Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№8 Справочник адм.-терр. устройства КО 2008.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
26.10.2018
Размер:
3.95 Mб
Скачать

Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы

2007 Жылғы өзгерістер

1. Қостанай облыстық мәслихаты мен Қостанай облысы әкімдігінің «Қарасу ауданының Герцено селосын Айдарлы селолық округіне әкімшілік бағынысқа беру туралы» 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 34/5бр бірлескен шешімі мен қаулысы:

- Қарасу ауданының Герцено селосы оның жер пайдалану шекарасы шегіндегі аумағымен Қарасу ауданының Айдарлы селолық округіне әкімшілік бағынысқа берілді.

2. Қостанай облыстық мәслихаты мен Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы кейбір өзгерістер туралы» 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 45/10бр бірлескен шешімі мен қаулысы:

- Сарыкөл ауданы Маяк селолық округінің Безымянов селосы; Қарабалық ауданы Өрнек селолық округінің Қансор селосы; Науырзым ауданы Шолақсай селолық округінің Қопа селосы; Жангелдин ауданы Саға селолық округінің Алтынсарин селосы; Жангелдин ауданы Сужарған селолық округінің Байтемір селосы; Жангелдин ауданы Қаламқарасу селолық округінің Жаңақұрылыс селосы; Жангелдин ауданы Албарбөгет селолық округінің Қарақоға селосы; Жангелдин ауданы Жангелдин селолық округінің Қуат селосы; Жангелдин ауданы Амангелді селолық округінің Құмкөл селосы; Жітіқара ауданы Чайковский селолық округінің Новый Октябрь селосы; Жітіқара ауданы Пригородный селолық округінің Шортанды селосы таратылды;

- Жангелдин ауданының Жангелдин селолық округі Аралбай ауылы; Жангелдин ауданының Сужарған селолық округі Сужарған ауылы; Жітіқара ауданының Пригородный селолық округі Пригородный ауылы; Жітіқара ауданының Чайковский селолық округі Чайковский ауылы болып қайта құрылды.

Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы

2008 Жылдың і жартажылындағы өзгерістер

1. Қостанай облыстық мәслихаты мен Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысы Жітіқара ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» 2008 жылғы 14 наурыздағы № 81/4бр бірлескен шешімі мен қаулысы:

- Жітіқара селолық округі таратылды;

- таратылған Жітіқара селолық округінің Қазірет, Тасыбай селолары олардың жер пайдалану шекарасы шегіндегі аумағымен Большевик селолық округіне әкімшілік бағынысқа берілді;

- Жалтыркөл селосы оның жер пайдалану шекарасы шегіндегі аумағымен Мүктікөл селолық округіне әкімшілік бағынысқа берілді.

2. Қостанай облыстық мәслихаты мен Қостанай облысы әкімдігінің «Жангелдин ауданының Збан селосын және Саға селолық округін Ақкөл ауылы және Қызбел ауылдық округі деп қайта атау туралы» 2008 жылғы 4 маусымдағы № 102/8бр бірлескен шешімі мен қаулысы:

- Жангелдин ауданының Збан селосы Ақкөл ауылы болып; Саға селолық округі Қызбел ауылдық округі болып қайта аталды.

3. Қостанай облыстық мәслихаты мен Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы кейбір өзгерістер туралы» 2008 жылғы 4 маусымдағы № 103/9бр бірлескен шешімі мен қаулысы:

- Науырзым ауданы Дәмді селолық округінің Қарақұдық селосы; Науырзым ауданы Науырзым селолық округінің Октябрьжәне Сарышығанақ селолары; Науырзым ауданы Өлеңді селолық округінің Қарақұдық, Шолаққопа және Урожайное селолары; Федоров ауданы Жаркөл селолық округінің Целинное селосы; Федоров ауданы Первомай селолық округінің Дружба селосы таратылды;

- Науырзым ауданының Дәмді селолық округі Дәмді ауылы; Науырзым ауданының Өлеңді селолық округі Өлеңді ауылы болып қайта құрылды;

- Қостанай қаласының құрамына енгізілген Қостанай ауданы Дружба селолық округінің Дружба, Қонай, Ударник селолары; Ресей Федерациясының құрамына берілген Қарабалық ауданы Победа селолық округінің Огнеупорное селосы Қостанай облысының есептік деректерінен алынып тасталды;

- Қостанай ауданының Дружба селолық округі Жданов селолық округі болып қайта аталды. Жданов селолық округінің орталығы Жданов селосы болып айқындалды, округ құрамына Жданов, Аққабақ, Васильев, Киров, Семилетка селолары енгізілді.