Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саясаттану-Политология.docx
Скачиваний:
50
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
44.31 Кб
Скачать

Алматы Энергетика және Байланыс Университеті

Аэроғарыш және ақпараттық технологиялар факультеті

“Әлеуметтік пәндер кафедрасы”

№1 Семестрлік жұмыс

Тақырыбы: Саяси көшбасшылық

Орындаған: ПСк-14-2 тобының студенті

Темір Р.Б

Қабылдаған:

.

Алматы , 2015

Кіріспе

Бүгінгі күнде көшбасшылық мәселесі барлық ғылымдарда толыққанды зерттелуде. Мәселен, психология лидердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттейді. Әлеуметтану лидерлікті әлеуметтік жүйенің негізінде қарастырады. Әлеуметтік психология лидерлікті әлеуметтік және психологиялық факторлардың өзара қызметтік процесі ретінде зерттейді. Ал саясаттану саяси лидерлікті билік феномені ретінде қарастыра келе, оның табиғатын, қызмет ету механизмдерін, қоғамға ықпалын зерттейді. Сонымен бірге, тиімді басқарудың әдістері мен тәжірибелік ұсыныстары айқындала түседі.

Ғалымдардың  пікірлерінше, өз бойында туа біткен қасиеттерді ұштастыратын адам ғана қайырымды халықтың басшысы бола алады: «бұл адамның мүшелері мүлдем мінсіз болуы тиіс, бұл мүшелердің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек; жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушісіне ойындағысын және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек; өзі түсінген, көрген, есіткен және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұларды ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек; әйтеуір, бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болу шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар болу шарт; өнер-білімге құштар болу, оқып үйренуден шаршап шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін болу керек; тағамның, ішімдік ішуге, сұқ-сұбқат құруға келгенде қанағатшыл болу керек.

Жалпы лидерлік саяси салада саяси басқару негізінде түсініледі. Қайырымды халықтың басшысы болу үшін тек лидерлік қасиет қана емес, мемлекет те көшбасшылық қасиет танытуы тиіс. Мемлекет, ұлттың лидерлігі қазіргі теорияда жеке қарастыратын нысан болып табылмайды. Осы түсінікке сипаттама беруде лидерлікті ұстап қалу және иеленудегі заңдылықтарды айқындаймыз. Ал жалпы мемлекет лидерлігін зерттеуде әлемдік ұйымдастырушылық-қызмет құрылымын, оның тенденцияларын, әлемдік қауымдастықтың тұрақты дамуына қатер туғызатын жағдайларын қарастырамыз.

Жоспары

Кіріспе..............................................................................................................2

Негізгі бөлім

А)Саяси көшбасшылық...................................................................................5

Ә)Көшбасшылық тоериясы.............................................................................9

Б)Саяси көшбасшылық түрлері..........................................................................12

Қорытынды.....................................................................................................14

Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................15

Саяси көшбасшылық

Саяси көшбасшылық - саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл ұғым мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси көшбасшыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды жатқызып жүр. Қазір саяси көшбастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.

Саяси көшбастаушы болудың 2 жолы бар:

1) көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу;

2) ол мүдделерді мақсатты түрде тал май зерттеу нәтижесінде.

Лидер (ағылшынның «басты» деген сөзінен алғанда) –сол бірлестіктің мүддесін қанағаттандыруға бағытталған бірлескен қызметті біріктіру мақсатында басқаларға ықпал етуге қабілетті адам. 

Лидерге тән қасиеттер:

1.Жауапкершілікке және бастаған ісін аяқтауға күшті ұмтылысы;

2.Мақсатына жету жолындағы күш қайраты;

3.Бастамашылдығы;

4.Өзіне-өзінің сенімділігі;

5.Айналасындағылардың мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал ету қабілеті;

6.Іс-әрекетінің және шешімдерінің салдарын «өзіне» қабылдау қабілеті;

7.Топтық фрустрацияға және ыдырауына қарсы тұра алатын қабілеті.

«Саяси лидер» категориясы саясат саласындағы адамдардың белгілі бір бірлестігіне басшылық ету бойынша қызмет процесін білдіреді.Лидерлік –ең алдымен қоғам мүшелері арасындағы қатынас, себебі лидер әрқашанда қандай да бір әлеуметтік топтың немесе қауымдастықтың бір бөлігі болып табылады. Бұндай жағдайда лидер белгілі бір қауымдастықтың мүддесі мен мақсатын тұжырымдау және білдіру құқы мен жауапкершілігінің белгілі бір көлеміне ие болады, оларды жүзеге асыру және барлық қауымдастықтың саяси процеске қатысуын ұйымдастыруда бастамашы болуға құқы бар.

   Көшбасшының негізгі қызметі:

—                     интегративтік, яғни халықтың белгілі бір бөлігінің мүддесін анықтау және саяси       бағдарламаны жасау;

—                     алға қойған мақсатты орындау үшін ұтымды шешімді табу және қабылдау қызметі;

—                     билік органдарының қоғам мүшелерімен байланысын нығайту, қоғам мүшелерінің биліктен және басқарудан шет қалуын болдырмау қызметі;

—                     бір жерге жұмылдырушы, яғни нақты міндеттерді шешуге көпшілікті ұйымдастыру, көпшіліктің әлеуметтік күш-қуатын, саяси мәдениетін және белсенділігін дамыту қызметі;

—                     прагматикалық, яғни мақсат пен міндеттерді нақты әрекетке айналдыру.

Лидердің мынадай бес белгісі мен сапасын айтуға болады:

1. биологиялық дәрежедегі белгісі мен сапалары: тұқым қуалаушылығы, темпераменті, жынысы, денсаулық жағдайы.

2. психологиялық дәрежесі: адамның эмоциясын, еркін, жадын, қабілетін, интелектін, мінезін қамтиды.

3. әлеуметтік-психологиялық дәрежесі: адамның мүдделеріне, көзқарасына, ұстанымына, қарым-қатынасына т.б. байланысты.

4. саяси психологиялық дәрежесі: саяси әлеуметтенуіне, саяси таңдауына, саяси мінез-құлық түрлеріне байланысты.

5. әлеуметтік дәрежесі: мүдделердің жалпы әлеуметтік ұстанымы мен көзқарастарын білдіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]