- •1.1.Қазақстан және Ресей қарым-қатынастарының жаңа бағытының орнауы, кезеңдері.
- •1.2. Қазақстан және Ресейдің 1991-2000 жылдар аралығындағы байланыстары
- •2.1. Қазақстан және Ресей қарым-қатынастарының нәтижелері
- •2.2.Қазақстан және Ресей ынтымақтастық перспективалары
- •1.1. Қазақстан және Ресей қарым-қатынастарының жаңа бағытының орнауы, кезеңдері.
- •1.2. Қазақстан және Ресейдің 1991-2000 жылдар аралығындағы байланыстары.
- •Стратегиялық әріптестер.
- •2.1. Қазақстан және Ресей қарым-қатынастарының нәтижелері.
- •2.2. Қазақстан және Ресей ынтымақтастық перспективалары.
2.2. Қазақстан және Ресей ынтымақтастық перспективалары.
1998 жылы қазанда мемлекетаралық, ведомствоаралық көптеген келісімдерге қол қойылды, соның ішінде Байқоңыр кешенінде тұратын, жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтарының ақпарат-мәдени орталықтарын құру туралы, олар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының гуманитарлық ынтымақтастығының негізін айтарлықтай нығайтады.
ХХ ғасырдың жүзжылдығының демографиялық барысы Қазақстанды полиэтникалық мемлекетке айналуына әкеліп соқты. Қазақстан аумағында жер шарының көптеген халықтарының өкілдері тұрады. Олар егеменді Қазақстанның толыққанды азаматтары, ұлтына, ұлысына қарамай бұл ел бәріне ортақ және туған үйі болып табылады. Мәдениеттің өзара ықпалы, өзара араласуы табиғи түрде өтуде: қазақстандық орыстан Ресей орысы рухани жағына біраз ерекшеленеді. Бұл да сондай-ақ, корейлер, украиндықтар және басқа ұлт өкілдеріне тән.
Қазіргі таңда өткенді сапалы ой елегінен өткізуі өтіп жатыр. Қазақстанда тұрушы орыстар қазақ мемлекеттігінің аяғына тұруы мен даму мәселесін ұғынуда. Қазақстаннан орыстардың көшіп-қонуының шұғыл азаюы шамамен соңғы үш жылды үш есе азайды, сондай-ақ жаппай Қазақстан азаматтығын алу ірі бір елді құрайтын Қазақстан халқының біздің мемлекет тағдырына деген сапалы жаңа қатынастарының қалыптасуының айғағы.
Қазақстан-Ресей қатынастарының даму үрдісіне екі елдің мәдени қатынастарына көп көңіл бөлініп отыр. Үкімет дәрежесінде мәдени, ғылыми және білім, сондай-ақ ғылыми және ғылыми-педогогикалық салада жоғарғы мамандар даярлау, олардың біліктілігін бағалау ынтымақтастығы жөнінде келісімдер қабылданды.
Қазақстан мен Ресей мәдени ынтымақтастығының алған жобалары осы салада екі елдің де үнемі қаржылық жетіспеуіне, көптеген қиыншылықтарға қарамастан, үміт күттірерліктей болып отыр. Ресейде республикамыздың мәдениетіне деген үлкен қызығушылық сақталып отыр. Онда Абайдың, Жамбылдың, Құрманғазының, М.Әуезовтың, Қаныш Сәтпаевтің мерейтойлары үлкен табыспен өтті. Ал Қазақстанда А.С.Пушкиннің 200 жылдық мерейтойына арналған ғылыми конференциялар, концерттер, спектакльдер, көрмелер ұйымдастырылып өткізілді. Алматы, Астана қалаларында Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен ақынның ескерткіштері ашылды.
Мәдениет саласындағы біртұтас кеңістікті сақтаудың аса маңыздыларының бірі ақпарат-мәдени орталықтары болуы тиіс, олар екі жақты келісімдерге сәйкес ашылады.
Қазақстан мен Ресейдің өнер және мәдени қайраткерлері, әртістері Қазақстан мен Ресейде өткізілетін әр түрлі конкурстарда кездесіп жеке және бірлескен көрмелер, концерттер ұйымдастырып тұрады.
Келісімдердің дамуының шарықтауында Астана мен Алматы қалаларында қазақстан-ресей гимназиялары өз жұмыстарына кірісті, оның жоспарларына Ресейдің тарихы мен жағрафиясы тереңдетіліп оқытылатын болады. Астанада Мәскеудегі аттас лицейдің прототипі «Столичный» лицейі жұмыс істеуде. Бұдан да басқа бірнеше бірлескен жоғарғы оқу орындары құрылды.
Соңғы уақыттағы тағы бір ынтымақтастық келісімге қол жеткізілді – термоядролық сынақ реакторды құру жобасы, ғарыштық және авиациялық техниканы пайдалану туралы Қазақстанның ҒА мен Сібірдің РҒА арасындағы талқылауы болып отыр. П.И.Лебедьев атындағы физика институтының Тянь-Шань ғылыми станциясы өз жұмысын жалғастыруда.
Қазіргі уақытта инновациялық технологияларды өндірісте қолдану аясында басымдылық көрсетіліп отыр, оларды машина жасау ісіне жоғарғы сапалы өңдеуден өткен өнімдерді дайындау үшін пайдалануға баса көңіл бөлінуде.
Тұтасымен алғанда, Қазақстан мен Ресей қатынастары қазіргі таңда ала-құла ынтамастық күй кешуде, дегенмен де халықаралық қатынастар үшін интеграцияның қатынастары үшін интеграцияның құлдырауы, мәселелердің шешемін таппауы жалпы алғанда қалыпты жағдайлар. Ресеймен стратегиялық серіктестік – қазақстан егемендігінің бөлінбейтін және табиғи құрамы.
Тәуелсіздікті алған кезден бастап-ақ Қазақстанның жоғарғы басшылығы Ресеймен тату көршілік қатынастарды орнату қажеттігі туралы қорытындыға келді. Әңгіме шын мәнінде жаңа тарихи жағдайларда екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастың үлгісін жасау туралы еді. Басқаша сөзбен айтсақ, Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясында Ресеймен ынтымақтастыққа бірінші дәрежелі назар аударылады. Қазақстанның пікірі бойынша, екі мемлекеттің әл-ауқаты көп жағдайда халықтар арасында қалыптасқан байланыстардың сақталуына, экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың оң әлеуметінің нығайтылуына, қазіргі бар қарым-қатынасты кең ауқымды ынтымақтастыққа, үдемелі мемлекет аралық кооперацияға айналдыруға байланысты.
Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығына жол ашатын көптеген факторлар бар. Бұл ортақ тарих, 7 мың км-ге ұзақтыққа созылатын ортақ шекара, ортақ тіл және ұқсас діл. Сондықтан тату көршілік пен тең құқықты ынтымақтастықтан басқа қандай да бір өзге саясат екі мемлекеттің түбірлі мүдделеріне қайшы келеді.
Оның үстіне екі елдің өзара іс-қимылының терең қатпарлы факторлары Астана мен Мәскеудің көптеген көкейтесті халықаралық проблемаларға көзқарастарының жақындығын айқындайды. Мұның өзі ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған сыртқы саяси өзара іс-қимылға, бастамаларды екі жақты қолдауға жәрдемдеседі. Халықаралық сахнадағы ынтымақтастық өзара қарым-қатынастың сапалы жаңа деңгейіне – стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілуге мүмкіндік береді, бұл дегеніміз екі мемлекет басшыларының тұрақты байланыстарын қоса алғанда, барлық деңгейлердегі жан-жақты байланыстарды білдіреді.
Отандық және шетелдік тарихнамада Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарын кезеңдерге бөлу мәселесіне қатысты бірнеше көзқарастар бар. Біздің көзқарасымызша төмендегідей кезеңдерге бөліп көрсету орынды секілді:
Мемлекетаралық қатынастардың құқықтық негіздерін қалыптастыру (1991 ж. тамыз – 1992 ж. мамыр);
Саяси экономикалық және әскери салаларда екі жақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен нысандарын белгілеу (1992 ж. мамыр – 1994 ж. соңы);
ТМД шеңберіндегі интеграциялық процестер арнасында екі жақты ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету (1995 ж. бастап осы уақытқа дейін).
Бірінші кезеңде тараптардың күш-жігері шарттық-құқықтық құжатты әзірлеуге бағытталды. Мұндай құжат екі жаңа мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастардың негізгі принциптерін айқындайды. Президенттер Н. Назарбаев пен Б. Ельцин 1992 ж. 25 мамырда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойды. Бұл құжатта КСРО ыдырағаннан кейін болған іргелік өзгерістер және екі мемлекеттің қарым-қатынасы сапалы жаңа геосаяси деңгейге көтерілгені көрініс тапты. Шарт екі жақты ынтымақтастықтың берік құқықтық негізін қалап, Қазақстан мен Ресейдің ресми мемлекетаралық өзара қарым-қатынасының жаңа бетін ашты.
Шартта Қазақстан мен Ресей тарихи қалыптасқан байланыстарды негізге ала отырып, өздерінің қарым-қатынастарын Одақтас мемлекеттер ретінде құратыны айтылады. Екі жақты қатынастар мемлекеттк егемендікті, аумақтық тұтастықты және қазіргі шекаралардың мызғымастығын өзара құрмет тұтуды, дауларды бейбіт жолмен шешуді және қысым жасаудың экономикалық және өзге де тәсілдеріне жол бермеуді, тең құқылықты және бір-бірінің ішкі істеріне араласпауды, адам құқығын сақтауды, сондай-ақ негізгі бостандықтарды, міндеттемелерін адал ниетпен орындауды қоса алғанда, күш қолданбау және күш қолдану қауіпін туғызудан бас тарту принциптеріне негізделеді.
1994 ж. наурызда болған, Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жасаған тұңғыш мемлекеттік сапары екі жақты қарым-қатынасты кеңейту мен тереңдетуде елеулі роль ойнады, оның барысында 22 ірі ауқымды құжаттарға қол қойылды. Олардың ішінде экономикалық ынтымақтастық пен интеграцияны одан әрі тереңдету туралы шартты бөліп көрсету қажет. Осы құжатқа сәйкес Тараптар экономикалық интеграцияны қамтамасыз етуде, ортақ рынокты қалыптастыруда, шаруашылық заңнамаларын жақындастыруда өзара тығыз үйлестіру ісін жүзеге асыру туралы уағдаласты. Сол сапарда бір-бірінің аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан мен Ресей азаматтарының азаматтығы мен құқықтық мәртебесіне байланысты мәселелерді шешудің негізгі принциптері туралы меморандумға, Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі принциптері мен шарттары туралы келісімге қол қойылды.
Осы келісімдер тату көршілік рухындағы ынтымақтастықты дамытуда төтенше маңыз алды. Осыған байланысты Азаматтық және Байқоңыр ғарыш айлағының мәртебесіне байланысты құжаттарды айырықша бөліп көрсету қажет. Қол жеткізілген уағдаластықтардың әлемдік практикада ұқсас нұсқалары жоқ. КСРО ыдырауынан туындаған күрделі проблемаларды шешу екі жақты қатынастардың ерекше достық сипатына, олардың тұрақтылығына және болжай білуге болатындығына байланысты.
Байқоңыр ғарыш айлағының мәртебесіне қатысты құжаттардың тарихи маңызы ТМД аумағында болған оқиғалардың тұрғысында осы күндері айырықша көзге түседі. Қара теңіз әскери флоты бойынша Ресей мен Украинаның тайталасы, Әзірбайжан мен Армения арасындағы жанжал, Кавказдағы жағдай – мұның бәрі жоғары деңгейде қабылданған, жалға алу шарты мен ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану туралы саяси шешімнің ұтымдылығын көрсетеді ( жыл сайын 115 млн. доллар). Қазақстан мен Ресейдің ғана емес, бүкіл адамзаттың игілігі болып табылатын Байқоңыр ғарыш айлағының мәртебесі жөнінде басқаша шешім қабылдануы мүмкін емес еді. Қалай болғанда да осы күрделі проблемаға өзгеше көзқарас екі елдің ұзақ мерзімді мүдделеріне қайшы келіп, әлемдік космонавтиканың болашағына қатысты қолайсыздық туғызатыны айдан анық.
Бірқатар құжаттар екі жақты ынтымақтастықтың әскери-саяси аспектілерін қозғады, олар: Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан стратегиялық ядролық күштер туралы келісім, әскери ынтымақтастық туралы шарт; Семей сынақ алаңы жабылғанға дейін онда қаланған, ядролық құрылғыны бөлшектеу жөніндегі әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі өзге де құжаттар. Екі елдің мәдени-гуманитарлық байланыстарына да үлкен назар аударылды.
Тараптар үкіметтік деңгейде қаржы-өнеркәсіптік топтар құрудың негізгі принциптері туралы келісімге қол қойды. Тап осы 1994 жылғы наурызда екі елдің арасындағы экономикалық ынтымақтастыққа қозғау салынды, дегенмен кейінірек қаржы-өнеркәсіп топтары олардан талап етілетін рольді ойнай алған жоқ. Ал екі елдің үкіметтері арасындағы кеден ісіндегі ынтымақтастық пен өзара көмек көрсету туралы келісім Кеден Одағын құру ісіндегі алғашқы қадам болатын.
1994 жылғы наурыздағы жоғары деңгейдегі Қазақстан-Ресей кездесуі мемелекетаралық қатынастардың серпінді дамуына қатысты берік шарттық базаны құруға әкелді. Шын мәнінде мемлекеттер басшыларының келіссөздері экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы тығыз интеграцияның жаңа кезеңін ашты. Бұдан бөлінбейтін еуразиялық кеңістікте ғасырлар бойы тұрып жатқан екі ел халықтарының достық пен өзара тиімді іс-қимылдың әлеуетін сақтауға және еселеуге деген ұмтылысы көрінді.
1995 жылы Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы жемісті түрде дамуын жалғастырды. Жыл ішінде Қазақстан мен Ресейдің Президенттерінің екі кездесуі өтті. Жоғарғы деңгейдегі келіссөздер барысында проблемалардың кең ауқымы қаралды және саяси, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы тығыз интеграцияның жаңа кезеңін ашты. Бұдан бөлінбейтін еуразиялық кеңістікте ғасырлар бойы тұрып жатқан ел халықтарының достық пен өзара тиімді іс-қимылдың әлеуетін сақтауға және еселеуге деген ұмтылысы көрінді.
1995 жылы Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы жемісті түрде дамуын жалғастырды. Жыл ішінде Қазақстан мен Ресей Президенттерінің екі кездесуі өтті. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында проблемалардың кең ауқымы қаралды және саяси сондай-ақ экономикалық сипаттағы маңызды құжаттарға қол қойылды.
1995 жылғы 20 қаңтарда екі елдің Президенттері аса маңызды үш құжатқа қол қойды, олар: Ресей-Қазақстан ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы декларация; Ресей Федерациясының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын Ресей Федерциясы азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы шарт; Ресей Федерециясына тұрақты тұру үшін келген Қазақстан азаматтарының және Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келген Ресей Федерациясы азаматтарының азаматтық алуының жеңілдетілген тәртібі туралы келісім.
Азаматтық мәселелерін реттейтін құжаттар айрықша назар аударуды қажет етеді. Келіссөздер процесі басталғаннан кейін бастап Ресей тарапы қосарланған азаматтық тұжырымдамасын тануды және оны іс жүзінде екі жақты қарым-қатынастарда қолдануды талап етті. Қазақстан тарапы біздің елімізде қосарланған азаматтықты қоданудың орынсыздығы туралы өз дәлелдерін келтірді. Түпкі нәтижесінде үкіметтік деңгейде азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Осындай жолмен тұңғыш рет әлемдік практикада тиісті елдердің азаматтығын алу үшін мейлінше қолайлы жағдайлар туғызу туралы мәмілелер жасалды. Басқаша сөзбен айтсақ, Ресей азаматтығын алғысы келген қазақстандық азаматтар мұны күрделі бюрократиялық рәсімдерді аттап өтіп, оның ішінде Мемлекеттер Басшыларына өтініш жазбастан істей алады. Азаматтардың құқытық мәртебесі туралы шарт сондай-ақ бі елді екінші елдің аумағында тұрақты тұратын азаматтары үшін олардың заңды құқықтарына қысым жасамастан қолайлы жағдайлар туғызуды көздейді.
Мұндай келісімдер тараптардың шынайы ынтымақтастыққа және тату көршілікке өзара ұмтылысының нәтижесінде мүмкін болды.
Ресей басшысының 1996 жылғы сәуірдегі Қазақстанға сапары Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарында қол жеткізілген сапалы жаңа деңгейдің жарқын айғағына айналды. Н.Назарбаев пен Б. Ельцин Каспий проблемаларына айрықша мән берді. Кездесудің қорытындылары бойынша Мемлекеттер басшылары Каспий теңізін пайдалану жөніндегі ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Ол құжатта жаңа саяси жағдайларда Каспий проблемаларын әділетті түрде шешудің аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде шешуші маңызы болатындығы атап көрсетілді. Тараптар Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы мәселені шешуде және теңіздің минерелдық, биологиялық ресурстарын пайдалануда тығыз ынтымақтасуға уағдаласты. Сөз болып отырған уақытта Теңіз кен орнынан Новороссийскіге дейін мұнай құбырының құрылысын салу туралы (Каспий құбыр желісі концорциумының жобасы) түпкілікті шешім қабылданды.
Содан кейін екі жыл бойы Қазақстан және Ресей тараптары жоғары саяси деңгейде қарқынды келіссөздер жүргізді Келіссөздерде Қазақстан мен Ресейдің өзара іс-қимылына үздіксіз сипат беруге, екі жақты ынтымақтастықтың қарқыны мен көлемін ұлғайтуға айрықша назар аударылды.
Осы бағыттағы күш-жігер табысты аяқталды. ХХІ ғасырға бағдарланған мәңгілік достық пен одақтастық туралы декларацияға қол қойылды. Бұл құжаттың үлкен саяси мәні бар. Екі жақты қарым-қатынастардың тарихында бұрын-соңды болмаған осы құжатқа 1998 жылғы 6 шілдеде қол қойылып, Қазақстан мен Ресейдің басшылары екі мемлекет те мәңгілік достық байланыстармен сипатталатын әріптестер және одақтастар болып табылатынын қуаттады.
Н.Назарбаетың туған күнінде өткізілген жоғары дегейдегі кездесудің айрықша жемісті болғанын атап өту керек. Осы 6 шілде күні Каспий жөніндегі келіссөздер процесінде жаңа тұрпатты жаңалық болды. Президенттер жер қойнауын пайдалануға арналған егенменді құқытарын жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге қол қойды. Тараптар теңіздің түбі бойынша жетілдірілген орта сызықты жүргізу туралы принципті уағдалысқа қол жеткізді.
Қазақстан Ресей қарым-қатынастарының тағы бір жемісі ретінде РФ Президенті Б.Ельциннің 1998 жылғы 12 қазанда Алматыға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындыларын айтуға болады, оның нәтижесінде 1998-2007 жылдарға арналған экононмикалық ынтымастық туралы кең ауқымды шартқа қол қойылды, осы құжатты іске асыру жөнінде нақты іс-шаралардың бағдарламасы жасалады.Бұл құжат экономиканың нақты секторының негізгі салаларындағы өндірістік инвестициялық, ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытудың нақты бағыттары мен үйлестіруші тетіктерін белгілейді. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің арасында яғни тікелей экономикалық деңгейде байланыстарды кеңейтуді көздейді.
Қорытынды
Қорытындылап айтқан кезде Қазақстан және Ресей мемлекеттері ХХІ ғасырға сенімді стратегиялық әріптестер ретінде еніп, саяси және экономикалық байланыстары жоғары дәрежеде дамыған, дүниежүзілік сахнадағы ұстанатын саясаты бір-біріне қайшы келмейтін мемлекеттер ретінде енді. Әрине дүниенің маңызды мәселелерін шешетін 8 елге кіретін алып Ресей және Қазақстан мемлекеті арасында айырмашылықтар жетерлік.
Ресей III ғасырдан бері әлемдік дәрежедегі держава ретінде белгілі болса, жақында ғана тәуелсіздік алған Қазақстан саяси әлемде өз атын шығару үшін әрі талай қиында күрделі соқпақты жолдан өту тиіс.
Қазақстан мен Ресей арасындағы бейбіт мақсаттағы атом энергетикасы мен ғарыштық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық қазірдің өзінде нәтиже беріп отырғандығын айту керек.
Қазақстан және Ресейдің көп ғасырлық байланыстары қазргі кездегі стратегиялық әріптестіктің негізін салып берді. Қазақстан жерінде Ресей үшін өте қажетті стратегиялық обьектілер де жетерлік. Олардың ішіндегі ең маңыздысы әрине, Байқоңыр ғарыш айлағы. Байқоңыр ғарыш айлағының Қазақстан жерінде орналасуы біздің мемлекет үшін өте бір пайдалы фактор болып табылады. Қазіргі таңда Ресей және Қазақстан арасындағы байланыстар барлық салаларды қамтиды деп сенімді түрде айтуға болады. айта кетсек мұнай газ саласы, энергетика, ғарыш, мәдени, әскери, саяси т.с.с. салалар. 2003жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы бес миллиард доллардың ғана көлемінде болса, 2007 жылы сарапшылар бұл көрсеткіш 11 миллиардтан асып жығылатындығы жөнінде батыл болжам жасап отыр. Әрине, бұл көрсеткіш жыл өткен сайын еселене түсері кәміл. Тек биылдың өзінде екі ел арасындағы экономикалық алыс-беріс сипатындағы сауда-саттық, яғни тауар айналымы 30 пайызға артып отыр. Бұл алдымен мемлекетаралық тату көршіліктің, екі жақты сенімнің арқасы.
Байырғы көршілер Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық қарым-қатынас пен мәдени байланыстардың жыл сайын беки түсетіндігіне қазір айдан анық – әсіресе, ядролық энергетика, ғарыштық зерттеу, отын-энергетика кешені мен агросектор салалары бойынша біздің ортақ жобаларымыздың келешегі кемел, көкжиегі кең. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, контрабандаға тізе қосып тосқауыл қою және ұйымдасқан қылмыспен ымырасыз күрес бағытындағы бірлескен іс-әрекетімізде өз жемісін беруде.
Қорыта айтқанда Қазақстан және Ресей қазіргі жаһандану дәуірінде бір-біріне кез-келген уақытта көмекке келе алатын, ынтымақтастықтарын сөзбен емес іспен дәлелдеп отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер
Абдулпаттаев С. // Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты // Алматы, 2005
Т. Мансуров, Қазақстан-Ресей қатынастары. Алматы 2006ж.
Ыбырайханұлы Б. // Дала дипломатиясының дарабоздары // Қазақстан З аман, 2002, 16 тамыз.
Тоқаев Қ. // Қазақстан және халықаралық қауіпсіздік // Егемен Қазақстан, 2004, 27 қазан.
Әліпбай С. // Дамудың басты шарты – аймақтық қауіпсіздік пен бейбіт өмір // Егемен Қазақстан, 2004, 17 қыркүйек.
Ынтымақтастықтың жаңа кезеңі, Егемен Қазақстан, 2003, 8 қараша
Абдулпанов С. // Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның орны мен ролі // Ақиқат, 1998, №2
Г.Б.Хан, Л.С. Суворов, // Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты // Алматы, 2003
Н. Назарбаев, // На пороге ХХ века // Алматы, 1996.
Қ. Тоқаев, // Қазақстан Республикасының дипломатиясы // Алматы, «Гауһар» 2002,
Мемлекетімізді тиімді ынтымақтастық жақындастырады, Егемен Қазақстан, 2004, 21 қыркүйек.
В. Владимиров. Казакстанско Россиские отношения. Алматы, 1997г.
С.Н. Бурин, Г.Д. Сүгірбаева. Қазіргі заман тарихы ХХ ғасыр. Драфа. Алматы 2005ж.
Кобрин В.Б Власть и Способность в средневековой Росии /ХV-ХVI вв/ М. 1805
Источники Полное собрание русских летописей (ПСРЛ), репринт 1904. Патриаршая или Никоновская летопись, т.13, М. 1965, "Наука"
Каргалов В. В., «На степной границе», М. Наука, 1974
Карамзин Н. М, Собрание Сочинений, т. VIII, c.206
Королюк В. Д. Ливонская война, изд-во АН СССР, М., 1954X
Соловьев С. М. История России с древнейших времен, том.6, М.2001
Соловьев С.М. История России Москва 1999 г.
Скрипников Р.Г Царство террора М 1868
МГУ коллективная работа, История России. Москва 1998г.
С.Н. Бурин ,Новая история. Москва 1998 г.
Корелзин Н, М. История государства Россиского в 12-ти І м. 1994.г
История СССР с древних времен до начала наших дней в 12-ти томах Под редакцией Б. Н. Пономарева І ІІІ М. 1967.
История Росси с древних времен до начала 19-века Под редакцией Ан Сахарова.
Энциклапедия т. 8. Из истори человечестврго опщества. Издательство «Педагогика» Москва 1975.
Сыров С: Н. Страницы истории. Издательство «Руский язык» Москва 1981.
Қазақ совет энциклопедиясы 9том Алматы 1976ж.
Плеханов Г. В. История руской отечественной мысли Соч. Т. 21-22 М-Л. 1985г.
Солевьев С. М. История Руси с древних времен 7-9т. М. 1962-63.
Анисимов. Е. В. Рождения империи М. Помалитц 1991г.
