
artemjev_gylym_kz_2011
.pdfАдамның сана-сезімі пайда болған уақыттан бастап, ол өзін қоршаған ортаға қарсы қойып келді, ол өзіне: «Адам деген кім? Оның өмірінің мәні қайдан шықты және неде?» – деген қасиетті сұрақ қойды. Ұлы Сократ өзінің Ғаламнан шыққанын айтты. Адам, – осы әлемдегі басқалары сияқты, тәні бар тіршілік иесі, бірақ оған қоса, ол рух болып табылады, оның мазасыздыққа, мақсат-ниеттерге, қуаныш пен күйзеліске, шабыт пен шығармашылыққа толы ішкі Ғаламы бар. Егер оны осы қырынан алып қарасақ, онда ол және қалған әлем арасындағы айырмашылық шексіздікке кетеді. Сондықтан да кез келген дін әлі күнге дейін адамды Құдайдың жаратқаны туралы қағиданы ұстанумен келеді.
Философия адам мәселесін негізгі мәселе ретінде қарайды. Бүгінгі күні гуманитарлық пәндердің өкілдері ғана емес, сонымен бірге жаратылыстанушылар да 13,7 миллиард жыл бұрын жаратылған Ғаламның: есепсіз көп кездейсоқтықтардың шиеленісуі арқылы өмірді, содан кейін биік гүл – санаға ие адамды туғызуға тиіс болған «Үлкен жарылыс» нәтижесінде орнағаны туралы «антроптық қағиданы» ұстанады.
Ғасырлар бойы ойшылдар адамға әртүрлі анықтамалар беріп келді. Оның ішінде ең көп тарағаны – «Homo Sapiens», яғни адам ақылпарасатқа ие. Ол туралы біз кітабымыздың беттерінде көп айттық.
Америка конституциясы әкелерінің бірі Б.Франклин адамға «Homo Faber» – құрал жасаушы адам деп анықтама берген. Іс жүзінде адам ғана еңбек құралдарын жасайды және оны жүйелі түрде пайдаланады. Мысалы, маймыл құрғақ бұтақты немесе тасты ұстап, соны пайдалана алады. Бірақ содан кейін оларды лақтырады. Бірде-бір маймылдың қолы бірде-бір еңбек құралын жасаған емес. Ф.Энгельстің бұл белгілі ойы әбден әділетті: құралды адам ғана жасай алады.
Кезінде Аристотель адамды «Zoon Politicon», яғни саяси немесе қоғамдық жануар деп анықтаған. Бұл да елеулі маңызы бар анықтама болып табылады, өйткені адам дербес жан сақтап, тірі қала алмайды. Алғашқы қауымдық қоғамда оны «өткір тасқа іліктіру», яғни тайпадан қуып жіберу – ең бір қорқынышты жаза болған. Жеке-дара өмір сүруді білмеген ол жыртқыш аңдардың құрбанына айналатын.
Ұлы И.Кант ішкі адамгершілік заңға таңданып, адамды «Homo Morales» – адамгершілікті тіршілік иесі деп санаған, адамның бұл қасиетін ұлы ақын Абай «нұр сәулелі жүрек» деп бағаласа, Шәкәрім оны «үш шындықтың» біріне жатқызады. Австриялық ғалым В.Франкл Құдайды Ғаламнан іздемеу керектігін немесе соңынан жүрудің
391
қажетсіздігін, Оның адамның жүрегінде екенін айтады. Құдай – ол адамның ар-ожданы.
«Homo Aesteticus» та адамның маңызды анықтамасы болып табылады. Қапырық ыстық күндердің бірінде батып бара жатқан Күн аса үлкен және қызыл күрең жарты аспанға айналады. Бұл ешбір адамды жайбарақат қалдыра алмайды. Ал кез келген жануар бұны байқай алмайды. Адам әсемдікке таңданғаннан шабыттана отырып, Табиғаттың ұлылығы туралы тұтас поэма жазып тастауы мүмкін. Сонымен, адам – әсемдікке ұмтылған тіршілік иесі.
Голландиялық философ И.Хейзинга адамды «Homo Ludens» – ойын ойнайтын адам деп айқындады. Өлім халінде жатып та, адам «өлетін адамның» рөлін ойнайды. Ойын арқылы ғана жануарлардың төлдерінің ырықсыз сезімдері оянады, ересек жануарлар ойын ойнамайды. Ал адам өмірінің ақырына дейін әртүрлі рөлдерді ойнайды.
«Homo Electus» – тік жүретін адам дегеннің де терең мағынасы бар. Бізді тудырған архантроптар ағаштардан жерге түсіп, артқы аяқтарына тұрғанда, бұл нағыз революция болды, өйткені олардың босаған алдыңғы аяқтары құрал жасау барысында адамның шебер қолдарына айналды: олар көз микрохирургиясынан бастап, өзі жүретін экскаваторға дейін барлығын да жасай алады. Мынадай жағдайды көз алдыңызға елестетіп көріңіз: жер бетінде барлық адамдар ғайып болып, адамның бір ғана қолы қалған дейік. Сонда жерден тыс ақыл оны көрген бойда жер бетінде ақыл болғанын түсіне қояр еді, өйткені қол – адамның ақылынан туған туынды.
Француз философы Э.Кассирер адамды «Homo Simbolicus» деп атады, өйткені адам өзін символдардың – нышан-белгілердің әлемімен қоршады. Сіз машинада келе жатқаныңызды және алдыңыздан ортасында кірпіш бейнеленген дөңгелек белгіні көргеніңізді елестетіп көріңіз. Сіз дереу тежегішті басасыз, өйткені ары қарай жүруге болмайды. Мысалы, Прометейдің бейнесі – адамды сүюдің, адамгершіліктің белгісі болса, Сизиф бейнесі – ауыр да мағынасыз тер төгудің белгісі. Ал Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу – мөлдір де таза романтикалық сүйіспеншіліктің бейнелері.
Ф.Ницшеадамды «уәдеберушіхайуан»десе,Ж.Ж.Руссо «бұзылған хайуан» деп атайды.
Адам өзгеше күрделі тіршілік иесі болғандықтан, ондай анықтамалардың санын ары қарай да көбейте беруге болар еді. Біз өз тарапымыздан: «күлетін адам», «адам – жылай білетін тіршілік иесі», «адам – өлетінін білетін тіршілік иесі» және т.б. дер едік. Бірақ
392

«У.Оккама ұстарасы» бізге мәндерді қажеттіден жоғары өсіре беруге болмайтынын айтады. Осыны есімізде ұстап, адамға кең анықтама беріп көрейік: адам – қоршаған ортаны танып білуге қабілетті және соның негізінде еңбек құралдарын жасай алатын, еңбек ету бары-
сында өзінің әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып,
қоршаған әлемді өзгерте алатын саналы тіршілік иесі. Адамның біз жоғарыда айтып өткен барлық қалған қасиеттерін осы анықтамадан шығаруға болады.
Адам – қарама-қайшы тіршілік иесі. Бір жағынан, ол – дене және оған, басқа тірі тіршілік иелері сияқты, ауа, су, азық, ұрпақ жалғастыру және т.б. қажет. Екінші жағынан, ол рух та болып табылады: ол әлем туралы ойға шомады, қоғамда өз орнын табуға тырысады, қуанады, ренжиді, жаңа бірдеңе ойлап табады, жақсы көреді немесе жек көреді және т.б. Егер хайуандар ырықсыз сезімдер арқылы қозғалса, ал адам өзін әлеуметтік нормаларға бағындырады, ол өз-өзін бақылауда ұстауға қабілетті.
Әйткенмен адамның бұл ішкі қарама-қайшылығы әртүрлі философиялық ілімдерде түрліше ұғынылады. Мысалы, ортағасырлық философия, бір жағынан, рух иеленуші адамды тіпті Құдайдың деңгейіне дейін жеткізсе, ал тән ретінде хайуаннан да төмен бағалайды.
Жаңа дәуір философиясында бұл мәселеге қатысты қарама-
қайшы екі: биологиялық және әлеуметтік редукционизм (мағлұмат)
көзқарасы пайда болады.
Биологиялық редукционизм адамның мәнін оның тәнімен байланыстырады. Оны нәсілшілдіктен, ломброзиандықтан,1 әлеуметтік дарвинизмнен, әлеуметтік биологиядан көруге болады.
Нәсілшілдік өз нәсілінің басқалардан артықшылығын көрсетуге ұмтылады. Басқа ұлттарды отарлау негізінде еуропалықтар басқаларды жетілмегендер деп санайтын ақ нәсілшілдікті тудырды. Тәуелсіздік алуы барысында ақ нәсілшілдікке қарсы қара нәсілшілдік шықты. «Негрлік» тұжырымдамасында қара адамдардың әлемді сезімдер мен ырықсыз сезімдер арқылы игеретініне, олар музыкалық ырғаққа, спортқа көбірек бейім дегенге сендіру басым. Сары нәсілшілдік ақ адамдар пісе қоймаған, ал қара адамдар күйіп кеткен деп санайды. Бүгінгі таңдағы жаһандану үдерістері нәсілшілдіктің қалдықтарына аяусыз соққы беру үстінде. Адамзат барлық халықтар тарих үніне
1 Ломброзиандық – қылмыстық жүйеде Чезаре Ломброзо атымен аталған теория, оған сәйкес, қылмысқа биологиялық, анатомиялық-физиологиялық факторлар итермелейді деп саналады.
393
өздеріне тән жауаптарын беретін маңызды фактіні көрсетіп отыр. Әлемнің жоғары дамыған елдерінің қатарында бүгінгі күні Оңтүстік Африканы (қаралар), Жапонияны (сарылар), Германияны (ақтар) атауға болады. Адамзаттың ортақ біртұтас генетикалық тамырлары олардың
бір-бірлерімен үйлесімділігінен (мулаттардың, метистердің дүниеге келуі) көрінеді. Кейде үйреншікті өмірде кездесіп қалатын адамдардың нәсілшілдік пиғылдары («қисық көздер, «қара қожалақтар», «аққұлақтар» дегендерді айту сияқты) адам өресінің төмен деңгейін немесе оның ұлтшылдық «ауруға» шалдыққанын көрсетеді.
Өткен ғасырдың басында италиялық психиатр, антрополог Чезаре Ломброзо қылмыскерлердің өздерінің биологиялық табиғаты бойынша қазіргі адамдардан төмен тұратыны туралы идеясын ұсынды. Олардың жақ сүйектері ауыр, қалың қастары бірігіп кеткен, маңдайлары тар, қолдары ұзын болып келеді. Ондай адамдар қашанда әлеуметтік ауытқушылықтарға жақын болғандықтан, қылмысқа оп-оңай барады. Қылмыстарды зерттеушілердің, психиатрлардың кейінгі зерттеулері ондай тұжырымдардың толығымен негізсіз екенін көрсетті. Қылмыскерлік – әлеуметтік құбылыс. Солай болғанмен,
ондай көзқарастарды ұстанатын адамдар әлі де бар.
Әлеуметтік дарвинизм «өмір сүру үшін күрес», «тұқымқуалаушылық», «іріктеу» сияқты санаттарды қолдануға тырысады.
Әлеуметтік биология жоғары ұжымдасқан жануарлардың да
«әлеуметтік қасиеттері» бар екеніне сендіреді. Мысалы, жануарлардың альтруистік (төлін қорғау үшін жануардың өзінің мерт болуы; үйір немесе табын ішіндегі өзара қамқорлық, өзара көмек сияқты) ырықсыз сезімдері Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының іргелі қағидаларына қайшы келеді. Іс жүзінде, өмірді сақтап қалу мақсатында дербес организмнің қоршаған ортаға бейімделуінен үйірдегі өзара көмек қажеттіктері тумайды. Оның бұл ойымен келісуге болады. Сондықтан ол тиімді эволюцияның қоршаған ортаға дербес, ұжымдасып және үйір-үйір болып бейімделу арқылы мүмкін болатынына сендіреді. Олай болса, әлеуметтіктің бастамасы алдымен алғашқы қауымдық үйірде пайда болады. Ондай идеялар даму теориясына қайшы емес, өйткені жаңаның ұрықтары қашанда ескінің қойнауында жатады. Алайда бұдан әлеуметтік туралы алысты болжайтын, маңызды негіздері биологиялық үдерістерге кететін қорытынды жасаудың қажеті жоқ.
394
Әлеуметтік редукционизмге келсек, онда маркстік философия
оныңайқынүлгісіболыптабылады.Бұлтеориядаадамныңмәні«нақты тарихи өмір сүретін қоғамның «қоғамдық қатынастар ансамблін» құрайды деп сендіреді, яғни оның әлеуметтік сипаты танылады. Бұл қағида К.Маркстің коммунистік теориясында маңызды фактор ретінде жатыр. Ол: Коммунизм тұсында өндіргіш күштерді өркендетудің жоғары деңгейіне ғана қол жетіп қоймайды, сонымен бірге «жаңа адам» пайда болады, өйткені қоғамдық меншікке негізделген әлеумет оны қажеттілікпен қалыптастырады», – деген тұжырым жасайды. Сондықтан әлеуметтік-саяси салаға (мемлекет, құқық, түрме және т.б.) деген қажеттілік жойылады, ал адамдар арасындағы қатынастар моральдық нормалармен ғана реттеледі.
Бұрынғы кеңестік қоғамда коммунистік тәрбие беруде орасан үлкен жұмыс атқарылды, еңбек ұжымдарында «жаңа адам» қалыптастыру мақсатында миллиондаған дәріс оқылды. Алайда адам соған дейін қалай болса, сондай қалпында қалды.
Бүгінгі күні адамның биоәлеуметтік табиғаты танылды. Адам тәнінің өмір сүруі биологиялық заңдылықтарға бағынады. Күнделікті өмірде адамның табиғат өзгерістеріне (атмосфералық қысымның өзгеруі, геомагниттік толқулар, Күн сәулесінің белсенділігі және басқалары) тәуелділігін көру үшін, дәрігер болудың қажеті жоқ. Адамның өмірлік кезеңдері де биологиялық заңдарға (жарық дүниеге келу, балалық шақ, есею, қарттық, дүниеден өту сияқты) тәуелді. Өмірге келетін әрбір адамның қайталанбастығы да оның ата-анасынан алған генетикалық ерекшеліктеріне байланысты. Ондай мысалдарды жалғастыра беруге болады.
Сонымен бірге адамның өмір сүруі, қалыптасуы және дамуы барысында әлеуметтік факторлар үлкен рөл атқарады. Егер алғашқы қоғамда адамның орташа өмір сүру жасы 25-ке теңелсе, ал қазіргі дамыған елдерде 75-78 жасқа жетеді! Егер сәби ерекше музыкалық дарыны болып туса, онда оны дамытуға тиісті жағдайлар туғызылса, ол баладан тамаша композитор немесе орындаушы шығады. Бірақ егер ондай жағдайлар туғызылмаса, ол ары кеткенде, кафе музыканты бола алады. Тарихтың мыңжылдықтарында қаншама дарынды адамдар дүниеге келді десеңші! Қоғамда оларды дамытатын жағдайлар болмағандықтан, «ашылмаған гүл іспетті», олар дарынын көрсете алмастан сөніп қалды. Әлі күнге дейін бұл мәселе кез келген қоғамның «ақтаңдағы» болып келеді.
395
Қазіргі замандағы адамзаттың әлеуетті ғылыми-техникалық дамуы осы заман адамы үшін әлем тарихында теңдесі жоқ қауіп-қатерлер туғызады. Олардың ішінде бастысы – мәні бойынша қаруланудың құртып-жоятын, адамға жат түрлерін жасау. Еген бұрын бір жерлерде соғыс жүріп жатса, адамзат сонда да тарихтың жалғасатынына күмәнданбайтын. Бірақ қазір, ядролық соғыстың ғылыми болжамы бастауында жер бетіндегі тіршілік атаулы құрып кетуі мүмкін.
Екінші қауіп – экологиялық апат мүмкіндігі, өйткені ауа мен судың ұлттық шекаралары жоқ. Бір жағынан, адам – біздің арғы анамыз болып табылатын Табиғаттың үзілмейтін бөлшегі. Екінші жағынан, саналы болғандықтан және әлемді тани отырып, біз көп жағдайда оны өзгертеміз, бірақ жақсы жаққа қарай емес. Жанды табиғат әлсіреді, өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлері келмеске кетті. Көп ғасыр бойы адамзат: «Табиғат – сарқылмайтын байлық», – деп ойлады. Алайда бұл ой жалған болып шықты. Табиғат жай ғана «қоршаған орта» емес, – ол барлық элементтері миллиардтаған жылдар бойы бірбірімен табиғи байланысқан орасан үлкен жүйе, ал адам соның ішінде өмір сүреді. Сол себепті өмірдегі ғылыми-техникалық жетістіктерді пайдалану стратегиясын құрмай, адамзат өз-өзін құртуға жетеді.
Үшінші, әлі күнге дейін терең зерттелмеген қатер – адамның биоәлеуметтік табиғатын сақтау мәселесі. Кейбір ғалымдар оны «антропологиялық тоқырау» деп атайды. Оның мәні жыл сайын техниканың жаңа түрлерін пайдалана отырып, адамның өз өмірін қиындата түсетіндігінде жатыр. Ол, әрине, олардан көбірек рақат ала түскенмен, алайда ол жаңалықтардың теріс зардаптарын байқамайды. Адам табиғатты терең өзгерткен сайын, өмірдің сапасын төмендететін теріс әлеуметтік факторлар көбірек пайда болады.
Қазақстандық қоғамды алып қарасақ, онда бүгінгі күні адамдардың табиғи дарындарын көрсетуге кең мүмкіндіктер туып, әрбір жеке тұлғаның өз шығармашылығының бастамашыл дарынына жол ашылған. Тәуелсіздік жылдары ішінде қаншама жастар спортта, мәдениетте, білім алуда, саясатта, экономикада шығармашылық табыстарға жетті! Алайда егер біз республикада адамның жетілуінің көлеңкелі жақтары туралы айтпасақ, ол шындықтың жартысы ғана болар еді. Мысалы, туберкулез, гепатит сияқты «әлеуметтік ауруларды» алып қарасақ, су қорларын, ауаны тазартпай, адамдардың тұрмыс жағдайын жақсартпай, біз ол ауруларды жеңе алмаймыз.
Айтылғандарды қорытындылай келе, әрдайым адамның биоәлеуметтік табиғатын бір-бірінен ажыратпай қарауымыз керек.
396
Адам қоршаған ортаны тани отырып, кеңістік пен уақыттың шеңберінен шығуға тырысып, ол туралы түсініктер мен бейнелер тудырады, оның заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін ашып көрсете алатын қабілеті де бар. Ол барлық мүмкін болатын құндылықтарды жасап, соларды басшылыққа алады, кейде сол құндылықтарды сақтау жолында өзін құрбан етуге де әзір. Адам – өзінің өлетінін білетін тіршілік иесі, осы маңызды факт оның жан дүниесінде өмір мен өлім туралы ойларды тудырады. Осы айтылғандар бізді адамның өмір сүруінің мағынасы туралы мәселеге жақындата түседі. Бұл мәселе бұрынғы өткен ғасырларда да талқыланған, адамзат өмір сүретін болашақта да көтеріле бермек.
Өмірдің басқа формалары сияқты, адам өзінің алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандырады. Алайда байлыққа, тоқшылыққа жету – адамның барлық мұқтаждықтарын өтемейді, оның өмірінің мәнін құрай алмайды. Оның сыртында рухқа негізделген көптеген әртүрлі қажеттіліктер жатыр. Қажеттіліктерді зерттеуші американдық ғалым А.Маслоу адам қажеттіліктерінің төменнен жоғарыға қарай орналасқан келесі тәртібін жасаған-ды:
1.Ең төменгі физиологиялық (тыныс алу, тамақтану, қозғалу, баспана салу, ұрпақ жалғастыру) қажеттіліктер.
2.Экзистенциалдық (қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ертеңге болашаққасенімменқарау,өміршарттарыныңжәнеайналадағыадамдармен өзара қарым-қатынастардың орнықтылығы) қажеттіліктері.
3.Әлеуметтік (басқа адамдармен байланыста болу, олардың тарапынан танылу) қажеттіліктер.
4.Бедел-абыройға жету (өзі үшін маңызы бар адамдардың ортасында болу, мансап баспалдағымен көтерілу, өз тұлғасының маңыздылығын басқаларға таныту) қажеттіліктері.
5.Рухани (тұлғаның шығармашылық дарындарының, қабілеттерінің ашылуы) қажеттіліктер.
А.Маслоу бойынша, егер төменгі қажеттіліктер қанағаттандырылмаса,ондаадамүшінжоғарғыларықызықтыемес.Қанағаттандырылған қажеттіліктер сарқылып біткен соң, адамды одан да жоғарырақ қажеттіліктерге итермелейді. Қоғамның даму деңгейіне қарай, егер негізгі қажеттіліктер қиындық тудырса, онда олар адам өмірінің мәніне айналуы мүмкін. Бүгінгі күні қанша адам «нан табу» мәселесінің шеңберінен шыға алмай жүр?! Оны, сірә, қоғамның тарихи қалыптасқан кемшілігі деп қарау керек шығар.
Сөйтіп, адам болмысының ең жоғарғы мәні – бастау-бұлақтарын дамытып, сол арқылы өз тұлғасының рөлі мен орнын айқындап, өмірден
397
қанағат ала отырып, шығармашылық деңгейге дейін көтерілу. Ондай адамдарға тән қасиеттер:
•өмірдің әр күнін құрметпен және қуанышпен қарсы алу;
•басқаларды өзіңдей бағалау, тәуелді болмау, сонымен бірге айналадағы адамдардың пікіріне құлақ асу;
•өзөміріңдіарнағаністісүюжәнемамандығыңдышығармашылық деңгейде меңгеру. Өзіңнің шығармашылық қабілеттеріңді ары қарай дамыту мақсатында өз-өзіңді жетілдірумен шұғылдану;
•қашанда Шындыққа, Жақсылыққа және Әсемдікке ұмтылу;
•әрдайым қарапайым және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға дайын болу.
Австриялық ғалым В.Франкл адам өмірінің мағынасы жайында арнайы кітап жазды. Осы заман адамының өмір қарекетін қарай келіп, ол оның айтарлықтай қиындықтарын көрді. Қазіргі адам жанжануарлар құсап ырықсыз сезіммен өмір сүре алмайды, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер адам өмірін айқындайтын өткен қоғам да артта қалған. Сондықтан ол басқалар сияқты болғысы келеді (конформизм) немесе жоғарыдағылардың қалағанын істегісі келеді (тоталитаризм). Ол (Батыстың адамы туралы айтылып отыр) рухани тоқырауға ұшыраған, өмір мағынасын іздеумен жүр. Нәтижесінде, адам «экзистенциалдық вакуумға» (ішкі бос қуыс, өмір мәнін жоғалту – В.Франкл енгізген термин) түскен. Ондай адам әлеуметтік ауытқушылыққа (ішімдікке, нашақорлыққа салыну, қылмыс істеу, Құдайды іздеу, өз-өзін өлтіру және т.б.) тап болады (қараңыз: В.Франкл. Человек в поисках смысла. – М., Прогресс, 1990).
Батыс елдерінде адамдардың көпшілігі өмір мағынасын байлықтан іздейді. Бұл – жалған өмірлік бағдар. Мысалы, ата-ана баласы үшін барлық қолайлы материалдық жағдайды жасап, қалағанын сатып алып береді де, сонымен өз міндетін атқарғандай болады. Ал бірақ баласының жан дүниесінде не болып жатқанынан, нені армандайтынынан, кім болғысы келетінінен хабарсыз. Баланың жанын түсінуге және қалыптастыруға олардың уақыты жоқ. Нәтижесінде, жылдар өтіп, бала есейеді, балалық қиялдары артта қалады, бірақ адам тұлға болып қалыптаса да, өмірдегі өз орнын таба да алмайды.
Мәселенің төтенше қиындығы – адамға өмір мағынасын беруге болмайтындығы: ол оны өзі іздеп, өзі табуға тиіс. Осы дүниеге келген әрбір адамның өзінің белгілі орны бар, демек, оның өзіндік «өмір мағынасы» бар. Өмір соқпақтары қандай бұрмалаң болса да, адам өз орнын іздеп табуға тиіс. Біреу өмір мағынасын балаларын тәрбиелеуден
398
көрсе, екінші бір адам өзінің шығармашылық жетістігінен, ал үшіншісі сүйікті адамы үшін өмір сүруден көреді.
В.Франклдің ойынша, тым жалпылама айтқанда, өмірдің мағына-
сын үлкен үш топқаажыратуғаболады. Жоғарғымағына – тұлғаның шығармашылық құндылықтарға жетуі, яғни бұрын өмірде болма-
ған өзгеше жаңалық ашу. Ол үшін адам дарыны мен талантын кең ашып қана қоймай, сонымен қатар өз мамандығын терең, кәсіби деңгейде меңгеруге, соның шыңына көтерілуге тиіс. Негізінен, бұл – таңдаулы топ өкілдеріне тән қасиет.
Алайда кең мағынасындағы шығармашылық – адамның тектік қасиеті. Сондықтан әрбір адам сүйікті ісімен айналысып қана шығармашылық деңгейіне көтеріле алады. Мысалы, тиянақты оқушы адамзатқа ежелден белгілі күрделі математикалық есепті шешеді. Алайда ол басқалардың көмегіне жүгінген жоқ, ол берілген есепті өзі үшін жаңадан ашқандай болды. Ол соны іске асырды, енді өзін жасампаз адамдай сезінеді! Үй шаруасындағы әйел әсемдік журналдары беттерінде жарияланған өрнектерді үйреніп, көп жыл бойы өз балалары үшін жылы киім тоқып келді. Жылдар өте келе, әлдебір сәтті күні ол өз өрнегін ойлап табады. Ол жаңа туындыны дүниеге әкелді! Оның өрнегі журнал беттеріне шықпай-ақ қойсын, бірақ ол бәрібір соның өрнегі ғой! Егер адам кертартпалыққа негізделген әлдебір істі өзінше істеуді қолға алса, бұл да кең мағынасындағы шығармашылық болып шығады.
Бірқатар жағдайларда адам алдына қойған мақсаттарына жете алмайды, ол өзін өмірінің мағынасын жоғалтқандай сезінеді. Ондай жағдайда ол бұл мақсатқа деген көзқарасын өзгертіп, оны басқа мақсатқа ауыстырса, барлық қиындықтары артта қалады. Бұны В.Франкл «көзқарас құндылықтары» деп атайды. Мысалы, бір сұлу қызға, мысалы, егер құндыз ішік сатып алса, «өмір шыңына» шығатындай көрінеді. Алайда күндер, айлар өткенмен, қыздың арманы орындалмайды, ол жүйке ауруына шалдығады, бар ойы – сол ішік. Бірақ ол сол мақсатқа деген көзқарасын (мүмкін, оған аң терілерінен киім кию үшін, аңдарды өлтірудің қажеті жоқ деп есептейтін Джина Лолабриджеден үлгі алу керек шығар) өзгертіп, басқа нәрсені мақсат етсе (мысалы, құндыз ішіктің орнына, жасанды теріден жасалған ішікті сатып алуды ойласа) болды, барлығы да өз орнына келе қалады, ал біздің сұлу бикешіміз қайтадан тыныш ұйықтайтын болады.
Адамдар кейде өмірде қорқынышты түсінде де көрмеген жағдайларға (апаттар, цунами, жер сілкінісі, түрме, қатерлі ісікпен
399
ауыру және т.б.), сол жағдайлардан шыға алмайтын қиындықтарға тап болады. Өмірінің соңында адамның бәрібір «қасіретті үштік» деп аталатын азап, кінә және өлімнен құтыла алмасы анық болса да, ол өмір мағынасын жоғалтқандай күй кешеді, кеудесі – бос қуыс, күйзеліс жанын жегідей жейді. В.Франкл айтқандай, «тіпті осындай адам төзгісіз жағдайларда да, өмірдің мағынасын жоғалтуға болмайды». Олай болса, «күйзелістер құндылығы» дегенге көшу керек, ол кезде күйзелістің өзін жан дүниесін тазарту құралы ретінде пайдалануға болады. Өзөзімен іштей сөйлесуге көше отырып, күйзелуші адам көп заттардың құндылықтарын қайта бағалай біліп, өмірдің жаңа мағынасын таба алады.
Ал енді үлкен экзистенциалдық мәселе – адамның өлімі және ажалсыздығына келейік.
Кез келген өмірдің ерте ме, кеш пе, өліммен аяқталатынын әркім де біледі. «Дүниеге келу де бар, кету де бар», – дейді қазақ мәтелі. Бұл – табиғат заңы. Біз оны өзгерте алмаймыз. Әрине, бұл – қасірет, әсіресе жақын адамдардың өлімі. Біз енді ешқашанда оларды көре де, араласа да, қуаныш-ренішімізді бөлісе де алмаймыз. Бәрі де келмеске кетті, дәл сол кезде біз өзімізді де осындай тағдыр күтіп тұрғанын күйзеле түсінеміз.
Сонымен бірге, егер біз «мәңгілік өмірді» таразыға салып, сол ту - ралы терең ойлансақ, онда оның ақылға сыйымсыздығын білер едік: ол еңқорқынышты тозақ болар еді.Мәңгілікөмір сол өмірдің мағынасы мәселесін жояды. Олай болса, бірде-бір дәрісханада бірде-бір студент қалмайды: асығудың керегі не – алда мәңгілік өмір күтіп тұр. Мәңгілік өмір адамзаттың бүгінгі өткір мәселелерін бейжай қабылдауға әкеліп соқтырады: бәрі қара балшыққа батады. Сіз: «Көбірек өмір сүру жаман болмас еді!» – дерсіз. Бұл тілегіңізбен келісуге болады. Алайда мәселе өмірдің ұзақтығында емес, оның сапасында жатса керек. Алжығанға дейін ұзақ өмір сүруге болады, әрине. Бірақ бұл кімге керек?!
Мәселеге терең көзқарас өмір мағынасы мәселесінің өзі адамның ажалды екені туралы маңызды фактіден келіп шығатынын көрсетеді. «Сана берілген адам» өз өмірінің уақытпен шектеулі екенін түсінеді және «Ұлы Мәртебелі Табиғат» сыйлаған әрбір сәтті, сағатты, күнді тиімді пайдалануға ұмтылады. Шындығында, өмір – баға жетпес байлық, оның баламасы – уақыт қана. Адамзат тарихында өздерінің ғаламат туындыларын дүниеге әкелген алыптардың өмірлерінің шектеулілігін білгендіктен де, үлгіріп қалуды ғана ойлап, ғаламат еңбектерін аяқтағанын тарихтан білеміз. Егер олар мәңгі өмір сүрсе,
400