- •Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •1.5. Пәннің мазмұны:
- •1.5. Пәннің мазмұны:
- •1.6. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •1.7. Пәнді оқытудың міндеті:
- •1.8.Тапсырмалардың түрлері және оларды орындау мерзімі
- •1.9. Тапсырмаларды орындауға ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •1.10. Студенттердің білімін бағалау жүйесі
- •Аралық аттестацияға арналған сұрақтар
- •1.11 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1. Сабақ түрлері бойынша сағат бөлу
- •Өндіріс және оның ерекше формалары
- •Ресурстар
- •Өндіріс процесі мен тұтыну процесі
- •Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары
- •Жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қызмет факторлары
- •Кәсіпкерлік және кәсіпорын
- •Меншік - экономикалық категория
- •Меншік және иемдену заңдары
- •Экономиканы реформалау және ондағы меншіктің орны
- •Даналар сөзін тыңдайық
- •Дәстүрлі қоғамның негізгі белгілері және Қазақстандағы реформа туралы
- •Тауар, оның қасиеттері және функционалдық формалары
- •Тауар және оның құны
- •Ақшаның қызметтері
- •Мировые деньги
- •Тауарлық өндірістің экономикалық заңдары. Баға игілігі
- •Бағалар және тарифтер
- •Бағалардың қалыптасуы, түрлері
- •Бағалардың түрлері
- •Нарықтық қатынастардың теориялық негіздері
- •Нарық қызметтерінің шарттары
- •Нарықтық экономиканың элементтері, қызмет ету принциптері
- •Нарықтың құрылымы
- •Нарықтың түрлері
- •Нарықтық экономиканың үлгілері
- •Нарықтық экономиканың үлгілері
- •Вексель
- •Нарықтық экономиканың үлгілері
- •Нарықтық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •Кәсіпкерліктің негізгі формалары
- •Фирманың көлеміне қарай бөлінуі
- •Менеджменттің төрт қызметі
- •Фирманы басқару
- •Маркетинг: мәні, қызметтері, принциптері
- •Фирма ішіндегі маркетингтік жоспарлау
- •Кәсіпкерлік капиталдың қалыптасу көздері
- •Шығындар теориясы
- •Пайда және оны белгілейтін факторлар
- •Макроэкономика-өзара байланысты өндірушілердің және тұтынушылардардың жиынтығы
- •Жұмыссыздық және оның түрлері
- •III. Аралық бақылау жұмысы.
- •2.3. Сөж мазмұны
- •2.4. Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Өздік бақылау жұмыстарының жауаптары:
- •Глоссарий
Нарықтық экономиканың үлгілері
2-бөлім
Шведтік үлгі. Бұл үлгінің айырмашылықтары: әлеуметтік бағытталу, мүліктік теңсіздіктің төмендігі, жеткілікті түрде қамтамасыз етілмегендерге қамқорлық жасау. Кейде швед үлгісін социализмнің екінші үлгісі деп атайды. Швецияда өмір дәрежесі мен азаматтық құқық жақсы қамтамасыз етілген. Жұмыссыздық төмен дәрежеде. Мемлекеттік сектордың дәрежесі өте жоғары. Қызметтердің басым көбін мемлекеттік сектор тегін көрсетеді. Баға белгілеуге мемлекет белсенді кіріседі.
Француздық үлгі. Бұл үлгінің елеулі ерекшелектері американдық пен неміс үлгісінің орта шамасы. Француздық үлгіде мемлекеттің реттеуші рөлі күшті. 1947 ж. бастап бес жылдық жоспарлар — индикативтік жоспарлау жүзеге асырылып отыр. Бұл үлгіге мемлекеттік кәсіпкерліктің жоғарғы дәрежесі тән. Капиталдың қорлануына мемлекет белсенді қатысады.
Оңтүстік Кореялық үлгі. Осы үлгі Оңтүстік Кореяны қысқа мерзімде алдыңғы қатарлы индустриялдық жоғары дамыған елге айналдырды. Бұл үлгінің ерекшелігі — мемлекет экономиканың дамуына өте зор әсер етеді. Бұл әсердің экономикалық құралы - экономикалық дамуды жоспарлау. XX ғ. 70-ші ж. бастап директивтік жоспарлау индикативтік жоспарлаумен алмастырылды.
Оңтүстік Кореяда көп уақыт несие-қаржы сферасында мемлекеттік монополия болды. Жеке меншіктік банк-несие институттары XX ғ.80-ші жылдары пайда бола бастады; сыртқы-экономикалық сфераны мемлекет реттейді.
Экспорт мәселелері ерекше бақылауға алынған.
Осының алдындағы бесжылдықта (1987-1991 жж.) экономикаға реанимация жасаған соң үкімет әлеуметтік бағдарламаларды орындауға кірісті.
Сөздік:
барша – весь, все
жүйелік – системный
алшақтық – отдаленный, дистанционный
әл-ахуалы – состояние
мерзім – время, период
2-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерінің синонимдерін табыңыздар.
Барлық, қолданылу, жағдайы, жалақы, қамқорлық жасау, жоспарлау, жүзеге асыру, алмастыру, ерекше.
3-тапсырма. Сөз тіркестерін қатыстырып жай сөйлемдер құрастырыңыздар.
Жалақы айырмашылығы, мемлекет әсері, жоспарларын жасау, әлеуметтік бағытталу, қамтамасыз етілген.
4-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, мағынасын қазақша мазмұндаңыздар.
Вексель
Вексель является одним из самых старых финансовых инструментов. Первоначально он появился в Италии в ХІІ веке. В те времена вексель использовался при проведении операций, связанных с обменом валюты. Меняла, получив денежные средства, выдавал долговую расписку, платеж по которой можно было получить в другом месте. Благодаря своей гибкости и удобству вексель быстро распространился по Европе. Увеличение объемов вексельных операций потребовало законодательного закрепления сложившихся обычаев делового оборта, и 1569 году в Болонье был принят первый вексельный устав.
5-тапсырма. Берілген сөйлемдердің қателерімен жұмыс жасаңыздар.
Ұлттық Банк Басқармасының 2002 жылғы 16 қарашадағы ?459 қаулысымен мақулданган Ұлттық Банктің 2003-2005 жылдарға арналған ақша-кредит саясатының негзгі бағытарына сәйкес ақша-кредит саясатының саясатының негізгі мақсаты 2003-2004 жылдарда орташа жылдық инфлияцияны 4-6% шамасында ұстап тұру және оны 2005 дылға қарай 3-5%-ға дейін төмендету болып табыфлады. Өз валютасының болмауы дербес дәуелсіз ақша-кредит саясатын жүргізуге мүмкіндік бермеді.
Әдістемелік ұсыныстар: Сөздердің сөйлемдегі орын тәртібіне ерекше мән беріңіздер.
Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[88,89] 3 нег.[22]
Бақылау сұрақтары:
1. Швецияда өмір дәрежесі мен азаматтық құқық қалай қамтамасыз етілген?
2. Швецияда жұмыссыздық бар ма?
3. Қызметтердің басым көбі қай мемлекетте тегін көрсетіледі?
4. Француздық үлгінің елеулі ерекшелектерін атаңыздар.
5. Оңтүстік Кореяда жеке меншіктік банк-несие институттары қай жылдары пайда бола бастады?
9-апта. 27-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.