
artemjev_gylym_kz_2011
.pdfмүмкін, өздерінің ұлы туындыларын бастамаған да болар еді! Антика стоиктері: «Өлімді ұмытпа!» – деп айтып кетті. Бұл әрбір айтылған сөзді, істелген істі соңғы рет айтылып тұрған сөз немесе соңғы рет істеліп жатқан іс деп елестету керек дегенді білдіреді. Егер осының барлығын іс жүзіне асыра алғанда, адамдардың өзара қарымқатынастарындағы көптеген қолдан жасалған қиындықтар болмас еді. Өздері қастарынан байқамай өтіп бара жатқан ұсақ-түйектерге көңіл аударатын да, дүниенің өлшеусіз, ғажап әсемдігін өткір сезінер де еді.
Бұл әлемде өмірдің кез келген формасы ұрпақтар ауысымы арқылы жалғасып жатады. Табиғаттың дана құдіреттілігі де осында. Алға өрлеу де, өркендеу де соған орай іске асады.
Әрбір адам өлімді тыныс алу мен жүрек соғысының тоқтауы, сананың сөнуі деп елестетеді. Бірақ адамның миына қан құйылып, есінен танып, сана-сезімі сөнсе де, өмір сүруін жалғастыратын жағдайлар кездеседі: ол тыныс алып жатыр, жүрегі соғып тұр. Кейбіреулер адамның осындай жай-күйін «тірі өлік» деп атайды, өйткені енді тұлға жоқ.
Кемеңгер Платон философияның бізді лайықты өлуге үйрететіні туралы ой айтқан. Бұнда терең мағына жатыр.
Бір адамдар өмірлерінің алғашқы жартысын «бір гүлден екінші гүлге секіріп» жүретін көбелектерше өткізеді. Жастық шақтың желігі басылып, қырыққа таяғанда, әлдебір үлкен істі бастаған болады, бірақ оны аяқтау – оған бұйырмаған шаруа. Босқа өткен жастық шағын опы - на еске алып, мақсаттарына жете алмаған күйі ол өмірден «аһ-оһ» деп үһлеумен өтеді.
Екіншілерге өлім қорқынышын аттап өтуге діни сенімі көмектеседі. Олар жандары өлмейтініне, мәңгілік өмірге ие болатынына сеніп, өмірмен қиналмай қоштасады. Ал мәңгілік өмірдің не екенін біз жоғарыда айттық.
Үшіншілердің ойынша, адам бұл өмірге бір-ақ рет келетіндіктен, өмірдің әр сәтінен ләззат алып өмір сүру керек, яғни олар гедонистік бағдар ұстанады. Бірақ кейде ондай адамдар шіркеуге немесе мешітке (кім біледі, мүмкін, Құдай бар шығар?) барады, қайыр-садақа береді, содан кейін қайтадан бұрынғы өміріне оралады. Алайда жандары жай таппайды, олар да бәрібір болашақтағы өлімнің суық лебінен қашып құтыла алмайтынын түсінеді.
Енді Платонның философиялық дайындығы жақсы адамына келсек, ол өз өмірінің Табиғатпен, Ғаламмен байланыстылығын түсінеді және өзін өмірдің жаһандық мұхитына тамған, одан үзілмейтін бір тамшы-
401
дай сезінеді. Бұл оны терең нұрландырып, өлімнің заңды және әділетті екенін түсінуге жеткізді. Ондай адамды өлім қорқыта алмайды.
Өмірлік тағдыр шеңберінде бұл өмірде өзінің қарапайым қолтаңбасын қалдыру үшін, қолынан келгеннің бәрін істейтін адамдар бар. Олар қуанышты да, қайғы-қасіретті де, шабыт пен күйзелісті де басынан өткізіп, өмірінің соңына қалжырап шаршаған күйде жетеді. Ешқандай өкініш және реніш жоқ. Олар шамалары келгеннің бәрін істеді. Іске аспаған жоспарларына келсек (олар әркімде де бар, қазақтар айтқандай, үмітсіз – шайтан ғана), өмірден алған тәлімі мол болған соң, олар қашанда солай болатынын түсінеді. Олар – нағыз адамдар. Ондайлар қашанда басқалардың есінде сақталады.
XX ғасырдың соңғы үшінші бөлігінде Батыста «аутоназия» (auto – өзі, nazia – өлім), орыс әдебиетінде «эвтаназия» деп айтылатын термин пайда болды. Бұл мәселе Батыстағы университеттер қабырғасында кең талқыланып жатыр. Ал ең «азат» ел – Голландияда тіпті ауто-
назия туралы заң қабылданды. Әңгіме адамның өмірден қоғамның келісімі және көмек етуі арқылы өз еркімен кетуі туралы болып отыр. Суицид (өзін-өзі өлтіру) әрекетінде қоғамның бұған келісімі жоқ. Кең философиялық тұрғыда аутоназия тәндік-сезімдік бағыттағы Батыс адамының өмір бағдарламасынан келіп шығады. Қысқаша айтқанда, өмірден мейлінше көп рақат, ләззат алуға ұмтыла отырып, Батыс адамы қартайған шағында да еш қиналмастан, тәтті ұйқыда жатып болмыссыздыққа кеткісі келеді. Бұл мәселені біз де талқылап көрейік.
Бір қарағанда, Батыс өркениеті қоғамды ары қарай адамгершілік қағидаларына бұру жолында тағы бір үлкен қадам жасаған сияқты. Шындығында, қатерлі ісікке шалдыққан, адам төзгісіз зардап шегіп жатқан немесе жақын-жуықтары қалмаған және ешкімге керегі жоқ кәрі адамға неге көмектеспеске?
Алайда бұл мыңжылдықтар бойы адамзат жинақтаған тәжірибеге, көрегендікке және түйсікке қайшы келеді. Адамға өмірінің соңына қарай күйзеліс, кінә және өлім (алдында айтылған қасіретті үштік) күйін сезіну бұйырған, ешкім де одан айналып өте алмайды. Бұл да сол адамның айналасындағы жақын адамдардың ақыл-естері мен сезімдеріне күшті әсер ететін өмірлік тәжірибенің біл бөлшегі емес пе. Соңғы күйзелістерден өту – адамның рухын шексіз арттырады,
оның жанының тазаруына жеткізеді және өмірден лайықты абыроймен өтуге мүмкіндік тудырады.
402
Екіншіден, бұл дүниеде тән мен қаннан жаралған адамнан артық құндылық жоқ. Ендеше, қоғамның оның өмірін қиятын қандай құқы бар?
Үшіншіден, бұл құбылысты заңдық тұрғыда қоғам өміріне енгізу – тым өткір моральдық-психологиялық зардаптарға соқтыруы мүмкін. Мысалы, сол зардаптар ретінде адамның дене мүшелерін кең сатуды немесе психологиялық қысым жасау арқылы адамдарды өз еркімен өмірмен қоштасу туралы шешім қабылдауға мәжбүрлеу сияқты әрекеттерді айтуға болады.
Бұл мәселені семинарларда талқылау, сұрақты жалпылама, дерексіз қою барысында студенттердің оны адамгершілікті іс санап, ол идеямен келісетінін тәжірибе көрсетіп отыр. Бірақ сұрақ: «Сіздің анаңыз немесе басқа жақын адамыңыз ауыр науқас болса, аутаназияға келісер ме едіңіз?» – деп нақты қойылғанда, қашанда дерлік теріс жауап қайтарылады.
Енді адамның ажалсыздығы туралы мәселені талқылайтын уақыт келген сияқты. Бұл мәселенің адам өмірінің мағынасымен байланысы бар екені айдай анық. Егер осы дүниеге келген адам артында із қалдырмаса, оның жауын құртынан айырмашылығы бар ма?!
Ажалсыздық мәселесі кез келген діннің қасиетті өзегін құрайды. Ешкім ешқашанда Құдайдың бар немесе жоқ екенін дәлелдей алмайды, бірақ жер бетіндегі миллиардтаған адам Оған сенеді, өйткені ажалсыз болғанды, жоқ дегенде, жаны өлмегенін қалайды. Ажалсыздықтың бастаулары алыс замандағы алғашқы қауымдық қоғамға, адамдар ажалдан қорқа бастаған уақытқа кетеді.
Ертедегі Үндістан мен Мысырда өлгеннен кейін адамның жанының басқа денеге ауысатыны туралы идеялар қалыптасқан. Бұдда діні адамның жаны бір денеден екінші денеге ауысқанда, күнәларынан көбірек тазарады деп санайды.
Ертедегі гректер адам өлгеннен кейін оның екінші өмірі басталатынына сенген. Құдайлар мен адамдар арасында ерекше үлкен айырмашылықтар жоқ. Өлген соң, жақсы адам құдайлар қатарына өтіп, өзінің өлмейтін күйіне жетеді.
Бүгінгі әлемдік діндер (христиандық, ислам және бұдда діні) адам өлгенмен, оның жанының өлмейтініне сендіреді. Дегенмен әлемдегі бірде-бір дін әлі күнге дейін адамға өмір мен өлімнің не екенін ұғынықты етіп түсіндіре алмай келеді.
Бұл мәселе бойынша идеалистік философияның ұстанымы діни ұстанымға жақын. Алайда адамзаттың көп мыңдаған жылдар бойы
403
жинақтаған тәжірибесінде өлген адам тірілген емес, ал қазіргі заман адамының ажалсыз жанның денеден тыс және одан бөлек өмір сүретініне сенімі аз.
Олай болса, адамның ажалсыздығы деп нені түсінуіміз керек? Осы заманның ғылыми деректеріне сүйеніп, біз тіпті адам тәнінің де бұл өмірден мүлдем жоқ болып кетпейтінін нық сеніммен айта аламыз. Біздің бейнеміз, мінез-құлқымыз, дауысымыз, іс-әрекетіміз, дене тұрқымыз толық болмаса да, ұрпақтарымызға беріледі. Сөйтіп, біз балаларымыз бен немерелеріміз арқылы өмір сүре береміз.
Жан мен рух, ұлы адамдардың істері туралы айтар болсақ, олардың туындылары қашанда адамзат тарихында өмір сүруін жалғастыра береді. Солар құрған құндылықтардан біз мәңгіліктің жылы лебін сеземіз. Егер миллиондаған қарапайым адамдардың тағдыры туралы сөз қозғасақ, онда олардың өлместігі – айналасындағылардың есінде сақталатын олардың қайырымды істерінде.
Әрине, біз осылардың барлығын да ақылымызбен түсінеміз, бірақ адам нақты ажалсыздық туралы армандайды және барлық үміттерін қазіргі заманғы ғылымға бағыттайды. Әсіресе жылдам қарқынмен дамып келе жатқан генетика адамға оның өмірін белгісіз уақытқа ұзартуға уәде береді.
Айтылғандарды қорыта келе, нақты ажалсыздықтың әлемнің миллиардтаған жылдар бойғы дамуы барысында қалыптасқан іргелі де маңызды заңдарына қайшы келетінін растауымызға болады. Бізге берілген баға жетпес сый – өмір жайында және оның кеңістік және уақытпен шектелген аясында осы өмірде ізін қалдыратын жақсылық жасаудың бақытты мүмкіндіктері туралы айтқанымыз дұрыс болар.
Ал оны өлім жоя алмайды.
4.5. Адамзаттың ғаламдық мәселелері және оларды шешу жолдары
Пайда болғаннан-ақ бірінші орында ядролық соғыс мүмкіндігі және адамзаттың өзін-өзі құртуы мәселесі тұрады. Бір жағынан, ядролық қару ары қарай жетілдіріліп жатса, екінші жағынан, бүкіл әлемге таралу үстінде. Ядролық қаруы бар айқын бес мемлекетке Үндістан мен Пәкістан, Оңтүстік Африка және Исраил қосылды, бірқатар елдер (Иран, Солтүстік Корея) ядролық технологияны қарқынды игеріп жатыр. Мәселенің қиындығы ядролық клубтың жаңа мүшелерінің халықаралық жағдай ушығып тұрған аймақтарда
404
орналасқанында болып тұр. Үндістан мен Пәкістан арасында 2001 жылғы қақтығыста екі тараптан да ядролық қаруды қолдану мүмкіндігі туралы жантүршігерлік мәлімдемелер жасалғанына куә болғанымызды айтқан жөн. Ирак соғысы қарсаңында Дж.Буш тактикалық ядролық қару қолданылуы мүмкіндігін жасырмаған.
Мәселені шешудің негізгі жолы – халықаралық бақылау арқылы ешбір елге дара мүмкіндік берместен, ядролық қарудың қорларын қысқарту, ал содан кейін толық жою болуға тиіс. Атом энергиясы АЭС салу арқылы бейбіт мақсаттарға ғана жұмсалуы керек. Алайда ядролық қару иеленуші алып мемлекеттердің «өзімшіл мүдделері» бүгінгі күні аталған мәселені түбегейлі шешуге мүмкіндік бермей отыр. «Соғыс шоқпарын» сүйреткен ядролық қарудың «жайылуын» тоқтату саясаты әлемді әлсіздендіріп, ядролық қаруы бар мемлекеттерге біржақты артықшылық тудырады. Бұл мәселе түбегейлі шешілгенше, төніп тұрған қауіп адамзаттың үстінде төнген күйінде қала бермек.
Екінші үлкен мәселе – табиғат ресурстарын осы кездегі қарқынмен жалмай берсе, адамзатты орасан зор апатқа апарып соқтыруы мүмкін
экология мәселесі.
Кез келген қоғам дамуға, өсуге қабілетті, құрылысы күрделі жүйе болып табылады. Ал қоғамның «атомы» – ол тәнімен бірге жаны бар, қарама-қайшылықтарға, қуаныш пен мазасыздықтарға, сүйіспеншілік пен мұңға, шабыт пен күйзеліске толы адам болып табылады. Әр адам өзінің алдына нақты мақсаттар қойып, соларды жүзеге асыруға ұмтылады. Адамды алғашқы жаратылған күйіндегідей табиғат енді қанағаттандыра алмайды. Міне, сондықтан да мыңдаған қалалар, гидроэлектр станциялары, жасанды теңіздер және т.б. пайда болды. Адам өзін қоршаған табиғатпен өзара әрекетке түседі.
Табиғат түсінігі ұғымы үш мағынада қолданылады. Өте кең мағынасында әлемде табиғаттан басқа ештеңе жоқ – ол тұтас ғарыш. Тар мағынасында бұл термин мән санатымен бірігіп кетеді. Біз: «Бұл заттың табиғаты неде?» – деп сұрасақ, ол оның мәнін анықтауға парапар болып шығады. Үшінші мағынасында біз табиғат түсінігін осы кітапта: «Ол – бізді қоршаған орта, яғни қоғаммен өзара әрекеттесуге түсетін орта», – деп қараймыз.
Миллиардтаған жылдарғы дамуы барысында өмірдің барлық формаларының бір-бірлерімен бірігіп кеткені соншалықты, «Үлкен жүйе» деп аталатын жүйе құруға жетті. Ол үлкен үш құрамдас бөліктен тұрады: а) өсімдіктер әлемі; ә) жануарлар әлемі; б) микроорганизмдер әлемі.
405
Өсімдіктер әлемін бейнелі түрде Күн энергиясының алып аккумуляторымен салыстыруға болады. Өсімдік жапырақтарын Күнге қарай бұрып және жерден әртүрлі минералды тұздарды тарта отырып, фотосинтез арқылы оларды өз денесіне айналдырады.
Жануарлар минералды тұздар жинақталған өсімдіктермен қоректене отырып, энергияны да өз денесіне сіңіріп, оны қозғалысқа, кеңістікте орын ауыстыруға, қозғалып жүруге жұмсайды.
Микроорганизмдер әлеміне келсек, көзге көрінбегенмен, оларсыз өмірдің жоғарыда аталған формалары өмір сүре алмаған болар еді. Күзде жапырақтар сарғаяды және шіриді. Бұл – микроорганизмдердің ісі, олар табиғатқа өсімдіктердің қалдықтарын минералды тұздар мен элементтер түрінде кері қайтарады. Микроорганизмдер болмаса, жануарлар ас қорыта алмас еді.
Сонымен, өмірдің осы үш формасы биосала құра отырып, бірбірінсіз тіршілік ете алмайды. «Биогеоценоз» деген екінші ұғым – белгілі бір географиялық кеңдікке бейімделген өмірдің әртүрлі формалары жүйесін сипаттайды. Мысалы, қолтырауын біздің суларда өмір сүре алмайды, өйткені ол осындай қатаң табиғат жағдайларына бейімделмеген.
Ерте замандарда табиғат қоғам мен адамның қалыптасуына екіжақты әсер етті. Климаты қатаң жақтарда немесе табиғаты тым жұмсақ жерлерде қоғамның даму қарқыны бәсеңдейді. Мысалы, Солтүстіктің табиғатында адамның бар энергетикасы жан сақтауға бағытталды, ол тым қатал табиғатқа қарсы тұра алмады. Экватор кеңдігіндегі табиғаты бай, қолайлы мұхит аралдарында адам өзіне керектінің бәрін тапты, адам табиғаттың жетегінде жүргендей болды, бұл да қоғамның алға ілгерілеуін тежеді.
Сондықтан да бастапқы өркениеттер климаты жұмсақ, суы мол жерлерде пайда болды, бірақ сонымен бірге кейіннен үш еселеп қайтарылған еңбек, тер төгу қажет болды. Өркениеттің бұл ошақтары Тигр және Ефрат, Ганг пен Инд, Хуан-хэ мен Ян-цзы өзендері аралықтарында, Нил алқабында дүниеге келді.
Мыңжылдықтар барысында адамзат Қиыр Шығысқа дейін жетіп, табиғатты табандылықпен игерді. Табиғат адамның шаруашылық қызметін байқамағандай, өз қалдықтарын қайта қорыта берді. Бірақ Жаңа заманның келуі, қалалардың, жүздеген зауыттар мен фабрикалардың пайда болуы табиғатты «сілкіндіріп», табиғат пен екеуі арасындағы тепе-теңдік бұзылды. Алайда табиғат үшін шынайы апат XX ғасырмен, ғылыми-техникалық ілгерілеудің қарқынды өсуімен
406
бірге келді. Бір жағынан, адам өзінің шаруашылық қызметін әлдеқайда жоғары көтерді, индустриясы дамыған елдер халқының өмір сүру деңгейі, әл-ауқаты жақсарды. Екінші жағынан, «өзінің игілігін» ғана ойлап, табиғатты «шикізат қоры» деп қарап, адам табиғатқа орнын толтыруқиыншығындаркелтірді.Оқырманондайфактілердіқиналмастан таба алады, бұл жерде біз тек бірнеше айқын мысал келтірмекпіз. Соңғы 100 жыл ішінде атмосферадағы көмірқышқыл газдың үлесі 20% өсті, ал радио мен телевидениенің дамуы метрлік радиотолқындардың бір миллион рет артуына жеткізді, қоршаған ортада жүз миллиондаған тонна улағыш заттектердің айналысы орын алған. Теңізге төгілген бір тонна ғана мұнай 12 шаршы шақырым аумақты жұқа қабыршақпен жауып, оттегінің жолын жабады. Қоршаған ортанын ластануы салдарынан бүкіл әлемде кемтар сәбилердің дүниеге келуінің саны жыл өткен сайын артып келеді.
Жылдам қарқынмен дамып келе жатқан елдердің жақын ұлттық мүдделерінің бүкіл адамзаттың стратегиялық мүдделеріне қарама-
қайшы келетініне назар аударған жөн. Мысалы, Бразилия экваторлық ылғалды орман ағаштарын кесіп, босаған алаңдарға кофе плантацияларын кең жайып отыр. Бұл оның ұлттық мүдделері талаптарына сай жүргізілген. Бірақ экватордағы ылғалды орман, Сібір тайгасы сияқты, оттегінің әлеуетті генераторы болып табылады. Бүгінгі күні Каспийдің мұнай қорлары игеріліп жатыр, оның биологиялық байлығы 500 млрд. долларға бағаланады. Саясаткерлердің жұбатпа сөздеріне қарамастан, итбалықтардың жаппай қырылып жатқанынан, балықтардың құнды түрлерінің күрт азаюынан-ақ көп нәрсені аңғаруға болады.
Соңғы онжылдықтар барысында бірқатар дүниежүзілік конференциялар (Рио-де-Жанейро, Киото, Буенос-Айрес) өтіп, осы мәселелер талқыланды, ақылға қонымды шешімдер қабылданды, бірақ кейбір мемлекеттердің мүдделеріне қайшы келгендіктен, ол шешімдер толық көлемде орындалмай отыр.
Адамзаттың экологиялық мәселелерін шешудің жолдары қандай? Сциентизм мен антисциентизм ұсынатын шаралар біржақты болып табылады. Шындық ортада тұрып қалғандай. Қазіргі заманғы дамыған елдердің тәжірибесі тығырықтан шығаратын жол – ол осы замандағы энергия үнемдеуші және экологиялық таза технологиялар екенін көрсетіп отыр. Бірақ біз олардың «дамушы елдерге көмек» жалауымен сол елдерде өндірістің лас салаларын орналастырып жатқанын және бүкіл адамзаттың сау өмір сүруі үшін, қалған әлемдік қауымдастықпен өздерінің жетілген технологияларын бөліспейтінін ұмытпауға тиіспіз.
407
Неге? Онда олар жоғары технологиялардың негізінде өндіріліп жатқан сапалы тауарларынан түсетін шексіз пайдаларынан айырылып қалады.
Батыс елдерінің азғындыққа апарып соқтыратын ықпалы туралы да ерекше атап айтқан жөн. Олар бұқаралық мәдениет, тәндік-сезімдік бағдар арқылы дамушы елдерді жайлап барады. Қатаң бәсекелестік жағдайында, әлемнің азайып бара жатқан байлықтарын бөлу үшін күрес жолында ғаламдық мәселелерді шешу мүмкін емес. Керісінше, олар тереңдеп барады. Ол мәселелерді рухани-адамгершілік жаңару арқылы ғана шешуге болады.
Бұл тұрғыда қазақ халқының қалған әлемдік қауымдастықпен бөлісе алатын тәжірибесі бар. Қазақтардың санасында қанағат, яғни аз нәрсені қанағат тұту, сондай-ақ жалаң ие болу емес, «осы өмірде болудың өзі» сияқты өмірлік бағдар үлкен орын алады. Руханиадамгершілік құндылықтарға негізделген жаңа өмірлік бағдарға көшу – адамзатты экологиялық апат болуы мүмкіндігінен құтқарады. Бұл адамның басты қажеттіліктері қанағаттандырылуға тиіс дегенді білдіреді. Негізгі қажеттіліктер – таза суға, толыққанды тамақтануға, ласталмаған топырақ пен ауаға, жақсы білім мен денсаулық сақтауға, мәдениет пен спортқа деген және т.б. қажеттіліктер. Ал қоғамның қалған байлығы тым қымбат көліктерге, «жаңа адамдардың» («жаңа орыстар» (нувориш), «жаңа қазақтар» деген сияқты) әртүрлі сәнді қажеттіліктеріне емес, қоршаған ортаны қорғауға, оны игілікке жаратуға бағытталуға тиіс.
Адамзаттың рухани-адамгершілік тұрғыда пісіп-жетілуі – ұзақ үдеріс, бұл жолда адамзат әлі күнге дейін қабілеті төмен оқушы болып қалып отыр. Сондықтан сапалы түрде әзірленген экологиялық заңдар қажет. Табиғатты аялайтын да, бүлдіретін де – адам. Адамның жоғары экологиялық санасы болуы керек. Жаңа, экологиялық таза технологиялардың жасалуына сіздің де күш-жігер жұмсайтыныңызға, табиғатқа рақымсыз қарамайтыныңызға сенгіміз келеді.
Үшінші ғаламдық мәселе – ол демографиялық мәселе. Егер соңғы мыңжылдықта жер шары халқының саны 15 есе өссе, – оның үстіне, алғаш рет халық 700 жыл ішінде екі есе өссе, соңғы рет 40 жыл ішінде сондай өсті (егер 1956 жылы халық саны 2,8 млрд. болса, ал 2004 жылы 6,3 милиардқа жетті). Бұлай өсудің 9/10-ын дамушы елдер қамтамасыз етіп отыр. Дамыған елдерде дүниеге келетін сәбилер саны күрт төмендеп, сонымен бір мезгілде ересек, зейнетақы жасына жеткендер саны өскен. Бұл елдерде халықтың бұрынғы санын сақтап қалу мәселесі күн тәртібінде тұр.
408
Демографтардың болжамдары бойынша, болашақта Үндістан халқыныңсаныҚытайхалқынанасыпкетеді,алАфрикаконтинентінде халық саны 1,5 млрд. адамға жетуі мүмкін. Өндіргіш күштердің жетілмеуі, халықтың білім алу, мәдениет деңгейінің төмендігі бала тууға шектеу қойылмайтын ескі өмір салтының сақталуына себеп болып отыр. Алайда Қытайдың бала тууды шектеудегі жиырма жылдық табысты тәжірибесін, мүмкін, жақын жылдарда басқа да көптеген дамушы елдер қабылдап қалар.
Қазақстанға келсек, онда бұл жерде орасан үлкен өлкені (жер аумағы бойынша еліміз ірі елдердің ондығына енген) қалыпты игеру үшін, халық санын көбейту мәселесі өткір болып тұр. Біздің ойымызша, елдің әлеуетін нығайту шамасына қарай, халық санының өсуіне серпін беру үшін, үкімет демографиялық саясатқа көбірек көңіл бөлетін болады.
Жаһандану «Солтүстік пен Оңтүстік» деп аталатын мәселені туғызды. «Солтүстік» деп материалдық тұрғыда рақатқа батушы, негізінен, экватордан жоғары жатқан постиндустриалдық елдерде болатын «алтын миллиард» түсінілсе керек. «Оңтүстік» деп, негізінен, өндіргіш күштерінің даму деңгейі төмен, бір миллиардқа жуақ адам тақыр кедейшіліктен көз ашпай отырған, жаңадан дамып келе жатқан елдер аталады. Бұл – халықаралық шиеленіспен қатар, дамыған және дамушы елдер арасында елеулі қарама-қайшылық тудырады. Бүгінгі күні дамушы елдердің дамыған елдерге 1 трлн. доллардан астам қарызы бар. Оның үстіне, олардың көпшілігінің үстеме пайыздарды өтейтін қауқары жоқ. Аталған мемлекеттердің өмір деңгейінің айырмашылығы азаюдың орнына, керісінше, жыл өткен сайын ұлғайып барады. Дүниежүзілік қауымдастық тым кедей елдерге көмек көрсету мақсатында жылына 50 млрд. долларға жуық ақша бөлсе, сол уақытта АҚШ Ирактағы соғысқа жүз миллиардтаған доллар шығын шығарады. Халықаралық терроризмнің әлеуметтік тамырлары, міне, Батыста насихатталғандай, исламда емес, қайда жатқанын енді түсінген шығармыз.
Енді бүгінгі күні дамушы елдердің қарыздарын есептен шығарып тастау арқылы және халықаралық саясаттағы жаңа апаттардың жолын кесу мақсатында ұлттық экономикаларды реттеу үшін тиімді экономикалық көмек беру арқылы жаңа экономикалық тәртіп орнататын кез келді.
Ғаламдық сипат алған келесі мәселе – әлем халықтарының білім әлеуетін көтеру. Онсыз жаңа технологияларды игеру мүмкін емес.
409
Тіпті егер адам оқи және жаза білсе де, ол «қызмет тұрғысынан сауатсыз» болуы мүмкін, яғни компьютерлік бағдарламаларды білмейді және қазіргі заман ағымына сай құрылған кәсіпорындарда жұмыс істей алмайды.
Халықтың денсаулығын сақтау да адамзаттың ғаламдық мәселесіне айналып отыр. Осы заманның ғылымы техникалық жетілу, қоршаған ортаның ластануы және халық денсаулығының нашарлауы арасындағы өзара байланысты анықтап отыр. Бұл тұжырымның дәлелі ретінде «өркениет аурулары» деп аталатын: қатерлі ісік, жүрекқан тамырлары ауруларын, бүйрек пен бауыр ауруларын, СПИД және басқаларын атауға болады. Егер дамыған елдерде тамақты артық жеу, семіздік, аз қозғалу, араққұмарлық пен шылым шегу үлкен мәселе болса, ал дамушы елдердің қиын мәселесіне азық-түлік сапасының төмендігі, таза ауызсудың аздығы, «әлеуметтік аурулар» деген ат алған туберкулез, трахома (жұқпалы көз ауруы), безгек және т.б. аурулар жатады. Жаһандану миллиондаған адамның бір континенттен екіншісіне көшуіне жеткізсе, ал бұл жұқпалы аурулардың таралуына себеп болады.
Адамзаттың ғаламдық мәселелерін шешу жолдарын зерттеуде, негізінен, екі: технооптимистік (болашақ керемет дейтін) және технопессимистік (болашақ қасіретті дейтін) бағыт қалыптасқан.
Технооптимистік идеялар өз шыңына XX ғасырдың 60 жылдары |
||
шықты. Сол уақытта өндірісте ғылыми-техникалық революцияның |
||
жетістіктері кең пайдаланыла бастады. Дж.Гелбрайт, Р.Арон және басқа |
||
ғалымдар ғылым мен техниканың дамуы бұқара халыққа қажетті та- |
||
уарлар мен қызметтердің нарығын тудыратынын және болашақта жер |
||
бетіндегі барлық халықтарға бақытты да ауқатты өмір әкелетінін айта |
||
бастады. 80 жылдары Д.Бэлл, Ж.Фурастье, А.Тофлер және басқалары |
||
ғылымның қоғамдағы тікелей |
өндіргіш |
күштерге айналғанына, |
ал болашақта оның адамзаттың |
барлық |
жинақталған мәселелерін |
шешетініне сендірді.
Бірақ көп ұзамай, ғылыми-техникалық революцияның (ҒТР) көлеңкелі тұстары да айқындала бастады. Экологиялық тоқырау бірқатарелдердітұралатты,табиғиресурстардыңшектеуліекенібелгілі болды, дамыған және дамушы елдер арасындағы қайшылық өрши бастады. Осы жағдайлардың барлығы технопессимистік көзқарастарды тудырмай қоймады.
Технопессимизм (Г.Маркузе, К.Лоренц, Д.Гудмен және басқалары) осы заман қоғамының адамдарды техниканың құлдарына
410