- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Кіріспе
- •1 Тарау. Биоалуантүрлілік туралы түсінік
- •1.1 Биоалуантүрліліктің құрылымы мен деңгейлері
- •1.2Жануарлардың тіршілік әртүрлілігі.
- •2 Тарау. Биологиялық әралуандылық және оларды сақтау
- •2.1.Жануардың биолуантүрлілігі.
- •2.2. Биоалуантүрліліктің өзгерілуі
- •2.3. Биологиялық әралуантүрлілікті сақтау.
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
2.2. Биоалуантүрліліктің өзгерілуі
Табиғаттағы әртүрлілік кеңістікте орналасуының саны мен уақытқа қарсы өзгеруі мүмкін. Кез келген биотикалық қауымдастық уақытқа байланысты өзгеріп отырады. Оның дамуын, экологиялық сукцессия деп атауға болады. Олар бірнеше кезеңдерден өтеді. Сукцессиядағы түрлердің қалыптасуы қоршаған ортаны модификациялаудың нәтижесінде басқа жағдайлар пайда болып, басқа популяцияларға оңтайлы жағдайлар туғызу барысында іске асады.
Шырша ағаштарын кескен соң немесе өрттен кейін қалған бос жердің өзгергені соншама, сол жерде қайта шыршалардың өсуіне мүмкіндік болмайды. Ашық жердегі қалған шырша ағашының көшеттері көктемнің суық күндеріне, сонымен қатар өте қатты ыстыққа, басқа жылу сүйгіш өсімдіктермен бәсекелестікке төтеп бере алмайды. Ағаштар шөптесін өсімдіктерді бірте – бірте ығыстырып, майда жапырақты орманның қалыптасуына әкеп соғады. Сол кезде ғана шыршаның өсуіне қолайлы жағдай туғызады.
Қауымдастықтың дамуы барысында жалпы биомассасы өседі. Яғни өнімділіктің максимумға жетуі. Бұл деген сөз сукцессияның аралық фазасының бірінде максимальді жылдың биомассасының қалыптасуы. Негізінен өсімді алуантүрліліктің көбеюінен басқа түрлердің әсіресе, бунақденелілер мен басқа жануарлардың санының қарқынды өсуі байқалады. Алайда табиғатта қауымдастықтың климаксті түрі де бар. Бұл қауымдастықтар дамудың ең соңғы кезегінде басқа қалыптасу кезеңдерінде тіршілік еткен саны жағынан мол болып келетін түрлерге өз орнын береді. Мұндай климаксті қауымдастықтарға түрлік құрамның қалыптасуына басқа факторлар әсер етеді. Мұндай факторларға ағзалардың мөлшерінің үлкеюі жатады. Бұл қасиеттердің арқасында мұндай жануарлар қолайсыз кезеңдерде тіршілік үшін күрес барысында үлкен роль атқарады.
Ортаның қолайлылығы топтпнудағы түрлер санының артуына елеулі ықпал тигізеді. Қорегі аз мекен ететін жерлерде жануарлар жемтігінің әртүрлі типтерінен елеусіз қалдыра алмайды. Ал қорек көп жерлерде олар едәуір күй таңдағыш болады және өзінің тамақ ішу рационын ең жақсы қоректік объектілермен шектеуге мүмкіндігі бар.
Көптеген организмдер өсіп-өнген ортаның қолайлы жағдайларында өздерінің санын тез көбеюге қабілетті.
2.3. Биологиялық әралуантүрлілікті сақтау.
Экологиялық мәселелерді және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы – Қызыл кітап. Табиғи ресурстары мен табиғатты қорғаудың халықаралық одағы (МСОП) бүкіл планетаның Қызыл кітабын құрастырған.
Қызыл кітапқа сирек және жойылу қаупі төніп отырған ағзалар енгізілген.Қызыл кітапқа енген түрдің шамамен санының кемуі себебі, таралу террториясы қорғау үшін орындалатын іс-шаралар және т.б. мәліметтер көрсетіледі. Қызыл кітапқа енген барлық түрлерді бірнеше категорияға бөледі: жойылу қаупі төніп тұрған түрлер (арнайы қатал қорғау шаралары қажет), кеміп келе жатқан (тіршілігін сақтау үшін саны жеткілікті, бірақ жылдам кеміп келе жатқан), сирек (жойылу қаупі жоқ, бірақ саны аз немесе шектелген территорияларда ғана кездеседі), анықталмаған (қамқорлыққа алуға негіз бар, бірақ олар туралы мәліметтер аз).
Қызыл кітаптағы түрлердің тізімі үнемі өзгеріп отырады. Қалпына келтірілген түрлер тізімнен шығарылады. Ал тізім басқа тіршілік көзі нашарланған түрлермен толықтырылады.
Қазақстанның Қызыл кітабын шығаруы, республикамыздын өте сирек жануарларын сақтап қалу және оны қорғаудағы рөлі өте зор.
Экономикалық проблемаларды шеше отырып, біз өзімізді қоршаған ортаның қал-жағдайын естен шығармауымыз керек. Ғылым мен техниканың алға басуы адам мен табиғат арасында үндестіктің болу қажеттілігіне еріксіз ой тоқтаттырады.
Қазақстанның Қызыл кітабының жарыққа шығуы біздің әрқайсымыздың соншалықты көркем, әрі тамаша табиғат әлемін сақтаудағы жеке-жеке жауапкер екенімізді саналы түрде ұғынуымызға түрткі болады.
Қызыл кітаптың беттерін аша отырып, бізге жойылып бара жатқан немесе жойылып кету қауіпі бар жануарлар мен өсімдіктер түрлері тізімінің өсуіне себепші болатын жағдайлар мен себептер туралы терең ойлануымыз керек.
Биологиялық әртүрлілікті сақтау мәселесі бірнеше ондаған жылдардан бері тек мамандар мен табиғат қорғаудың жекелеген ынталы адамдарының міндеті болудан қалды, себебі әр бір биологиялық түрді жоғалту тек адамгершілік пен жалпы теориялық пікірлерге ғана емес, сонымен қатар қоғамның экономикалық мүддесіне де нұқсан келтіретініне адамзат баласының толықтай көзі жетті. Бұған 1992 жылы Рио – де – Жанейрода өткен конференцияда дүние жүзінің көптеген елдері, оның ішінде Қазақстанда қол қойған, биологиялық әртүрлілік туралы Конвенцияның қабылдануы дәлел.
Қазақстанда «Қызыл кітап » Республика Үкіметінің 1978 жылдың 16-қаңтарындағы қаулысы бойынша бекітіледі(Қазақ ССР Министрлігі Советінің № 20 қаулысы).Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі 1979 жылы қаңтар айында жарық көрді(1978 жылдың аяғында басылып шыққан еді).Бұл кітапқа омыртқалы жануарлардың 87 түрі мен түршелері, оның ішінде:сүтқоректілері– 37, құстар – 43,бауырымен жорғалаушылар
- 8, қосмекенділер -1 және балықтардың 4 түрі тіркеледі. 1981 жылы Республика Қызыл кітабының екінші бөлімі жарық көрді.Оған өсімдіктердің – 307 түрі, оның ішінде: жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктер(288), жалаңаш тұқымдылар(2), қырықұлақақ тәрізділер (3), қыналар (3), саңырауқұлақтар (10), мүктер (1) сияқты өсімдіктер бар.
