Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сыныптан тыс.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
10.96 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

  1. Информатикалық ойын-есептер түрлерін атаңыз.

  2. Суретті есептер деген не?

  3. Логикалық мини-есептерді қалай түсінесіз?

  4. Логикалық есептер деген не? Мысал келтіріңіз.

  5. Әзіл есептерді қалай түсінесіз? Мысал келтіріңіз.

  6. Арифметикалық есептер, комбинаторлық есептер, санау жүйесіне берілген есептер бойынша сипаттама беріңіз.

  7. Стратегиялық ойындарды қалай түсінесіз? Мысал келтіріңіз.

  8. Лингвистикалық ойындар деген не? Мысал келтіріңіз.

  9. Шарты толық берілмеген есептерге сипаттама беріңіз.

  10. Жұмбақтар. Ребустар. Кроссвордтар. Кросснамберлер. Әрқайсысына сипаттама беріп, мысалдар келтіріңіз.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Лапчик М.П., Семакин И.Г., Хеннер Е.К. Методика преподавания информатики. М.: ИЦ «Академия», 2001, 624 с.

  2. Бочкин А.И. Методика преподавания информатики. - Минск: Выш. Шк., 1998, 431 с.

  3. Машбиц Е.И. Психолого-педагогические проблемы компьютеризации обучения. - М.: Педагогика, 1988.

  4. Халықова К.З. Информатиканы оқыту әдістемесі –Алматы: «Білім», 2000, -196 бет.

  5. Жақыпбекова Г.Т. Информатиканы оқытудың жалпы әдістемесі –Шымкент 2002, -112 бет.

Қосымша әдебиеттер:

  1. О.Е.Вершинин. За страницами учебника информатики. - М. Просвещение, 1991.

  2. Логика в информатике. Метод. пос./Лыскова В.Ю., Ракитина Е.А. - М: Лаборатория базовых знаний, 2001.

  3. Журнал «Информатика и образование».

4-лекция.

Тақырыбы. Информатикалық сайыс. «Тапқыр болсаң, озып көр» сайысы. Информатикалық кеш. Информатикадан экскурсия ұйымдастыру әдістемесі.

Жоспары:

  1. Информатикалық сайыс. «Тапқыр болсаң, озып көр» сайысын ұйымдастыру әдістемесі.

  2. Информатикалық кештерді ұйымдастыру әдістемесі..

3. Информатикадан экскурсия ұйымдастыру әдістемесі.

Мазмұны:

Информатикалык сайыстар. Информатикада сабақ уақытынан тыс оқушылармен жүргізілетін көпшілік жүмыстардың бір түрі - сайыстар. Сайыстар өткізудегі негізгі мақсат - окушылардың бағдарлама көлемінде алған білімін терендету, іскерліктерін, дағдыларын калыптастыру, информатика ғылымына деген қызығушылықтарын арттыру жөне оқушылардың сабақтан бос уақыттарын тиімді өткізулерін қамтамасыз ету.

Сайыстың тақырыбын таңдап алу оқу-тәрбие бағдарламасының жалпы жөне нақты мақсаттарына сүйенеді.

Сайысты дайындаудан бұрын оны қалай өткізу жөнінде жоспар жасалады, сайыстың тақырыбы белгіленеді, сайысты жүргізетін дауыс ырғақтары жақсы, сөзі анық жүргізушілер (оқушылар) тандап альнады.

Осындай талаптарға сай 10-11 сыныптар арасыңда өткізілетін информатикадан «Тапқыр болсаң, озып көр» сайысының үлгі жоспарын ұсынуға болады. Ойын сабақтан тыс уакытта өткізіледі.

Сайыс басталар алдында бірқатар ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Сайыс өткізілетін бөлме алдын-ала жабдықталып, безендіріледі. Бүл ксзде оқушылар өздерін мерекедегідей сезінуі тиіс. Тақтаға көрнекі түрде жұлдыз суреттері ілінеді. Информатикаға қатысты плакаттар, мақал-мәтелдер, канатты сөздер, тәрбиелік мәні бар ұлағатты сөздерді пайдалануға болады.

Окушылардьщ ұпайларын жинайтын ор оқушының үстеліне қоржын істеп қоюға да болады. «Тапқыр болсаң, озып көр» сайысының әр кезеңінде дұрыс жауап берген оқушыға жұлдызша беріледі. Сұрақтың қиындық деңгейіне байланысты жұлдызша түстері әртүрлі болуы мүмкін.

Мысалы, қиындығы жоғары сұрақтың шешімін тапқан оқушыға қызыл жүлдызша, қиындығы орта сұраққа сары жұлдызша және жеңіл сұракқа жасыл жұлдызша беріледі.

Ойынға 2 жүргізуші қатысады. Бүл жүргізушілср осы сұракгардың жауаптарын қадағалап, жұлдызшаларды жауап берген оқушының қоржынына салып тұрады.

Сайыс 5 кезеңнен тұрады:

  • Үміткерлер сайысы;

  • Ойлап тап сайысы;

  • Тапқырлар сайысы;

  • Есте болсын сайысы;

  • Финал.

Бірінші сайыстан 2-ші сайысқа өтетін оқушыларды таңдау әділ қазылар алқасына жүктеледі. Қазылар алқасы оқушылардың жауап бергеніне және жұлдызша санына карап, өз шешімдерін, ойларын айтады. 1-кезең. "Үміткерлер сайысы!"

Сайыстың 1-ші кезеңіне әр сыныптан 2-3 оқушыдан 10 оқушы қатысады. Келесі кезсңге шығатын оқушыларды іріктеп алу үшін қатысушыларға информатика пәнінен бірнеше сұрақтар койылады. Әр сұраққа дайындалуға бір минут уақыт беріледі. Мысалы,

  1. Жыпылықтап тұратын тік сызыкша тәрізді бір символдың орнын көрсетіп тұратын таңба (курсор).

  1. Жұмыс кезінде экранға шақырылатан, онан кейін орындалатын қолданбалы программа командаларының іс- әрекеттерінің және ішкі жүйелерінің тізімі (командалық мәзір).

  1. Графикалық немесе мәтіндік информацияларды тікелей оқуға арналған құрылғы (сканер).

  2. Программалық жабдықпен жұмыс істейтін адам арасындағы сұхбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны (интерфейс).

  3. Белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған» біртектес информациялар жиыны (файл).

2-кезең. "Ойлап тап сайысы/"

Бүл кезеңде жүргізуші қолындағы қоржынымен әр оқушьшың жанына келіп, оқушыдан сол қоржындаға әріптер жазулы тақтайшаға карамай шығаруды өтінеді. Шығарылған тақтайшадағы жазулы әріпті катысушы дауыстап оқиды, ойыншылар сол әріптен басталатын информатикаға қатысты сөздер құрайды. Мысалы,

К әрпіне - каталог, курсив, курсор, команда жәнс т.б.

С әрпіне - схема, символ, сервер және т.б.

М әрпіне - монитор, модель, масштаб және т.б.

Ф әрпіне - файл, функция, формула жәнс т.б

Бұл кезеңде қатысушыларға 3 минут уақыт және бір сөзге бір ұпай беріледі. Сайыстың мұндай кезеңі қатысушылардың ұпай санын жинауына мүмкіндік береді. Қатысушылардың барлығы жинаған ұпайларымен сайыстың келесі кезеңіне өтеді.

1 - кезең. "Тапқырлар сайысы!"

Бүл кезеңде жүргізуші тақтаға дайын программалық құралдарды жазып кояды. Мысалы,

  • МS Word мотіндік редакторы;

  • МS ЕХСЕL электрондық кестесі;

  • РАINТ графикалык редакторы.

Ойынға қатысушы оқушылар осы программалар құралдардан калаған біреуін тандайды және осы таңдаған программаға сәйкес олардын негізгі мәзір пунктері меи олардың командалары арасындағы сәйкестікті анықтайды.

Мысалы,

МS Word мәтіндік редакторына сәйкес:

  • Вставка Шрифт

  • Формат Символ

Абзац

Разрыв

МS ЕХСЕL электрондық кестесінесәйкес:

  • Вставка Ячейки

  • Формат Диаграмма

Строка

Функция

РАINТ графикалык редакторына сәйкес:

  • Файл Палитра

  • Вид Печать

Набор инструментов

Макет страницы

Бұл кезеңде осы мәзір бөлімдерін және олардың командаларын бір жүргізуші тақтаға тез арада жазады да, қайта өшіреді. Әр оқушының жауап беруіне 2 минут уақыт беріледі. Сәйкестікті дұрыс тапқан окушы, сайыстың келесі кезеңіне өтеді. Ұпайлары аз екі оқушы ойыннан шығады

4-кезең. "Есте болсын сайысы!"

Сайыстың 4-ші кезеңіне 4 оқушы катысады. Бұл сайыстың негізі оқушылардың есте сақтау қабілетін тексеру, пән бойынша өтілген материалды оқушылардың есінде қалдыру.

1-ші жүргізуші ойынға катысушыларға тақтадағы 4 жұлдызшаның ішінен әрқайсысы өзіне біреуін таңдауын өтінеді. Жұлдызшалар 4 түсті болуы керек (ақ, сары, қызыл, көк). Окушылар жұлдызшаларды таңдап болған соң 2-ші жүргізуші жұлдызшаларды теріс аударады. Сонда жүлдызшаның теріс жағында информатика ғылымына еңбегі сінген бір ғалымның аты жазылып тұрады. Сол ғалымның ашқан жаңалығын айту ойынға қатысушылардың міндеті. Бұл ксзде оқушы информатика ғылымының даму тарихын есіне түсіріп, дұрыс жауап бсруге тырысады. Әр оқушының ойлануына 2 минут уақыт беріледі. Дұрыс жауап бере алмаған және де ұпай саны аз екі катысушы ойыннан шығады. Кслесі кезеңге 2 оқушы өтеді.

5-кезең. "Финал!"

Үстелдің екі жағына финалға шыққан екі ойыншы отырады. Үстелдің үстіне оны бөліп тұратын тақтайша қойылады. Тақтайшаның екі жағындағы қатты ақ кағазға информатикаға байланысты ұзақ сөз жазылып қойылады. Ол екі қатысушының бірдсй сол сөзге карауға және бір-бірінен көшірмеуге мүмкіндік жасалады. Ойын шарты - ұсынылған ұзақ сөзден бірнеше сөз (мүмкіндігінше көп) құрау.

Мысалы, "Информация" сөзінен әртүрлі сөздер кұрау қажет.

♦ Форма, цифр, норма, рация т.с.с.

Екі ойыншыға екі минут уақыт беріледі. Ойыншылар алдына берілген ақ қағазға құралған сөздерді жазады. Берілген уакыт біткеннен кейін жүргізуші ойынға қатысушылардың жазған сөздерін бір-біріне кезсктестіре дауыстатып оқытқызады. Бірінші сөзі таусылып калған ойыншы ойыннан шығады. Сөйтіп, қалған ойыншы жеңімпаз атанады. Оны қазылар алқасы, мектеп директоры, мұғалімдер, сонымен қатар мектеп окушылары кұттықтайды.

Информатикалық кештер бірнеше (параллель; қатар) сыныптардан немесе бір сыныптағы бірнеше топтан құралған 2-3 командалар арасындағы жарыс. Бұл жарысқа дайындық жұмысы 2-3 апта бұрын басталуы керек. Командалар құрылып, олардың капитаны тағайындалады, белгісі (эмблемасы) жасалады, әртүрлі бағыттағы үй тапсырмалары беріледі. Олардың орындалуы тексеріледі.

Информатикалық жарыстардың үлгі бағдарламасы

  1. Командалардың сәлемдесуі.

  1. Алдын-ала шагын, сұрақ-жауап, т.б. жарыс.

  1. Үй тапсырмасы.

  2. Капитандар жарысы.

  3. Суретшілер жарысы.

  4. Информатикалық мазмұнды (сюжетті) өлең құрастыру.

  5. Тапсырмалар алмасу.

  6. Қорытындылау.