Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сыныптан тыс.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
10.96 Mб
Скачать

Кіріспе. «Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі» (ISTJUA 4222) пәнінің 5В011100-информатика мамандарын даярлаудағы орны.

«Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі» (ISTJUA 4222) пәні болашақ информатика мұғалімінің алдағы кәсіби қызметінде информатика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу әдістемесін игеруін қамтамасыз етеді. Информатиканы оқыту үрдісіне байланысты мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сабақтан тыс уақытта істейтін қосымша жұмыстарын информатикадан сыныптан тыс жұмыстар деп атайды.

Мектеп информатикасы бағдарламасында көрсетілген тақырыптарды оқушыларға меңгертумен информатиканы оқытудың мақсаттары толық орындалды деп айтуға болмайды. Өйткені, информатика пәніне қызығатын оқушылардың білімін тереңдетіп, білік, дағдыларын дамытумен қатар, үлгерімі төмен балалардың ынтасын арттырып, олардың бұл пәнге деген қызығушылығын арттыру керек. Бұл мәселені нәтижелі шешудің бір жолы - информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. Бұл болашақ информатика мұғалімінің информатика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды жүргізуде теориялық білімі мен тәжірибелік дайындығын және оның әдістемелік даярлығын қалыптастырудың маңызы ерекше екенін көрсетеді. Себебі, информатикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар жалпы білім беретін мектептерден оқу-тәрбие үрдісінің маңызды құрамдас бөлігі.

Информатикадан өткізетін сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік мазмұнын ұйымдастыруда және өткізуге өзіндік ерекшелігі, өзінің формасы мен әдістері бар. Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыстар мұғалімнің дайындық дәрежесіне және әдістемелік даярлығына, оқушылардың талап-тілегіне, информатика кабинетінің жабдығына, техникалық мамандықтарға кәсіби бағдар беру мүмкіндігіне байланысты өтіледі. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар оқушыларға жан-жақты білім беруге көмектеседі, олардың қоғамның түрлі салаларына бейімделуіне мүмкіндік ашады.

Информатикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар жалпы білім берумен қатар тәрбиелік маңызды мәселелерді қамтиды. Атап айтқанда, оқушылардың сабақтан тыс бос уақытын дұрыс пайдалануға және сынып алған білімінің сапасын арттыруға бағытталады, білімдерін практикада қолдану дағдысын қалыптастырады, балалардың информатикаға деген қабілеттерін арттырады, ізенуге, зерттеуге машықтандырады, өздігінен білім алуға дағдыландырады. Берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушы алдағы өміріне қажетті көптеген практикалық мәні бар дағдыларды меңгереді, белгілі бір игерген дағдылана байланысты материал жинайды, тәжірибе жұмыстарын жасайды, есеп шығау жұмыстарын орындайды.

Пәнді оқытудың мақсаты - информатика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесін игеру арқылы студенттерде жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп түрлері бойынша оқу және тәрбие жұмыстарына қойылатын талаптар деңгейінде сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру.

Пәнді оқытудың негiзгi мiндеттерi:

  • информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың түрлерін, оларды ұйымдастыру мен жүргізу әдістемесін меңгеру;

  • жалпы және кәсіптік білім беруде информатикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың маңызын, олардың пәнді меңгерудегі психологиялық-педагогикалық аспектілерін түсіну;

  • информатика пәні бойынша мектеп бағдарламаларын, оқулықтары мен оқу құралдарын оқып-үйренуі, олардың негізгі әдістемесін меңгеру бағытында ғылыми-зерттеу сипатындағы дағды қалыптастыру;

  • информатиканың және оның қолдануларын тереңдетіп оқытуға деген қызығушылықтарын туғызу;

  • ғылыми-көпшілік әдебиеттерді өз беттерімен пайдалана білуге үйрету;

  • информатикалық білімді ғылым мен техникада, өмірге пайдалана білу;

  • бос уақыт пен демалысты тиімді ұйымдастыру.

1-лекция.

Тақырыбы: Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі мәселелері. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың түрлері. Информатикалық үйірме, оны ұйымдастыру мен жүргізу әдістемесі.

Жоспары:

  1. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі мәселелері.

  2. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың түрлері.

  3. Информатикалық үйірме, оны ұйымдастыру мен жүргізу әдістемесі.

Мазмұны:

Жалпы білім беретін орта мектептерде информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың бірнеше түрлері бар. Олар информатикалық үйірме, информатикалық ойындар; информатикалық викториналар; информатикалық конкурстар; информатикалық олимпиадалар; информатикалық кештер; информатикалық экскурсия; информатикалық әдебиеттер оқу; информатикалық рефераттар мен шығармалар жазу; информатикалық қабырға газетін шығару; информатикалық фокустар, логикалық есептер, жұмбақтар, ребустар, кроссвордтар, чайнворд, кросснамберлер, компьютерлік ойындар, т.б.

Үйірменің негізгі мақсаты – оқушылардың информатика пәніне қызығушылықтарын арттыру. Жақсы ұйымдастырылған информатика үйірмесі оқушыларды пәнге қызықтырады, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады, жалпы ақпараттық мәдениетін қалыптастырады және информатика пәнінің мазмұнын меңгеру барысында оқушылардың үлгерімінің артуына әсер етеді. Үйірме мүшелері мұғалімге көмекші болып табылады. Сондықтан информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлағанда оған үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Оған тиісті бағдарламалар мен көрнекі құралдар мүмкіндіктері ескерілуі қажет.

Информатикадан сыныптан тыс жүргізілетін сабақтар үш мақсатты қамтиды:

  1. информатикадан игерген теориялық білімді тереңдету, оқушылардың практикалық дағдысын қалыптастыру, логикалық ойлауын дамыту;

  2. оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру;

  3. сабақтан бос уақытта оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

Үйірме жұмыстарын жүргізуден бұрын мұғалім оқушылары жан-жақты зерттеудің нәтижесінде олардың ішінен өте зерек, информатиканың белгілі бір мәселелерімен айналысуға қызығатын оқушыларды таңдап алуы тиіс. Соның нәтижесінде мұғалім оқушыларға үйірме түрін таңдай білуге, оларға тапсырманы іс-қабілеттеріне қарай бөлуге қол жеткізеді. Ол жұмыстың тиісті дәрежеде сапалы жүргізілуі мұғалімнің жеке шығармашылығына тікелей байланысты. Үйірме жұмысына үлгерімі төмен оқушыларды да тартудың пайдасы мол, тек олардың дайындық дәрежесіне қарай тапсырма беріп, қолдап отыру керек. Әдетте үйірме мүшелерінің саны 15-20 адамнан аспағаны жөн. Талапкер көбейген жағдайда оқушылар жас ерекшеліктеріне не дайындық дәрежесіне қарай секцияларға бөлінгені дұрыс.

Үйірме жарты жылдық немесе жылдық жоспары жасалынып, әрбір мүшесіне тапысырмалар бекітілуі керек. Үйірме отырысын ыңғайына қарай аптасына 1 сағаттан 1 рет немесе 1 айда 2 рет өткізуіне болады. Үйірме отырыстары еркін пікір алмасу жағдайында, белсенді пікірталас түрінде өткізілгені өте тиімді. Үйірме сағатының тақырыптарын сан алуан болып, әр түрлі сұрақтарды қамтуға болады.

Мұғалім үйірмедегі бүкіл ұйымдастыру жұмысын сайланбалы өзін-өзі басқару органдары арқылы жүргізіледі. Ұйымдастыру жиналысында үйірменің старостасы, оның орынбасары, қабырға газетінің редакция алқасы, секциялар жұмысына жауапты мүшелер сайланып, жұмыстың жылдық жоспары талқыланып, бекітіледі, үйірме мүшелерінің құқықтары мен міндеттері айтылады. Сонымен бірге "Жас информатик", "Информациялық қоғам", т.б. үйірменің басқару органдары құрылады.

Үйірме жұмысы табысты болуы үшін ең алдымен оқушылардың сұранысы мен қызығушылығын, оқушыға берілген тапсырманың орындалуын бақылап, есепке алуын ескеру керек. Оқушылардың өздері айтқан, оларды қызықтыратын мәселелер бойынша үйірме сабағын өткізу бұл оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге және өзін-өзі басқаруға үйретеді, информатикадан алған білімдерін кеңейтеді, әрі тереңдетеді. Әрбір сабақ тек оқыту сабағы ғана емес, сонымен бірге тәрбиелеу және дамыту сабағы болу керек. Сонымен бірге сабақты ғылым негіздерін өмірінен, құрылыстың практикасымен байланысты етіп өткізген жөн.

Информатикалық үйірмелер мынадай әдістемелік талаптарға сай ұйымдастырылады:

1. Үйірмені ұйымдастыру туралы ұсыныс-тілекті оқушылардың өздерінің бергені дұрыс.

2. Мұғалім қандай үйірмелер ұйымдастырылатындығын, оларды кімдер және

қандай мерзімде өткізетінін, қызықты әдебиеттердің тізімін көрсетіп информатика кабинетіне хабарландыру жазып қоюы керек, оны әр сыныпта талдап, насихаттау қажет.

3. Төменгі және жоғарғы сынып оқушылары үшін бөлек үйірме топтары болған жөн;

4. Үйірме мүшелері жұмыстарының тәрбиелік мәнінде де (еңбек дағдысы, техникалық мәдениеті, эстетикалық маңызы) жеткілікті мән берген жөн.

5. Үйірме сабақтарында оқу бағдарламасының міндетін орындауға болмайды.

Бағдарлама бойынша 7-8 сыныптардағы информатикадан жүргізілетін үйірме сабақтары мазмұны жағынан информатиканың негізгі курсына сәйкес келеді. Бұл жағдайда мұғалімнің жоспары бойынша ұйымдастырылған үйірме сабақтары оқу сабақтарының логикалық жалғасы болып табылады.

Информатика үйірмесіне информатика пәнінің мұғалімі жетекшілік етеді. Мектеп оқушыларын үйірмеге топтастырғанда мұғалім оқушылардың сабақ кестесін, сабақ ауысымын, жас ерекшеліктерін, т.б. жағдайларды ескеру керек. Әдетте, бір сыныптың немесе қатар сыныптардың оқушыларынан құралған үйірме жақсы нәтиже береді. Егер мұғалімнің сабағы көп болып, уақыты жеткіліксіз болса, онда төменгі сыныптағы үйірме жұмысын басқаруды жоғары сыныптың оқушысына тапсыруға болады, бұл жағдайда мұғалім өз тарапынан тікелей басшылық жасауы тиіс.

Үйірмеде сабақ тақырыптарын тандап алуға толық еркіндік бар. Мысалы, үйірмеде ғылыми-көпшілік журналдарына шыққан материалдарды талдау, информациялық технологияның жетістіктерін, жаңалықтарын баяндау, т.б. мәселелер айтылады. Үйірме жүмысының сьшыптағы сабақтардан айырмашылығы үйірме сабақтарына оқушылардың қатысуы міндетті емес және оқушылардың білімін бағалау қажет емес, сынақ өткізілмейді. Үйірмеге катысатын оқушылар саны 10-15 және оған ерікті түрде қатысуға болады. Үйірменің алғашқы мәжілісінде үйірменің бағытына сай аты тандалып, төрағасы сайланады. Үйірменің жарты жылдыққа немесе бір жылға арналған мәжіліс жоспары талқыланып, информатика пәнінің әдістемелік кенесінің келісімімен мектеп директоры бекітеді. Үйірме мүшелері қабырға газеттерін үнемі шығарып отырады. Үйірме айына 2 реттен кем болмауы тиіс және пікір алмасу, ой бөлісу бағытында ұйымдастырылғаны тиімді. Үйірменің алғашқы мәжілісінің бірінде қабырға газетінің редакторы, фототілшісі, безендірушісі, т.б. оқушыларды тұрақты сайлап қою керек.

Үйірме жоспарының үлгісі

қ/с

Мазмұны

Мерзімі

Жауаптылар

Ұсынылатын әдебиеттер мен программалық жабдықтар

1 - мәжіліс

1

Үйірменің атын,төрағасын белгілеу. Үйірме жоспарын бекіту

16.09

Үйірме жетекшісі,оқушылар

Ахметов К.С. Курс молодого бойца, М.Компьютер Пресс, 1996

2

Информатика ғылымының даму тарихы, бүгінгі және болашағы

30.09

оқушылар

Шанский Н., Боброва Т. Школьный этимологический словарь русского языка (происхождение слов), 4-е издание, Дрофо, М: 2001

2 – мәжіліс

1

Үйірмеге қатысушылар жаңа информациялық технологияның жетістіктерін пайдаланады, түрлі салалар бойынша баяндамалар жасайды, барлық оқушылар үшін қорытынды конференциялар өткізеді, танымдық ойындар, викториналық сұрақтар, тақырыптық кештер, т.б. ұйымдастырады. Үйірме жұмысының бағыты бойынша мәлімет беретін қабырға газеттері мен плакаттар шығарады, экскурсиялар ұйымдастырады, ғалымдармен кездесулер ұйымдастырады, олимпиада қорытындыларын жариялайды.

Үйірме сабақтарында информатикалық ойындар, сайыстар, көңілді-тапқырлар жарысы, информатикалық викториналар, т.б. өткізуге болады.

Үйірменің жоспарын құрғанда оның мазмұнына ерекше көңіл бөлген дұрыс, оны жүргізу әдістерін алдын-ала жоспарлау керек. Баяндамада қарастырылған материалдар оқушының дүниетанымына сәйкес болғаны жөн. Сондай-ақ үйірменің сабақтағы материалдарды қайталау емес екенін түсіндіру қажет.

Бақылау сұрақтары:

  1. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты мен ұйымдастырудың негізгі мәселелеріне тоқталыңыз.

  2. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың түрлерін атаңыз.

  3. Информатикалық үйірменің мақсаты не?

  4. Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу әдістемесін сипаттаңыз.

Әдебиеттер:

  1. Лапчик М.П., Семакин И.Г., Хеннер Е.К. Методика преподавания информатики. М.: ИЦ «Академия», 2001, 624 с.

  2. Бочкин А.И. Методика преподавания информатики. - Минск: Выш. Шк., 1998, 431 с.

  3. Машбиц Е.И. Психолого-педагогические проблемы компьютеризации обучения. - М.: Педагогика, 1988.

  4. Халықова К.З. Информатиканы оқыту әдістемесі –Алматы: «Білім», 2000, -196 бет.

  5. Жақыпбекова Г.Т. Информатиканы оқытудың жалпы әдістемесі –Шымкент 2002, -112 бет.

2-лекция

Тақырыбы: Информатикалық ойын ұғымы. Ойын түрлері. Информатикалық ойын-есептер түрлері. Логикалық есептер, әзіл есептер, арифметикалық есептер.

Жоспары:

  1. Информатикалық ойын ұғымы. Ойын түрлері.

  2. Информатикалық ойын-есептер түрлері. Суретті есептер, логикалық мини-есептер.

  3. Логикалық есептер, әзіл есептер, арифметикалық есептер.

Мазмұны:

Информатикалык ойындар. Бұл ойындардың дидактикалық мақсаты – оқушылардың программалар мен құрылғылар жұмысын компьютердің жағдайына енуі арқылы компьютерлік білімін, іскерлігін және дағдысын дамыту. Қазіргі уақытта компьютерлік ойындардың түрлері көп. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, АҚШ – тың “Interactive Diqital Soltware Association” (IDSA) – нің мамандары үйінде компьютерлері бар 1500 американдық жанұяға сауалнама жүргізген. Нәтижесіне, американдықтардың 2/3 бөлігі компьютеерлік ойындарды бос уақытты өткізу үшін «өте керемет» деп бағалаған. Оның үстіне олар бұл ойындарды теледидарға қарағанда пайдалы деп есептеген. Сонымен ойынды қолданушыларға жүргізілген зерттеу барысына мұқият қарасақ мынадай қызықты жәйттерді айтуға болады.

Соңғы кезде қолданушылар үйіндегі компьютерлеріне әртүрлі мақсаттағы программаларға қарағанда ойындарды көбірек жазады. Ойын программалары жасына, мамандығына қарамай күннен – күнге адамдардың көп бөлігін өзіне тартуда. Мысалы, ойыншылардың ішінде 40% -і әйелдер, оның 43%- і 18- 35 жас аралығында және 19,7% - і 36 жастан үлкендер. Ойын түрлеріне қарай 1-ші орында «жүгіргіштер, атқыштар» ойыны; 2- ші орында «басқатырғыштар» оқыту бағдарламалары; 3- ші орында спрот және т.б. танымдық ойындарының орын алатыны байқалады.

Оқу үрдісінде жоғарыда аталған ойын түрлерін емес, сұхбаттық, оқу–рольді ойындарын қолданған тиімді. Бұл ойындар оқушының «өзінің» және «басқаның» әрекетін бақылап, берілгендерді талдау қабілетін дамытумен бірге, пәнге деген қызығушылығын арттырады, ынтымақтастық жағдайында жұмыла жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл кезде оқушы басты рольді «өзі» ойнайды немесе «басқа» оқушының ойынын бақылайды. Ойын барысындағы рольдерінің ауысуы ұжымдағы жеке оқушылардың қарым – қатынасына оң әсерін тигізеді. Бұл кезде мұғалімнің қызметі ең қиын рольді өзі орындауы немесе олардың дұрыс орындалуын бақылауы кезінде көрініс табады.

Сондай – ақ оқушылар а) ойынның ережелер мен мақсатын ауызша, сөзбен түсіндіру; ә) сыныптағы оқушылардың рольдік әрекеттерін бақылау; б) рольдік ойындарды орындауға иәрекет жасау арқылыы өзіндік ой қорыта алады өз пікірін тұжырымдап айтуға үйренеді.

Ойын барысында қалыптасқан білім практикалық түрде игеріледі және ойын нәтижесі алдын – ала белгілі болып, оқушылардың өзіндік бағыт алуына көмектеседі.

Оқушылардың белсенділігі олардың ойынға қызығу деңгейіне байланысты байқалады. Бұл кезде «актерлердің» рольдерді дұрыс орындауын байқап отыру «көрермендердің» жоғары белсенділікті талап етеді. Көбінесе, мұндай ойындарға оқушылар толық қатысады.

"Ойын" сөзін өз мағынасында қолдансақ, кейбір адамдарға ол ермек сияқты көрінеді. Шын мәнінде дүниетанымдық, білімділік мәні бар, білім жарысындағы ойындар шығамашылық әрекетті талап етеді. Окушыларға білім мен тәрбие берудегі ойынның ролі мен маңызын педагогтар жоғары бағалайды. Балалар үшін ойын -өмір, еңбек жөне озара бір-бірімен араласу қүралы. Ойын әрбір пәннің тәрбие жұмысындағы ерекше білім бөлігі болуға тиіс, сонымен қатар онда көпшілік қатысатын ойындарға ерекше көңіл бөлінуі керек.

Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Мысалы, қисынды ой-қабілетін дамытады; өздігінен жұмыс істеуге үйренеді; сөздік қоры баийды, тілі дамиды; зейіні қалыптасады; байқампаздығы артады; өзара сыйластыққа үйретеді; ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды; бір-біріне деген оқушы сенімі артады достыққа, ынтымақтастыққа баулиды; сабаққа қызығушылығы артады.

Оқушылардың бос уақытын мазмұнды етіп пайдалануға танымдық ойындарды таңдап алудың мәні өте зор. Танымдык, ойындар сабақта және сабақтан тыс көпшілік оқушылар қатысатын жұмыстардың бір түрі. Танымдық ойындарды оқушылар кызығатындай етіп насихаттау керек. Сонда ғана мұндай ойындар оқушылардың белсенді іс-әрекетіне айналып, дүниені танып білу құралы бола алады. Танымдық ойындардың маңызы кейде басқарушыға тікелей байланысты. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.

Ойындар танымдық іс-әрекет сипатына қарай келесідей түрлерге бөлінеді:

1. Оқушылардан орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар.

2. Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.

3. Қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар.

4. Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағытталған ойындар.

5. Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар.

Құрылымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктеуге болады:

1. Сюжеттік-рөлдік ойындар.

2. Жаттығу ойындары.

3. Шығармашылық ойындар.

4. Драмалық ойындар.

5. Әдеби-музыкалық ойындар.

Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар:

1. Білім беретін ойындар.

2. Тәрбиелейтін ойындар.

3. Дамытатын ойындар.

4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар.

5. Диагностикалық ойындар.

Қимыл ойындары – балаға дене тәрбиесін беру құралы. Балалардың жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алу қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке қалыптасуына зор ықпал етеді. Қимыл ойынында ережелер ұйымдастырушы роль атқарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін, ойнаушылардың қарым-қатынасын, баланың мінез-құлқын белгілейді. Қимыл ойындары үйдің ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізіледі. Олар сондай-ақ дене шынықтыру сабақтарының құрамына енеді. Балалар ойынды игерген соң өздігінен ойнай алады. Ойын балаларға сабақта серуенге де өте қажет, тіпті бала жай дем алып отырғанын өзінде де ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық жас кезеңінде өтеді.

Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті-рөлді ойындар – бейнелеу құралы, рөл мен ойын – бейнелеу әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне еліктейді. «Шаштараз», «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады. Педагог өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалы бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөлді ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс

Қойылымдық ойындарда рөлдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың, ертегінің сюжеті мен мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті-рөлді ойынға ұқсас. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертегі айтып берсең бар ынтасымен тындайды. Ертегі балалардың ой-қиялын, сөздік қорын дамытады.

Құрылымдық ойындар – балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрі құбылыстарды және соларға байланысты іс-әректтерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті-рөлді ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрылыстар салады.

Дидактикалық ойындар балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасына жатыр. Мысалы, «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық» деген ойынды ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті – қалпақтың астында не бар екенін білу. Дидактикалық ойындарды айналамен танысу сабағында, әдебиет сабақтарында жиі қолданады.

Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде, кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу – бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын – балалар үшін айналаны танып, білу тәсілі.

Ойын ережелерінде тәрбиенің үлкен маңызы жатыр. Олар ойынның барысын белгілейді, балалардың тәртібі мен әрекеттерін, олардың қарым-қатынасын бақылайды, жігерінің қалыптасуына ықпал етеді.

Ойынға қызығуы үшін ойын өмірмен ұштастырыла алынып, оның қажеттілігін бала сезінуі тиіс. Сондай-ақ, ойын тұжырымы әдеттегіден бөлектеу, түсінуге жеңіл, мақсаты айқын болуымен бірге, есептеуі аз, ойлану арқылы тез табылатын болуы қажет. Әрбір ойын ойналып болғаннан кейін, қорытындыланып отырылса пайдалы болады.

Информатикалық ойын-есептердің түрлері:

  • Суретті есептер;

  • Логикалық мини-есептер;

  • Логикалық есептер;

  • Әзіл есептер;

  • Арифметикалық есептер;

  • Комбинаторлық есептер;

  • Санау жүйесіне берілген есептер;

  • Стратегиялық ойындар;

  • Лингвистикалық ойындар;

  • Шарты толық берілмеген есептер;

  • Жұмбақтар;

  • Ребустар;

  • Кроссвордтар;

  • Кросснамберлер.

Суретті есептер. Суретті есептерге ерекше түрде жасалған қандай да бір объектінің суреті немесе сызбасы жатады. Суретті есептерді құрастырғанда объектінің оқушылар неғұрлым жиі бақылайтын тұсын, жұмбақталатын объектіге сәйкес тақырыпты анықтау қажет.

Логикалық мини-есептер. Мұндай есептерге көлемі кіші есептер жатады: әдетте олар бір сөйлемнен тұрады, оларды ауызша сұрақ қою немесе материалды бекіту бөлімінде стандартты есептер мен сұрақтар ретінде қолданған дұрыс. Сұрақ қойылғаннан кейін оқушы оның типін анықтап, жауапты қалыптастырып және оны жинақтау етуі керек.

Мысалы:

  1. «Алгоритм» сөзі қай европалық математиктің есімімен байланысты?

  2. Екілік алфавиттен құралған хабарламада қанша символ болуы мүмкін?

  3. Компьютерлік вирустарды тауып, өшіру үшін қандай программалар

қызмет етеді?

Логикалық есептер. Логикалық есептер – дәлелденген ой-пікірлер айта білу, талдау қабілетін талап ететін есептер. Мысалы:

  1. Арман, Ардақ, Әнуар мен Бекжан жидек жинады. Ардақ жидекті барлығынан көп жинады, Арманның жинағаны барлығынан аз емес. Қыздардың ұлдарға қарағанда жидекті көп жинағаны рас па?

  2. Макида ақиқат пікір айтты. Мақпал оның еш сөзін өзгертпей қайталады,

бірақ ол жалған болып шықты. Макида қандай пікір айтты?

Әзіл есептер. Кей жағдайларда сұрақтарға берілетін жауаптардың өзі әзіл түрінде болып келеді, мұндай есептерді ауызша сұрақ қою немесе материалды бекіту бөлімінде стандартты есептер мен сұрақтар ретінде қолданған дұрыс. Мысалы:

  1. Жұмбақ. Алғашқыда олар 5-тен, бірақ кішкентай болды, ал қазір олар 3-

тен бірақ үлкен. Негізінде олар бесеу болған жоқ, ал қазір нақты үшеу емес. Олар қалай аталады?

  1. Процессор компьютердің қай бөлігінде орналасқан: аналық тақшада ма,

жүйелік бөлікте ме?

Лингвистикалық есептер. Лингвистикалық есептер тексеру үшін қолданылатын жаттығулар мен есептерден анағұрлым айырмашылғы бар есептердің айрықша түрі.

Мұндай есептерді шешуге қажетті мағлұмат есептің шартында көрсетіледі және шешушіден ешқандай білім немесе арнайы дайындық талап етілмейді. Осылайша, мұндай есептер шығармашылықтың көптеген элементтерін қарапайым түрде модельдеу арқылы оқу мәселесінің принципін кеңейтеді.

Мысалы:

  1. Бақылау жұмысында Айбат Нұрбибіге келесідей хабарлама жіберді:

«Ныбауаж ыштйа!». Бұл қандай тіл?

  1. Буындарды біріктіру арқылы жасырынған сөзді тап: бағбан, салдар,

қалау, қалайы, машина (бағдарламалау).

Бетперделі сұрақтар. Мұндай сұрақтарға жауаптарды тек материалды меңгерудің белгілі бір анықталған дәрежесінде беруге болады. Әдетте мұндай сұрақтар қысқаша түрде болады және оларда жалған сілтемелер болады, жауапты табу үшін қосымша ақпараттар қажет болады немесе сұрақтардағы сөздер дұрыс қолданылмайды, оқушы біліп, дұрыс жауап бере алатындай сұрақтарда әзілдер де кездеседі. Мысалы:

  1. Қысым бірлігі және белгілі бағдарламалау тілі.

  2. Күрделі құралдарды пультпен басқарушы маман және белгілі бір программмалау тілінде жазылған программа

  3. Пойыздардың жүру кестесіндегі үзіліс және Windows-бағдарлама орындалатын терезенің тік төртбұрышты аймағы.

Шарты толық берілмеген есептер. Мұндай есептерде оны шешуге қажетті берілгендер жиынтығы қарастырылған, бірақ берілгендердің біршама бөлігі есепті шешушіден жасырылған. Осы типтес есептерді өтілген материалды қайталау сабақтарында қолданған тиімді. Мысалы:

  1. Бір математиктің қағазынан оның өмірбаяны табылды. Ол келесідей таң қалдыратын сөздермен басталған:

«Мен университетті туылғаннан соң 44 жылдан кейін бітірдім. Бір жылдан соң, мен 34 жастағы қызға үйлендім. Бар жоғы 11 жасты құрайтын жас айырмашылығымыз біздің тату-тәтті өмір сүруімізге ықпал етті. Біршама уақыттан соң менің жанұямда 10 бала болды. Мен айына 200 теңге жалақы алып тұрдым, бірақ жалақымның бестен бірі бөлігін қарындасыма беріп тұратындықтан, біз айына 130 теңгеге өмір сүрдік».

Бұл үзіндінің сандарындағы қарама-қарсылықтарды қалай түсіндіруге болады?

  1. Менің ағаларым мен інілерімнің саны – 100. Ең кішісі 1000-да, ең үлкені

1001-де. Үлкені 1001-сыныпта оқиды. Осылай болуы мүмкін бе?

  1. Бір бала өзі туралы былай жазды: «Менің 24 саусағым бар, әр қолымда 5-тен, ал аяғымда – 12». Бұл қалай болуы мүмкін?