Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Лаба 1-11 схематех Мусурманкулов Нурбол / Лаба 4 схематех. Мусурманкулов Н..doc.docx.doc

.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
96.23 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Аэроғарыштық және ақпараттық технологиялар факультеті

«Компьютерлік технологиялар» кафедрасы

Аналогтық құрылғылардың схемотехникасы

№4 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Тиристорды зерттеу

Орындаған: Втк-13-2 тобының студенті Мусурманкулов Нурбол.

Тексерген: аға оқытушы Мусапирова Г.Д.

Алматы 2015

Кіріспе

Берілген зертханалық жұмыс тиристердің көрсеткіштерін зерттеуге бағытталған.

Тиристор — көпқабатты ауыстырып қосқыш құрылымды екі тұрақты жағдай түрінде болатын жартылайөткізгішті прибор. Функционалдылығы жағынан оларды электрондық кілттер қатарына жатқызуға болады. Шықпалар санына байланысты тиристорлердің түрін анықтауға болады. Екі шықпасы бар тиристор динистор (тек қана анод және диод) деп аталады. Үш немесе төрт шықпасы бар тиристорларды триодты тиристор деп атайды. Бұдан басқа көптеген шықпасы бар тиристор түрлері бар.

Жұмыстың мақсаты

  • тиристордың вольтамперлік сипаттамаларын алу;

  • тиристордың параметрлерін анықтау.

Жұмыс тапсырмасы

  1. басқарушы токтың 1-ден 10мА-ге дейінгі мәндеріне сәйкес тиристордың Iа=f(Uак) ВАС-сын алу;

  2. анодтық токтың мәнін алу.

Жұмыстың орындалу реті

1. PU 2000 стендіне тиристорды зерттеуге арналған сұлбадан тұратын ЕВ-112 баспа тақшасын орнату;

2. RV2, P1 айнымалы резизторларының және R8, R9, R10 резисторларының кедергілерін өлшеу;

3. Тиристордың Iа = f(Uак) ВАС-сын алу үшін 4.1-суретте көрсетілгендей анод тізбегінің жүктемесі (R8 + R9 + P1) болатын сұлбаны жинау;

4. PS-1 тұрақты қорек көзінің кернеуін 10В-қа қою;

5. RV2 айнымалы резисторының максималдық мәнін қою;

4.1-сурет. Тиристордың ВАС-сын алу сұлбасы

6. P1 потенциометрінің – айнымалы резисторының максималдық мәнін қою;

7. RV2 айнымалы резисторының кедергісін біртіндеп азайту арқылы электродты басқару тогын арттыру. Тиристорды қосқан кезде вольтметр жүктемедегі кедергінің азаюын көрсетеді. Осы кезде миллиамперметрдің көрсеткен мәндерін тіркеу керек;

8. Тиристордың аноды мен катоды арасындағы кернеуді өлшеп, аспаптардың көрсетулерін 4.1-кестеге енгізу;

9. Жүктеме кедергісінің мәнін азайта отырып, басқарушы электродтың Iуэ қосылу тогы мен жүктеменің әр түрлі мәндеріне сәйкес келетін Uак кернеудің мәндерін алу;

10. Анодты токтың мөлшерін өлшеу үшін 4.2-суреттегі сұлбаны жинау;

4.2-сурет. Тиристордың тежеу тогын өлшеу сұлбасы

11. PS-1 қорек көзінің кернеуін біртіндеп азайта отырып, тиристорды өшіру алдында миллиамперметрдің көрсетулерін тіркеу. Ол тиристордың Iуд тежеу тогына тең болады.

12. 4.3-суретте көрсетілгендей тиристордың ВАС-сын құру.

4.3-сурет. Тиристор сипаттамасының құрылымы

Жұмыстың орындалуы

Тиристордың Iа = f(Uак) ВАС-сын алу үшін 4.1-суретте көрсетілгендей сұлбаны жинадым. PS-1 тұрақты қорек көзінің кернеуін 10В-қа қодым.

RV2 айнымалы резисторының кедергісін біртіндеп азайту арқылы электродты басқару тогын арттырдым. Тиристорды қосқан кезде вольтметр жүктемедегі кедергінің азаюын көрсетті. Осы кезде миллиамперметрдің көрсеткен мәндерін тіркедім. Тиристордың аноды мен катоды арасындағы кернеуді өлшеп, аспаптардың көрсетулерін 4.1-кестеге енгіздім.

4.1-кесте

Жүктеме кедергісі, Ом

1

10 кОм

2

1кОм

3

500 Ом

200Ом

100Ом

Қосу тогы Iуэ, мА

1мА

5мА

6мА

7мА

7мА

Кернеу Uак, В

9,97

0,7

0,7

0,7

0,7

Жүктеме кедергісінің мәнін азайта отырып, басқарушы электродтың Iуэ қосылу тогы мен жүктеменің әр түрлі мәндеріне сәйкес келетін Uак кернеудің мәндерін алдым. Анодты токтың мөлшерін өлшеу үшін 4.2-суреттегі сұлбаны жинадым.

PS-1 қорек көзінің кернеуін біртіндеп азайта отырып, тиристорды өшіру алдында миллиамперметрдің көрсетулерін тіркедім, ол тиристордың Iуд тежеу тогына тең болады.

Өлшеулер нәтижелерін пайдаланып тиристордың ВАС-сын тұрғыздым.

Iуэ, мА

Uак, В

Қорытынды

Берілген зертханалық жұмыс барысында тиристордың вольтамперлік сипаттамалары алынды және талданды. Сонымен қатар, тиристордың параметрлері анықталды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Опадчий Ю.Ф. Аналоговая и цифровая электроника: Учебник для вузов. /Под ред. О. П. Глудкина. – М.: Горячая линия-Телеком, 2005. – 768 с.

2. Гусев В. Г. Электроника и микропроцессорная техника: Учебник для вузов. – М.: Высшая школа, 2006. – 799 с.

3. Лачин В.И., Савелов Н.С. Электроника: Учебное пособие. – Ростов н/Д: Феникс, 2005. – 704 с.

4. Пейтон А.Д., Волш. В. Аналоговая электроника на операционных усилителях. – М..: Бином, 2004. – 352 с.