
artemjev_gylym_kz_2011
.pdfайналдырғанына сендіреді. К.Лоренц ҒТР миллиондаған адамды мыңжылдықтар бойы өмір сүрген табиғат аясынан жұлып алып, «аң тұмсығы өтпейтін тас ормандарға» лақтырып тастағанын айтады. Ірі қалалардағы тар пәтерлерде зерігумен өмір сүріп, адамдар жылдар бойы табиғат аясына шыға алмайды.
Автоматтар адамдарды ауыр дене еңбегінен құтқарғанмен, олардың жүйке жүйесіне күш түсірді, соның кесірінен адамдар әртүрлі дәрідәрмектер пайдалануға мәжбүр болады. Материалдық қиындықсыз өмір адамды күшті сезімдерден айырып, зерігуге жеткізеді. Нәтижесінде, адам есірткіге әуестене бастайды... Технопессимистер тұтынудың тәндік-сезімдік бағдарынан бас тартуға және жаңа өмір бағдарламасын құруға үндейді.
Батыстың ірі ғалымдары 1968 жылы «Рим клубын» құрып, қазіргі заманның ғаламдық мәселелерін зерттей бастады. 1972 жылы әлемдік қоғамдық пікірге «жарылған бомбадай» әсер еткен «Жетілудің шегі» («The Limit of Growth») деп аталатын елеулі еңбек дүниеге келді. Кітаптың негізгі идеясы – жер байлықтарының шектеулілігі, жаңа өндірістерді құруды тежеу қажеттігі, олай болмаса климаттың өзгеріп, экологиялық апаттың орын алатыны. А.Печчеи адамзатқа бүгінгі таңда жетпейтіні материалдық игіліктер емес, руханилық, әсіресе адамшылық екенін айтқан-ды. Орыс ойшылы Н.Моисеев XX ғасырдың адамзатқа ескерту жасағанын баса көрсеткен-ді.
Егер XXI ғасырда адамзат оған құлақ аспаса, онда жер бетіндегілерді, мүмкін, құрып кету қаупі күтіп тұрған шығар.
Ондай алаңдаушылықтарды туғызатын себептер жеткілікті. Ағылшын публицисі, лорд Г.К.Честертон айтқандай, «адамды байлық аздырады». Өкінішке қарай, материалдық игіліктердің артуы әрдайым рухани игіліктің де артуына жеткізе бермейді. Көп жағдайларда ол рухани-адамгершілік тұрғыда құлдырауға әкеліп соқтырады. Бүгінгі күні ол болып та жатыр.
Адамзат бұл қарама-қайшылықты шеше алар ма екен? Оны болашақ көрсетер.
411
ҚОРЫТЫНДЫ
Міне, біз оқу құралымыздың соңғы бетін де жаптық. Өкінішке қарай, кітап көлемінің баспа белгілеген қатаң шектері оған әлі де айтқымыз келетін мәселелердің көпшілігін енгізуге мүмкіндік бермеді.
Өне бойы өзімізді шектеуге тура келгеніне сенуіңізге болады. Мүмкін, ойлаған мақсаттарымыздың барлығына бірдей жете
алмаған шығармыз.
Бірақ сіздердің – болашақ ғалымдардың, жоғары оқу орындарының оқытушыларының, ең жоғары білікті мамандардың жан-жүректерінде ғылым тарихы мен философиясына деген қызығушылық ұшқынын жарқ еткізе алғанымызға сенгіміз келеді. Ал сіздер таным жолында тоқтап қалмайсыздар.
Осыған қатысты француз астрономы, математик және физик Пьер Симон Лапластың айтқаны естеріңізде ме? Жоқ? Онда есіңізге саламыз. Ол: «Біздің білетініміз – шектеулі ғана нәрсе, ал білмейтініміз – шексіз», – деген.
Сөздіңтолықмағынасындабілімдіболуүшін,Н.Г.Чернышевскийдің сөзі бойынша, көп нәрсе керек те емес, керегі: «Үш қасиет – жанжақты білім, ойлай білу дағдысы және сезімдердің ізгілігі». Егер сіздер, оқырмандар, өздеріңіз үшін маңызды ғылыми зерттеулерге бағыттайтын адам өркениетінің қандай да бір жаңа қабаттарын аша алсаңыздар, біз, өз тарапымыздан, терең қанағаттану сезіміне бөленер едік.
«Мен қолымнан келгенін істедім, кімнің қолынан келсе, енді сол жақсырақ істесін», – деген латын тіліндегі нақыл ізденушілер мен өнертапқыштарға, адамзат игілігі үшін техниканың дамуына үлес қосқан адамдарға тағайындалған медальдарға ойылып жазылған. Уақыт өте келе, сол жоғары марапаттың біздің Отанымыздың гүлдене өркендеуі жолындағы сіздің де сіңірген еңбегіңізді көрсетіп, жарқырауына шын жүректен тілектеспіз.
412
ГЛОССАРИЙ (түсініктемелер)
Абстракция – 1) заттардың және олардың арасындағы қатынастардың бірқатар қасиеттерінен ойша алшақтау; 2) дерексіз ұғым; 3) таным нысанын ойша бөлшектеудің нәтижесі; соған орай ғылымда солардың арасында ойша сұлбалар мен байланыстар (түсініктер, пікірлер және т.б.) құрылады.
Аксиомалық әдіс – мәні белгілі бір заттай сала туралы жүйелі пікірлердің көп саны ішінен қисынды түрде басқа шынайы пікірлер шығатын сондай тұжырымды (теоремалар және жеке-дара шынайы пікірлер) бөліп алу болып табылатын ғылыми (әсіресе теориялық) білімді ұйымдастыру тәсілі.
Актуализм – тарихи өзгеріп отыратын нысандарды ғылыми зерттеу әдісі барысында олардың шынайы ахуалы олардың өткенін түсіну кілті болатын әдіс.
Алыпсатарлық – метафизика негізінде жатқан, өмір сүретін, бар нәрсенің шекті негіздемелерін ұғынуға бағытталған арнайы философиялық пән сияқты білімдер тұрпаты. Ойлау және рефлексия көмегімен жүзеге асырылатын теориялық білім нысаны ретінде алыпсатарлық білімдер саласы тікелей тәжірибе саласынан жоғары тұрады. Жалпы мағынасында алыпсатарлық практикаға қарсы тұратын теорияны, яғни таным мен түсіндіруден басқа нысаны жоқ ойды білдіреді және тәжірибеге бағытталған іс-әрекеттер құралы сияқты ойға қарсы жорамалданады. Алыпсатарлық ахуалға – рефлексиямен бақылаушының сырттай белсенді бақылауына да, үдеріске – өз-өзін рефлексиялық қабылдауға да жатқызылады.
Анализ (талдау) – зерттеу нысанасын бөлшектеуден тұратын ғылыми танымның маңызды әдістерінің бірі. Ол қашанда мазмұн деңгейінде әлдебір тұтастық ретінде белгілі бір құрамдас бөлшектерге, элементтерге, аспектілерге, қосымша жүйелерге беріледі.
Антиинтеракционализм – соған сәйкес философия мен ғылымның мақсаттары бойынша әртүрлі болатыны соншалықты, олардың арасында ешқандай ішкі байланыс бола алмайтын философия мен ғылымның арақатынасы тұжырымдамасы (экзистенциализмнің, мәдениет философиясының, құндылықтар философиясының, өмір философиясының өкілдері және т.б.).
413
Антиципация – болашақ оқиғалар субъектісін, «саңырауқұлақтың» ішкі және сыртқы жай-күйін күнібұрын біліп отыру; бірдеңе туралы алдын ала кесіп-пішіп қойған пікір.
Антроптық ұстаным – қазіргі заманғы космологияның (әлемнің құрылымы мен дамуының жалпы заңдылықтары туралы ілім және астрономияның осы ілімге арналған саласының) негізгі тұжырымдарының бірі. Соған сәйкес Ғаламның онда адамның өмір сүруіне қарай ғажап бейімделуі орын алады.
Антропологизм – 1) Адам теориясының, оның мәнінің, өмір сүру тәсілдері мен мағынасының жалпы теориясы ретіндегі философия нысанасының тұжырымдамасы; 2) барлық нысаналарды гуманитарлық танып білуге, олардың адами өлшемдегі мағынасы мен маңызын іздеуге деген ұстаным.
Апостериорлық білім – таным нысанасын сезімдік және эмпириялық зерттеу нәтижесінде алынған білім.
Апперцепция – кез келген әрекеттің нақты бір субъектінің алдыңғы жинақтаған өмірлік тәжірибесіне немесе/және оның өмір сүруі мүмкіндігінің априорлық шарттарына тәуелділігі.
Ар-ождан – моральдық сана мен этика санаты ұғымы. В.Даль бойынша, «адамның ішкі адамгершілік қадір-қасиеті, қажыр-қайрат, адалдық, жанның ізгілігі, таза ар-ұят». Ар-ожданды адамның қоғамдық танымдағы табиғи қажеттіліктері салдарының көрінісі сияқты атаққұмарлықтан ажырата білу керек. Атаққұмарлық ізгіліктен бастап көргенсіздікке (теріс қасиет деп бағаланатын менмендікке) дейін әртүрлі деңгейде көрінеді.
Әдістеме – 1) танымның ғылыми әдісі туралы ілім; 2) әлдебір ғылымда қолданылатын әдістер жиынтығы.
Биофилософия – дүниетанымдық, адамгершілік және эпистемологиялық мәселелерді шешу барысында бастапқы негізгі ұғымы оның ғылыми-биологиялық түсіндіруінде деген сенімнен шығатын табиғи бағытталған философияның бір нұсқасы. Биофилософия осы мағынасында XIX ғасырдың аяғында-ақ дарвинизмнің әсерімен және соның негізінде жеткілікті дәрежеде адал белгіленген. Қазіргі уақытта биофилософия қалыптасатын, кемінде, үш дербес, бірақ өзара байланысты: 1) биологияның немесе биология философиясының философиялық мәселелерін зерттеу; 2) адамға және адам мәдениетіне байланысты барлық биологиялық негіздер саласындағы зерттеу; 3) өз кезегінде, мүдделердің екі векторын қамтыған бағыт: өмір құбылысын
414
зерттеу және өмірді зерттеу барысында жинақталған ұғымдарды күрделі табиғи, әлеуметтік және мәдени жүйелердің бүкіл тобына, оның ішінде Ғаламға да тұтас аударуды зерттеу саласы бар.
Биоэтика – биомедициналық ғылым және іс жүзіндегі денсаулық сақтаудың этикалық-құқықтық мәселелерін зерттейтін білім саласы.
Бифуркация – жүйенің эволюциялық режимі орнықтылығының бұзылуы; бір нәрсенің қақ жарылуы, бөлінуі, тармақталуы.
Буровщина – ТМД және кейбір еуропалық елдерде таралған жалпы атау. Ол басқаша ойлаумен және діни плюрализммен этикалық релявитивизм және бойларын шаттық билеген сенімге төзбеушілік тұрғысында кең көлемді күрес жүргізетіндермен біріккен (үлестес) ғалымдарға таңылады. Көбінесе ол сынға алынған нысананы білмеуден шығады, ал надандық қашанда озбырлықты тудырады.
Верификация – дәлелдеу, растау: теориялық (ғылыми) тұжырымдардан салдарлар шығару болып табылатын, эмпириялық шындықпен тікелей салыстырылатын тексеру амалдары. Егер барлық осындай салдарлар шындыққа сай болса (яғни шынайы болып шықса), онда тұжырым верификацияланған (расталған) деп танылады.
Генезис – шығу, пайда болу тегі; дамып жатқан құбылыстың құрылу немесе қалыптасу үдерісі.
Гомеостазис – өздігінен реттелетін күрделі жүйелерге тән және рұқсат етілетін шектерде сақтау үшін елеулі маңызы бар өлшемдер жүйесін қолдаудан тұратын серпінді тепе-теңдік тұрпаты.
Ғылым – 1) әлем туралы объективтік, жүйелі ұйымдастырылған және негізді білімдерді құрауға бағытталған танымдық қызметтің ерекше түрі; 2) ғылыми танымдық қызметтің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін әлеуметтік институт.
Ғылым психологиясы – ғылым философиясымен, когнитологиямен және ғылымтанумен шекаралас сипаты бар жаңа психлогиялық пәндердің бірі. Оның зерттеу нысанасы жеке ғалымдардың да, ғылыми ұйымдардың да ғылыми қызметін психологиялық әдістермен зерттеу (тестілер, статистикалық, өмірбаяндық және әлеуметтік әдістер) болып табылады.
Ғылыми білім деңгейлері – пәні, әдістері, қызметтері бойынша ғылыми білімнің әрқилы сапалы, жеке бір ғылыми пән аясында біртұтас жүйеген біріккен түрлері. Кез келген дамыған нақты-ғылыми пәнде ондай үш: эмпириялық, теориялық және метатеориялық деңгейді ажыратуға болады. Олардың бірлігі кез келген ғылыми пән үшін оның
415
салыстырмалы дербестігін, орнықтылығын және өз негізінде дамуға деген қабілетін қамтамасыз етеді.
Ғылымтану – ғылымның жұмыс істеуін, дамуын, ғылыми білімнің құрылымын және серпінін, ғылыми қызметін, ғылымның қоғамның басқа әлеуметтік институттары мен материалдық, рухани салаларымен
өзара қарым-қатынастарын зерттейтін пән. |
|
|
Ғылымның |
даму заңдылықтары – қолдан жасалу сипаты |
- |
на қарамастан, |
ғылымның жүйе ретінде бірқатар объективтік |
даму заңдылықтары бар. Олардың аса маңыздылары: 1) үзіліссіздискреттік сипат (оның сапалы секірістері, когнитивтік мазмұнының, құрылымының және әлеуметтік-мәдени қызметтерінің революциялық өзгерістері бар дамуында эволюциялық кезеңдердің алмасып отыруы (бұл тұтас ғылымның өзінің де, оның жекелеген салалары мен теорияларына да қатысты); 2) ғылыми мағлұматтың, ғалымдар саны мен ғылымға жұмсалатын материалдық шығындардың экспоненциалдық өсуі; 3) білімдік және институттік көзқарас бойынша ғылым құрылымын күрделендіру; 4) ғылымның мәдениет жүйесінде, әсіресе материалдық қызмет және т.б. саласында салыстырмалы салмағының артуы.
Ғылым философиясы – 1) өзінің негізгі мәселесі ретінде ғылымды эпистемологиялық (танымдық) және әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде таңдайтын философиялық бағыт; 2) нысанасы ғылым болып табылатын арнаулы философиялық пән (бұл термин алғаш рет неміс философы және экономисі Евгений Дюрингтің 1878 жылы шыққан «Ғылым логикасы және философиясы» деген еңбегінде пайда болған).
Дедуктивизм – соған сәйкес ғылыми білімді және оның дұрыс көрсетілуін дәлелдеудің жалғыз әдісі дедукция болып табылатын әдістемелік тұжырымдама; оның түсінілуі: 1) жалпыдан жалқыға көшу деп; 2) немесе ойдың іргелі және қарапайым ұғымдарынан туынды және күрделірек түрлеріне қарай құрылымдық қозғалыс ретінде (құрылымдық-генетикалық әдіс); 3) немесе бастапқы (жалпылама, дерексіз), нысанды біржақты көрсететін қарама-қайшылықтан нақты (жан-жақты немесе көпжақты) қарама-қайшылыққа оның жетілген күйінің бейнесі сияқты диалектикалық «өту» (Гегельдің диалектикалық дедукциясы); 4) немесе салдарларға (сондай-ақ ортақтық пен мазмұнның кез келген дәрежесіне) жолдаудан шығатын кез келген қажетті қисынды қорытынды.
Джастификационизм – растау, бекіту, негіздеу. Эмпириялық тәжірибені ғылыми білімнің бастауы, негізі және белгісі деп санайтын логикалық эмпиризм (позитивизм) философиясы нұсқаларының бірі.
416
Диахрондық талдау – зерттелетін нысананың (нысанның) даму үдерісін бір-бірін ауыстыратын бірқатар кезеңдерге бөлшектеуден және кейіннен оларды белгілі бір белгілері бойынша салыстырудан тұратын таным әдісі.
Дискурс – ауызша сөйлесуден, ауызша тілдік ойыннан, сондайақ түйсікпен ойлаудан айырмашылығы – кез келген жазбаша мәтінді (тілдік білімді) білдіретін лингвистика және тіл білімі түсінігі. Нақ осы дискурс, қазіргі заманның бірқатар философтарының (структуралистердің, постструктуралистердің, постмодернистердің) пікірі бойынша, жалпы, философияның, оның ішінде ғылым философиясының (ғылыми дискурс) тікелей және басты нысанасы болып табылады.
Евгеника – ізгілікті (шығу тегі бойынша), асыл тұқымды. Адамның генетикалық табиғатын жақсарту туралы ғылым немесе адамның тұқымқуалаушылық саулығын жақсартуды мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс.
Жаңалық енгізу үдерісі – іргелі ғылымды, қолданбалы зерттеулерді, жобаларды, маркетингті, өнімнің жаңа түрін саралап өндіруді қамтитын жүйелілік немесе жаңа технология құру және қолданудағы, сондай-ақ бұйым жасаудағы соған ұқсас жүйелілік.
Идеогенез – ғалым тұлғасының маңызды өлшем-белгілерінің бірі; ол ғалымның оған дейін туған және айтылған ғылыми идеяларды игеріп және бойына сіңіріп, кейіннен дамытатын, оларға жаңаша үн мен түсінік беретін ерекше қасиеттерін сипаттайды. «Идеогенез» санаты ғылымда мүлдем жаңа, оның алдындағы баламаларсыз идеялар болмайтын жағдайды баса көрсетеді.
Идеографиялық әдіс – бұл гуманитарлық білімдердің (неокантиандықтар, негізінен, тарихты айтады) әдісі; оның міндеті – жеке-дара құбылыстардағы маңызды қасиеттерді сипаттау (сондықтан ол «даралау әдісі» деп те аталады). Маңыздыны сипаттау «құндылықтарға жатқызу» жолымен іске асырылады.
Имманентті – әлдебір заттың, құбылыстың табиғатынан шығатын, соған тән ішкі қасиет.
Индуктивизм – ғылым философиясындағы ғылыми танымда индукцияның рөлін асыра көрсетуге негізделген эмпириялық парадигма нұсқаларының бірі.
Инновация – жаңадан құру, жаңарту немесе жаңалық енгізу дегенді білдіреді.
417
Инструментализм–соғансәйкескөпшіліктеориялықтүсініктердің, оның ішінде тұтастай ғылыми теориялардың да эмпириялық мазмұны болмайтын және осы мағынасында объективтік әлемнің сипаттамасы бола алмайтын философиялық-әдістемелік тұжырымдама. Сол себепті оларға объективтік шындық немесе жалғандық сипаттамасын қолдану тіпті мүмкін емес. Теориялық білімнің мақсаты мен құндылығы басқада – эмпириялық білімді қалыптастырудың және, бәрінен бұрын, оның логикалық реттілігін құрудың жақсы құралы болуда жатыр.
Интерминизм – соған сәйкес себепті байланыстардың болуы немесе себепті түсіндірменің танымдық құндылығы ғылымда теріске шығарылатын философиялық-ғылыми тұжырымдама. Индетерминизм Табиғаттың ғажап тұтастығы мен дамуын түсіндіру үшін, Табиғаттың өздігінен жетілуін терістейтін, Құдайға жүгінетін діни болуы да, Табиғаттың өздігінен жетілуі идеясынан келіп шығатын табиғи да болуы мүмкін.
Интернализм – тарих жазудағы және ғылым дамуының теориясындағы бағыт; соған сәйкес ғылым дамуының басты қозғаушы күшін оған имманентті тұрғыда тән ішкі мақсаттар, құралдар және заңдылықтар құрайды; ғылыми білім өздігінен дамитын жүйе ретінде қаралмауы керек, мазмұны оның болмысының әлеуметтік-мәдени шарттарына, әлеуметтің дамығандығының дәрежесіне, оның әртүрлі қосымша жүйелерінің (экономика, техника, саясат, философия және т.б.) сипатына байланысты емес.
Интерсубъективтілік – кең мағынасында өзара әрекеттесетін субъектілер тәжірибесінің ортақтығы және оның нәтижелерінің ортақ маңыздылығы. Интерсубъектілер деп, әдетте, құрылым субъектілеріне тән, өзара түсінушілік және ортақ маңыздылық мүмкіндігін қамтамасыз ететін ортақтық аталады.
Когнитивистика – жақында адамның ойлау қабілетін зерттейтін пәндер тобына арналып жасалған атау. Термин ғылымдар бірлестігіне жатады; бұл – бұрын салыстырылмаған: когнитивтік психология, гносеология, лингвистика, компьютерлік ғылымдар, жасанды интеллект теориясы, математика, нейропсихология сияқты ғылымдардың тәсілдерін қамтитын жалпы термин.
Когнитивтік (ғылымға қатысты) әлеуметтану – XX ғасырдың 70
жылдары пайда болған ғылым философиясы мен әлеуметтануындағы бағыт. Оның өкілдерінің ойынша, ғылымның жұмыс істеуі мен серпінінің балама үлгісі әлеуметтік-мәдени факторлардың: ғылыми мәселелер (бағыттар) мен олардың шешілу қарқынына (барынша қолайлы қаржылық, материалдық және ұйымдастырушылық
418
жағдайлар туғызу есебінен) ғана емес, сонымен бірге оларды шешу тәсілдеріне, нәтижелеріне де (ақыр соңында, ғылыми теориялардың мазмұнына да) елеулі ықпалын есепке алуға тиіс.
Конвенционализм – конвенциялардың ғылыми танымдағы рөлін дараландырушы әдістемелік тұжырымдама. Бұл тұжырымдамаға сәйкес, ғылыми ұғымдар мен теориялар объективтік шындықты білдірмейді, ғалымдардың келісуінің нәтижесі, шартты, ерікті белгіленген ережелер болып табылады.
Коэволюция – адамзат қоғамы мен биосаланың дамуын бөлек қараудан «биосала – адамзат қоғамы» дейтін біртұтас жүйе дамуының жалпы теориясына көшу керек деп санайтын қазіргі заманғы ғылым философиясы тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдама өкілдерінің (Н.Моисеев және басқалары) ойынша, осы жолмен ғана осы заманның адамзат алдында тұрған ғаламдық мәселелерінің оңтайлы шешімін ұсынып қана қоймай, сонымен қатар адамзаттың болашақтағы өмірін сақтауды да қамтамасыз етуге болады.
Қоғам – жоғары дәрежеде ұйымдастырылған, иерархиялық реттел - ген әлеуметтік жүйе. Оның тұтастай өзінің және қосымша жүйелерінің қайта құрылуы және өмір сүруі белгілі бір қағидалар және институттар (экономикалық, моральдық, құқықтық, саяси және басқадай) арқылы реттеледі.
Қорытындылау – білімді ойша жалқыдан жалпыға өту жолымен арттыру әдісі, оған абстракцияның жоғарырақ сатысына өту де сай келеді.
Логицизм – XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басында пайда болған математика философиясындағы бағыт. Оның мәні математиканы логикаға (математикалық) келтіруге тырысу, сөйтіп, математиканың шынайылығын және қарама-қайшылықсыздығын негіздеуде жатты.
Мәдениет – (лат. – Cultura – тәрбие, білім, жетілу, құрмет тұту) – бұл адам қарекетінің (қызметі, мінез-құлқы және қарым-қатынасы) биологиядан жоғары тұрған, оның барлық көріністерінде әлеуметтік өмірді қайта жасау және өзгертуді қамтамасыз ететін бағдарламаларының тарихи дамитын жүйесі.
Метатеориялық білім – ғылыми білімнің аса жоғары деңгейі; ғылыми теориялардың негіздерін құрайтын пікірлердің (тұжырымдардың, ұстанымдардың, әлемнің ғылыми бейнесінің, ғылым зерттеулердіңмақсат-мұраттарыменнормаларыныңжәнет.б.)көпшілігі. Ғылыми білімнің жүйелі сипатына байланысты мететеориялық білім, бірінші кезекте, тікелей маңызды ғылыми теорияларға (математикада –
419
арифметика мен геометрияға; физикада – механикаға, биологияда – түрлердің дамуы теориясына және генетикаға және т.б.) жатады.
Метафилософия (ғылымның) – философияның: мақсаты әртүрлі логикалық мүмкін болатын және тарихи іске асырылған ғылым философиясы тұрпаттарына (ғылымның айқын философиясы, ғылымның классикалық емес философиясы, ғылымның постмодернистік философиясы), олардың когнитивтік-құндылықтық құрылымына, интерпретативтік мүмкіндіктер мен әлеуметтік-мәдени негіздемелерге, ғылымның нақты тарихы мен оның сана-сезімінің байланысына талдау жасау болып табылатын саласы.
Номогенез – «заңдылықтар негізінде даму» – орыс географы және биологы Л.С.Берг (1922 ж. туған) ұсынған және сол арқылы Дарвиннің жай генетикалық, яғни заңдарға да, заңдылықтарға да емес, кездейсоқтыққа негізделген сияқты табиғи іріктелу тұжырымдамасына қарсы қойылған тұжырымдама.
Номотетикалық әдіс – бұл жаратылыстану әдісі, оның міндеті құбылыстарды қорытындылау негізінде заңдар белгілеу болып табылады (ол топтап қорыту әдісі деп те аталады).
Ноосала – биосаланың жаңа даму ахуалы. Ноосала барысында адамның саналы қызметі оның дамуындағы шешуші факторға айналады. «Ноосала» түсінігін қолданысқа француз ғалымдары Э.Леруа және П.Тейяром де Шарден (1927 ж. туған) енгізген. В.И.Вернадский ноосала туралы көзқарасты адамның ғылыми ойға негізделген әлемді өзгертудегі шығармашылық қызметінің нәтижесінде табиғат пен қоғамның өзара қатынасы барысында пайда болатын ұйымдастырушылықтың жаңа сапалы формасы ретінде ары қарай дамытты.
Операционализм – ғылым философиясы мен әдістемесіндегі бағыт. Соған сәйкес, кез келген ғылыми ұғымдардың (әсіресе жаратылыстанудағы) мағынасы әлдебір заттардың (денотаттар), олардың осы түсінікпен аталатын қасиеттерінің көптігі емес, атқарылатын шаралардың (бәрінен бұрын материалдық, табиғи) жиынтығы болып табылады.
Өмір – 1) болмыстың қоршаған ортамен заттектерді және энергияны таңдап алмасуға, өзінің өмірлік қызметтерін іске асыру үшін оларды өңдеуге және игеруге, шексіз қайта тууға, қоршаған ортаға кең ауқымда бейімделуге қабілетті, жоғары ұйымдасқан формасы (бірлігі де). Өмірдің аса қарапайым формалары болып бактериялар мен микроорганизмдер әрекет етеді; 2) мақсатқа сай болмыс; 3) бірбүтін және санамен ұғынылған болмыс.
420