Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Лаба 1-11 схематех Мусурманкулов Нурбол / Лаба 7 схематех. Мусурманкулов Н..doc.docx.doc.docx.doc

.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
949.68 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Аэроғарыштық және ақпараттық технологиялар факультеті

«Компьютерлік технологиялар» кафедрасы

Аналогтық құрылғылардың схемотехникасы

№7 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Операциялық күшейткіштерді зерттеу

Орындаған: ВТк-13-2 тобының студенті Мусурманкулов Нурбол.

Тексерген: аға оқытушы Мусапирова Г.Д.

Алматы, 2015

Кіріспе

Берілген зертханалық жұмыста операциялық күшейткіштердің қасиеттерін және айнымалы, тұрақты тоқтардың терістегіш күшейткіштерінің әрекеттерін зерттеп қарадым.Операциялық күшейткіштер –тұрақты екі дифференциялдық кірістері бар және бір шығысы бар тұрақты универсалды тоқты күшейткіш болып табылады. Операциялық күшейткіштер – негізінде көптеген шығыстарға ие.Сыртқы тізбекті қосу үшін қажет.

Қазіргі заманда операциялық күшейткіштер үлкен сұранысқа ие, көбінесе бөлек чиптер жәнеде әртүрлі күрделі интегралдық схемаларда функционалдық блоктар ретінде қолданылады. Сондықтан операциялық күшейткіштер универсалды блок болып саналады.

Жұмыстың мақсаты:

- Тұрақты тоқтың терістегіш күшейткішін зерттеу;

- Айнымалы тоқтың терістегіш күшейткішін зерттеу.

2.1 Жұмыстың тапсырмасы

2.1.1 Әртүрлі комбинациялы схемадағы кедергісі кезіндегі кіріс және шығыс кернеулерін өлшеу керек.

2.1.2 Күшейткіштердің коэффициенттерін есептеу керек.

2.1.3 Амплитуда жиіліктік сипаттамасын алу керек.

2.2 Жұмыстың орындалу реті

2.2.1 ЕВ-121 платасын стендқа қоймай тұрып, омметрмен схемадағы барлық резисторлардың кедергілерін өлшеу керек.

2.2.2 Волтьметрдің көмегімен қорек көзінің кернеуін (+) PS-1 орнатып, оған 10В мән беріп стендты сөндіру керек.

2.2.3 Стендта (PU 2000 от DEGEM system) ЕВ – 121 платасын орнату керек.

2.2.4 2.1 суреттегі схеманы жинау керек.

Сурет 2.1 – Тұрақты тоқтың терістегіш күшейткішінің схемасы

2.2.5Стендтың қорек көзін қосу керек.

2.2.6 РезисторR1-ге PS-1 реттеуіші арқылы кіріс кернеуіне 0,5В мән беру керек.

2.2.7 Вольтметрдің көмегімен шығыс кернеуін өлшеу керек.

2.2.8 Кіріс кедергісінің мәндерін бастапқыдай мән бере отырып өлшеңіз.

2.2.9 2.1 кестесіне өлшенген мәндерді қою керек.

Кесте 2.1

Кіріс кернеуі, В

0,1

0,5

1,0

2,0

4,0

5,0

6,0

8,0

10

Кіріс кернеуі нақты (реальное), В

2.801

2.901

3.026

3.276

3.776

4.026

4.276

4.776

5.277

Шығыс кернеуі, В

11.11

11.11

11.11

11.11

11.11

11.11

11.11

11.11

11.11

Күшейткіштің коэффициенті

3,97

3.83

3.672

3.391

2.942

2.76

2.599

2.326

2.105

2.2.10 Мына формуламен күшейткіш коэффициентінің кернеуін өлшеңіз.

КU = UВЫХ / UВХ .

2.2.11 Күшейткіш коэффициентінің кернеуін басқа формуламен өлшеңіз.

КU = - R2 / R1 .

2.2.12 Кіріс кернеуіне 0,75В мән беріңіз.

2.2.13RОС және RВХ резисторларының комбинацияларын өзгерте отырып, шығыс кернеуінің әртүрлі мәндерін алыңыз және 2.2 кесетесіне енгізіңіз.

2.2.14 Суреттегідей терістегіш күшейткіштердің схемасын жинаңыз.

2.2.15 Генераторға 1000Гц мән беріп, 2.3 суреттегідей үшбұрышты формаға 1В мән береміз.

2.2.16 Осцилограф арқылы сигналдың шығыс формасын салыңыз және оның ұзындығын өлшеңіз.

2.2.17 Генераторға 8В мәнді синусоидалы формадағы сигнал бере отырып, және шығыс сигналының мәнін өлшей отыра 2.3 кестеге енгізіңіз.

Сурет 2.2 – Айнымалы тоқтың терістегіш күшейткішінің схемасы

Сурет 2.3 – Кіріс және шығыс сигналы

2.2.18 Генераторға 8В мәнді синусоидалы формадағы сигнал бере отырып, және шығыс сигналының мәнін өлшей отыра 2.3 кестеге енгізіңіз.

Кесте 2.3

Жиілік

1Гц

10Гц

100Гц

1кГц

10кГц

100кГц

Кіріс сигнал

(пик-пик)

45

46

44

44

41

48

Шығыс сигнал

(пик-пик)

36

35

31

30

16

0

Күшейткіштің коэффициенті

0.8

0.76

0.705

0.682

0.39

0

2.3 Есептеу тапсырмасы

К

f, кГц

Амплитуда жиіліктік сипаттамасы

2.3 кестедегі мәндерден күшейткіштің амплитуда жиіліктік сипаттамасын құрастыру керек.

Қорытынды

Берілген зертханалық жұмыста операциялық күшейткіштердің қасиеттерін және айнымалы, тұрақты тоқтардың терістегіш күшейткіштерінің әрекеттерін зерттеп қарадым.Күшейткіштердің амплитуда жиіліктік сипаттамасын өлшедім.