Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

artemjev_gylym_kz_2011

.pdf
Скачиваний:
84
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
2.33 Mб
Скачать

Постклассикалық емес білімді бағалаудың эстетикалық белгісін енгізу – философия үшін жаңа бірқатар ғылымдарға назар аударуды қажет етті:

қиын сала – ақпараттық қоғамда білімді заңды деп тану (легитимация);

әдіс – тілдік ойындар;

әлеуметтік байланыстар табиғаты – қазіргі заманғы балама-

лар және постмодернистік жоспарлар;

ғылыми білім прагматизмі және оның баяндаушылық қызметтері.

Лиотар постмодернизмді модернизмнің ішінде жасырынған соның бір бөлігі деп санайды. Гуманизм мен дәстүрлі эстетикалық (әдемілік, асқақтық, даналық, мұраттылық) құндылықтардың тоқырауы жағдайында ұтқыр модернистік сала бөлігі модернизмді формалар мен техникалық тәсілдердің плюрализмімен жаңарта және бұқаралық мәдениетпен жақындастыра отырып алдыға шықты.

Сонымен,постмодернизм–бұлтанымдасөздердіңтүрленуүлгісінің (парадигма) ауысуы, субъект ұстанымын көзқарастар жүйесінің орталығы және бастау ретінде қайта қарау болып шықты. Субъектінің орнын әртүрлі – ниет-тілектер мен қарқындылық ағындары (Жиль Делёз, Феликс Гваттари); трансгрессия және эротизм (Жорж Батай);

нақты өлшемдегі өзгеше арбау (Жан Бодрийар); либидомен байланыс-

ты тамыр соғуы (Жак Лакан); мысқыл (Ричард Рорти) немесе жирену (Юлия Кристева) сияқты тұлғасыз құрылымдар басты. Постмодернизм идеяларын әзірлеуде француз философы Жак Деррида (1930 ж. туған) маңызды рөл атқарды. Ол еуропалық мәдениеттің негізі іспетті метафизиканы сынады, оны еңсеруді: онтология негіздерін және, бәрінен бұрын, болмыс түсінігінің негізін құрайтын сараптамалық бөлшектеу («деконструкция») ұғымдарының көмегімен оның тарихи бастауларын іздеп табумен байланыстырады.

Дерриданың кейінгі ой-пікірлерін түсіну үшін, «деконструкция» ұғымының өзі туралы бірер сөз айту керек сияқты. Оны Хайдеггер ұсынды, ал ғылыми айналымға Лакан енгізді. XX ғасырдың соңғы ширегінде деконструкция идеяларына гуманитарлық білімдердің әртүрлі: философия, өнертану, тарих, саясаттану және әлеуметтану сияқты салаларында қажеттілік туып, олар дін ілімінде де дами бастады.

Деконструкция – ол сын да, талдау да, әдіс те емес. Ол – аталған гуманитарлық ғылымдардың, өнер мен эстетиканың негізінде

291

философияның көркем транскрипциялануы (айтылуы). Бұл – философиялық түсініктердің ауыспалы мәнді этимологиясы: философия тілінің өзіндік құрылымдық психоталдауы, симультандық (сахна алаңында бір мезгілде барлық қажетті өрнектеу құралдарын орнатып қою), деструкция мен реконструкция, бөлшектеу және құрастыру.

Деконструкция құрылымдарға назар аударуға, сонымен бірге лингвистикалық, логоорталықтық, фоноорталықтық құрылымдардың жіктелуі, бөлшектенуі үдерістеріне байланысты. Әңгіме бұзу, бүлдіру туралы емес, әлдебір бүтіндіктің қалай жасалғанын жете түсіну үшін, қайта құрудың қажет екені туралы болып отыр. Деконструкцияның әрбір оқиғасы идиома1 немесе қойылған қол сияқты жеке, жалаң. Деррида деконструкциялық тәсілді ұясынан құлап қалған балапанына қауіпқатер төнбеуіне жан ұшырған құстың әрекетімен байланыстырады.

Деррида жазудың дыбысталған сөзден (логос) артықшылығына сендіреді. «Граммотология туралы» атты кітабында ол ғұмыры сөзге қарағанда ұзақтау және адамдармен тікелей болмаса да «араласуға» (мысалы, Руссо кітабындағы «тығылып алып жазуды» жөн көретін кейіпкер істегендей емес), мүмкіндік беретін жазбаша мәтіндердің басымдығын дәлелдейді. Сөйлеуге дейінгі жазу, бұл, әрине, сөздің меншікті және тар мағынасындағы жазу емес, бірақ «прото-жа- зу» – қандай да бір бөлшектеу және артикуляция (дыбыс шығару) мүмкіндігінің өзін ауыспалы мағынасында (метафора түрінде) белгілеу сияқты жазуға жақын.

Дерридаүшінфилософтыңшынайыбейнесі–ол«философ-суретші» (Ницшені нақ осы бейнеде болғаны үшін бағалаған). Оған керегі өзі талдайтын мәтіндер емес: ол үшін маңыздысы – мәтіннің оқылуына

өзінің жеке көзқарасы, сондай-ақ ондай жұмыстың меншікті стилі,

жазудан өз мәнерінің танылуы, оның басқа мәнерлер мен стильдерге ұқсамауы. Деконструкция сұрақтың айқын қойылуын талап етпейді және ешқандай шешімдер ұсынбайды, бірақ «ол өзінің айқын да мәнерлі әрекетін назар аударуға тұрарлық нысан етіп істейді».

Деррида, негізінде, «кез келген нәрсенің» философия үшін материал бола алатынын жақсы түсінген және осы мағынасында ол, поэзиядағыдай, кез келген «қоқымнан» өсе береді. Бірақ бір мезгілде деструкция шатасуға да келтіреді: деструкцияның поэзиядан айырмашылығы – ол «түйежапырақ, алабота» сияқты өспейді, ол үшін

1 Идиома – мағынасы құрамындағы сөздердің мағынасынан шықпайтын фразеологиялық оралым.

292

қатаң жеке тәртіп және тілмен жай ғана жұмыс емес, сонымен бірге ойды білдіру құралы ретінде тілдің әрлендірілуі маңызды.

Дәл осы ой оның Парижде халықаралық философиялық колледж құруына, яғни әдеттегідей (дәстүрлі) емес жұмыс істелетін, яғни әдебиетпен, ғылыммен, саясатпен тікелей тоқайласқанда, философия өзін жете түсінетін орын әзірлеуге түрткі болды.

Мына бір факт қызық көрінеді: Францияда мектепте философиялық білім беру жүйесіне қауіп төнгенде, Деррида философияны қорғап қалып, ол қауіпке лайықты тосқауыл ұйымдастырды.

Постмодернизмде суреттеу жоспарының, яғни қайтадан пайда болған нақтылық сипаттамасының және ой мен мәдениет құндылықтарының қайта бағалануына байланысты пікірталастық жоспардың рөлі үлкен болды. Тұтас шындық сөздерден алшақтап, постмодернизм оны теріске шығарды. Суреттеу ғана мойындалды. Суреттеу жалғыз шындық ретінде құрылатын болды. Нақты шындық пен қиял «виртуалдық», яғни нақты емес болмыспен астасып кеткен.

Француз постмодернистері Батыс метафизикасының логоцентриз-

міне, «фонетикалық жазу метафизикасына», адамға Әлемді тар, шектеулі шеңберде көруді, білім мен билік арасындағы қатынасты телитін Жаңа заманның кітаби мәдениетіне «шабуыл жасады».

Мысалы, М.Фуко картезиандық1 ойдың «натурализмін»2, аристотельдік логика заңдарының табиғат заңдарына айналуын, «ақсүйек ауқатты еркектер ойының жалған рационалдық гегемониясын» (жетекшілік етуші басшылығын) теріске шығарды. Нормалардан ауытқушылықты Жаңа заман: иррационалдық – ол ауру, әйелге тән десе, ал терінің қара түсін жетілмегендік деп түсіндірді.

Фуко «басқаға» – зорлық-зомбылықтың нәзік формаларының нысанына айналған «плебске»3 қорған болды. Ал осыдан билік мәселесіне деген ерекше, оның бүкіл шығармашылығы арқылы өткен қызығушылық (оның ішінде жыныстық та) туып, Фуконың талдауын жалғастырған сол заман феминизмінің негізіне алынды.

1 Картезиандық (лат. – cartesius, фр. – descartes – картезианство) – XVIIXVIII ғғ. филосо -

фия мен жаратылыстануда шыққан, теориялық бастауы француз философы Рене Декарттың идеялары болған (оның латыншаланған аты – Картезий) бағыт.

2 Натурализм – әдебиет пен өнерде XIX ғасырдың екінші жартысында болған реализмнен бөлек табиғат заңы мен қоғам заңдарының арасына теңдік белгі қоюшы, мазмұнды есепке алмай, болмыстың сырт көрінісіне ғана мән беретін бағыт.

3 Плебс – лат. plebejus – жалпыхалықтық, plebeii, plebs – жай, қарапайым халық.

293

Постмодернизм туралы айтқанда, қысқаша болса да, мағынасы жағынан постмодернизмге өте жақын болғанмен, кейбір өзгешелігі де бар «постмодерн» ұғымына тоқталып өткен дұрыс сияқты, оның үстіне, бүгінгі таңда постмодерн жаңа, неоавангардтық өнер мен мәдениет теориясынан шығып, жалпыфилософиялық тұжырымдамаға айналды.

«Постмодерн» терминін адам құлдырауының (декаданс – мәдени кері кету) қорлаушы сипаттамасы ретінде «Еуропа мәдениетінің тоқырауы» (1917) атты кітабында алғаш рет Р.Панвиц қолданды. Қазіргі заманға сай мағынасында Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең мәдениетінің өзіне тән өзгешелігін белгілеу ретінде Ч.Дженкстің «Постмодернизм сәулетінің тілі» (1975) кітабында 1960 жылдардың аяғы, 1970 жылдардың басында дүниеге келген сәулет стилінің талғамсыздығын анықтау үшін пайда болды. Содан кейін бұл термин бейнелеу өнеріне, әдебиетке, ал, ақыр соңында, Ж.Лиотардың «Постмодерн ахуалы» (1979) атты еңбегінің жарыққа шығуы арқылы философияға да таралды.

Сөйтіп, постмодернизм, тұтастай алғанда, бәрінен бұрын сәулет, кинематография, хореография, көркем әдебиет және поэзияның бүкіл бейнесін айтарлықтай өзгертті. Ол өнердің бұрын болмаған: попарт, боди-арт, ленд-арт, инсталляция, перфоманс, хеппенинг сияқты жаңа түрлерін дүниеге келтірді, бірақ ол кезде постмодернизм эстетикасы оған XX ғасырдың ірі философтарының тікелей ықпал етуімен қалыптасты.

294

Үшінші бөлім

ҒЫЛЫМ ФИЛОСОФИЯСЫ

1-тарау. Ғылыми таным: оның құрылымы, деңгейлері мен әдістері

1.1. Ғылыми таным құрылымы

Таным – жеке тұлғадан оның барлық маңызды күштерін: ақылын, сезімдерін, еркін, түйсігін жұмылдыруды талап ететін аса күрделі үдеріс.

Танымның нақты үдерісінде олардың бір-бірімен өзара байланыс-

тылығы соншалықты, бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Алайда теориялық тұрғыда біз оларды жеке-жеке қарай аламыз. Бәрінен бұрын, ол – сезімдік таным.

Оның негізгі формалары: сезіну, қабылдау және көзге елестету.

Адам өзін қоршаған әлеммен сезіну, түйсіну арқылы байланысады. Л.Фейербах оларды Інжіл, яғни әлем туралы ізгі хабар жеткізуші деп айқындаған. Біз бір затты көргенде, оның түсін анықтап, ұстап көріп, оның қатты немесе жұмсақ екенін біле аламыз, ащы немесе тәтті екенін дәмін татқанда білеміз. Әлбетте, сезінуді заттың өзімен теңестіруге де, сондай-ақ одан алшақтатуға да болмайды. Кең тұрғыда

сезіну – қоршаған әлеммен бізді байланыстыра отырып, заттар мен құбылыстар туралы мағлұмат беретін ондағы нақты болмысты көрсетудің ерекше формасы болып табылады. Олар, әрине, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесінің нәтижесі де болады.

Адамның сезінуі, түйсінуі бір-бірімен өзара байланысқан: бір-бірін толықтырып, түзетіп отырады. Соның нәтижесінде, адам заттарды қабылдау мүмкіндігін алады.

Қабылдау бізге бір немесе басқа заттың яки құбылыстың бүтін бейнесінбереді.Заттықабылдайотырып,адамоныңбарлыққасиеттерін емес, өзінің тіршілік қарекетіне керектілерін ғана айқындай алады. Мысалы, егер ерте көктемде бізгі біреу үлкен қызыл алма әкеліп берсе, біз оның дәмі мен хош иісіне назар аударамыз, өйткені оны жегіміз келеді. Егер ол алма қолымызға күз аяқтала бергенде тисе және оның алдында біз көп алма жеген болсақ, онда оның түсіне, түріне, яғни эстетикалық жағына көңіл бөлеміз.

Адам заттарды өзінің жасы, өмірлік тәжірибесі, білімі, тәрбиесі және басқа факторларға байланысты қабылдайды. Мұрағатқа қойылған жас әйелдің мәрмәр мүсінінен біреу мүлтіксіз биік шеберлікті, ғажап сұлулықты, өмір нышанын көрсе, ал екінші біреу ұрғашының азғын нәсіпқұмарлығын көреді.

296

Адамның көзге елестетуі енді оның санасына анағұрлым жақын, өйткені заттар көз алдыңызда жоқ, бірақ сіз оны елестете аласыз. Мысалы, ата-анаңыздың үйін, жақсы досыңызды, сүйікті затыңызды көз алдыңызға елестету қиын емес. Бұл жерде де, қабылдаудағыдай, заттың немесе құбылыстың аса маңызды жақтары ғана елес береді. Адам психикасының ең ғажап қасиеті – өткенді есте сақтау қабілеті. Мағлұматтың есте сақталуында оның негізгі екі түрін: сезімдік бейнені және сөз-түсінік формасын ажыратып көрсетуге болады.

Сонымен, сезімдік таным заттардың айнадағыдай бейнесін

бермейді, оның қалыптасуына мұқтаждықтар мен мүдделер, мақсат пен мұраттар, сезімдік күйзелістер, қысқасы, адамның барлық мәнмағыналы күштері ықпал етеді.

Енді дерексіз (абстрактілік) ойлау формаларына келейік. Оларға

түсініктер, пайымдар мен ой тұжырымдары жатады. Түсініктен бастайық. Онда адамға қажетті заттар мен құбылыстардың жалпы, маңызды, керек жақтары көрінеді. Кезінде Г.Гегель өте бейнелі түрде: «Түсінік – табиғаттың жаны», – деп анықтама берген. Түсініктің мазмұнына белгілі бір топтың көптеген заттарының маңызды қасиеттері кіреді. Түсініктер, бір жағынан, қоршаған әлемнің заттары мен құбылыстарының сапаларын олардың бізге қажетті өзара байланыстарының бар мүмкіндігін, ал, екінші жағынан, адам ойы танып білетін әлемнің белсенділігі мен қуатын, нәтижелілігін көрсетеді.

Түсініктерді бір-бірлерімен ұштастыра отырып, адам белгілі бір пікірге келе алады. Ол пайым деп аталады. Егер: Адам – ойлайтын тірі тіршілік иесі», – десек, онда біз ол туралы белгілі бір пайымымызды немесе пікірімізді айтқан боламыз. Бірнеше пайымды бір-бірлерімен ұштастыра айтып, ой тұжырымына келуге болады. Мысалы:

Адам – ойлайтын тірі тіршілік иесі; Нұрлан – адам; Демек, Нұрлан ойлайтын адам.

Сөйтіп, бір-бірімен ұштастырып, біз екі пайымнан жаңа ой тұжырымын қорыттық.

Адам ойлау барысында нысан туралы сезімдік деректерін түсінікке келтіруге тырысады. Нәтижесінде, әртекті сезімдік бірлік шығады, яғни жаңа білім пайда болады. Ғылыми тілде бұл санаттық синтез

немесе дискурсивтік ойлау деп аталады.

Танымдық ойлау ретінде тұлғаның парасаттық (зияткерлік) қабілеттерін атауға болады. Ақыл-парасат әлемді әлдебір жиынтық деп

297

қарауға тырысады. Бұл – адамның өз ойлау үдерісінде философиялық ойлау деңгейіне жететін ең жоғарғы қабілеті.

Түйсікке келер болсақ, онда ол – ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін шындыққа тікелей жету. Мәселенің қиындығы оны басқа адамдарға қалай жеткізу болып табылады. Ол үшін тағы да оны сана тезінен өткізуге, сөзбен, түсінікпен бейнелеуге тура келеді, ал ол

түйсіктің адам бойындағы барлық танымдық күштермен тығыз байланысты екенін дәлелдейді. Түйсікпен түсінуге адамдарды толық баурап алған бір немесе басқа мәселенің шешімін табу жолында олардың жылдар бойы еңбектенуі арқылы жетуге болады. Көшеде масайрап, сенделіспен жүрген адамға мүлде ешқандай шындық келмейді. Түйсік адамның басында санадан тыс өтіп жататын үдерістердің жұмысын көрсетеді: адамды қыспаққа алған бір немесе басқа мәселе сана деңгейінде де, санадан тыс деңгейде де шешіле береді.

Таным үдерісі сонымен қатар адамның еркіне де байланысты. Ол адамға таным барысында пайда болатын сөзсіз қиындықтарды еңсеруге, алдына қойған мақсатына, нәтижелерге жетуге көмектеседі. Адам еркі барлық танымдық күштерді «жұдырыққа түйіп», оларды шындықты табу жолына бағыттайды. Алайда ерік әрдайым

моральдық сананың бақылауында болуға тиіс. Бұл жаратылыстану-

ды зерттеушілер үшін ерекше қажет, өйткені табиғаттың сырларына тереңдеген сайын, зерттеуші әлі белгілі болмаған құбыжық күштерге тап болуы мүмкін, ал ол күштер адамгершілік тұрғысынан әлі жетілмеген адамды оларды өз мүдделерінде пайдалануға итермелеуі мүмкін. Тарихта даңққұмарлар қашанда аз болмаған, олар бүгінгі күні де бар.

Танымда әсіресе талант ерекше бағаланады. Біріншіден, оның адам бойындағы табиғат берген дарындарымен тығыз байланысын табуға болады. Егер біреу өнерге жақын болса, екіншісі математика мен физиканы жақсы көреді, ал үшіншісі тілдерді меңгеруге бейім. Адамдардың осындай табиғи дарындылықтары тиісті әлеуметтік шарттарда және тынымсыз еңбектену барысында талантқа, ерекше шығармашылық қабілеттерге айнала алады. Олай болмаған жағдайда адам өз дарындылығын талантқа айналдырып дамыта алмай, оларды өшіріп алуы да мүмкін.

Ғылыми танымның негізгі мақсаты – шындыққа жету, өйткені сол ғана ғылымның іс жүзінде қолданылуына, пайдаға асуына жол ашады. Олай болса, енді осы мәселеге көшейік.

298

«Практика» ұ ғымы грек тілінен «белсенділік, қызмет» деп аударылады және қоршаған дүниені өзгерту бойынша адамның саналы, белсенді, мақсат көздеген қызметін білдіреді. Әрине, адам да, жер бетіндегі барлық тірі тіршілік иелері сияқты, қоршаған ортасыз өмір сүре алмайды. Кез келген жан-жануар өзінің жаратылысына, дене құрылысына қарай онда өз орнын табады. Жануарды ырықсыз сезім билейді, ол өзінің тіршілік қарекеті үшін тікелей қажеттіні ғана қабылдайды, оның мүмкіндіктері шектеулі. Ал адам әлеммен жанжақты, сан қырлы қатынасқа түседі. Қоршаған орта нақты тарихи өмір сүретін қоғамның мүмкіндіктерін қашанда «қиып отыратындықтан», тәжірибе (практика) адамның жаңа күштері мен қабілеттері ояна келе, танымның шексіз мүмкіндіктерін ашады.

Сол себепті ғылым бастаулары адамзаттың осы тәжірибесіне деген қажеттілікте жатыр. Мысалы, ертедегі көшпенділер көштің жолын жұлдыздар мен планеталарға қарап анықтап отырған. Ежелгі Қытай мен Мысырдағы жерді суару қажеттігі орасан үлкен арналарды салуға мәжбүр етті, ал ол үшін жер бетінің геометриясын зерттеу қажет болды. Нәтижесінде, математиканың бүршіктері пайда болды. Егер адамзаттың осы заманғы тәжірибесін қарар болсақ, онда табиғи энергия ресурстарының бірте-бірте сарқылуы адамзатты энергияның жаңа көздерін іздеуге мәжбүр етеді. Міне, сондықтан да әлемнің жетекші мемлекеттері микроәлемнің құбылыстарын атом өзегі энергиясын шығару, оны алудың арзан және қауіпсіз технологиясын жасау мақсатында зерттеу үшін, әртүрлі синхрофазатрондардың және басқа да аспаптардың құрылысына миллиардтаған доллар ақша бөледі. Бір немесе басқа мемлекеттердің бірнеше ерекше дарынды физиктің «ақыл жаттығуы» үшін орасан көп қаражат шығындай қоюы мүмкін бе? Әрине, жоқ. XX ғасырдың соңғы ширегінде пайда болған эволюциялық химияның негізгі міндеті – Күн энергиясын электр энергиясына айналдырудың тиімді технологиясын жасау, судың фотолизін жүзеге асырып, сутегі отынын алу және т.б. болып табылады.

Бүгінгі таңда ғылымның алдыңғы шебі биологияға келіп тірелді. Ғалым-биологтардың алдына қойған міндеттері де тәжірибе қажеттіліктерінен келіп шығады. Қазіргі заман генетикасындағы микробиологиялық зерттеулер: тұқым қуалайтын ауруларды емдеп жазу үшін, осы уақытқа дейін адамзат аштық мәселесін шешпегенін ескеріп, өсімдіктер мен жан-жануарлардың өнімді түрлерін өндіру мақсатында адам генін, өмірдің басқа формаларын ашып көрсетуге

299

бағытталған. Халықаралық ұйымдардың деректері бойынша, бүгінгі күні аштықтан әлемде бір миллиардқа жуық адам зардап шегеді.

Ғарыштық зерттеулерді айтар болсақ, олар да адамзаттың қазіргі заманғы тәжірибесімен байланысқан. Ол зерттеулерсіз интернет те, континентаралық қатынастар да, әлемдік телевидение де болмас еді.

Осының барлығы тәжірибенің таным үдерісінің негізінде жатқанына сендіреді.

1.2. Танымдағы шындық мәселесі

Таным барысында алынған білімдер шынайы ма? Ф.Аквинскийдің айтуынша, адам жаңылысуға бейім. Шындыққа жету – өте қиын нәрсе. Бұл мәселенің үш жағы бар: біріншісі – адамның биологиялық табиғаты, яғни оның сезінуі, жүйке жүйесі мен миының ерекшеліктері, екіншісі – қоғамның өмір сүруінің нақты тарихи шарттары, оның мәдени ерекшеліктері, ақпаратты өңдеудің қолданылып жүрген тәсілдері және т.б.; үшіншісі – таным барысында өзінің меншікті қасиеттерін және зерттелетін нысанның ерекшеліктерін айқындау. Таным үдерісінің осы үш қыры бір-бірімен табиғи байланысты. Олай болса: «Біздің білімдеріміздің мазмұнының қандай жақтары

адамға тәуелсіз болып өмір сүретін зерттелуші заттардың өздеріне сәйкес келеді?» – деген сұрақ туады. Бұл сұрақ танымдағы шындық мәселесінің өзегін құрайды.

Жалпылама айтқанда, әлемде өз бетінше өмір сүретіндей нақты білімдер жоқ. Бір немесе басқа адамның, әлеуметтік топтың немесе тұтас қоғамның білімдері бар: олар формасы жағынан субъективті.

Осы тұрғыдан шындық деп таным барысында алынған білімдердің зерттелетін нысандардың нақты табиғатына сәйкестігін түсіну ке -

рек.

Сонымен қатар біз әлемді зерттей отырып, адамның ешқашанда шындыққа жете алмайтынын ұмытпауға тиіспіз, өйткені ол – шексіз үдеріс. Сол себепті шындық туралы ілімде оның: объективтік, салыс-

тырмалы, прагматикалық, когеренттік (өзара келісушілікте, байланыста болушылық) жақтары ажыратылады.

Объективтік шындық деп біздің білімдеріміздің: адамға немесе тұтас қоғамға тәуелсіз болып өмір сүретін зерттелуші нысандардың меншікті сапалары мен қасиеттерін білдіретін мазмұнын түсінген жөн. Мысалы, Ай Жерді айналып қозғалады дейтін тезис – ол шындық. Біз қаншанықты күш жұмсасақ та, Ай өзінің осы айналысын тоқтатпайды.

300

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]