Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 5 / 77728 / Kazakh-Resey.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
12.12.2017
Размер:
77.07 Кб
Скачать

Стратегиялық әріптестер.

 

2.1. Қазақстан және Ресей қарым-қатынастарының нәтижелері.

Қазақстан мен Ресей аралық қатынастарды дамытудың маңызды бағыттарының бірі – экономикалық ынтымақтастық. Дегенмен де, екі жақтың экономикалық интеграция саласындағы қаншалықты ұмтылыстар болса да, жалпы экономикалық кеңістіктің құрылуы күрделі қарама-қайшылықта өтуде.

1992 жылы, 25 мамырда достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Келісім-шартта екі елдің экономикалық ынтымақтастығы негізделген. Онда нәтижелі жалпы экономикалық кеңістікті құру үшін барлық деңгейлердегі шаруа субъектілердің тең құқықтығы мен өзара тиімді экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығын кеңейту мен тереңдетуге тараптар жәрдемдесетініне назар аударды. Тараптар экономикалық өзгерістер саласындағы әрекеттерін, оның ішінде құрылымдық, ақша-несие, валюта, салық және баға саясатын қоса алғанда, үйлестіреді.

1992 жылы 13 наурызда қабылданған Достастық мемлекеттерінің кеден саясаты негіздері туралы Келісімге сәйкес Кедендік одақ құрылды, оған қатыса отырып, тараптар келісілген кеден саясатын өткізеді, тауар, капитал және олардың арасындағы қызметтердің кедергісіз қозғалуын қамтамасыз етеді.

Тараптар сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және ынтымақтастықтың басқа түрлерінің дамуы туралы сәйкестендірілген екі жақты Келісімдер, сонымен қатар әлемдік бағалар бойынша өзара есепке өту шарттары мен мерзімдерін талқылады.

Тараптар әр түрлі халықаралық, экономикалық, қаржылық және басқа ұйымдармен институттарда бірігіп әрекет етеді, тараптардың біреуі мүше болған халықаралық ұйымдарға кіру немесе қатынасу үшін бір-біріне қолдау көрсетеді.

Басқа тараптың экономикалық жағдайын тұрақсыздандыратын бір жақты шараларды жүзеге асырудан әрбір тарап бас тартады. Келісім-шарттың 17-бабында көрсетілгендей, экономикалық және сауда тараптар қатынастары өзара қолайлы ұлттық тәртіпке негізделіп құрылған.

Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлік пен шаруашылық іс-әрекеттері үшін тиімді экономикалық, қаржы және құқықтық шарттард, екі елдің азаматтары, мекемелері, фирмалар мен басқа экономикалық ынтымақтастық субъектілерінің әр түрлі кооперация түрлері мен тікелей байланыстарын әр түрлі формада жан-жақты марапаттап, қамтамасыз етуді міндеттейді. 1992 жылы Қазақстан мен Ресейдің әр түрлі министрліктері мен ведомстволары деңгейінде он келісім шарттар мен келісімдер қабылданды.

1993-ші жыл Қазақстан  мен Ресейдің ынтымақтастықтың  барлық салаларын қамтитын, екі  жақты қабылданған құжаттарымен сүбелі де маңызды жыл болды.1993 жылы 9 қаңтарда Омбыда өткен екі елдің үкімет делегациялары, Қазақстан мен Ресей шекара маңындағы облыс әкімдерінің кездесуінде осы облыстардың экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтасуы мәселелер жайында талқыланды, қорытындысында екі ел премьер-министрлері Хаттама мен Коммюникеге қол қойды. Бұл кездесу екі жақтың облыстық және аймақтық дәрежеде тығыз байланыста болуға ұмтылғандығын дәлелдеді.

1994 жылы 28 наурызда екі  ел президенттері қол қойған Қазақстан мен Ресей экономикалық ынтымақтастығы мен интеграциясын ары қарай тереңдету туралы Келісім-шартта былай делінген: «... екі ел экономикалық интеграцияны қамтамасыз етуді, жалпы экономикалық кеңістікті және жалпы рыногін құру, экономикалық реформаларды өткізу, шаруашылық заңдарды жақындастыру, Ресей мен Қазақстанның жекелеген аймағындағы мекемелер, ұйымдармен өзара тиімді байланыстарды сақтау мен дамытуды бірігіп іске асырады». Тараптар өздерінің баға, салық кеден және валюта саясаттарын жақындастыруды, нарықтық қатынастар негізінде біртіндеп екі мемлекет арасындағы тауар, қызмет, капитал мен жұмыс күштерін еркін алмасуға көшуді міндеттейді. Олар жеке және заңды тұлғалардың меншіктерін пайдалануын, оған билік етудің өзара ортақ заңдылығын мойындайды.

Ресей мен Қазақстанда екі мемлекеттерде ұлттық валюта енгізілуімен өзара төлеу-байланыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, конверстация және өзара алмасу курсының тұрақтылығын қолдау, ұлттық валютаны кедергісіз айырбастауды ұйымдастыру, Ресей мен Қазақстанның орталық және коммерциялық банктері арасында өзара есептер құрылысын құруға шаралар қолданады.

Тараптар салық жүйелерінің дәйекті үндесуін жүргізуде. Олар құрылымдық, ғылыми-техникалық және инвестициялық саясаттың кесімділігін, өндірістің құрылымдық пайда болу салаларында тиімді еңбек бөлуді, экономиканы құрылымды қайта құру және ғылыми-техникалық даму бойынша мемлекетаралық кешенді бағдарламаларды өңдеуді қамтамасыз етеді, сонымен қатар тиісті ақпарат, нормативті және методологиялық іс қағаздармен алмасуды ұйымдастырады.

Келісім-шартта өзара мамандандыру және өндірісті бірлестіру салаларында біріккен саясатты өткізу туралы, өнеркәсіп салаларында артықшылықтарды анықтау, біріккен жобалар мен инвистицияларды құрау және жүзеге асыруға көмектесу, өндірістің көпжақтылығын үйлестіруді өткізу, соның ішінде қорғаныс саласындағы конверсияны қосқандағы тараптардың міндеттері бекітілген.1995 жылы 20 қаңтарда Қазақстан  мен Ресей президенттері қол  қойған қазақстан-ресей ынтымақтастығының  кеңеюі мен теңдеуі туралы Декларацияда, осындай ынтымақтастықтың барлық бағыттарында жүргізілітіндігі анықталған.1996 жылы 27 сәуірде  дизельді  двигательді жасап шығару бойынша  бірлескен кәсіпорын құру туралы Келісім қабылданды.170 Соған сәйкес «Қостанай дизелть зауыты» акционерлік қоғамы – дизельді двигательді шығаратын қазақстан-ресей бірлескен қазақстан-ресей акционерлік қоғамын қайта құрды, зауыт тіркеуі және орны Қазақстан Республикасында болып табылады. Бірлескен кәсіпорынның ресей жағынан құрылтайшысы – «Орал автомобиль зауыты» (Миасс қаласы), қазақстан жағынан – «Сельхозмаш» акционерлік қоғамы болып табылады. Бірлескен кәсіпорынның жарғысында қаржы үлестері былай бөлінген: ресей жағының құрылтайшысына – 60%, қазақстандықтарға – 40%.

Қазақстан мен Ресей сауда ынтымақтастығы үшін 1996 жылы 18 қазанда үкіметаралық екі жақты салық салудан босату және кіріс пен капиталға салық төлеуден бас тартуды болдырмау қабылданған Конвенцияның маңызы зор. Осымен салық салу саласындағы екі ел арасындағы шаруашылық субъектілерінің құқытық негізі пайда болды, бұл әрине екі елдің экономикалық ынтымақтастығын тереңдетеді.

Сонымен қатар, өзара ынтымақтастыққа ұмтылу және жақындасуға қазақстан-ресей қатынастарын мүлдем мәселелсіз етеді деп есептеу қате пікір болар еді, дегенмен де олардың мүдделері үнемі немесе барлық жағдайда сәйкес келе бермеуі мүмкін. Осындай проблемалардың бірі Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтаумен байланысты.

1998 жылы 6 шілдеде Қазақстан  мен Ресей президенттері екі  ел арасында жер қойнауын пайдалануда егенменді құқықты жүзеге асыру үшін, Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге қол қойылды, сонымен қатар қаржы мәселелерін реттеу туралы Хаттама қабылданды. Каспий туралы құжат басқа да елдерді қатынастыра отырып, қазақстан-ресей аралық өзара тығыз іс-әрекеттердегі барлау мен минералдық ресурстарды пайдаланудың болашағына жол ашты. Ол Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің құқықтық мәртебесінің қажеттілігін анықтап беруде бұл жалпы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеуде үлгі алуға болатын жағдай болды. Бұл келісім – Каспий маңындағы мемлекеттер үшін Каспий теңізі мәселесін тездетіп реттеудегі жақсы үлгі және тиісті халықаралық конвенцияға қол қоюға негіз болды.

1998 жылы қазанда Қазақстан мен Ресей арасында ресми келіссөзде экономикалық ынтымақтастықты ары қарай дамыту, екі жақты сауданы жандандыру мәселелері қарастырылды. 1997 жылы өзара тауар айналым 4,1 млрд. долларға артты. 1998 жылдың бірінші жартысында 26%-ға өсті. Дегенмен, рубль курсының құлдырауына байланысты 1998 жылы қыркүйек айында Ресейде қазақстандық тауарларға деген сұраныс маңызды түрде төмендеді. Қазақстан Республикасы ұлттық валюта курсын еркін айналымға кіргізуінің және теңгенің құнсыздануының нәтижесінде қазақстандық тауарларға деген сұраныс арта түсті. Бірақ өзара есеп айырысу жүйесінде көптеген мәселелердің шешілмеуі, көмір мен темірдің жеткізілмеуі салдарынан, Ресейге тауар шығару айтарлықтай өскен жоқ.

2000 жылы ресейлік тауар  шығарушылар үшін Қазақстан базаларындағы  жағдайлар өткен жылдармен салыстырғанда нәтижелі болды. Рубльдің құнсыздануы сыртқы тауар шығару операциясын нәтижелі түрде өсірді, ресей тауар шығарушыларының қазақстан базарларында үшінші бір елдің тауар шығарушыларынан қарағанда тауар шығарушы нәтижелі болды. Нәтижесінде ресейлік тауар шығарушылары қазақстан базарында тұрақтап қалуын қамтамасыз етіп қана қоймай, кезінде ең көлемді тауар номенклатурасының жоғалтқан ұстанымын қайтарып алды.

Дегемен Қазақстан ресейлік тауар экспортының кеңейтудің қолайлы жағдайлары белгілі бір мынадай себептермен толық мөлшерде таратылмай қалды: ішкі рыноктың таралу салдарынан шетке тауар шығарудың барлық жағынан нақтылы тауар жеткізу қысқартылғандықтан: ресей басқа бір үшінші бір елмен республика аймағында инвестициялық жобада бәсең қатынасады, бұл ресей тауарды экспорттау машинатехникалық өндірісін және тауарлар шығарудың кең көлемдегі мүмкіндігін төмендетеді. Соған орай 1999 жылы мемлекет тарапынан импорттық тауарлар әкелуге шектеулер қойылды, бұл бәрінен де Ресейден тауар жеткізуге әсер етті.

Тұтасымен алғанда 2000 жылы Қазақстанға Ресейден тауар әкелу 1999 жылы салыстырғанда ширек пайызға төмендеді, бұл 1,5 млрд. АҚШ долларын құрады.

Екі елдің интеграцияны дамыту және нығайтуға бағытталған, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 1998-2000 жылы арналған экономикалық ынтымақтастық Бағдарламасына сәйкес, бірлескен инвестициялық жобалар, әзірлемелері ұсынылған, бірлескен баға саясаттың жүргізу т.б. мәселелер бойынша әрекеттер шамаланған. Бұл Бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері үкіметаралық комиссияның бірлескен мәжілісінде талқыланған, жоғары дәрежелі келіссөзде қаралған бұл мәселелерді шешуге мемлекет басшылар мңызды түрде қарағанын дәлелдейді.

Сол кезде келісімді жүзеге асырудан, мысалы, ауылшаруашылығы техникаксының өндірісінің ұлттық тасмалдау жүйесін құру, Қазақстан танкер флотының құрылысын салу қанағаттандырылығысыз болды.

Қазақстан мен Ресей президенттерінің 1999 жылы тамызда Бішкектегі кездесуде екі мемлекет үкіметтерінің алдында коммерциялық салада тығыз ынтымақтастықта болу, оның ішіде энергетика, машинақұрылғысы ауылшаруашылық машинақұрылысы, қорғаныс өнркәсібі салаларындағы ынтымақтастықта болу керек екендігін атап айтты. Бұл мәселелер ары қарай дамуға әсіресе тауар қатынастары пәрмеді түрде қарқындауы, өзара газ алмасу, тәсімі түрде тарату, бірлескен энергетика кәсіпорындарын құру, шекаралас ынтымақтастықты кеңейту, салық салуды реттеу, тариф мәселелері және т.б. нәтижесінде мүмкіндік алды.

2001 жылы 15 ақпанда Астанада  өткен Үкіметаралық бесінші мәжілісте  қазақстан-ресей ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы Қазақстан мен Ресей аралық интеграциялық процесі табысты түрде өтуде деп атап көрсетті. Қазақстан мен Ресей арасындағы мұнайгаз саласы бойынша да үлкен болашақ ашылуда.

Қазақстан мұнайын сыртқы рыноктарға шығарудың бірнеше жолдары бар екені белгілі. Жүргізілген зерттеулер мен талдаулар көрсеткендей қазақстан мұнайын экспортқа шығарудың іске асыру Атырау-Самара арқылы Новороссийскі бағыты бойынша іс-жүзінде нақтылы және экономикалық тұрғыдан тиімді екенін көрсетті. Ресей жағы әуел бастан-ақ бұл нұсқаға игілікпен қарады, оны іске асыруда көптеген істер атқарды. Қазіргі уақытта құбыр жүргізу құрылыстары жүріп жатыр, ол 2001 жылы аяқталуы тиіс.

Ресей бар құбырларды, басқа да инфрақұрылымдарды пайдалана отырып негізгі ресейлік қатынасушы КТК-ЛукОйл компаниясына айтарлықтай қаржылай қосымша салыммен қамтамасыз етеді. Бұл компания өкілдері Қарашығанақ-Атырау мұнай құбырының құрылысына қатынасуға Меморандумға қол қойды, бұл Қарашығанақ мұнайы КТК мұнай құбыры арқылы сыртқа шығаруға қолайлы.

Қазақстан мен Ресей арасында «Байқоңыр» ғарыш айлағын бірігіп пайдаланудың және ғарыш кеңістігінің бірлесіп зерттеудің көптеген келісімдері бар. Алғашқы құжат 1992 жылы қол қойылған Қазақстан мен Ресей үкіметтері ғарыш саласындағы қызметін ұйымдастыру туралы келісімге Хаттама болатын. Кейбір ғылыми бағдарламалар республиканың тапсырысы бойынша ғарыштық «Мир» станциясы арқылы орындалды. Мир станциясынан алынған геоақпарат жүйелері мәліметтер негізінде Алматы, Каспий, Арал аймақтарының экологиялық мониторингі жасалды. 1999 жылдан бастап Ресей жағы өзара қаржы мәселелерін реттеу туралы Келісімге сәйкес «Байқоңыр» кешенін жалға пайдаланғаны үшін кіріс салығын құяды ( жыл сайын 115 млн. АҚШ доллар көлемінде). Қаржы – несие қатынастарын реттеу екі жақтардың да алға қойған мүдделерінне жетудің, қазақстан-ресей қатынастарын тереңдете дамытудың тынысы болып тұр.

Қазіргі уақытта Қазақстан сондай-ақ «Ямал», «Днепр», «Достастық» жаңа ғарыш жобаларында өз орнын кеңейтуде. «Достастық» ғарыштық зымырандық комплексі мемлекеттік және коммерциялық мәселелерді шешу үшін, Қазақстан, Ресей, Украина мемлекеттерінің кәсіпорындары мен ұйымдары ресурстарының әлеуетін іске асыру мақсатына арналды.

Екі елдің жанар-энергетика саласындағы ынтымақтастығының серпінді көрсеткіштері қазақстан мұнайын ресей мұнай құбыры арқылы шетке тасымалдау жүйесіне квотаны ұлғайтуға келісім, қазақстан рыногінде екі ірі Ресей монополистері – РАО «ЕЭС Россия» мен ОАО «Газпром» компаниялары жасады.

Екі жақ сауда-экономикалық, іскерлік қатынастардың өзекті мәселелерін, мүдделерін орынды жақындастыру деген түсінушілікке келді. Бірінші кезекте салық салу мен тариф саясатында оң нәтижелер бар. Бұл тұрғыда тауар айналымының серпінділігіне өзгерістер бары байқалады. Қорытындысында 2000 жылы сауда көлемі 4,2 млрд. АҚШ долларын құрады.

Қазақстан қазіргі таңда географиялық жағдайда ядролық қаруланған мемлекеттермен (Ресей, Қытай, Үндістан, Пәкістан)көршілес, бұл өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заңды сұрақтар тудырады. Белгілі болғандай «қырғи-қабақ соғыстың» аяқталуымен жан-жақты шиеленістердің төмендеуі, соғыс қаупінің және қарулы қақтығыстардың болмауын жою болған жоқ. Көптеген бұрынғы «үшінші әлем» елдерінің соғысқұмарлықтары күшейіп артуда, ядролық және «ұстамалы» (ядролық қару ісін меңгерген) мемлекеттер ТМД шекарасына таяу орналасқан. Әлі де орталық Европа мен бұрынғы КСРО-ның түкпірлерін қамтыған қақтығыс аймағы Ауғанстанда әсер етуде, ислам фундаменталистері тудырып отырған азамат соғысы өріс алды.

Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған «Еркін, тиімді және қауіпсіз қоғамға» деген Жолдауында: «Ғаламдық қарсы тұруға соңғы 10 жыл уақыт кетті» – деп атап көрсетті, - «бірақ белгілі бір әлемде жергілікті соғыстар пайда болды, яғни зорлық салдарынан миллиондаған адамдар қаза тауып жатыр. Бұл негізінен алғанда жас жаңа тәуелсіздік алған мемлекеттер ішінде діни және этникалық қақтығыстардың салдарынан болып отыр. Ең қорқыныштысы, әлемнің сондай бес-алты жарылыс қаупі бар аймағына Орталық Азия жатады, апатты жағдай бола қалса, біздің халқымызға ешкім де болашақ тыныштығын бере алмайды».

Қазақстан Қарулы Күштері басқа да ТМД елдері сияқты жаңадан енді құрылып жатқандықтан жоғары білікті кадрлар тапшылығы, еліміздің қорғанысын ұстап тұру мен ұйымдастыруда тәжірибе жетіспеушілігі және мол қаржы керек екенін талап ететінін ескере отырып, республика Ресей және басқа да ТМД мемлекеттерінің іс-әрекеттерімен үйлестіруде және қорғаныс пен қауіпсіздік салаларында мүдделі екенін түсіну маңызды.

Бәрінен бұрын қарулы қақтығыстарды болдырмауға бағытталған бірлескен шараларды әзірлеуді; әскери саясатты қалыптастыруды біртекті ыңғайлып анықтау; стратегиялық күштерді қолдану, жүйелер құру, сондай-ақ оларды аудандарға орналастыруды анықтау; әскери құрылымдарды дамыту; қорғаныс саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын, тәжірибе-конструкторлық жұмыстар (НИОКР) өткізіп тұру, әскери техникаларды дамуыту, технология мен ғылымды дамыту; қорғаныс саласындағы кәсіпорындардың әлеуетін тиімді пайдалану; әскери қызметкерлердің әлеуметтік құқығын қорғау т.б. сөз етуге болады. Қазақстан мен Ресей арасындағы қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтың негізі 1992 жылы 25 мамырда достық, ынтымақтастық, екі мемлекет арасындағы өзара көмек туралы Келісім-шартта қаланды. Осы құжаттың 3-ші бабында айтылғандай, онда екі ел өзара ынтымақтастықта бола отырып, өзара келісілген әскери негізге ережеге сүйене отырып, әскери-стратегиялық кеңістігінде сенімді қорғаныс құруға мүдделі.

Қазақстан мен Ресей сенімді қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында және өзара келісулер арқылы әскери базаларды, сынақ алаңдарын, екі ел аймағында орналасқан қорғаныс нысандарын бірлесіп пайдалануға болад делінген.

Егер екі жақтың бірі тарапынан бейбітшілікке қатер төнетін, Еуразия аумағында бейбітшілікке қауіп төндіретін күтпеген жағдайлар туа қалса, осы жақта қорғанысқа мәнді мүдделер туындаса, онда екінші жаққа кідіріссіз ақыл-кеңес өткізу туралы өтініш жасауға болады. Тараптар өзара тиімді ақпарат алмасып тұруға, керек жағдайда мұндай шаралардың алдын алу міндеттеме етіп алды. Бір жаққа қауіп-қатер төнген жағдайда, бір-біріне қажетті көмек көрсетеді.

Келісім-шартқа сәйкес Қазақстан мен Ресей екі жақтың біріне қарсы тұрған одақтар мен блоктардың құрамына қатынаспайды. Тараптардың бірі екінші жаққа қарсы бағытталған істерге, оларды іске асыру мақсатындағы іс-шаралар үшін, күш көрсету әрекеттері үшін аумағын пайдалануға бермейді.

Қазақстан мен Ресей бірлескен үйлесімді әскери-техникалық саясатты жүргізіп отырады, әскери бағдарламаларды қаржыландыруды бірлесіп келіседі, әскери өнеркәсіптерді конверсиялауды, ынтымақтастықта өткізуді келісіп жүргізеді. Мұндай саясат әскери технологияларды, қару-жарақтарды экспорттау мен импорттау халықаралық ережелерде көрсетілгендей жүргізіледі.

Келісімнің 8 бабында көрсетілгендей, тараптар қарулы күштерді, қарулануды тоқтату жолында өз шешімдерін қолдайды, оның ішінде ядролық қаруды қысқартуды, қарусыздану процесін қолдай отырып, Келісім-шартта көрсетілген міндеттерді қалтықсыз орындайды. Қазақстан Республикасы 1968 жылы 1 маусымдағы ядолық қаруды таратпау туралы Келісім-шартқа қосылады, ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде қатынасады. Ядролық қаруды Қазақстан Республикасы аймағынан алып кеткенше, екі жақ бұл қаруды қауіпсіздік шаралары мақсатында пайдалануды міндеттеріне алады.

Қазақстан ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде ДНЯО-ға 1993 жылы желтоқсанда қатынасушы мемлекет қатарына бірікті.180 Соны ескере отырып, Қазақстан пен Ресей өзара 1995 жылы 20 қаңтарда оқ-дәрілерді қайта өңдеуге есеп айырысу ынтымақтастығы туралы Келісім-шарт жасады.181 соның арқасында Қазақстан кенбайытылған ураннан түскен қаржыны өз үлесіне алуға мүмкіндік алды. 1994 жылы 28 наурызда Ресей  мен Қазақстан арасында әскери  ынтымақтастық туралы Келісім-шарт  қабылданды. Келісім-шартта былай делінген: егер екі жақтың бірінің қауіпсіздігіне, аумақтық біртұтастығына, тәуелісіздігіне қандай да бір қауіп төне қалса, күтпеген жағдай туындай қалса, Қазақстан мен Ресей шұғыл түрде кеңес өткізеді, бір-біріне қажет көмек көрсету үшін нақтылы іс-әрекеттер жасайды, бұл шаралар 1992 жылы 25 мамырда достық, ынтымақтастық, өзара көмек туралы Келісім-шарт, 1992 жылы 15 мамырда қабылданған ұжымдық қауіпсыздік туралы Келісім-шарт белгілеген заңдарға сәйкес іске асырылады.1995 жылы 24 шілдеде жасалған  Қазақстан Республикасы мен Ресей  Федерациясы арасындағы Келісім-шартқа  сәйкес, Қазақстаннан Ресейге әкетілген әскери техникалар мен қару-жарақтардың өтемақысын реттеу туралы Қазақстан Ресейден 35 стратегиялық бомбылағыш ТУ-95 МС орнына 41 авиатехникасын өз меншігіне алды. Әскери ведомстволардың жоспары негізінде Қазақстанға 1996 жылы қосымша 26 қару қабылдап-жойғыш СУ-27 (зауыттан 18), 6 атқыш СУ-25 және 2 МИГ, ал 1997 жылы 12-СУ-27 (бәрі де зауыттан) берілуі тиіс болды.

Сонымен, Қазақстан ӘӘК (ВВС) техникалық жағынан жалпы алғанда 87 ұшаққа толықты. 1996 жылы 18 қазанда Қазақстан мен Ресей премьер-министрлері әскери техникалардың, қару-жарақтардың өтемақысы туралы Келісімін тарату туралы Хаттамға қол қойды.

1996 жылы қаңтарда қарым-қатынас тарихында алғашқы рет әскери алқа мәжілісі болды, мұнда әскери-техникалық ынтымақтастықты ары қарай дамыту, қорғаныс интеграциясын тереңдету туралы мәселелер сөз болды. Алқа мәжілісі қорытындысында 16 бірлескен құжаттарға қол қойылды. Бұларды таратуда екі елге де жасалған әскери өзара іс-әрекеттер мүмкіндік береді. Келісімдер мен Хаттамаларда әуе қатынастарына қарсы жүйкесінде күзетуді, Каспий теңізінде Қазақстанның әскери-теңіз флотын құруына Ресейдің көмектесуін, әскери кадрлар даярлауды, әскери-ғылыми салада ынтымақтасуды көздейді.

Ресейдің қолдауымен Қазақстан президентінің террорға қарсы ТМД мемлекеттерінің бірыңғай орталығын құрыу туралы бастамасын іс жүзіне асырудың сатысы өтуде. Қазақстан-ресей мемлекеттерінің шекараларың делимитациялау өткізу пунктерінің түзесін жасау істерін екі ел нәтижелі түрде жүргізуде.

Әскери ынтымақтастыққа жауап ретінде Қазақстан Ресеймен 4-ші мемлекеттік сынақ алаңдары, Сарышаған, Ембі, сынақ алаңдарын,929-шы жыздық-әскери даласын Қазақстан аумағында орналасқан және тағы да басқа нысандарды пайдалану туралы келісімге отырды.

Бұл келісімдер 10 жыл көлеміне есептелген, шарттың мерзімін ұзартуды немесе күшін жоюды екі жақ келісіп жасайды. Қазақстан сынақ алаңдарының жалға беру шартта көрсетілгендей, жал төлемі жыл сайын 27,5 млн. доллар қаржыны құрайды. Бұл қаражаттың қомақты бөлігін – 24,3 млн. доллар қаржыны Ресей қару-жарақтар, әскери техникаларды беруге және қазақстандықтарды жоғары әскери мамандар даярлайтын оқу орындарында оқыту есебіне кіргізеді, тек 3,2 млн. доллар ғана қаржы бюджетке түседі.

Сондай-ақ келісімдерде айтылғандай, жалға алушы сынақ алаңдарының инфроқұрылымын сақтауға, сынақ алаңында ракета жіберуде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге, экологиялық талаптарды сақтауға, Қазақстанға ғылыми-техникалық сынақтың қорытындысын беруге міндетті.

Ал Қазақстан болса, екі жақты келісіммен өз құқығын сақтай отырып, сынақ алаңдарын Қазақстан Қорғаныс Министрлігінің мүддесінде пайдаланады.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мәңгі достық және ынтымақтастықтың ХХІ жүзжылдыққа бағытталған Декларациясында бекітілгендей, «БҰҰ-ның жарғысының 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы кез-келген бір мемлекет немесе мемлекетік топтар тарапынан екі жақтың бір-біріне төнген қауіп-қатерді, агрессиялық іс-әрекеттерді болдырмау үшін, бірлесіп барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, қарсы іс-әрекет жасайды, керек болған жағдайда бір-біріне көмек көрсетеді, әскери ұйым болып өздерін қорғайды».

Қазақстан мен Ресей гуманитарлық ынтымақтастыққа жеке көңіл бөлуі кездейсоқтың емес. Екі елдің аумағында сол елдердің азаматтары емес өте көп адамдар тұрады. 1992 жылы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасындағы достық пен өзара көмек туралы Келісім-шартта былай делінген: «Тараптар өз азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға да олардың ұлтына, басқа да айырмашылықтарына да қарамастан, тең құқылы болумен, бостандығына кепілдік береді (11-бап). Әрбір тарап өз аумағында тұратын басқа азаматтарға халықаралық жалпы адам құқығының нормаларына, заңдар жиынтығына сәйкес, олардың ұлтына, дініне, басқа да айырмашылығына қарамай, азаматтық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқытарының тең болуына кепіл болады».

Қазақстан мен Ресей өз аумақтарында тұратын азаматтардың ерікті-бостандық құқылығына сәйкес өзі тұратын елдің азаматтығын алуға немесе екінші елдің азаматтығын алуға құқылы екеніне заңдар жинағынының негізінде кепілдік береді.

Екі мемлекет те екінші елде тұрушы өз азаматтарының құқығын қорғайды, оларға қамқорлық, жәрдем көрсетуді халықаралық құқытың жалпыға бірдей ОБСЕ нормаларына және міндеттеріне (12-бап) сүйене отырып іске асырады.

1995 жылы 20 қаңтардағы Қазақстан  мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты  кеңейту  және тереңдету туралы Декларацияда  былай 

делінген:«Қазақстанмен Ресей адамның жеке басының құқығы мен бостандығын, ұлттық немесе басқа белгі бойынша құқығын шектеудің барлық формаларын болдырмауды, екі ел азаматтарының қарым-қатынастарын, ғылыми және мәдени алмасуын дамыту керек».

1994 жылы 28 наурызда екі  ел Президенттері Қазақстан Республикасында тұрақты тұрушы Ресей Федерациясында тұрушы Қазақстан Республикасының азаматтарының және құқықтық мәртебелеріне байланысты мәселелерді шешетін қағидаларының негізі туралы Меморандумға қол қойды. Бұл Меморандумды іс жүзіне асыру үшін екі ел президенттері 1995 жылы 20 қаңтарда Ресей Федерациясында тұрақты үнемі тұрушы Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұрушы Ресей Федерациясының азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы Келісім-шартқа қол қойды. 190 Жоғарыда көрсетілген азаматтардың мәртебелері осы Келісім-шартта нақты анықталған. Оларға осындай бостандық пен құқықтарды пайдалану, сол елдің азаматтарымен бірдей, сол елдің азаматтарының міндеттеріндей міндеттер жүктелінген. Сонымен қатар бір елдің екінші елде тұрақты тұрушы азаматы кейбір құқықтарды пайдалана алмайды. Ол мынадай жақтардан шектеледі:

Сол өзі тұрып жатқан елдің мемлекеттік жоғарғы лауазымдарына және билік өкілдіктерін сайлауға және сайлануға:

Тұратын жақтың жалпымемлекеттік референумына қатысуға;

Дипоматтық қызметтерде, қауіпсіздік және тұрушы елдің ішкі істер органдарында қызмет етуге, ауылдық, поселкелік, қалалық, аудандық, облыстық әкімшілік басшысы немесе орынбасары болуға.

Дегенмен, бұл тұлғалар облыстық, аудандық, қалалық, поселкелік, ауылдық әкімшілік құрлымдарының бөлімшелерінде, сонымен қатар басқару комитеттерінің бөлімдерінде, басқа да жергілікті басқару органдарының жүйесіндегі мекемелерде басшы немесе оның орынбасары болып істей алады.

Келісім-шарттың ең бір маңызды қағидасы бір жақта тұрушы азаматқа меншікке, меншігін пайдалану және өкімдік жасауға, сол өзі тұратын жақтың заңдарына сәйкес кепілдік береді. Сондай-ақ, мемлекеттік меншікті жекешелендіруге қатынасу туралы мәселелер де ретке келітірілген. Бір жақтың, екінші жақта тұрақты тұрушы азаматы сол елдің азаматтарымен қатар теңдей, іске асырылып жатқан заңдар жиынтығына сәйкес мемлекет мүлкін жекешелендіріп алуға қатынаса алады, егер де басқасы басқа бір келісімдерде көрсетілмеген жағдайда.

Қазақстан мен Ресейдің гуманитарлық ынтымақтастықтың көкетесті бағыты – азаматтық мәселесі, бір жақта тұрушы азаматтардың көлемі және келісілген көзқарастардың іс жосығын ықшамдау ғана емес, екінші жақтан тұрғылықты тұруға басқа мемлекеттен келушілердің азаматтық мүдделерін де ҚР мен РФ арасындағы Келісім-шартта көрсетілгендей іске асырылады.

Бұл ең алдымен «Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясынан түпкілікті тұруға келген азаматтардың, Ресей Федерацияға Қазақстан Республикасына түпкілікті тұруға келген азаматтығын азаматтықты алу тәртібін оңайлату» Келісіміне байланысты болады.191 бұл бір елден азаматтық алу үшін арыз берушіге анықталған шарттың бірі болса жеткілікті екенін ескертеді:

Егер арыз беруші 1991 ж. 21 желтоқсанында Қазақ ССР немесе Ресей, сонымен қатар КСРО азаматтығында болса, аталған Келісім күшіне кіргенше сол елдің аумағында тұрса, арыз берушінің екі жақта да тұрғылықты тұрушы жақын туыстары сол елдің азаматтары болса азаматтығын алуы ескеріледі.

Келісімге сәйкес ішкі істер бөлімі тіркеуді үш ай мерзім ішінде іске асырады. Құжатта балалардың ата-аналарының азаматтығы өзгерген жағдайда азаматтығын алуы туралы мәселелер толық көрсетілген. Сондай-ақ, онда бір жақтан азаматтық алуы екінші жақтан шығуымен бір уақытта болса, ол адам ол туралы өтініш берген болса, өтінішті қанағаттанарлық шешім қабылдағанша басқа (шыққан) жақтың азаматтығында бола тұрады.

Қазақстан мен Ресейдің қайта құрылуының барысында азаматтардың құқығын қамтамасыз етуде алға басушылықтар жасалды. Экономикалық заңның арасынан жеңіп алынғанының бірі – экономикалық қызметтің еркіндігі, ассоциация, (жекеше, топтық, жалдық) кәсіпорындарды құруға мүмкіндік алуы. Саяси бірлестіктер құру, ар, сөз бостандықтары, рұқсат етілген іш-шараларға қатысуға (митинг, демонстрация, шерулер, наразылық, т.б.) ақпаратқа рұқсат құқығы және басқа да құқықтар іске асырылады.

1998 жылы наурызда Қазақстан  Республикасы мен Ресей Федерациясы  президенттерінің қатысумен адам  құқығы жөніндегі комиссиялардың  бірінші кездесуі болды. Бұл органдардың  сындарлы өзара іс-әрекеттері  нақтылы жағдайларды шұғыл іске асыруға, құқық қорғау мәселелерін ыңғайлы үйлестіруге көмек көрсетеді.

 

Соседние файлы в папке 77728