Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Лаба 1-11 схематех Мусурманкулов Нурбол / Лаба 5 схематех. Мусурманкулов Н..doc.docx.doc.docx

.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
179.2 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Аэроғарыштық және ақпараттық технологиялар факультеті

«Компьютерлік технологиялар» кафедрасы

Аналогтық құрылғылардың схемотехникасы

№5 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Басқарушы р-n өтпелі бар өрістік транзисторды зерттеу

Орындаған: Втк-13-2 тобының студенті Мусурманкулов Нурбол.

Тексерген: аға оқытушы Мусапирова Г.Д.

Алматы 2015

Кіріспе

Берілген зертханалық жұмыс өрістік транзистордың сипаттамаларын қарастыруға бағытталған.

Өрістік транзистор – бойымен көлденең электр өрісімен басқарылатын негізгі заряд тасымалдаушылар ағып өтетін жартылай өткізгішті аспап. Мұндай электр өрісі транзистордың тиек деп аталатын электродына түсірілетін кернеу әсерінен пайда болады.

Өрістік транзистордың жұмыс істеу принципі негізгі ток тасымалдаушылардың бір типінің (электрондар немесе кемтіктер) қозғалысына негізделгендіктен, бұл аспаптарды униполярлы деп те атайды.

Жұмыстың мақсаты

  • басқарушы р-n өтпелі бар өрістік транзистордың арнасының кедергісін және вольтамперлік сипаттамаларын зерттеу.

Жұмыс тапсырмасы

  1. өрістік транзистордың құймалық сипаттамаларын алу;

  2. өрістік транзистордың құйма-тиектік сипаттамаларын алу;

  3. өрістік транзистордың арнасының кедергісін өлшеу.

Жұмыстың орындалу реті

1. PU 2000 стендіне өрістік транзисторды зерттеуге арналған сұлбадан тұратын ЕВ-112 баспа тақшасын орнату;

2. R1, R2, R3, R4, RV1 резисторларының кедергілерін өлшеу;

3. Өрістік транзистордың Iс = f(Uси) құймалық сипаттамаларын алу үшін 5.1-суретке сәйкес сұлбаны жинау;

5.1-сурет. Өрістік транзистордың ВАС-сын алу сұлбасы

4. Тиектегі кернеудің Uзи мәндерін қойып, PS-1 қорек көзінің кернеуін өзгерте отырып, құйма тогының құймадағы кернеуден Iс = f(Uси.) тәуелділігін алу. Алынған мәліметтерді 5.1-кестеге енгізу;

5. Құймадағы кернеудің Uзи мәндерін қойып, PS-2 қорек көзінің кернеуін өзгерте отырып, құйма тогының тиектегі кернеуден Iс = f(Uзи.) тәуелділігін алу. Алынған мәліметтерді 5.2-кестеге енгізу;

6. Құйма тогы тоқтайтын Uзи қорек көзінен ажырату кернеуін өлшеу;

7. Бастау-құйма арнасының кедергісін өлшеу үшін 5.2-суретте көрсетілген сұлбаны жинау;

8. PS-1 қорек көзінің кернеуін 10В-қа қойып, вольтметрдің мәндерін өлшеу. Алынған мәліметтерді 5.3-кестеге енгізу;

5.2-сурет. Бастау-құйма арнасының кедергісін өлшеу сұлбасы

Есептеу тапсырмасы

1 5.1-кестедегі мәндер бойынша Iс = f(Uси) құйма сипаттамаларын алу, күшейту коэффициентін бағалау;

2 Транзистордың Iс = f(Uзи.) құйма-тиектік сипаттамаларын алу, 5.2-кестеге сүйене отырып;

3 5.3-кесте мәліметтері бойынша бастау-құйма арнасының тиектегі кернеудің әр түрлі мәндеріне сәйкес кедергілерін анықтау.

Жұмыстың орындалуы

Өрістік транзистордың Iс = f(Uси) құймалық сипаттамаларын алу үшін 5.1-суретке сәйкес сұлбаны жинадым.

Тиектегі кернеудің Uзи мәндерін қойып, PS-1 қорек көзінің кернеуін өзгерте отырып, құйма тогының құймадағы кернеуден Iс = f(Uси.) тәуелділігін алдым. Алынған мәліметтерді 5.1-кестеге енгіздім.

5.1-кесте

Uзи, В

Iс мА

Uси=0,1В

Iс мА

Uси=0,5В

Iс мА

Uси=1В

Iс мА

Uси=2В

Iс мА

Uси=5В

Iс мА

Uси=10В

0

0,147

0.676

1.242

2.252

5.255

10.26

-0,5

0.167

0.752

1.34

2.36

5.362

10.37

-1,0

0.164

0.772

1.373

2.39

5.39

10.4

-1,5

0.156

0.776

1.378

2.393

5.396

10.4

-2,0

0.146

0.778

1.38

2.396

5.4

10.4

Ic, mА

Ucи, В

Құймадағы кернеудің Uзи мәндерін қойып, PS-2 қорек көзінің кернеуін өзгерте отырып, құйма тогының тиектегі кернеуден Iс = f(Uзи.) тәуелділігін алдым. Алынған мәліметтерді 5.2-кестеге енгіздім.

5.2-кесте

Uси, в

Iс мА

Uзи=0 В

Iс мА

Uзи=-0,25В

Iс мА

Uзи=-0,5В

Iс мА

Uзи= -1В

Iс мА

Uзи= -2В

Iс мА

Uзи ажырат.

0,5

0.676

0.713

0.752

0.773

0.778

0.676

1

1.242

1.292

1.344

1.373

1.381

1.242

2

2.252

2.304

2.359

2.389

2.396

2.252

5

5.255

5.206

5.362

5.391

5.399

5.255

10

10.26

10.31

10.37

10.4

10.4

10.26

Uзи, В

Ic, mА

Uзи, В

Бастау-құйма арнасының кедергісін өлшеу үшін 5.2-суретте көрсетілген сұлбаны жинадым.

PS-1 қорек көзінің кернеуін 10В-қа қойып, вольтметрдің мәндерін өлшеп, алынған мәліметтерді 5.3-кестеге енгіздім.

5.3-кесте

Uзи, В

0 В

-0,25В

-0,5В

-1В

-2В

Uзи ажырат.

Uси

9.74

9.688

9.634

9.604

9.596

9.74

Қорытынды

Берілген зертханалық жұмыс барысында біз басқарушы р-n өтпелі бар өрістік транзистордың арнасының кедергісін және вольтамперлік сипаттамаларын зерттедік. Сонымен қатар, өрістік транзистордың құймалық сипаттамаларын, құйма-тиектік сипаттамаларын және арнасының кедергісін өлшедік.

Есептеу тапсырмасы бойынша 5.1-кестедегі мәндер бойынша Iс = f(Uси) құйма сипаттамаларын алып, күшейту коэффициентін бағаладық.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Опадчий Ю.Ф. Аналоговая и цифровая электроника: Учебник для вузов. /Под ред. О. П. Глудкина. – М.: Горячая линия-Телеком, 2005. – 768 с.

2. Гусев В. Г. Электроника и микропроцессорная техника: Учебник для вузов. – М.: Высшая школа, 2006. – 799 с.

3. Лачин В.И., Савелов Н.С. Электроника: Учебное пособие. – Ростов н/Д: Феникс, 2005. – 704 с.

4. Пейтон А.Д., Волш. В. Аналоговая электроника на операционных усилителях. – М..: Бином, 2004. – 352 с.