Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Лаба 1-11 схематех Мусурманкулов Нурбол / Лаба 6 схематех. Мусурманкулов Н..doc.docx.doc.docx

.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
248.32 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Аэроғарыштық және ақпараттық технологиялар факультеті

«Компьютерлік технологиялар» кафедрасы

Аналогтық құрылғылардың схемотехникасы

№6 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: ОЭ күшейткіш каскадын зерттеу

Орындаған: ВТк-13-2 тобының студенті Мусурманкулов Нурбол.

Тексерген: аға оқытушы Мусапирова Г.Д.

Алматы, 2015

Кіріспе

Берілген зертханалық жұмыс ОЭ күшейткіш каскадының сипаттамаларын қарастыруға бағытталған.

Биполярлық транзисторды ортақ эмиттер арқылы қосу сұлбасында кіріс сигнал базаға беріледі, ал коллектордан алынады. Бұл кезде шығыс сигналы кіріс сигналына қатысты түрленеді. Каскад токты да, кернеуді де күшейтеді. Сұлбаны ортақ эмиттер арқылы қосып, қуат бойынша үлкен күшейту алуға болады. Дегенмен, мұндай сұлбада сигналдың сызықты емес бұрмаланулары ортақ база немесе ортақ коллектор арқылы қосылған сұлбаларға қарағанда көп болады. Сонымен қатар, ортақ эмиттерлік сұлбада күшейткіштің сипаттамаларына сыртқы факторлар үлкен ықпал жасайды (қорек көзінің кернеуі, қоршаған ортаның температурасы). Әдетте, мұндай факторлардың әсерінің орнын толтыру үшін теріс кері байланысты қолданады, бірақ бұл күшейту коэффициентін азайтады.

Жұмыстың мақсаты

  • күшейткіш каскад сұлбасындағы тұрақты тыныштық токтарын өлшеу;

  • амплитуда-жиіліктік және фаза-жиіліктік сипаттамаларды зерттеу;

  • күшейткіш каскадтың кіріс кедергісін өлшеу;

  • күшейту коэффициентінің коллекторлық кедергіден тәуелділігін зерттеу.

Жұмыс тапсырмасы

  1. күшейткіш каскадтың тұрақты ток бойынша жұмыс істеу режимін зерттеу;

  2. күшейту коэффициентінің коллекторлық жүктемедегі кедергіден тәуелділігін анықтау;

  3. күшейткіш каскадтың кіріс кедергісін өлшеу;

  4. күшейткіш каскадтың АЖС-сын тұрғызу;

  5. күшейткіш каскадтың ФЖС-сын тұрғызу.

Жұмыстың орындалу реті

1. PU 2000 стендіне өрістік транзисторды зерттеуге арналған сұлбадан тұратын ЕВ-111 баспа тақшасын орнату;

2. Вольтметр көмегімен PS-1 қорек көзі кернеуінің мәнін 10В-қа қою;

3. 1.1-суретке сәйкес сұлбаны жинау;

4. Сұлбаның кірісін функционалдық генератордың шығысына жалғау;

5. Транзистор коллекторын 2 арналы осциллографтың 1-арнасының кірісімен байланыстыру;

6. Транзистор базасын осциллографтың 2-арнасының кірісімен жалғау;

7. Стендті қосу;

8. Генератордан 1кГц жиілікпен сигнал беру;

9. Күшейткіштің кірісін генератордан үзіп, коллектордағы UK, эмиттердегі UЭ, базадағы UБ кернеулерін өлшеу.

IK = (UPS1 – UK)/R14 ; IЭ = UЭ /R16; IБ =( U1 – UБ) /R13.

10. Күшейту коэффициентін және фаза бойынша ығысуды келесі формулалармен есептеу керек:

KU =UВЫХ /UВХ ; φ o= - ( l /T )3600.

l и T мәндері 1.2-суретке сәйкес осциллограммадан алынады.

1.2-сурет. Кіріс және шығыс сигналдарының осциллограммасы

Алынған мәндерді 1.1-кестеге енгізу;

11. Каскадтың кіріс кедергісін келесі формула бойынша есептеу:

Rкір = UБ R13 /( U1 - UБ ).

Жұмыстың орындалуы

Вольтметр көмегімен PS-1 қорек көзі кернеуінің мәнін 10В-қа қойып, 1.1-суретке сәйкес сұлбаны жинадым. Сұлбаның кірісін функционалдық генератордың шығысына жалғап, транзистор коллекторын 2 арналы осциллографтың 1-арнасының кірісімен байланыстырдым.

Транзистор базасын осциллографтың 2-арнасының кірісімен жалғап, стендті қостым.

- генератордағы жиілік 0,1 кГц.

- генератордағы жиілік 1 кГц.

- генератордағы жиілік 10 кГц.

- генератордағы жиілік 100 кГц.

1.1-кесте

f, кГц

0,1

1

10

100

Uвх , В

40

24

20

20

Uвых , В

5,4

19

20

20

KU

0,135

0,79

1

1

l, мм

2,6

0,4

0,05

0,005

Т, мм

10

1

0,1

0,01

φ o

-93,6

-144

-180

-180

Күшейткіш каскадтың АЖС

KU

f, кГц

Күшейткіш каскадтың ФЖС

f, кГц

φ o

Қорытынды

Берілген жұмыста күшейткіш каскад сұлбасындағы тұрақты тыныштық токтары, күшейткіш каскадтың кіріс кедергісі өлшедік. Амплитуда-жиіліктік және фаза-жиіліктік сипаттамаларды алдық. Күшейту коэффициентінің коллекторлық кедергіден тәуелділігін зерттедік.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Опадчий Ю.Ф. Аналоговая и цифровая электроника: Учебник для вузов. /Под ред. О. П. Глудкина. – М.: Горячая линия-Телеком, 2005. – 768 с.

2. Гусев В. Г. Электроника и микропроцессорная техника: Учебник для вузов. – М.: Высшая школа, 2006. – 799 с.

3. Лачин В.И., Савелов Н.С. Электроника: Учебное пособие. – Ростов н/Д: Феникс, 2005. – 704 с.

4. Пейтон А.Д., Волш. В. Аналоговая электроника на операционных усилителях. – М.: Бином, 2004. – 352 с.