Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

artemjev_gylym_kz_2011

.pdf
Скачиваний:
84
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
2.33 Mб
Скачать

айқындығына байланысты дәлелдеусіз сенімге алынған бір немесе басқа ұйғарымдар, яғни растау. Теорияның барлық ұйғарымдары қисынды жолмен бір-біріне тәуелді емес тұжырымдардың азғантай санынан шығарылады.

Формализация толық және толық емес деп бөлінеді. Толық формализация кезінде теорияның барлық құрылымдық бөлшектері тұжырымдық – дедуктивтік талдауға жатқызылады. Толық емес формализацияда теорияның тілі мен логикасы тек ішінара талдауға жатады.

Ғылыми түсініктерді нақтылай отырып, формализация ғылымның санаттық жиынтығына сай болатын ғылыми тілдердің құрылуына жеткізеді. Бұл өте маңызды, өйткені кейде ғалымдар арасындағы жете түсінбеушіліктер кейбір ұғымдардың айқын еместігі, екіжақты мағыналылығы себепті туып жатады.

Алайда бұл жерде формализацияның өз шектері болатынын атап өткен жөн. Позитивистер құсап, ғылым философиясының барлық мәселелерін ғылым тілін талдауға жатқыза салуға болмайды. Аса танымал математиктер – Черч, Гедель, Тарский және басқаларының еңбектері математиканы таза формальды түрде негіздеудің мүмкін еместігін көрсетті. Сондықтан формализация ғылым тіліне мазмұнды талдау жасау арқылы толығуға тиіс.

Ал енді кейде таным әдістемесі деп аталатын жалпыға ортақ әдістерді қарастырайық. Жалпыға ортақ әдістердің өзгешелігін төмендегілерден көреміз:

а) олар ғылыми танымның барлық салаларында қолданылады; ә) олар зерттеудің басынан аяғына дейін танымға ілесе жүреді.

Ғылымда жан-жақты әдістемелік тұжырымдамалардың болуы бұл Әлемнің тұтастығымен түсіндіріледі. Жанды және жансыз табиғат, қоғам, ойлау үдерістері – барлығы да дамудың жалпыға ортақ заңдарына бағынады. Жоғарыда аталғандар тұрғысынан алғанда, таным тарихында екі тәсіл, естеріңізде болса, диалектика және метафизика деп аталған тәсілдер пайда болды.

Диалектикалық тәсіл зерттеуде төмендегілерді қажет етеді:

а) бәрінен бұрын, зерттеліп жатқан нысанның өз қозғалысы мен кез келген өзгерісінің бастауы болып табылатын ішкі қайшылықтарын табу. Ол үшін ойлау санаттары да бір-бірімен өзара байланысты, сонымен бірге қарама-қарсы болуға, бір-біріне өтуге дайын болуға тиіс;

ә)

зерттеліп жатқан құбылыстың осы әлемнің басқа заттары-

мен

байланыстары және қатынастарының барынша көп санын

331

мүмкіндігінше егжей-тегжейлі зерттеу. Әлбетте, Әлемнің барлық байланыстары мен қатынастарын қамту мүмкін емес, өйткені Әлем шексіз, алайда өз-өзіңді қателіктен сақтау үшін, маңыздыларын қамту керек; б) зерттелетін нысан бір орында тұрмайды, ол өне бойы әлдебір өзгерістерге ұшырап жатады, болмыссыздыққа кеткенге дейін өзінің даму сатысынан өтеді. Сол себепті диалектиканың талабы – зерттеуде

тарихи тәсілді қолдану; в) бұл дүниеге келетін әрбір зат өзінің меншікті түпнұсқалы бол-

мысын растауға тырысады, сонымен бірге дүниенің басқа заттарымен әртүрлі байланыстарға да түседі. Егер солай болса, онда әр зат өзінің түпнұсқа екендігімен құнды. Ал осының бәрін нақтылықұстанымына сүйеніп қана танып білуге болады.

Диалектика санаттарының кез келгенінің өз әдістемелік мағынасы бар, өйткені ол заттар мен құбылыстардың барынша ортақ, маңызды жақтарын көрсетеді. Әлем өзінің терең негізінде қайшылықты болғаннан кейін, диалектикалық санаттар жұптық сипатқа ие және бір-бірлеріне қарама-қарсы. Сондықтан тұрақты болып тұратын сандық өзгерістер, ерте ме, кеш пе, шаманың бұзылуына және заттың басқа жаңа қасиетке ие болуына келтіреді; себеп салдарды туғызады;

шындық жаңа мүмкіндіктердің пайда болуына; кездейсоқтық оның артында жатқан қажеттілікті іске асыруға жеткізеді және т.б.

Метафизакаға келсек, онда алдымен бұл түсініктің екі мағынасын ажыратып алайық. Ертеде А.Родосский Аристотельдің «Алғашқы физика» деген кітабын «Метафизика» (физиканың артында жатқан) деген атпен жарыққа шығарды. Сол уақыттан бастап осы уақытқа дейін сол түсінікпен «болмыс туралы ілім» – физикадан тыс жатқан мәселелер, яғни әлемнің: «Әлем шектеулі ме, жоқ әлде шексіз бе, уақытша ма, әлде мәңгі ме?», «Шындық, Борыш, Әдемілік деген не?», «Құдай бар ма, әлде жоқ па?» дейтін терең философиялық мәселелері ұғынылып келеді.

Жаңа заманда Г.Гегель бұл ұғымға екінші мағына – диалектикаға қарсы тұратын даму туралы ілім мағынасын берді.

Сонда метафизикадағы даму қалай қарастырылады?

1. Даму бастауын метафизика сыртқы әсерден көреді. Мысалы, көпшілік адамдар тұлғаның жақсы білім алуын оқытушылардың сапалы құрамына байланысты деп санайды. Рас, бұл – маңызды фактор. Бірақ егер білім алушы адамның ішкі талпынысы, білетіні мен білмейтіні арасындағы ішкі жалынды тудыратын қарама-қайшылықты

332

санамен ұғынуы болмаса, қандай академиктер сабақ берсе де, ол терең білім ала алмайды.

2.Метафизика дамуды заттың біртіндеп ұлғаюы немесе кішіреюі

деп қарайды. Мысалы, көпшілік адамдар ана құрсағындағы ұрықты барлық органдары бар кішкентай адам деп санайды. Ол тоғыз ай бойы өседі де, ақырында, дүниеге келеді. Бірақ бұл – түп-тамырымен дұрыс емес пікір. Ұрық тоғыз ай ішінде өмірдің өзінің 3,5 млрд жыл дамуы барысында жүріп өткен жолын қысқаша қайталап шығады. Ал сәби алғашқы үш жылда өз халқының мыңжылдықтар бойы қалыптасқан тілін меңгеріп, «Мен» деген сезім иеленеді. Онтогенез (нақты организм) филогенезді (тек, түр) қайталайды.

3.Метафизика дамуды жүріп өткен сатыларды қайталау деп

қарайды. «Бұл Айдың астындағының ешқайсысы жаңа емес: қыстың соңынан көктем келеді, оның артынан жаз, күз және тағы да қыс» деген терең ой толғанысын, сіздер, шамасы, аз естімеген боларсыздар. Бір қарағанда, ақылға қонарлық «даналық». Алайда бұл жылғы қыс өткен жылғы қысқа ұқсамайды. Табиғатта адам байқамайтын немесе айтарлықтай мән бермейтін өзгерістер болып жатады, ал мыңжылдықтар өткен соң, олар жаңа құбылыстардың пайда болуына келтіреді. Өкінішке қарай, адам өмірі – жел өтіндегі балауыз шам іспетті, өйткені ол тым қысқа. Егер біз мың жыл өмір сүретін болсақ, онда табиғаттағы ғажап өзгерістерді байқаған болар едік. Біз бұрын динозаврлардың, птеродактильдердің өмір сүргенін білеміз, өйткені олардың қаңқа-сүйектерін таптық. Сірә, енді «жүріп өткен жолдардың метафизикалық қайталануының» жалған екені күмән тудырмаса керек.

Қоғамтануда, саясатта, дипломатияда және басқа салаларда сопылық (софистика) және эклектика (түрлі идеяларды дәйексіз пайдалану) ұғымдары жиі кездеседі. Сопылықтың отаны, естеріңізде болса, ертедегі Грекия болып табылады. Сопылық деп қараны ақ етіп және керісінше көрсеткен, шындықты саналы түрде бұрмалау түсінілген. Сопылықтың осы уақытқа дейін, әсіресе саясатта өмір сүріп келуінің себебі қоғамдық өмірдің төтенше күрделілігі, яғни әртүрлі әлеуметтік топтардың кейде мүлдем кереғар мүдделер мен мақсаттарды көздейтіндігі болып табылады. Екінші жағынан, қолында билік бар таңдаулы топтың әртүрлі «пиар-технологиялардың» көмегімен қоғамға өз мүдделерін таңуы орын алады.

Эклектикаға келсек, ол – қосылмайтынды қосу, ол тағы да әлдекімдердіңмүдделеріүшіннемесежаңылысу,зерттелетіннысанның

333

табиғатын атүсті тану нәтижесінде іске асады. Оған «екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» деген мәтел дөп келеді.

Әлбетте, әдістеме, таным қоғамның, ғылым мен техниканың жетілуімен қатар дамиды. Батыста өткен ғасырдың 80 жылдарында танымның жаңа саласы – синергетика (грекше – келісілген әрекет) пайда болды. Оның негізін салғандар И.Пригожин мен Г.Хакен болды. Материалистік бағыттың философтары ертеден-ақ материяның ішкі қуатын, оның өздігінен дамуға қабілетін таныған. Бірақ бұл постулат дерексіз, нақты, шынайы мазмұнмен бекімеген күйінде қалып қойды. XX ғасырдың 70 жылдарында ғана Г.Хакен мен И.Пригожин синергетика деп аталатын жаңа ғылымның негіздерін құрып, ол мәселенің шешімін тапты. Бүгінгі таңда синергетика өз-өзін қалыптастырудың теориясы ретінде қарастырылады. Оның негізгі постулаттары:

1.Ғаламда бір-бірімен өзара байланысты екі үдеріс бар: біріншісі – бүліну, ыдырау, энтропия, бейберекеттікке ұмтылу; екіншісі – келісілген әрекеттер арқылы тәртіпке ұмтылу, күрделену, қайта өрлеу.

2.Тәртіпке ұмтылудың және күрделенудің реті (алгоритм)

төмендегілерді қажет етеді:

а) дамушы жүйе ашық болуға, өне бойы қоршаған әлеммен заттар, энергия және ақпараттар алмасуы арқылы байланыста болуға тиіс;

ә) жүйе әртүрлі болуға тиіс, яғни онда термодинамикалық тепетеңдік болмауы керек, әйтпесе ол ыдырайды. Теориялық физикада қаралатын жабық жүйелер дәріптеу болып табылады, шынайы әлемде іс жүзінде барлық жүйелер – ашық.

Синергетика ашық, тең салмақты емес, ашық жүйелерде өне бойы ары қарай реттелу және күрделену үдерістері болып жататынына сендіреді. Басында оқиғалардың орын алуы барысын болжауға болады. Бірақ уақыт өте келе, жүйе өзінің орнықсыз жай-күйіне, бифуркация деп аталатын, яғни оның ары қарайғы дамуының векторы айқындалатын нүктесіне жетеді. Ал ол векторды «Ұлы Мәртебелі Кездейсоқтық» айқындайды. Есепсіз мүмкіндіктердің ішінен кейіннен жүйенің бейнесін қалыптастыратыны жеңіп шығады. Жүйе күрделенуінің жаңа айналымы басталады.

Алайда жүйені қалыптастырудың деңгейін көтеру үшін, қоршаған ортадан мүмкіндігінше көп энергия мен ақпарат алу қажет, яғни соңғыны берекетсіздендіруді іске асыру керек.

Бір немесе басқа ұйымдасқан жүйе үнемі әлдебір сыртқы күштердің бүлдіргіш әсерін сезеді және сол себепті өз-өзін сақтау үшін, қарсы әрекет көрсетеді. Бірақ кез келген жүйе шектеулі, ал онымен салыстырғанда, Әлем – орасан үлкен. Өзінің қарсы әрекет ету

334

әлеуетін сарп етіп болғанда, ол сөзсіз ыдырайды. Бірақ бейберекеттік шектерінде тәртіпке, күрделенуге және жетілуге ұмтылатын жаңа құрылымдар пайда болады...

Сөйтіп, синергетика тек жанды табиғаттың дамуын ғана мойындап қоймайды, сонымен бірге ол осының бәрі жансыз табиғатқа да, қоғамға да, рухани өмірге де тән деп санайды. Бұл үдерісте «кездейсоқ жағдайдың» маңызы орасан және сондықтан ешкім ешқашанда Әлемнің болашақтағы дамуын болжай алмайды. Әлем ешқашан өзінің мүлтіксіз жетілуіне жетпейді, сол себепті, бір жағынан, тәртіп пен күрделенуге ұмтылу, екінші жағынан, ыдырау мен күйреу болып жатады.

1.5. Ғылыми танымның дамуы

Ғылымның дамуы мәселесі ғылым философиясының ең негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Ғылыми таным деректер және, тиісінше, теориялар қорын сан жағынан кеңейту арқылы жай эволю-

циялық жолмен дами ма немесе секіріс, түбегейлі өзгерту, бұрынғы сатыда қол жеткен көзқарастар мен ұстанымдарды терістеу арқылы жаңа сапаға өту жолымен дами ма?

Ғылым ғылыми білімдерді бірте-бірте жинақтау арқылы кумулятивтік жолмен дами ма немесе бұрынғы тұжырымдамаларды, постулаттарды, түсініктерді теріске шығару арқылы кумулятивтікке қарсы жолмен дами ма?

Ғылыми білімнің дамуын ғылымның өзінің ішкі логикасына (интернализм) сүйеніп немесе ғылымға қатысты әлеуметтік-мәдени және басқа факторлардың сыртқы әсері (экстернализм) арқылы түсінуге бола ма?

Барлық осы жоғарыда көрсетілген сұрақтарға ғалымдар әртүрлі жауаптар береді.

Кумулятивтік тұжырымдаманы жақтаушылар ғылымның дамуын тұрақты үдеріс деп қарайды: И.Ньютонның ойшылдар туралы және алыптардың иығында отырған ергежейлілерге қатысты кең танылған ойын еске түсіріңіз. Неміс классикалық философиясынан, Гегельдің шығармашылығынан біз Дара идеяның қоғам адамы арқылы өз-өзін тануының қалай болып жататынын айқын көреміз. Позитивизмнің негізін салушы О.Конт та соған ұқсас көзқарастарды ұстанып, адам рухы дамуының үш: әлемдегі барлық үдерістер Құдай берген күшқуат арқылы түсіндіріледі дейтін теологиялық (діни); ұлы философтар

335

барлығын қамтитын метафизикалық жүйелерді құрған метафизикалық (философиялық) және оң (ғылыми) сатыны мойындайды. Ғылым дамуын кумулятивтік түсіну – жаңа ғылым қашанда ескіден гөрі жетілген және дәл дегенге саяды. Олай болса, бұрын жинақталған (кумулятивтік) білімдер бүгінгі ғылымның алдыңғы тарихы ретінде әрекет етеді. Бұл жағдай алдыңғы мыңжылдықтарда өмір сүрген адамдардың өмірі, күйзелістері, ашқан жаңалықтары, қуаныштары мен қасіреттері осы жетілген қоғамдағы тұлғаның гүлденуіне арналған құнарлы топырақ ретінде ғана қаралатын коммунизм идеясын есімізге түсіреді. Осындай көзқарас болғанда, әлеуметтік-мәдени, психологиялық, тұлғалық және басқа да факторлар ғылым дамуында өзінің мағынасын жоғалтып, ішкі сана-сезімінен айырылады. Міне, осы жағдайларды алғаш рет Э.Барт айқын көрсеткен-ді. Оның ойынша, әрбір ғалым әрдайым өз заманының әлем жайындағы идеяларын бөліседі және адамның сана-сезімінің өзінде метафизика элементтері қашанда бар. Ғылыми танымның философиямен өзара байланысы туралы бұл идея ғылыми таным дамуының жолдарын ары қарай жете ойластыруда елеулі рөл атқарды.

XX ғасырдың ортасына қарай ғылыми танымға біртіндеп және үздіксіз жүретін үдеріс ретінде қарайтын көзқарас қабылданбайтын көзқарасқа айналды – ғылымдағы революция идеясы пайда болды. Алғашретолидеяныөзінің«Галилейэтюдтері»депаталатынеңбегінде А.Койре айтқан-ды. Оның пікірі бойынша, Жаңа дәуірдің ғылымы аристотельдік метафизикадан жаңа (сол заманғы) метафизикаға өтудің нәтижесінде секіріс, яғни революция жасады. Ғылымның бірқалыпты және дәйекті дамуы фактілердің жинақталуы есебінен емес, ішкі оқиғалылық есебінен болады. Бұндай көзқарас ғылымның дамуын түсінуде интернализмнің бұрқ етуіне түрткі болды.

Интернализм ғылыми таным дамуының ішкі заңдылықтарымен басқарылатын ғылым тарихы ретінде түсініледі. Оның үстіне, әлеуметтік-экономикалық,саяси,мәдениеттанушылық,психологиялық сияқты факторлар ескерілмейді, жоқ дегенде, олардың ғылым дамуындағы шешуші фактор ретіндегі рөлі теріске шығарылады. Интерналистерге А.Койре, И.Лакатос, К.Поппер және басқалары жатады. Мысалы, К.Поппер өзінің үш әлем туралы ілімінде білімдер әлемін адам қолымен жасалған өзгеше әлем деп таниды. Белгілі бір сәттен бастап, бұл әлем өзінің ішкі мүмкіндіктері негізінде дамитын тәуелсіз, объективті әлемге айналады. Әлбетте, әлеуметтік факторлар оған ықпал етпей қоймайды. Алайда олар шешуші факторлар болмайды.

336

Интернализм эмпириялық және ұтымды (рационалдық) деп бөлінеді.

Эмпириялық интернализм ғылымда жаңа фактілердің ашылу-

ын бірінші дәрежелі маңызды іс санайды, өйткені олар – ғылыми танымның негізгі бастауы. Теориялық білімге келсек, ол ашылған фактілерді қорыта және жүйелей отырып, оның соңынан келеді.

Ұтымды интернализм ғылымның дамуына ғалымдардың басында болып жататын шығармашылық үдерістер немесе ашылған идеялардың тәртібін және реттілігін өзгерту себеп болады деп есептейді. Бірақ біз не айтсақ та, ұтымды интернализмнің терең тамырлары зияткерлік преформизмге – ғылымның бар мазмұны априорлық сипаттағы белгілі бір идеялардан шығады дейтін сенімге кетеді.

Экстерналистер ғылыми таным дамуындағы әлеуметтік-мәдени детерминанттың шешуші рөлін мойындай отырып, тура қарама-қарсы көзқарас ұстанады. Бұндай көзқарастың болатын жөні бар: өйткені ғалым – елсіз аралда өз зертханаларымен өмір сүрген Робинзон емес, ол қашанда өз заманының әлеуметтік-мәдени, саяси, психологиялық және басқадай қатынастарының түйініне еніп кеткен. Экстерналистердің ойынша, ғалымның танымдық мүдделерін асыра бағалауға болмайды. Таным қашанда қоғам мүдделерінен келіп шығатын міндеттерді шешуге бағытталған. Экстерналистерге Дж.Бернал, Д.Нидам, Т.Кун және басқалары жатқызылады.

Тарихи тұрғыда экстернализм Жаңа дәуірдің тууымен бірге пайда болған. Капитализм адамдарды сословиелік заңдарға тәуелділік бұғауынан азат етіп, экономикадан тыс мәжбүрлеуді экономикалық мүддемен ауыстырды. Нәтижесінде, өндіргіш күштер жедел қарқынмен дамып, машина индустриясы пайда болды. Ф.Бэконның аузымен: «Ғылым – күш» болып жарияланды. XIX ғасырда марксизм бұл идеяны толық қолдап шықты. Ф.Энгельстің ойынша, егер қоғамда әлдебір қажеттілік туса, онда ол ғылымды ондаған университеттің бірлесе ілгерілеткенімен салыстырғанда, он есе жылдам дамытқан болар еді.

Қоғам қажеттіліктерінің ғылым дамуындағы рөлін мойындай отырып, ғалымдар мәселені нақтылауда әртүрлі жауаптар береді. Біреулері экономиканың, техникалық-технологиялық факторлардың (Дж.Бернал) шешуші рөлін мойындаса, екіншілері мәдениеттің басым рөлін (О.Шпенглер), үшіншілері қоғамның рухани әлеуеті – діннің, философияның, өнердің, ұлттық сана-сезімнің шешуші рөлін көрсетеді.

337

Екінші мәселе: әлеуметтік факторлар ғылыми ізденістердің қарқыны мен бағыттарына ғана ықпал ете ме, әлде зерттеу әдістері мен олардың ғылыми нәтижелеріне де әсері бола ма? XX ғасырдың 70 жылдарына дейін ғалымдар сұрақтың бірінші бөлігіне ғана оң жауап беріп келді (жаратылыстану қоғам құндылықтарына бейтарап қарайды). Олар әлеуметтік-гуманитарлық пәндер ғана әртүрлі таптардың, әлеуметтік топтардың мүдделері мен мақсаттарының билігінде болады деп санайды (Э.Дюркгейм, М.Вебер, Ю.Хабермас және басқалары). Алайда кейінгі онжылдықтарда жаратылыстанудағы ғылыми зерттеулер мен заман құндылықтарының өзара байланысы байқалды (Т.Кун, П.Фейерабенд). Соның түйінінде ғана әр кездері ғылымда болып жататын сапалы өзгерістерді, сондай-ақ ғалымдардың ғылыми революциялар кезіндегі әртүрлі құндылық ұстанымдарын; сан түрлі ғылымизерттеу бағдарламаларының бір-бірлерімен күресін түсінуге болатыны белгілі болды.

Алайда бұл жердегі қиындық ғылым дамуында нені ішкі, ал нені сыртқы факторлар деп санауға болатындығында жатыр. Мысалы, К.Поппердің пікірі бойынша, ғылымда жаңа заңдарды ашу ғылыми таным дамуының сыртқы факторы болса, ал Дж.Гилберт оларды ішкі фактор деп айқындайды. Бір ғалымдар әлеуметтік және психологиялық факторларды ішкі деп санаса, Т.Кун мен М.Полани ішкі факторлар деп есептейді. Егер К.Поппер фактілерді ғылымның кумулятивтік әсері бар дара құндылығы санаса, Т.Кун салыстырмалы құндық дейді, өйткені олардың мазмұны зерттеудің алдын ала берілген үлгісімен айқындалады. Бұл жағдайды «Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса» деген қазақ мәтелі әбден дұрыс түсіндіреді.

Біздің: «Шындық қайда?» – деген заңды сұрақ қоюымызға болады ғой.

Шындық, сірә, әдеттегідей, ортада жатқан сияқты. Егер қоғамда сұраныс болмаса, ғылыми қауымдастық орын мен уақыттың нақты жағдайларында бір немесе басқа ғылыми мәселеге көңіл аудармауы да ықтимал. Әлбетте, ерте ме, кеш пе, бұл жаңалық ашылуы мүмкін, бірақ көрсетілген уақытта ол «terra incognito» (игерілмеген, бейтаныс жер) болуы да мүмкін. Әлеуметтік сұраныс және тапсырыс дегендердің мағынасы ғалымдардың осы бағыттағы ізденістері үшін түрткі себеп ретінде әрекет ететіндігі болса керек. Бірақ, екінші жағынан, егер бір немесебасқағылымиқауымдастықтыңғылымижетістіктерініңдеңгейі төмен күйінде қалса, онда ғылыми мәселенің шешімі де орындалмаған болып шығады. Бейнелі түрде айтқанда, ғылым жаңа идеяға «жүкті»

338

болуға, ал оның дүниеге келуі үшін, қолайлы әлеуметтік жағдайлар жасалуға тиіс.

Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы ғылымның өркендеуі мәселелерін жете ойластыруда ғылыми революциялар тұжырымдамасының негізін салушы бола отырып, үлкен рөл атқарды, өйткені өрлеу идеясы өркендеу идеясымен алмасты. Ал XX ғасырдың басында жаратылыстануда орын алған тоқырау, жалпы, танымның ғылыми сипатына қатысты күмән келтіре отырып, бірқатар сұрақтар туғызды. Шындығында, әлемнің жүзжылдықтар бойы қалыптасқан ғылыми бейнесінің барлық негіздері өзгерсе, қандай ғылыми таным туралы сөз болуы мүмкін? Әлемнің Қайта өрлеу және Жаңа дәуір алыптары (Г.Галилей, Н.Коперник) құрған механикалық бейнесі көз алдымызда күл-талқан болды. Жоғарыда аталған факторлардың барлығы ғылымда ғылыми революциялар тұжырымдамаларының пайда болуына келтірді. Оның жете ойластырылуына американдық ғалым Томас Кун үлкен үлес қосты.

Т.Кунның пікірі бойынша, ғылымның дамуы біркелкі емес: белгілі бір уақыт өткенде, дамудың біртіндеп, қалыпты келе жатқан кезеңдері оның парадигмалық негіздерінің өзгеруіне байланысты күрт революциялық секірістерге ауысады. Неге олай болады? Мәселе кез келген қалыпты ғылымның белгілі бір үлгілер негізінде дамитындығында.Солдепғалым:барлықжердебірдейқабылданған,аз уақытқа болса да, мәселелер мен олардың шешімдерінің парадигмасы солардан қалыптасатын, осы салада зерттеумен айналысатындардың барлығының көңілінен шығатын ғылыми жетістіктерді түсінді. Оның үстіне, ғылыми парадигма (кейіннен бұл терминді ол «тәртіп үлгілері» деген ұғыммен ауыстырды) бәсекелестік күрес жағдайында, сондай-ақ қоғамның бүкіл әлеуметтік-мәдени өмірінің ықпалымен қабылданды. Парадигма ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарын, пайда болған мәселелерді шешудің әдістері мен жолдарын айқындайды.

Алайда уақыттың әлдебір кезеңінде бар фактілердің аясында бұрын алынған жаңа фактілердің түсіндірілуінде белгісіздік, қиындық жағдайы туады. Ол ғылыми қауымдастықтың бір бөлігінің іс жағдайына қанағаттанбауына әкеліп соқтырады, нәтижесінде, зерттеудің жаңа балама үлгілерін іздеу арқылы жеңуге болатын ғылым тоқырауы орын алады. Бәсекелес күресте ғылыми қауымдастықтың көпшілігі үшін қабылдауға тұрарлық болған тұжырымдама (ғылыми болжам, идея) жеңіске жетеді; содан кейін ол зерттеудің жаңа пара-

339

дигмасына айналады. Нәтижесінде, тоқырау еңсеріліп, ғылымның қалыпты дамуының жаңа кезеңі басталады.

Айтылғандарды қорытындылай келе, ғылыми таным ғылыми қауымдастық санасының аясында өзгереді деп тұжыруға болады. Сонымен бірге ғылыми танымның мазмұны сыртқы объективтік шындықтың әсерімен қалыптасады.

Ғылыми таным диалектикалық тұрғыда дамиды, демек, өз дамуының бағыттылығы және кері дамымайтын, бұрылмайтын сипаты бар. Лобачевскийдің немесе Риманның геометриясының Евклидов геометриясынан бұрын пайда болғанын көзге елестету қиын. Сонымен қатар қазіргі заман білімі тұрғысынан алғанда, біз Евклидов геометриясының заттардың кеңістіктік сипатын «қарапайым өлшеуде» қарабайыр екенін түсінеміз. Евклидов геометриясы бойынша, бір нүктеден екіншісіне қарай бір ғана параллель сызық жүргізе аламыз, ал үшбұрыштың үш бұрышының қосындысы 180 градусқа тең. Лобачевскийдің геометриясы бойынша, бір нүктеден екіншісіне қарай бірнеше параллель сызық жүргізуге болады, ал үшбұрыштың үш бұрышының қосындысы 180 градустан кем. Ал Риманның геометриясында – бәрі керісінше.

Бұл айтылғандар ғылымдағы секірістерді мойындаудың қажеттігін көрсетеді, ал секіріс, жаңа сапаға өту бар жерде – даму да бар, ол соңғыға терістеу ілесе жүреді, ол, өз кезегінде, өткен кезеңнен өмірге барша бейімділікті сақтап, оны жаңа деңгейге шығара алады. Онсыз дамудың жібі үзілген болар еді.

Біздіңкөзқарасымызбойынша,ғылымдамуыныңқозғаушыкүштері мәселесін қарай отырып, интернализмді де, экстернализмді де қатар алып жүру керек. Басымдықтар, артықшылықтар жайында айтсақ, онда, әлбетте, әлеуметтік сұраныс ерте ме, кеш пе, міндетті түрде әртүрлі ғылыми мәселелердің шешілуіне жеткізеді. Ал, ақырында,

ұлы Альберт Эйнштейннің: «Ғылым ешқашан да аяқталған кітап болмаған және болмайды да. Әрбір маңызды жетістік жаңа сұрақтар тудырады. Уақыт өте келе, кез келген даму жаңа және тереңірек қиындықтар тауып отырады», – деген сөздерін есте сақтау керек («Симфония разума» кітабы бойынша дәйексөз. – М.; 1976. – 292-бет).

340

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]