Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сыныптан тыс.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
10.96 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

  1. Информатикалық ойын ұғымы.

  2. Ойын түрлерін сипаттаңыз.

  3. Қимыл ойындарының дидактикалық мақсаты қандай?

  4. Рөлдік ойындар қдың мақсаты неде?

  5. Қойылымдық ойындар, құрылымдық ойындар, дидактикалық ойындар түрлеріне сипаттама беріңіз.

  6. Информатикалық ойын-есептер түрлері.

  7. Суретті есептер, логикалық мини-есептерге сипаттама беріңіз.

  8. Логикалық есептер, әзіл есептер, арифметикалық есептерге мысалдар келтіріңіз.

Әдебиеттер:

  1. Лапчик М.П., Семакин И.Г., Хеннер Е.К. Методика преподавания информатики. М.: ИЦ «Академия», 2001, 624 с.

  2. Бочкин А.И. Методика преподавания информатики. - Минск: Выш. Шк., 1998, 431 с.

  3. Машбиц Е.И. Психолого-педагогические проблемы компьютеризации обучения. - М.: Педагогика, 1988.

  4. Халықова К.З. Информатиканы оқыту әдістемесі –Алматы: «Білім», 2000, -196 бет.

  5. Жақыпбекова Г.Т. Информатиканы оқытудың жалпы әдістемесі –Шымкент 2002, -112 бет.

3-лекция.

Тақырыбы: Жұмбақтар. Кроссвордтар. Кросснамберлер. Сөзжұмбақтар. Ребустар.

Жоспары:

  1. Жұмбақтар.

  2. Сөзжұмбақтар.

  3. Кроссвордтар.

  4. Кросснамберлер.

  5. Ребустар.

Мазмұны:

Жұмбақтар. Кез-келген объектіні сөзбен сипаттауға болады. Жұмбақ та объектіні сипаттаудың бір әдісі. Жұмбақтардың бір түрі объектінің қасиеттерін сипаттайды. Мысалы, «Сырты қатты, іші тәтті». (Өрік дәні). Ал, екіншілері объектінің атқаратын қызметін білдіреді. Мысалы: «Таңғаларлық бір ит бар, Үй бағады, үрмейді, Аяғы жоқ, жүрмейді, Көмейін тықсаң сөйлейді, Тілін адам білмейді, Рұқсатсыз сол иттен, Адам үйге кірмейді». Егер ол үрмесе, жүрмесе, онда бұл құлып екені белгілі.

Кейде объектіге белгілі бір сипаттама беретін жұмбақтар сол объектіні басқа объектілермен сипаттау немесе оларға қарама-қарсы қою жолдарымен жасалады. Салыстыру мысалы: «Мамықтай ұлпа, қанттай ақ» (қар). Қарама-қарсы қою мысалы: «Қара, бірақ қарға емес, мүйізі бар, сиыр емес. Алты аяқты, жорға емес, оған ешкім үйір емес». (Қоңыз). Объектінің өзіне тән қасиеті мен іс-әрекетін сипаттап қана қоймай, оны қоршаған ортамен баланыстыра сипаттайтын жұмбақтар да кездеседі. Мысалы: «Шеңбер жасап өседі, желмен бірге көшеді». (Қаңбақ). Кей жұмбақтар басқатырғыштарға ұқсас болып кетеді. Мысалы: «Теңізде қандай тастар кездепейді?» (құрғақ), «Қандай нәрсені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды?» (сабақ).

Алғашқы мәліметтерді объект туралы оған белгілі мәліметтермен салыстыру арқылы оқушы сипатталған затты атап, жұмбақтың шешімін табады. Жұмбақты шешу процесі – мәліметтерді алғашқы күйден соңғы нәтижеге жеткізу үшін өңдеу әрекеті болып табылады.

Сөзжұмбақтар.

  1. Мәліметтер қорында нақты бір амалдың бағдарламалаудың көмегінсіз автоматтандырады

  2. Мәліметтер қорындағы VB тіліндегі бағдарламалар

  3. Нақты тақырып бойынша мәліметтер жиынтығы

  4. Белгілі бір шартқа сәйкес келетін мәліметтерді бөліп алу мүмкіндігін беретін басқару құралы

  5. Макрос, модуль, сұраныс, кесте мәліметтер қорының .....

  6. Өріс қасиеттерінің бірі

  7. Өріс қасиеттерінің бірі

  8. Нәтижелік есептеулердің мәнін баспаға шығаруға мүмкіндік береді

  9. Белгілі бір шартты қанағаттандыратын мәліметтерді шығару

Жауаптары:

  1. Макрос

  2. Модуль

  3. Сұраныс

  4. Кесте

  5. Тип

  6. Аты

  7. Объект

  8. Есеп

  9. Сұрыптау

  1. Интерактивті .....

  2. Жалпы желіге қосылуға арналған құрылғы

  3. Дыбыс шығару құрылғысы

  4. Ақпаратты бейнелейтін құрылғы

  5. Бит, ..., байт, килобайт, мегабайт, терабайт

  6. Мәтіналғы (орысша)

  7. ең кіші өлшем бірлік

  8. Тінтуірдің басқаша атауы

  9. 13 жасында программа жазған

  10. Тінтуірдің басқаша атауы

  11. Пернетақтадағы батырманың басқаша атауы

  12. Интернетпен жұмыс істеуге арналған программа

  13. Сызба (орысша)

  14. Компьютер ауруы

  15. Белгілі атпен сақталған ақпарат

  16. Меню (қазақша)

  17. Құжаттың көлемін өзгерту

  18. Қағазға шығаратын модем

7

9

1

2

8

3

4

5

6

  1. Вирустың кері әсерін жоятын программа.

  2. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны.

  3. Ақпаратты өңдеу құрылысы.

  4. Қағаздағы мәліметтерді компьютерге енгізу құрылғы.

  5. Дүние жүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы.

  6. Жыпылықтап тұратын тік сызықша.

  7. Информацияның өлшем бірлігі.

  8. Мәліметтерді қағазға басып шығару құрылғысы.

  9. Бос орын қалдыру пернесі.

1. Ақпаратарды бейнелеуге арналған компьютердің негізгі құрылғысы. (Монитор);

2. Алфавиттік және сандық мәліметтерді компьютер жадына енгізуге арналған негізгі құрылғы. (Пернетақта);

3. Компьютер жұмысына зиян келтіру қасиеті бар бағдарламалар. (Вирус);

4. Компьютерді Интернет желісімен байланыстыру үшін қажет құрылғы. (Модем);

5. Сандарды жазуда 0-ден 7-ге дейінгі цифрлар қолданылатын санау жүйесі. (Сегіздік);

6. Дизъюнкция (логикалық қосу) амалы қандай сөзбен өрнектеледі? (НЕМЕСЕ).

Кроссвордтар. Кроссвордты шешу барысында байланысатын сөздер құрап, шаршылардан тұратын фигураларды жазып толтыру керек.

«Кроссворд» термині ағылшын тілінің екі «cross» - қиылысу және «word» - «сөз» деген сөздерінің бірігуінен пайда болған. 19-ғасырдың соңында пайда болған ойын-есеп бүкіл әлемде кең таралымға ие болды. Кроссвордтың отаны деп танылу үшін үш ел бәсекелесіп отыр: АҚШ, Англия және ОАР.

Жұмбақтардағы сияқты кроссвордтарда да қысаша сипаттама бойынша объектінің атын анықтау керек. Алайда, берілген сипаттамаға сәйкес бірнеше объектіні анықтауға болады. Сол кезде келесі ереже әрекетеке көшеді: «Шаршылардың қиылысқан жеріндегі әріптер бірдей болуы қажет».

Осылайша, кроссвордтарды шешу – анықталған ереже бойынша ақпаратты өңдеу. Сөздермен ойналатын ойынның басқа да көптеген түрлері бар.

Чайнворд. «Чайнворд» сөзі де ағылшын тілінің екі «chain» - тізбек және «word» - «сөз» деген сөздерінің бірігуінен пайда болған. Чайнворта сөздер қиылыспайды, бірақ әрбір келесі сөз алдыңғы сөздің соңғы әрпінен басталады.

Кросснамберлер. Кез-келген ойынға ұқсас ойындар бар десек қателеспейміз. Олардың кейбіреулері өзінің түпкі шыққан ойынынан тәуелсіз дамиды. Соның бірі – кросснамберлер: ол қазір тек қана «сандық көшірме» емес, өз алдына жеке ойын.

«Кросснамбер» сөзі ағылшын тілінің екі «cross» - қиылысу және «number» - «сан» деген сөздерінің бірігуінен пайда болған. Көпшілігінде кросснамберлер кроссвордтарға ұқсас болып келеді. Олардың арасындағы айырмашылық, кросснамберлерде тек сандар қолданатылындығында. Кросснамбер мысалы:

Барлық есептерде торды сандармен толтыру қажет (әр торшаға бір цифр жазылады және ешқандай сан нөлден басталмау керек).

Ребустар. Ребус – сурет, фигура немесе белгілердің көмегімен сөздер жасырылған жұмбақтар. «Ребус» сөзі «Сөзбен емес, заттардың көмегімен» деген латын мәтелінен шыққан. Ребустардың жұмбақтардан айырмашылығы, мұнда ақпарат сипаттау түрінде емес, суреттердің әріптермен, белгілермен байланысы түрінде болады. Ребус объектінің сипаттамасын білдірмейді, ол суреттермен және белгілермен жасырылған ақпаратты ғана ұсынады. Оның шешімі, мақал-мәтел, сөз немесе сөйлем болуы мүмкін. Мысалы: