Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саясаттану-Политология.docx
Скачиваний:
50
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
44.31 Кб
Скачать

Көшбасшылық теориясы

     Лидердің психологиялық портреті саяси лидерлердің психологиялық биографиясы негізінде жасалады. Ол бір жағынан әртүрлі халықтардың социологиялық ерекшеліктерін және олардың саясаттағы кәріністерін есепке алады. Лидердің психологиялық портреті саяси лидерлік психолгияны сипаттайды. Осы ретте «лидерліктің белгілері» концепциялары да пайдаланылады. Лидердің психологиялық тұлғалық белгілерінің жиынтығы 100 ден асатыны белгілі. Лидерлерді классификациялағанда бұлар қажет. Лидердің басшыдан айырмашылығы бар. Басшы ресми түрде ұжымды және ұйымды басқаратын адам. Қазіргі кезде мемлекеттік дәрежедегі саяси лидер феноменінің маңызы артып келеді. Бұл мәселе қазіргі кезде өте өзекті. Дегенмен лидер анықтамасы әр автор әр түрлі береді.

Олардың бастылары мыналар:

«Ұлы адам» теориясы немесе лидерліктің харизматикалық теориясы. Бұл бойынша лидерлікті тұқым қуалау негізінде түсіндіреді.

Лидерліктің ситуативті теориясы бойынша лидерлердің пайда болуы ортаға, уақытқа және жағдайларға байланысты. Басқаша айтқанда лидер болу белгілі бір жағдайда, уақытта топтан суырылып шығып өз қасиетін көрсете алуы.

Лидерліктің тұлғалық – ситуативтік теориясы бойынша мынадай төрт фактор еске алынуы керек:  1) лидердің адам ретіндегі белгілері мен дәлеледері; 2)лидердің жолын қуушылар үшін белгілі бір келбеті болады;3) лидердің ролінің сипаттары; 4)лидерің жолын куатындар үшін ресми және құқықтық негіздердің болуы.

Лидердің үміткерлік – қарым-қатынастық теориясы. Ол бойынша нақтылы бір жағдайда лидер стилінің сәйкес келуін айтады. Лидерліктің басқа да толып жатқан теориялары бар. Ол бойынша лидерліктің психологиялық ерекшеліктері қарастырылуы керек. Саяси лидердің тұлғалық қасиеттерін талдауда мыналарды еске алу қажет: лидердің өзінің «Мен» концепциясы; оның саяси мінез-құлқына әсер ететін себептері мен сұраныстары; саяси сенімінің басты жүйесі; жеке тұлғалық қарым-қатынас стилі; стресс жағдайында өзін-өзі ұстай білуі; өмір баяндық талдау; саяси іс-әрекетін эволюциялық өзгерістері.

Лидерлік–жекелеген адамның туа біткен қасиеті және мүлдем мәңілікке берілген артықшылық емес. Лидерлік дегеніміз–әрқашанда қорғап қалуға керекті белгілі бір мәртебе, позиция, адамдардың іс-әрекетіндегі, саяси процестегі аяқ астынан болатын нәрселерді бастан өткере білу. Саяси қызмет және саяси қатынас өзінің табиғаты жағынан әрқашанда мақсатты, ұйымдасқан сипатта болады. Осыдан барыпқоғамдық идеяны жүргізуге қабілетті, қоғам сезініп, білетін нәрсені білдіретін, ұжымдық сананың иесі және ұжымдық әрекетті ұйымдастырушы болатын лидерге деген қажеттілік туындайды. Қоғам ұжымдық ерік-жігер мен мақсатты бейнелейтін беделдің болуын объективті түрде талап етеді. Лидерлік саясаттың шығармашылық мазмұнынан тура туындайды. Лидер саясаттың және қоғамның бүкіл саяси жүйесінің ядросы болып табылады. Лидерлік ғаламдықтан бастап жекелеген саяси топқа дейін саяси жүйені ұйымдастырудың барлық деңгейінде пайда болады, қалыптасады және қызмет етеді.

Егер субъектіні саяси қауымдастық өзінің мүддесі мен еркін білдіруші ретінде (яғни заңды болып табылатын болса) мойындайтын болса, онда ол саяси лидер ретінде сөз алады. Яғни бұндай мойындау нормативті, ұйымдасқан, идеологиялық, дәстүрлі және қоғамдық пікірмен бекітіледі. Бір жағынан лидер қоғамға биліктік органдар мен механизмдер арқылы, ал екінші жағынан өзінің саяси және идеологиялық көзқарастары мен пікірлері, саяси қызметінің мазмұны мен бағыттары, тәжірибесі мен іс-әрекетінің стилімен ықпал етеді.

Осы айтқандар арқылы лидер тек көпшілік биліктің тұтқасына ғана сүйенетін кезкелген басқа басшыдан ерекшеленеді.

Лидерліктің типологиясы барынша шартты болып келеді және түрлі критерийлер бойынша сараланады:

–лидерлік типі бойынша: программист, стратег, орындаушы, дем беруші;

–қызметінің сипаты бойынша: әмбебап, жағдайға қарай әрекет етуші;

–басшылық ету стилі бойынша: демократшыл, авторитарлы, анархиялық;

–кешенді критерий: дем беруші, әмбебап, авторитарлы, орындаушы, жағдайға қарай әрекет етуші, стратег, демократшыл және т.с.с.

Саясаттанудағы барынша кең тараған билікті алу тәсілі және оның заңды болуы бойынша М.Вебердің деректеріне сәйкес лидерліктің типологиясы саналады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]