Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тыныс алу.docx
Скачиваний:
130
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
279.61 Кб
Скачать

Тыныс алу жүйесі

Көмекей (көмей) – мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Оның ішкі бетін кілегейлі қабықша астарлап жатады. Қабырғасы 3 сыңар, 3 жұп шеміршектен түзілген. Ірі шеміршектеріне: төменгі бөлігіндегі сақина тәрізді, алдыңғы жағы мен бүйіріндегі қалқанша тәрізді, үстіңгі жағындағы көмекей қақпақшасы жатады. Көмекейдің артқы жағында 3 жұп майда шеміршектер болады. Шеміршектер бір-бірімен жартылай қозғалмалы байланысқан. Шеміршектерге бұлшықеттер бекінеді. Шеміршектердің арасында – 2 дыбыс сіңірлері болады, оларда шеміршекке бекінеді. Дыбыс сіңірлері бір-біріне қатарлас жатқан иілгіш, серпімді талшықтардан түзілген. Дыбыс сіңірлерінің арасындағы кеңістікті дыбыс саңылауы дейді.

Адам дем шығарғанда дыбыс саңылауы тарылып дыбыс шығады. Дыбыстың шығуы адам сөйлегенде ауа ағынының дыбыс сіңірлерінің тербелтуіне байланысты. Дыбыс сіңірлері неғұрлым ұзын болса, оның тербелісінен жуан дыбыс шығады. Ер адамдардың көмекейі үлкен , дыбыс сіңірлері ұзын, дауыстары жуан. Мойынның алдыңғы жғындағы ең ірі қалқанша шеміршегінің үлкен үшкір түйіні – бидайық (кадык) деп аталады. Ол жұтынғанда, сөйлегенде жоғары, төмен қозғалады. Сонымен көмекей дыбыс шығару мүшесінің де қызметін атқарады. «Көмекей бүлкілдеген әнші екен», «күміс көмей» деген ұғымдар соны білдіреді. Ер адамда көмекейінің орташа ұзындығы 44 мм. Әйелдердің көмекейі кішілеу, дыбыс сіңірлері қысқа болғандықтан, дауысы жіңішке болады, оның орташа ұзындығы 36 мм. Адам сөйлегенде дыбыс сіңірлерінен басқа тіл, ерін, жақ сүйектері, бөбешік, мұрын және ауыз қуысы қатысады. Әдетте барлық адамның дауысы бірдей емес. Дыбыстың құбылып, түрліше болып шығуы: көмекейдің пішіні мен мөлшеріне, дыбыс маңылауына, мұрын, ауыз қуыстарына, тіл, ерін, тістеріне байланысты. Көмекей – ауаны өткізуге, дыбыс шығаруға көмектеседі. Көмекейдің төменгі бөлімі кеңірдекке жалғасады.

Кеңірдек – көмекейдің жалғсы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Ол өңештің алдыңғы жағында орналасады, ұзындығы шамамен 9-12 см, диаметрі 15-18 мм. Кеңірдектің алдыңғы қабырғасы бір-бірімен сіңірлер арқылы өзара байланысқан жартылай шеміршекті сақиналардан тұрады. Жартылай сақиналы шеміршектер кеңірдектің бір-біріне қабысып қалмай ауаның еркін өтуіне қамтамасыз етеді. Кеңірдектің өңешпен жанасқан артқы жағы жұмсақ, тығыз талшықты дәнекер ұлпасынан түзілген. Кеңірдектің бұл жағы өңештен тамақ өтуіне ешбір кедергі жасамайды.

Кеңірдек 5-інші арқа омыртқасының тұсынан оң және сол жақ өкпеге баратын 2 бронхыға тармақталады. Бронхы (грекше «bronchus» - тыныс алқымы) кеңірдектің жалғасы. Ішкі беті кілегейлі қабықшамен қапталған. Бронхылар өкпеде өте көп тармақтарға бөлінген. Ең жіңішке тармақтары бронхиолалар (грекше «broncholi» - кішірею) деп аталады. Бронхиолалардың ұштары шоғырланып, іші ауаға толы өкпе көпіршіктерімен (альвеолалалармен) аяқталады. Альвеоланың (латынша «alveolus» - ұяшық, көпіршік, қуыс) диаметрі 0,2-0,3 мм, қабырғалары бір қабат эпителий жасушаларынан тұрады. өкпе көпіршіктерінің сыртын тұтас капилляр қантамырлары торлап жатады. Капиллярлар мен өкпе көпіршіктері қабырғаларының арасында газ алмасады. Көпіршіктердің ішіндегі ауа құрамынан өттегі қанға өтеді. Капиллярлардағы қанның құрамындағы көмірқышқыл газы өкпе көпіршігіне өтеді.

Ауатамырдың төменгі жағы екіге таралады. Кеңірдектің екі тарамы ауатамырлардың қызметін атқарады. Бұл тарамдардың ұштары жалғаспалы шеміршек сақиналарынан тұрады. Ауатамырларының екі ұштары өкпемен жалғасып, одан әрі тармақталады да, өкпе көпіршектерімен аяқталады. Оң жақ ауатамыр сол жаққа қарағанда кеңірек. Тыныс жолына бөгде дене түскенде, көбінесе оң жақ ауатамырларға түседі. Ауатамырларының ішкі беті жыпылықтағыш эпителий бар сілемейлі қабықпен қапталған. Өкпе қақпасының алдында ауатамыр (бірінші реттік) бөліктерге (екінші реттік), ал олар өз кезеңінде сегментарлық (үшінші реттік) және одан да ұсақ бронхиолдарға (19 реттік) бөлінеді. Осылай ауатамырлардың ағашы пайда болады.

Өкпе – кеуде (көкірек) қуысының қабырғасына жанаса орналасқан серпінді, борпылдақ (губчатый) мүше. Өкпеде қантамырлары көпболғандықтан, түсі қызғылт. Адамда 2 өкпе (оң жақ және сол жақ өкпе) болады. Оң жақ өкпені сайшалар (борозды) 3 бөлікке, сол жақ өкпені 2 бөлікке бөледі. Қкпенің сыртынан сайшалар сызығы анық білінеді. Екі өкпенің бір-біріне қараған ішкі бетінде өкпе қақпасы орналасқан. Ол арқылы өкпе артерия қантамырлары, бронхылар, жүйкелер өкпеге енеді, өкпе вена қантамырлары шығады. Өкпе толыпжатқан өкпе көпіршіктері мен жиі тарамдалған ұсақ бронхиолалардан түзілген. Бұлар өкпенің ішінде болады. Екі өкпенің арасындағы кеңістікке жүрек сол жаққа таман орналасқандықтан, сол жақ өкпе сәл кішілеу болады. Әр өкпенің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген қабықша - өкпе плеврасы (грекше «pleura» - бүйірі, маңы) қаптайды. Кеуде қуысының ішкі қабырғасы да плеврамен қапталған. Плевра қабаттарының арасында плевра қуысы болады, онда ауа болмайды. Плевра қуысында үйкелісті азайтатын сұйықтық болады.

Өкпе көпіршіктері серпінді болғандықтан тыныс алғанда созылады. Оның қабырғаларын орталық жүйке жүйесімен байланыстыратын жүйке талшықтары торлайды. Өкпе көпіршіктері орталық жүйке жүйесімен тығыз байланысты. Өкпе көпіршіктері мен капилляр қантамырларының қабырғасы өте жұқа болғандықтан, олардың арасында газдар еркін алмасады.

Өкпе құрылысы: 1-оң жақ өкпенің төменгі бөлігі, 2-оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігі, 3-оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігі, 4-айыр без, 5-кеңірдек, 6-қалқанша шеміршек, 7-тіл асты сүйегі, 8-көмей сіңірі, 9-жүзік тәрізді желбезек, 10-париетальды өкпеқап, 11-сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігі, 12-сол жақ өкпенің төменгі бөлігі, 13-кішкене тіл, 14-жүрек ойығы, 15- үлпершекпен жабылған жүрек.

Кеңірдек және бронхы ағашы

Бронхиола мен альвеола

Қанның өкпе альвеолаларында ауамен қанығу процессі

Альвеолалардағы газ алмасу

Тыныс алу жүйесінің маңызы

Адамда тыныс алу процесі бірнеше кезеңде атқарылады: 1) сыртқы орта мен өкпе альвеолалары арасындағы ауа алмасуы, немесе сыртқы тыныс; 2) өкпе альвеолалары мен кіші қан айналым шеңбері капиллярлары арасын-дағы газ алмасу, немесе өкпедегі газ алмасу; 3) газдардың қанмен тасымалдануы; 4) үлкен қан айналым шеңбері капиллярлары мен ұлпа және мүше торшалары арасындағы газ алмасу - ішкі тыныс; 5) торшалардың оттегін пайдаланып, көмір қышқыл газды бөлуі, немесе торшалар митохондрияларындағы биологиялық тотығу.

Тыныс алу жүйесі деп организмді оттегімен қанықтырып, көмір қышқыл газдың денеден бөлінуін және организмнің барлық тіршілік әрекеттеріне қажет қуаттың (энергаяның) бөлінуін қамтамасыз ететін мүшелер жиынтығын айтады. Адамда ол сыртқы тыныс мүшелершен, газдардың қанмен тасымалдануын қамтамасыз ететін тетіктерден, ұлпалық тынысты қамтамасыз ететін органеллалардан, осы жүйе жұмысын реттейтін және ондағы ықпалдастықты (интеграция) қалыптастыратын механизмнен құралады. Тыныс аппараты деп организмнің тыныс алуын қамтамасыз ететін мүшелер жиынтығын айтады.

Адамдің сыртқы тыныс аппараты жоғарғы (мұрын қуысы, аңқа, көмекей) және төменгі (кеңірдек, ауа тамырлар - бронхылар мен бронхиолалар) тыныс жолдары мен газ алмасу мүшесі - оң және сол өкпеден тұрады. Дем алынған кезде ауа жоғарғы тыныс жолдарына түсіп, онда шаң-тозаңнан тазарады, жылынады, дымқылданады да, төменгі тыныс жолдарына өтеді.

Дем алынған кезде жұтылған ауаның 30 пайызы тыныс жолдарында қалады да, ол газ алмасу процесіне қатыспайды. Осы себепті мұрын қуысынан өкпе көпіршіктеріне (альевеолаларға) дейінгі жолды "пайдасыз кеңістік "деп атайды. Бұл тек шартты атау, шын мәнінде тыныс жолдарының маңызды қызмет атқаратынын жоғарыда баяндап өттік. Сонымен қатар мұрын қусының кілегейлі қабығында тыныс ауасының сапасын анықтауға мүмкіндік беретін иіс рецепторлары орын тебеді. Тыныс жолдарында түрлі қорғаныс рефлекстерін (жөтелу, түшкіру) тудыратын сезімтал нерв ұштары да орналасады.

Ауаны жоғарғы тыныс жолынан өкпеге және одан кері бағытта өткізетін түтік тәрізді мүшені кеңірдек дейді. Оның қабырғасы ішкі кілегейлі, ортаңғы - шеміршекті және сыртқы-сірлі қабаттардан тұрады. Ортаңғы қабат тұйықталмаған, біте жалғаспаған шеміршек сақиналарынан түзіледі, соңдықтан кеңірдек қуысы әрдайым ашылып тұрады. Кеңірдек сақиналарының саны мойынының ұзындығьша байланысты. Жүректің жоғарғы тұсыңда кеңірдек екі негізгі бронхыларға ажырап, кеңірдек ашамайын (бифуркациясын) түзеді.

Адамлардың газ алмасу мүшесі - өкпе, - құрылысы жағынан түтікшелі - көпіршікті, паренхималы ағза. Ол тыныс жолдарынан және газ алмасу бөлімінен тұрады. Тыныс жолдарын бронхы (ауа тамыр) тарамы, ал газ алмасу бөлімін - көпіршік (альевеола) бөлімі деп атайды. Бронхы тарамы арқылы ауа тазаланып, жылынып, дымқылданып, ионданып, альвеолаларға жеткізіледі. Альвеола тыныс жолының тұйықталған сонғы бөлігі. Олардың қабырғасы оралымды мембранаға бекіген жұқа бір қабат жалпақ эпителий торшаларынан түзіледі. Әр альвеола сырт жағынан тығыз орналасқан капиллярлар торымен қоршалады. Өкпе капиллярлары кең (диаметрі 40 мкм дейін) және тар (диаметрі 11 мкм) тұзақ торлар құрайды. Кең тұзақ капиллярларынан қан толассыз ағады және ол альвеолалар кеңістігінің көп мөлшерін қамтиды. Бұл капиллярлар тұзағы бір-бірімен жалғаса келіп альвеолалық тор түзіледі. Альвеола мен капиллярдың жанасу беткейінің жалпы қалындығы бар болғаны 0,004 мм, сондықтан бұл жерде газдардың алмасуына айтарлықтай кедергі болмайды.

Өкпеде альвеолалар саны орасан көп, сондықтан өкпенің тыныстық аумағы өте үлкен. Өкпе альвеолаларының саны 350 млн. жетеді де, олардың жалпы беткейі 100-120 м2 құрайды, демек дене беткейінің мөлшерінен 100 есе артады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]