казахский словарь. 1-2 том, Алматы:Арыс, 2007
Қосымша әдебиеттер:
-
Налоговый кодекс – Закон РК «О налогах и других обязательных платежах в бюджет». - Алматы: Юрист, 2002.
-
Қазақстан Республикасының заңдары.
-
Сәбден О. Тоқсанова А. Шағын кәсіпкерлікті басқару. – Алматы: «Ақиқат» 1996.
-
Қалдыбаев О.Теміров Е. Нарықтық экономикалық анықтамалығы. Алматы «Бастау» 1993.
-
Экономикалық реформалар. –Алматы: Экономика, 1999.
-
Ильясов К.К., Саткалиева В.А. и др. Государственный бюджет: Учебник.- Алматы: РИК, 1994.
-
Мельников В.Д. Государственное финансовое регулирование экономики Казахстана. – Алматы: Қаржы-қаражат, 1995.
-
Интернет материалдары
-
Арнаулы басылымдар
-
Күзекова З., Қарақұсова Г. Қазақ тілі. Алматы: Раритет. 2001
1.10. Студенттердің білімін бағалау жүйесі
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың барлық курс пен барлық пәндері бойынша студенттердің білімін тексеруде рейтингтік бақылау қолданылады. Пайыздық-рейтингтік жүйеде іске асырылатын білімді бағалау туралы мәліметтер бақылаудың барлық түрі көрсетілетін меже түрінде беріледі.
Қорытынды бақылау кезінде мамандық бойынша жұмыс оқу жоспарымен сәйкес пайыз бөлудің (1-кесте) үш нұсқасының бірі ғана таңдалынып алынады.
Мамандық бойынша оқу жұмыс жоспарына енгізілген әрбір пәннің рейтингі қорытынды бақылауға тәуелсіз 100 пайыздық межемен бағаланады.
Әрбір пәнге келесі бақылау түрлері белгіленеді: ағымдық бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау.
Ағымдық бақылау түріне: бақылау жұмысы, реферат, семестрлік тапсырма, коллоквиум, лабораториялық жұмыстарды орындау және басқалар жатады. Қорытынды бақылау түріне байланысты бақылау түрлерінің балдық көрсеткіштері қолданылады (1-кесте).
Бақылау түрлері бойынша пайызға % бөлу
№ |
Қорытынды бақылау түрі |
Бақылау түрлері |
Пайыз % |
1 |
Емтихан |
Қорытынды бақылау Аралық бақылау Ағымдық бақылау |
100 100 100 |
Бақылаудың барлық түрлерін өткізу бойынша
күнтізбек кестесі
«Қазақ тілі» пәні бойынша
1-кесте
Апталар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
Бақылау түрлері |
ЛТ |
ЛТ ӨЖ |
ЛТ |
ЛТ |
ЛТ ӨЖ |
ЛТ |
ЛТ |
АБ |
ЛТ |
ЛТ Р |
ЛТ |
ЛТ |
ЛТ Р |
ЛТ Р |
АБ |
Бақылау-дың апталық саны |
1 |
2 |
1 |
1 |
2 |
1 |
1 |
1 |
1 |
2 |
1 |
1 |
2 |
2 |
1 |
Бақылау түрлері: ЛТ – лексикалық тақырып, Р – реферат, ӨЖ –
өздік жұмыс, АБ – аралық бақылау.
Студенттердің білімін бағалау
Баға |
Әріптік эквивалент |
Пайызбен % |
Балмен |
Өте жақсы |
А А- |
95-100 90-94 |
4 3,67 |
Жақсы |
В+ В В- |
85-89 80-84 75-79 |
3,33 3,0 2,67 |
Қанағаттанарлық |
С+ С С- D+ D |
70-74 65-69 60-64 55-59 50-54 |
2,33 2,0 1,67 1,33 1,0 |
Қанағаттандырарлықсыз |
Ғ |
0-49 |
0 |
Модульдар мен аралық аттестация бойынша бақылау
жүргізуге арналған сұрақтар тізімі
I-III модульдар бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
1. Материалдық игіліктер дегеніміз не?
2. Өндіріс сөзіне түсініктеме бере аласыз ба?
3. Материалдық өндіріс пен индустриалдық өндіріс туралы айтып беріңіз.
4. Қажеттілік дегеніміз не?
5.Тауардың қандай қасиеті айырбас құнын құрайды?
6. Алғашқы даму сатысында айырбас болған ба?
7. Айырбастың бұл сатысына құнның қандай формасы сәйкес келеді?
8.Ақшаның алғашқы формалары неге байланысты дүниеге келді?
9. Ақша эволюциясын ретімен атап беріңіз.
10. Монета деп қандай ақша аталған?
11.Экономиканы ұйымдастырудың элементарлық формасын атап беріңіз. Олар қандай өнім түрінде болады?
12. Бұл өнімдерге қандай қасиеттер тән?
13. Заттың пайдалылығы нені құрайды?
14. Тауар өндірісі жағдайында еңбек өнімі қандай қасиетке ие болады?
15. Сұраныстың көлемі қандай қызмет аткарады?
16. Ұсыныс көлемін не белгілейді?
17. Қашан заттарға қоғамдық тұтыну бағалылығы тән болады?
18. Кез келген зат тауар бола ала ма? Мысал келтіріңіз.
19. Баға қандай жағдайда қалыптасады?
20. Нарықтық баға дегенді қалай түсінесіз?
21. Салыстырмалы бағалар қай кезде пайдаланылады?
22. Бағалардың көрсеткіші қалай аталады?
23.Нарық экономикасының қызметі нені талап етеді?
24. Баға деген ұғымды қалай түсінесіз?
25. Бәсеке не үшін керек?
IV-VI модульдар бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
1. Нарық қатынастарының субъектілерінде қандай нарықтар болады?
2. Көтерме сауданың неше түрі болады?
3. Экономикада заңдылықты сақтау жағынан қандай нарықтар болады?
4. Тауарлар мен қызметтер нарығына нелер жатады?
5. Өндіріс факторларының нарығына не жатады?
6. Кәсіпкерлік бизнесті ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде не жасау керек?
7. Ағымдық шығындарға не жатады?
8. Меншікті қаражаттардың қайнар көздеріне нелер жатады?
9. Жарғы капиталын қалай түсінесіз?
10. Несие дегеніміз не?
11. Қысқа мерзімді қарыздар не үшін қолданылады?
12.Маркетинг жоспарлаудың қанша дәрежесі болады?
13. Тауар мен фирманың тауарлық маркасы туралы жоспар жасау қажет пе?
14. Маркетингті ұйымдастыру фирманың масштабымен байланысты ма?
15. Бенгмаркингтік дегеніміз қандай?
16.Менеджменттің қызметтерін атаңыз?
17. Жоспарлаудың негізгі элементі не жатады?
18. Бизнес-жоспар қанша жылға жасалады?
19. Бизнес-жоспар және қысқаша рефератпен деген нелер?
20. Маман-аудиторлар немен айналысады?
21.Басқарудың негізгі формасы не?
22. Менеджменттің пайда болуы немен байланысты?
23. Менеджер дегеніміз кім?
24. Менеджмент қай ғасырда қалыптасты?
25. Бәсеке дегеніміз не?