- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Кіріспе
- •1 Тарау. Биоалуантүрлілік туралы түсінік
- •1.1 Биоалуантүрліліктің құрылымы мен деңгейлері
- •1.2Жануарлардың тіршілік әртүрлілігі.
- •2 Тарау. Биологиялық әралуандылық және оларды сақтау
- •2.1.Жануардың биолуантүрлілігі.
- •2.2. Биоалуантүрліліктің өзгерілуі
- •2.3. Биологиялық әралуантүрлілікті сақтау.
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
1.2Жануарлардың тіршілік әртүрлілігі.
Біз биоалуантүрлілік жайында сөз еткенде, ең біріншіден көптеген жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микроағзалар түрлерін жатқызамыз. Кез келген түр дараларды құрады. Генетикалық жағынан бір біріне өте жақын келеді. Олар еркін шағылысады және өсімтал ұрпақ береді. Сол уақытта кейбір даралар түрлері басқа даралар түрлерімен еркін шағылыса алмайды. Ғалымдар әрдайым жаңа жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микроағзалар түрлерін сипаттап, жаңа түрлерін атауда. Біздің планетамыздағы түрлердің нақты санын ешкім келтіріп бере алмайды. Алайда жануарлардың түрлері өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың, бактериялардың санынан әлдеқайда басым түседі.
Генетикалық алуантүрлілік дегеніміз – түрдегі әрбір дараға тән генетикалық жиыны. Бұл әртүрлі қасиеттерге ие болудың көрінісі. Әрбір адамға көптеген ерекше генетикалық көрсеткіштер тән. Жануарлардың генетикалық әртүрлілігі өзгерісі көптеген факторларға тәуелді. ХІІ ғасыр бойы адамзат жануарлардың ерекшеліктерін бақылап, пайдалы жағын бөліп көрсеткен. Генетикалық әртүрлілікті пайдаланып қазіргі кезде үй жануарларының сұрыпталуының арқасында жасанды тұқымдарын шығаруда. Алайда тек біздің ғасырымызда селекция саласында үлкен сапалы секіріс пайда болды. Ол гендік инжинериямен тығыз байланысты.
Экологиялық әртүрлілік – түрдің даралары таралған белгілі бір аймақты қамтитын және биотикалық қауымдастықтың бір бөлігі болуы керек. Осының арасындағы байланысты экологиялық алуантүрлілікке жатқызуға болады.
Бұл түрге жататын популяциялар басқа түрлердің топтарымен араласады, нәтижесінде биотикалық қауымдастықты құрайды. Өз кзегінде биотикалық қауымдастық физикалық ортамен қарым-қатынаста болады. Заттың үздіксіз ағымын қамтамасыз етеді, нәтижесінде қорек заттың айналымы пайда болады. Оның энергия көзі күн болып табылады. Биотикалық қауымдастық физикалық және мекен ету ортасымен экологиялық жүйені құрайды. Экожүйенің құрылымы мен қызметі ретінде барлық белсенді ағзалардың түрлері кіреді. Физикалық орта мен және өзара қарым қатынас орын алады.
Экожүйенің негізгі қасиетінің бірі динамизм. Бұл кезде бір ағзаның орнына басқа бір ағзаның орын басуы мысал болады. Ескірген ағаштардың құлауы қоңыздардың тіршілігіне байланысты болады. Бірінші болып ағаштың тамырымен қоректенетін қоңыздардың түрлері орналасады. Олардың тіршілігі барысында ағаштың жоғары жағында мекен ететін қоңыздарға жағдай жасайды. Ағаштың діңі шіріп соның нәтижесінде ағаштың ішкі жағында тіршілік ететін қоңыздарға жағдай жасайды. Нәтижесінде қоңыздардың әсерінен 100-150 жыл ішінде ағаш толығымен өңделіп шығады.
Ландшафтық әртүрлілік – қоршаған ортаның ең маңызды бөлімі жер бедерінің рельефі болып табылады. Ол өміршең және құбылмалы болып келеді. Мысалы таулар, кең жазықтықтар, шөлдер, мұз айдыны биосфераның ең маңызды тіршілік сахнасы блоып табылады. Белгілі бір аймақтағы қоршаған орта неғұрлым сол жердегі ағзаның эволюциялық өзгерісіне өте көп уақыт керек. Олардың тіршілік құрамын алуантүрлі болып келеді. Жер рельефі мен оның геологиялық құрылымы облыс шекараларында біркелкі климат пен әртүрлі тіршілік әрекет етеді. Ең биік тау шыңдары бойында температура және ылғалдылық төмен болады. Өте күрделі тау аймақтарда жануарлардың тіршілігі суыққа бейім болады. Нәтижесінде суыққа төзімді жануарлар көптеп кездеседі. Кез келген ландшафт климаттарының өзгерісін басынан өткізеді. Адамдардың тіршілік әрекеті нәтижесінде биоалуантүрлілік қалыптасқан күйі бұзылып өзгеріске ұшырайды. Мысалы, шөлдену мәселесі, теңіз, көлдердің тартылуы.
