- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Кіріспе
- •1 Тарау. Биоалуантүрлілік туралы түсінік
- •1.1 Биоалуантүрліліктің құрылымы мен деңгейлері
- •1.2Жануарлардың тіршілік әртүрлілігі.
- •2 Тарау. Биологиялық әралуандылық және оларды сақтау
- •2.1.Жануардың биолуантүрлілігі.
- •2.2. Биоалуантүрліліктің өзгерілуі
- •2.3. Биологиялық әралуантүрлілікті сақтау.
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Қорытынды
Биологиялық әртүрлілікті сақтау мәселесі бірнеше ондаған жылдардан бері тек мамандар мен табиғат қорғаудың жекелеген ынталы адамдарының міндеті болудан қалды, себебі әр бір биологиялық түрді жоғалту тек адамгершілік пен жалпы теориялық пікірлерге ғана емес, сонымен қатар қоғамның экономикалық мүддесіне де нұқсан келтіретініне адамзат баласының толықтай көзі жетті. Бұған 1992 жылы Рио – де – Жанейрода өткен конференцияда дүние жүзінің көптеген елдері, оның ішінде Қазақстанда қол қойған, биологиялық әртүрлілік туралы Конвенцияның қабылдануы дәлел.
Түрлердің санының күрт төмендеуі мен түрлердің жойылу себептері алуан түрлі. Көбінесе олар мекен ету ортасының өзгеруі немесе бұзылуымен байланысты. Омыртқалы жануарларға қатысты алсақ бұл факторға түрлердің жойылуының 60 пайызы жағдайлары сәйкес келеді. Екінші орында шектен тыс пайдалану , содан кейінгі орында азық қорының кемуі, зиянкестерді жою және кездейсоқ жемтік тұр.
Шектен тыс пайдалану қандай да бір кәсіптік маңызы бар жануарлар үшін қауіпті. 1983 жылы тек қана тіс сүйектері үшін ғана 80 мың Африка пілдері жойылды. Түрлердің жойылуындағы маңызды себептердің бірі олардың интрдукцияланған, яғни сырттан әкелінген түрлерімен бәсекелестікке қабілетсіз болу. Мұндай құбылыстарға шектелген территорияларға, аралдарда тіршілік ететін түрлер өте сезімтал болып келеді.
Экологиялық мәселелерді және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы – Қызыл кітап. Табиғи ресурстары мен табиғатты қорғаудың халықаралық одағы (МСОП) бүкіл планетаның Қызыл кітабын құрастырған.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1) С. М. Махмұтов. «Зоология». Алматы-2006 ж.
2) Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. «Экология». Алматы-2002 ж.
3) Байсейтова Н.М. «Экология негіздері». Шымкент-2005 ж. (134-138 беттер)
4) Ф.Қ. Иштаева, Л.Г. Костарева, Ш.С. Набидоллина, Ж.Е. Молдағалиева.
«Экология» «Фоллиант» баспасы. Астана-2008 ж.
5) Ж.Ж. Жатқанбаев. «Экология негіздері». Алматы-2003 ж.
6) Халила Әбділлах Нұрлақұлы. «Экология». Шымкент-2000 ж.
