Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

artemjev_gylym_kz_2011

.pdf
Скачиваний:
84
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
2.33 Mб
Скачать

ша салыстырсақ, онда олардың басқа: түстері, жұмсақтығы немесе қаттылығы, көлемі және т.б. қасиеттерін есепке алмауға мәжбүрміз.

3.Өлшеу. Өлшеу, негізінен, заттар мен үдерістердің белгілерін сан жағынан анықтау кезінде керек. Адамзат өзінің ұзақ тарихында ол үшін өлшеудің көптеген әртүрлі өлшемдерін ойлап тапты. Заттарды зерттеуде сол өлшемдерді қолдана отырып, біз олардың санға қатысты белгілерін анықтаймыз. Галилей мен Ньютоннан бастап, тәжірибеге негізделген жаратылыстану әртүрлі өлшеу амалдарын кең қолдана бастады. Бүгінгі ғылымды да, өндірісті де түрлі-түрлі өлшеу құралдарынсыз көзге елестету қиын.

4.Сынақ. Сынақ деген не және тәжірибелік танымда оның маңызы қандай дегенді жоғарыда айттық. Ал қазір нақтылауды іске асыру қажет. Негізінен, сынақтардың екі: зерттеушілік және тексерушілік

түрі ажыратылады. Біріншісі заттардың осы уақытқа дейін белгісіз болып келген қасиеттерін, сапалары мен байланыстарын ашуға себеп болса,ал екіншісі бір немесебасқатеориядан шығатын қорытындылардың, салдарлардың шынайылығын тексереді.

Кез келген сынақ үшін белгілі бір дайындық жұмыстарының жүргізілуі қажет. Біріншіден, ғалым зерттелуші нысанға тән болуы мүмкін қасиеттер мен қатынастарды алдын ала белгілеп алуға және санаттық тұрғыда сипаттауға тиіс. Екіншіден, тиісті құрал-жабдықтар әзірленуге, ал олардың мүмкіндіктерімен ғалым да, тиісті ғылыми қауымдастықтар да мұқият таныстырылуға тиіс. Содан кейін ғана сынақ зерттеулерін бастауға болады.

Демек, зерттеушінің айқын негізді теориялық білімдерінсіз сынақ өткізудің қандай да бір елеулі нәтижелер бермесі анық. Ондай жағдайда, сынақ ғалымның күш-қуаты мен уақытын зая кетірген мағынасыз әрекет болып шығады. Тиісті теориялық құрылымдарға сүйенген бақылауларды, осы негізде алдын ала жасалған болжамдарды, мақсатты ұстанымдарды сынақ деп есептеуге болады.

Сынақ өткізуде ғылыми қауымдастықта бар құрал-жабдықтардың рөлі орасан үлкен болып табылады. Бастапқыда, егер есіңізде болса, адам қоршаған дүниені ертеде адамның «құралдары» болған өзінің сезінуі арқылы қабылдаған және әлі күнге дейін солай болып қалып отыр. Бірақ прогресс жолымен ілгерілеу шамасына, адамның алдына қойылатын міндеттердің күрделенуіне қарай, ол сезінудің шектеулі екенін білді. Сондықтан әлемдік тарихтың ұзақ жүзжылдықтары ішінде адамдар өздерінің табиғи сезу органдарының «орнын толтыратын» аспаптар мен құрал-жабдықтар ойлап тапты.

321

Сөйтіп, ғылыми аспаптар мен құрал-жабдықтар деп ғылыми таным мақсаттарында пайдаланылатын, саналы түрде ойдан шығарылған жасанды денелерді түсіну керек. Таным барысында зерттеуші оларды зерттелуші нысанмен біріктіріп, олардың өзара әрекеттесуі арқылы белгілі бір ақпаратты алады. Әлбетте, бұл ақпарат адамның сезу органдары жете алатын болуға тиіс.

Ғылыми аспаптар мен құрал-жабдықтар екі түрге бөлінеді: біріншісі зерттелуші заттың немесе құбылыстың сапасын айқындайды, екіншісі сан жағын өлшейді.

Адамның сезу органдарының күш-қуатын арттыратын бірінші аспаптар, өз кезегінде, үш топқа: 1. Күшейткіштер; 2. Талдағыштар; 3. Түрлендіргіштер деп бөлінеді.

Күшейткіштер адамның сезу органдары зерттелуші нысаннан келетін ақпаратты қабылдауға қабілетсіз болған жағдайларда пайдаланылады. Ол кезде аспаптардың көрсеткіштері зерттелуші нысанның (микроскоп, телескоп, дыбыс күшейткіштер және т.б.) табиғатын айқын, парапар көрсетуге тиіс.

Талдағыштар зерттелетін нысанның қасиеттерін, құрылымдық қосымша құрамдас бөлшектерін ашуға қабілетті. Мысалы, спектроскоптың көмегімен зерттеліп жатқан дененің химиялық құрылымын анықтауға болады, өйткені жазық бетте (пластинка) алуан түрлі химиялық элементтерге сәйкес келетін әртүрлі ұзындықтағы спектрлер бейнеленіп шығады. Алынған нәтижені стандартты спектограммамен салыстыра отырып, заттектің химиялық құрамын анықтауға болады.

Түрлендіргіштер. Сөздің кең мағынасында кез келген аспаптарды түрлендіргіштер деп атауға болады, өйткені олар алынған ақпаратты түрленген түрінде адамның сезу органдарына жеткізеді. Мысалы, қарапайым көзәйнек оған түскен жарық арқылы адам жай көзбен әреңәрең ажырататын заттардың сұлбасын кішірейтіп немесе үлкейтіп, адам көзінің қарашығына солай жеткізеді. Бұл жерде, шамасы, сөз сан жағынан түрлендіру туралы болсе керек, сапа жағынан түрлендіру мұнда жоқ. Сөздің тар мағынасында түрлендіргіштер деп адамның сезуі қабылдауға қабілетсіз ақпаратты түрлендірілген түрінде беретін аспаптарды (радиотолқындар, электр-магниттік өрістер, ультрадыбыстар, метагалактикалар, жасуша құрылымы және т.б.) түсіну керек.

5. Ғылыми танымдағы дерексіздендіру және дерексіздіктер

(абстракциялау және абстракциялар). Дерексіздендіруді, яғни затты белгілерінен, қасиеттерінен ажыратып, ойша дерексіздендіруді

322

ғылыми танымның негізгі әдістеріне жатқызуға болады, өйткені ғалым зерттеліп жатқан заттың жеке-дара, кездейсоқ қырларынан тартынып, оның маңызды, қажетті байланыстарын бөліп алады. Дәл осыған байланысты ғылымда ұғым-түсініктер (санаттар) пайда болады. Мыңжылдықтар бойы, негізінен, жердің үстіңгі бетіндегі заттар мен құбылыстар зерттеліп келді. Іс жүзінде әрбір дерексіздікке ұғымдардың ар жағында жатқан, сезіммен қабылданатын заттар мен құбылыстар сәйкес болды. Енді, XX ғасырдан бастап, жағдай күрт өзгерді: жай денелердің қозғалысы мен жылдамдығының, олардағы температура мен қысымның орнына, ойша көз алдымызға келтіре алмайтын «жарықтың жылдамдығына жақын қозғалыстар», «аса жоғары қысымдар», «аса жоғары температуралар» келді. Осындай жағдайларда дерексіздендірудің маңызы артады. Бүгінгі заман ғылымында бірінші, екінші, үшінші деңгейлердің дерексіздендірілуі жайында айтылып жүр. Сондықтан бұл мәселені тереңірек қарастырып көрейік, ол үшін сұрақ тарихын есімізге түсірейік.

Жалпылай айтқанда, дерексіздендіру деп шындық туралы түсінікті құру мақсатында шындықтың (болмыстың) әлдебір қырларын ойша бөліп қарауды түсіну керек. Платон мен оның шәкірттері, өздерінің «екі әлем» туралы тұжырымдамаларына сәйкес, дерексіздендіруді «идеялар әлемінде» бар құбылыстарды танып білу деп қарады. Оларға қарсы тұрған Аристотельдің ойынша, егер біз математикалық денелерді өз бетінше, дербес өмір сүретін болмыстар деп қарасақ, онда шындықпен де, дұрыс мағынамен де қайшылыққа келген болар едік.

Ортағасырлық номиналистер (Р.Бэкон, У.Оккам) де біздің алдымызда жатқан әлем сезімдік болмыстан басқа ештеңе де емес: онда бір зат екінші затқа ұқсамайды, сондықтан дерексіздік – ол заттардың атауы ғана деп сендіре отырып, платонизмге қарсы шыққан.

Концептуалистер платонизмнің де, номинализмнің де біржақтылығын жеңуге ұмтылды. Олар ұғымдардың нақты өмір сүретінін мүмкін емес деп санағанмен, дегенмен дерексіздік – ол атау ғана емес, нақты өмір сүретін жалпының бұл әлемнің заттарына тән бейнесі екеніне сенімді болды.

Дерексіздендіру туралы айтқанда, біз тағы бір пікірге кезігеміз: дерексіздіктер шындық-болмысқа жақын болған сайын, құндырақ болмақ. Бұл жағдайда оларда зерттелетін нысандардың ортақ қасиеттері көбірек. Барынша ортақ дерексіздіктер өз ауқымына барынша мол заттарды қамти отырып, сонымен бірге мағынасыз да бола береді.

323

Дерексіздіктердің өздері білдіретін болмысқа қаншалықты сәйкес келетініне қатысты қиын сұрақ күтіп тұрғанына көз жеткізу қиын емес. Жауап ретінде төмендегіні айтуға болады: осы әлемдегі кез келген зат нақты бір жағдайда өмір сүреді және қалыптасқан жағдайлар шектерінде басқа денелер және құбылыстармен өзара әрекеттерге түсіп, өздерін соларға сәйкес көрсетеді. Оның үстіне, біреулері өздерінің сапаларын, қасиеттерін айқынырақ көрсетсе, екіншілері сол уақыттағы жағдайға қарай мүлдем көрінбей қалуы да мүмкін. Ал бұл көбінесе тәжірибелік танымда, яғни біз бір затты бақылауға алып, оны іс жүзінде нақ сол кезде айқын көрінген қасиеттерге теңестірген кезімізде, сол заттың басқа қасиеттерінің көлеңкеде қалып қойғандай, ескерілмеуіне әкеліп соқтырады. Нәтижесінде, ондай бақылаудың қорытындылары дерексіздендірудің негізіне алынады.

Сонымен бірге орын мен уақыттың нақты жағдайларында зат өзінің кейбір сапалары мен қасиеттерін көрсете алады, ал өзгерген жағдайда бұрын байқалған қасиеттердің кейбірі жоғалып, ал кейбірлері қалуы мүмкін.Соңғылардынақосылайжинақтапқорыту–дерексіздендірудің жоғарғы деңгейіне келтіреді.

Затнемесеқұбылысбасқаларменөзараәрекеттескенде,өзінқашанда өзгеше көрсетеді. Сол себепті зерттеушінің назары заттың өзіне емес, оның әртүрлі қарым-қатынастарда қалай көрінетініне бағытталуы керек.

Дерексіздендірудің кез келгенінің өз шектері бар. Сондықтан танымның белгілі бір деңгейінде бір немесе басқа дерексіздіктің таным мүмкіндіктерінің сарқылғаны анықталады. Мысалы, ғалымдар микроәлемге енген алғашқы сәттерде өзгеше қиын жағдайға тап болды, өйткені классикалық физикада пайда болған бұрынғы ұғымдар бірқатар жаңа шындық, нақтылықты зерттеу барысында енді жарамсыз болып қалды. Денелердің координаттары мен импульстерінің макроәлемде айқындалған арақатынас заңдылықтары микроәлем үдерістерін зерттеуде өздерінің эвристикалық мағыналылығынан айырылды. Егер қарапайым бөлшектің координаттары анықталса, онда импульс күшін дәл анықтау мүмкін болмай қалады, ал егер импульс күші анықталса, онда оның координаттарын анықтау мүмкін болмайды. Осы және басқа жағдайлар бұрынғы санаттардың шектері сарқылғанын және ғылымның алдында жаңа санаттық құрал жасау қажеттігі туғанын көрсетті.

6. Индукция. Индукция танымның негізгі әдістерінің біріне жатады, өйткені заттар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерін зерт-

324

теуден жалпы түсініктерді қалыптастыруға қарай өту орын алады, яғни мұнда бақылаулар мен сынақтардың нәтижелерін жинақтап қорыту туралы сөз болып отыр. Индуктивтік қорытуда эмпириялық заңдар айқындалады. Мысалы, Лавуазье табиғаттың қатты, сұйық және газ тәріздес күйдегі кейбір денелеріне (су, сынап) бақылау жасап, табиғаттың барлық денелері жоғарыда аталған осы үш күйде болатыны туралы индуктивтік қорытынды жасаған.

Индуктивтік қорыту толық және толық емес болады. Толық индукцияда бір топтағы заттардың бірқатарында табылған ортақ сапалар мен қасиеттер осы топтың барлық заттарына ауысады. Мысалы, Жердің, Марстың, Шолпанның қозғалысын зерттеу негізінде И.Кеплер «әрбір планетаның эллипс (оның бір нүктесінде Күн орналасқан) бойымен қозғалатыны» туралы индуктивтік қорытынды жасады. Бұл жерде біз Күн жүйесі планеталарының саны шектеулі болатын жағдайға тап болып отырмыз.

Алайда ғылымда көпшілік жағдайларда бір немесе басқа топтағы денелер санының шексіздікке кететіні кездеседі, олардың барлығын қамту мүмкін емес. Олай болса, берілген топ заттарының мейлінше ықтимал сандарын зерттей отырып, ғалымдар бүкіл топқа жататын қорытынды жасауға мәжбүр. Бұл жерде қорытынды деректерінің ықтималдық сипаты басым. Осындай индуктивтік қорытулар толық емес болып саналады. Осы индуктивтік қорытуды теріске шығаратын әлдебір жаңа факт оны күл-талқан ете алады. Ендеше, «осыдан кейін деген – осының себебі дегенді білдіреді» дейтінге сүйеніп, «асығыс жасалған қорытынды» туралы айтуға болады. Осындай индукцияларда растау мен терістеудің қарама-қайшылығы байқалады, өйткені жаңа фактілер ешқандай жаңалық әкелмейді, ал индуктивтік қорытуға сәйкес келмейтін бір ғана факт соңғының маңызы мен құнын түсіреді. Сондықтан алынған индукцияның сенімділігі үшін фактілердің мүмкін болатын алуан түрлі ауқымын іске асыру қажет, олар сол топтың заттары үшін үлгі пішін болуға тиіс.

Индукцияның себеп-салдарлы тәуелділікті қорытатын келесі түрін Ф.Бэкон мен Дж.Ст.Миль әзірлеп шығарды. Олардың ойынша, себепсалдарлы тәуелділіктің барынша мүмкін сандарын зерттей келе, ғалым бірнеше ғылыми болжам ұсынып, кезекпен оларды терістей отырып, нағыз шынайы деген біреуін қалдыруға тиіс.

Индукцияның келесі түрін кері дедукция деп түсінуге болады. Оны Дж.Джевенсон мен В.Уэллс ұсынған. Жекеден жалпыға өрлеу барысында белгілі бір фактілердің негізінде бірқатар ғылыми болжамдарды

325

алға тартуға болады. Келесі кезеңде дедукция жолымен шынайысын ғана қалдырып, қате индукцияларды ысырып тастау мүмкіндігі бар. Егер логикалық-дедуктивтік жолмен біз осы индукцияның негіздеріне қайтып оралсақ, онда оның шынайылығына сене аламыз.

7. Дедукция. Дедукция деп индукцияға қарсы, жалпы білімдерден жеке-дара білімдерге, жалқылыққа өтуді түсінеміз. Индукция мен дедукция өзара бір-бірімен ажырамастай байланысқан. Оның үстіне, олардың әрқайсысы зерттеудің белгілі бір сатысында қолданылады. Белгілі бір теориялық негіздерсіз индукция, көп болғанда, фактілерді реттей алады, ал индуктивтік қорытуларсыз жалаң дедукция схоластикалық теориялауға айналады. Танымдағы дедуктивтік қорытулардың орасан үлкен қуатына Жаңа дәуір таңы атқан кездеақ Р.Декарт назар аударған. Қазіргі заман ғылымы мен әдістемесінде дедукция деп жаңа білімді шығару үдерісі танылады, ол кезде логика ережелерінің негізінде пайымдардан белгілі бір ой тұжырымы жасалады.

Дедуктивтік деп аталатын бірқатар пәндер бар, олай аталуының себебі – олардың негізінде кейбір ортақ ұстанымдар, постулаттар, тұжырымдар жатыр. Оған қоса, бастапқы қағидалар дәлелдеусіз алынған, өйткені олардың шынайылығы дау тудырмайтын және адамзаттың мыңжылдық тәжірибесінде тексерілген сөзсіз шындық деп саналады. Оларды ашып көрсете отырып, ғалымдар әртүрлі теориялық тұжырымдар жасайды. Ондай ғылымдарға математика, логика,

теориялық механика, ішінара юриспруденция жатады.

Теорияны дедуктивтік құрудың міндетті шарты бастапқы тұжырымдардың бір-біріне қарама-қайшы еместігі, сондай-ақ олардың бір-біріне тәуелсіздігі болып табылады.

Дедуктивтік әдістің негіздері өте ерте заманда-ақ пайда болған: Евклидтің «Бастауын», Пифагордың теоремаларын, Фалестің пікірлерін еске түсірсек те жеткілікті. Сол кездің өзінде дедуктивтік әдістің ой-пікірлерді жүйелі түрде ретке келтіріп, оларды қисынды құруға көмектесетіні байқалған.

XIX ғасырда Н.И.Лобачевский геометрияны басқа тұжырымдар негізінде де құруға болатынын дәлелдеген. Ол жаңалық тұжырымдық әдістің эвристикалық күшін көрсетті. Бұл математика пәндерінің аса қарқынды дамуына жеткізді.

Бүгінгі ғылымда тұжырымды әдісті физика, биология сияқты іргелі ғылымдарға тарату үрдісі бар. Алайда тұжырымды әдісті басқа ғылымдарға қолданудың белгілі бір өзіндік шектері бар екенін ескеру қажет.

326

8. Бұрмалау. Ағылшын философы К.Поппердің пікірі бойынша, эмпириялық танымның мақсаты шынайы теориялар құруда және оларды дәлелдеуде жатқан жоқ, себебі – ол мүмкін емес, өйткені кез келген теория ерте ме, кеш пе, өзінің осал тұстарын байқатып, ескіреді. Олай болса, оның негізгі мақсаты жалған ғылыми болжамдарды айқындап, оларды теріске шығару болуға тиіс. Бұны, есіңізде болса, ол бұрмалау деп атаған.

Білімді бұрмалаудың әлеуетті мүмкіндігі оның ғылыми сипатын көрсетеді. Бұрмалауға ұшыраған ғылыми болжамдарды батыл лақтырып тастау керек, ал қалған болжамдардың ішінен шынайы болуы мүмкіндерді емес, әдеттегі көзқарастар аясына сыймайтын, өзгешелігімен ерекшеленіп тұрғандарын таңдау қажет. Сол жағдайда ғана ғылымның серпінді дамуын қамтамасыз етуге болады. Бұрмалаудан өткен ғылыми болжамдардың орнына бірте-бірте ақпараттың көбірек жиынынан тұратын жаңалары келеді.

К.Поппер шындық мәселесіне де жаңалық енгізді. Шындық – ешқашан жеткізбейтін мұрат, біз үнемі соған жетуге ұмтылумен боламыз.

Әлбетте, ғылымда бұрмалаудың рөлінің орасан зор екенін жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен көптеген ғылыми болжамдардың ішінен таңдау жасағанда, әрдайым оның көпфакторлы үдеріс екенін есте ұстау керек, бірінші кезекте, бір немесе басқа теориядан келіп шығатын әлеуметтік, рухани-адамгершілік салдарларын ескерген жөн.

9.Экстраполяция. Экстрополяция деп жаңа ғылыми нәтижелерге қол жеткізу үшін, бір ғылымның үлгілерін, идеяларын, тұжырымдамаларын басқа ғылымдарға көшіру айтылады. Мысалы, А.Эйнштейн жылу энергиясы шығуының кванттық сипаты туралы М.Планк идеясын жарық құбылыстарына ауыстырып көшіре отырып, фотоәсер табиғатын терең түсіндіру мүмкіндігіне қол жеткізді. Әлеуметтік-гуманитарлық таным саласында құқық пен мораль нормативтікпәндерретіндебір-бірлерініңжетістіктерін,тәжірибелерін алмастырып жатады. Экстраполяция ғылымның өзінің, ғылыми білім ықпалдастығының қажеттіліктерінен туады. Екінші жағынан, қандай да бір ғылымның бір немесе басқа идеясына ғылымның басқа салаларында қажеттілік тууы оның өміршеңдігін, демек, шынайылығын көрсетеді.

10.Модельдеу. Модельдеу, яғни үлгі жасау деп, әдетте, адамның

нақты бар, ғылыми зерттеулердің нысандары болып табылатын заттар-

ды басқа нәрсеге ұқсастыққа келтіріп, қайтадан жасайтын әртүрлі

327

құрылғыларды дүниеге келтіруі айтылады. Ол зерттеліп жатқан заттың, ең болмағанда, жанама жолмен зерттеу үшін қолжетімділігі үшін істеледі. Леонардо да Винчидің өзі де құстың ұшуын егжейтегжейлі зерттеудің қиындығын, бірақ оны қайталап істеп көруге болатынын айтқан. «Су астында жүзу туралы жаз, сонда ауада ұшуға жетесің», – деп кеңес береді ол. Осының барлығын мысалмен көрсетуге болады.ТаудаГЭСсалуқажетболдыдейік.Ол–тәуекелдіжәнеқаражат қажет ететін іс. Сондықтан жобалау барысында таудың құрылыс салу жоспарланып отырған телімінің көп есе кішірейтілген үлгісі жасалады және сол бойынша тиісті зерттеу жүргізіледі. Немесе географиялық және топографиялық картаны алайық. Олар Жер бетінің кішірейтілген үлгілері болып табылады, солардың көмегімен планетаның бір немесе басқа аймағының ерекшеліктерін көз алдымызға елестете аламыз. Құс қанаты құрылысының үлгісін жасай отырып, ғалымдар ұшу аппараттарын жетілдірді. Кибернетикалық машиналар адам миының кейбір қасиеттерінің үлгісін құрайды. Бұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Модельдеу негізгі екі түрге: заттай және логикалық (қисынға негізделген) немесе виртуалдық (нақты емес) деп бөлінеді. Зат-

тай үлгілер нақты бар заттардың көп рет кішірейтілген неме-

се үлкейтілген (егер микроәлем құбылыстары зерттеліп жатса) материалдық көшірмесі болып табылады. Адам қолымен жасалған соң, олар қашанда түпнұсқаның көшірмесі болады, сондықтан көшірме зат дөрекілеу болып шығуы мүмкін. Соның салдарынан үлгіге бақылау немесе әртүрлі сынақтар жасау барысында зерттелуші нысанның табиғаты туралы қате пікірлер тууы ғажап емес. Алайда бұл үлгі жасаудың рөлін еш кемсітпесе керек, өйткені табиғатта тікелей зерттеу қиын немесе мүлде мүмкін емес нысандар аз кездеспейді.

Заттай үлгілер аса күрделі, қымбат тұратын техникалық жүйелерді сынау барысында кең пайдаланылады. Мысалы, ұшақтың жаңа үлгісінің көп рет кішірейтілген көшірмесі ол техниканың ұшу сипаттамасын жақсырақ елестету үшін, аэродинамикалық құбыршек арқылы өткізіледі.

Логикалық немесе мақсат-мұратқа сай (идеал) үлгілерге кел-

сек, олардың арасындағы нышан-пішін беру және қатаң қисынды байланыстар негізінде зерттеушінің санасында құрылады. Есептеу техникасының қарқынды дамуына байланысты, соңғы онжылдықтар ішінде мақсат-мұратқа сай үлгілердің рөлі мен маңызы анағұрлым көп өсті. Заттай үлгілер айтарлықтай күш-қуат, қаржы қаражаттарын,

328

уақыт шығындауды қажет етсе, ал күрделі нысандар зерттелген жағдайда, олардағы өлшеу әдістері дәл еместігінен азап шегеді. Есептеу техникасының көмегімен орындалған виртуалдық үлгілер аз уақыттың ішінде орасан көп ақпаратты өңдеуге мүмкіндік береді, күш-қуат пен қаражатты үнемдейді, ғалымның шығармашылық мүмкіндіктері үшін үлкен кеңістік туғызады.

Құрылысы күрделі, өздігінен басқарылатын жүйелер туралы ғылым ретінде кибернетиканың болашағы зор екенін ерекше айтқан жөн. Ондай жүйелердің үлгілерін жасай отырып, ол соған ұқсас және құрылысы күрделі жүйелерді терең зерттеуге мүмкіндік береді. Соның негізіндезерттелгенжүйелердіңқызметіністепкөрсететін,адамдардың іс жүзіндегі қызметінде пайдалануға болатын жасанды материалдық нысандар құрылады. Мысалы, медузалар бірнеше сағат бұрын теңізде дауыл көтерілетінін сезеді. Медузаның тиісті органдарын зерттеу негізінде ғалымдар он бес сағат бұрын ауа райының бұзылатынын, дауыл тұратынын алдын ала болжай алатын аспап ойлап тапты. Қазіргі уақытта ғылымның жаңа саласы – тірі организмдердегі басқару жүйелерінің заңдылықтарын және оларды модельдеу мүмкіндігін, сонымен қатар адамдар үшін пайдалы тиісті аспаптарды жасауды зерттейтін бионика дамып келеді.

11. Тарихи және логикалық (қисынды) зерттеу. Ғылыми танымда

тарихи және логикалық зерттеу әдістері бірге қолданылады. Тарихи әдіс бір немесе басқа құбылыстың қалай пайда болғанын, даму барысында қандай сатылардан өткенін, осы жолда басқа үдерістер арқылы қалайбұрмаланғанынанықтауғамүмкіндікбереді.Аталғанәдісәсіресе қоғамдық ғылымдарда кеңінен пайдаланылады. Мысалы, тәуелсіздік алғаннан кейін республика қандай кезеңдерден өтті, оның жолында қандай кедергілер болды, қазір ол қандай күйде және т.с.с. Логикалық зерттеу, компьютер тілімен айтқанда, заттың дамуының ішкі бағдарламасын немесе, Аристотельдің сөзімен айтқанда, оның «энтелехиясын» анықтайды. Демек, логикалық зерттеу – қысқартылған тарихи зерттеу, ал соңғы – логикалық зерттеудің басқа болмысы.

12. Дерексіздіктеннақтылыққаөрлеу.Дерексіздіктеннақтылыққа өрлеу – танымның ең күрделі әдістерінің бірі. Бұл әдістің мәнін анықтау үшін, алдымен «сезімдік нақтылық» және «ойша нақтылық»

деген ұғымдарды түсініп алу керек.

Күнсайынбізайналамыздағыкөптегензаттардыкөреміз.Олардыбіз әлдебір тұтастықтар деп қабылдаймыз. Оларды табиғаттың «сезімдік нақтылық» денелері деп белгілей аламыз. Алайда олардың ішкі мәнінің

329

не екені туралы біз ештеңе білмейміз. «Ойша нақтылықты» танып білу барысындағы жетістіктеріміз заттың ішкі логикасын түсінуге анық көмектеседі. Бірақ ол жолдың өзі – өзгеше күрделі және қиын жол.

«Ойша нақтылықты» түсіну үшін, «сезімдік нақтылықтан» жалпы түсініктерге өту керек. Ол үшін, жоғарыда көрсетілген әртүрлі әдістерді пайдалана отырып, жеке алғанда белгілі бір топ заттарының тектік қасиеттерін білдіретін әртүрлі әдістер құру қажет. Нәтижесінде, бір немесе басқа ғылымның санаттық (ұғымдық) жиынтығы қалыптасады. Алайда оның негізгі кемшілігі дерексіздікте жатыр. Мысалы, қазіргі заманғы саясаттануда демократияның абстракциялық теориясы бар. Ал егер біз оны нақтыласақ, онда әлемнің әр елдерінде демократияның түрліше көрінісін табамыз, өйткені әр елдің көпжылдық өзіндік даму жолы, шаруашылық жүргізу тәжірибесі және қоғамдық өмірді ұйымдастыру әдісі бар. Сондықтан, мысалы, қазақстандық демократияның «ойша нақтылық» үлгісін жасау үшін, қазіргі заман саясаттануының санаттық жиынтығын пайдалана отырып, оның елімізде көрініс беруінің формасын айқындауға тиіспіз. Бұл жағдайда біз «ойша нақтылыққа» өрлеуді жүзеге асырамыз. Сонда қоғамымыздың демократия жолындағы қозғалысының өзгешелігі бізге түсінікті болмақ. Бұл айтылғанды ғылымның басқа саласына да көшіруге болады.

13.Идеализация (мақсат-мұратқа сай ету). Идеализация теориялық танымның маңызды әдістерінің біріне жатады. Идеализацияның табиғаты және идеалды нысандар туралы біз алдында айтқанбыз. Дегенмен табиғатта мақсат-мұратқа сай, яғни мүлтіксіз нысандар болмайтынын, олардың бар-жоғы теориялық ойлаудың нәтижелері екенін еске түсірейік. Онда олар ғылымға не үшін керек? Олар біздің іс жүзіндегі қызметімізді қателіктер жібермеу мақсатында мұратты мән-мағыналармен өне бойы салыстырып отыру үшін, соларға барынша жақындай түсу және дұрыс нәтижелерге (биік құрылыстар салуда, өзгеше дәл техника мен ғылыми аспаптар жасауда) жету және т.б. үшін қажет.

14.Формализация. Формализация деп дәл түсініктер мен

ұстанымдардағы ойлау нәтижелерін бейнелеу түсініледі. Матема-

тикада және формальды логикада – ол білімдерді барлық ықтимал, мүмкін нышандар мен белгілерде бекіту. Формализация бір немесе басқа теорияның негізгі постулаттары арасындағы дедуктивтік өзара байланыстарды анықтаудан басталады. Оның аса тиімді құралы тұжырымдық әдіс болып табылады. Тұжырымдар – түйсіктік

330

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]