Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по каз.яз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
04.11.2018
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Нарықтық экономиканың элементтері, қызмет ету принциптері

Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды.

Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі — өндірушілер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады - біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өңдеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме нарықтық келісімдер формасында жүреді.

Нарық экономикасының екінші элементі өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.

Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі - баға. Баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады. Осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды.

Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны — екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері.

Нарық механизмінің бесінші элементі - бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектілерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканы реттеушілердің - баға, пайда нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.

Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді.

Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді:

  • маржиналдық (шекті) талдауға;

  • балама таңдау шығындарына;

  • экономикалык рационалдық.

Сөздік:

өндіруші – производитель

тұтынушы – потребитель

сұраныс – спрос

ұсыныс – предложение

бәсеке – конкуренция

2-тапсырма. Берілген сөздерді қазақ тіліне аударыңыздар.

Рыночный, важный, общество, инфраструктура, оптовая цена, соответствие, необходимость, конкуренция, производство, промышленность, предприятие.

3-тапсырма. 2-тапсырмадағы сөздердің аудармасымен сөйлемдер құраңыздар.

4-тапсырма. Сұрақтардың жауабын мәтіннен табыңыздар.

  1. Нарық экономикасының қызметі нені талап етеді?

  2. Баға деген ұғымды қалай түсінесіз?

  3. Бәсеке не үшін керек?

  4. «Бәсеке» жөніндегі А.Смиттің пікірі қандай?

  5. Нарықтық инфрақұрылымды қалай түсінесіз?

5-тапсырма. Берілген сөзден бірнеше сөз шығарыңыздар.

Қажеттілік

Әдістемелік ұсыныстар: Жаңа тақырып бойынша лексикалық материалды қайталаңыздар, жазбаша тілдің дағдысын қалыптастырыңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Нег.[70-78] 2 нег.[75,77]

Бақылау сұрақтары:

1. Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементін атаңыздар.

2. Бәсекенің басты қызметі?

3. Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмінің басты принциптерін атаңыздар.

8-апта. 22-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.