Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

artemjev_gylym_kz_2011

.pdf
Скачиваний:
87
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
2.33 Mб
Скачать

планеталар жүйесінде Жерде бар жағдайлар қалыптасса, онда неге өмір пайда болмайды? Алайда осы заманғы ғылым оған байланысты жұмған аузын ашпайды, өйткені басқа жұлдыздар жүйелері бізден тым алыста (ең жақын жұлдыз 4,5 жарық жылдары қашықтығында жатыр) болғандықтан, ондағы өмір туралы қандай да бір мағлұматымыз жоқ.

Өмір құпияларын танып білуге деген ынтық қызығушылық ерте замандарда-ақ пайда болған. Сондай-ақ оған терең қызығу өмірлік қажеттіліктерден (тамақ табу, киім тігу, дәрі-дәрмек жасау, баспана салу және т.б.) туған. Адамзаттың жабайылық пен мәдениетсіздіктен өркениетке көшуі өмірге ғылыми-танымдық қызығушылықты оятты. Ертедегі ғылымның ұлы өкілі Аристотель «Жануарлар әлемі туралы» деген арнайы кітап жазған. Сол уақыттан бастап екі мыңжылдықтан астам уақыт ішінде адамзат өмірдің әртүрлі формалары туралы бақылаулар мен фактілердің орасан көп санын жинақтады, ол, ақырында, биология ғылымының пайда болуына жеткізді. Алайда өмірдің мәнін ашу бұл ғылымға оңай соқпады.

Әлбетте, әрбір адам жандыны жансыздан ажырата алады. Бірақ «Өмір деген не?» деп қойылған сұрақ әлі күнге дейін өз жауабын күтіп келеді. Кезінде Ф.Энгельс өмірге қоршаған ортамен заттектер арқылы алмасатын белок денелерінің өмір сүру тәсілі деген анықтама берген. Кеңес заманында ғалымдар бұл анықтамадан бір мысқал да ауытқымаған. Біз ағаш жаққанда және ауамен тыныс алғанда, екі жағдайда да оттегі өртеліп, көмірқышқыл газ бөлінеді. Осы үдерістердің арасындағы айырмашылық шексіз емес пе?

Қазіргі заманғы биология өмірдің көптеген құпияларын ашты. Оларға талдау жасау арқылы өмірдің мәніне жақындауға болатын сияқты. Енді соларды талдап көрейік.

1.Тірі организмдердің құрылымы төтенше күрделі және әлдебір қалыптасқан тәртіпке келтірілген. Мысалы, жасушаның өзегінде ақпараттың 10/34 дәрежедегі көлемі сақталған. Бейнелеп айтсақ, әрбір жасуша өзінше бір қуатты компьютер болып табылады. Егер адамның денесі 1 миллиардқа жуық жасушадан тұрса, онда оның бойында 1 млрд. «компьютер» бар деп ойлауға болады. Бұл таңғаларлық емес пе?

2.Тірі организмдер қоршаған ортадан энергия сіңіреді және оны өз-өзін ұстап тұруға және қалыптастыруға пайдаланады. Өмірдің кез келген формасы тікелей немесе жанама түрде Күн энергиясын тұтынады.

381

3.Тірі организмдердің сыртқы әсерге сезімталдығы айқын байқалады. Егер сіз тасты орнынан жылжытсаңыз, ол жаңа орнында қалады, ал жыланды басып кетсеңіз, ол сізді шағып алады.

4.Жанды организмдер өзгеріп қана қоймайды, олар дамуға да қабілетті.

5.Барлық тірі организмдер артына ұрпақ қалдырып, сол арқылы өмір сүруін жалғастырады. Бұл – тірі тіршілік иелерінің ең бір таңданарлық қасиеттерінің бірі.

6.Жаңа өмір тиісті гендік мағлұмат алады.

7.Өмірдің әрбір формасы өзі туған жердегі жағдайларға бейімделеді. Дене құрылысы (құстың қанаты, жыртқыштың тырнақтары мен азулары және т.б.) өмір жағдайларына сәйкес дамиды.

Осының барлығы да өмір – аса күрделі ұйымдастырылған, қоршаған ортамен заттек, энергия және ақпарат арқылы белсенді алмасу негізінде өз құрылымын сақтауға және дамытуға, жаңа ұрпаққа генетикалық ақпарат беру негізінде өз тегін ұзартуға қабілетті белоктар мен нуклеин қышқылдарынан тұратын жүйе болып табылатынын дәлелдейді.

Енді тірі тіршілік иесін қалыптастырудың құрылымдық деңгейін қарастырайық.

1.Биосалалық деңгей қоршаған ортамен қоса, барлық тірі тіршілікті қамтиды.

2.Биоценоздар жердің бір немесе басқа таралу аймағын мекендеген өмірдің бір-бірімен табиғи байланысқан формаларын білдіреді. Мысалы, экваторда бар өмір формалары Қазақстан аумағында өмір сүре алмайды.

3.Популяция (қауымдасып өмір сүру) – бір-бірімен будандасып, өмірге ұрпақ әкеле алатын тірі организмдердің түрлері.

4.Организмдер – өмірдің жеке-дара оқшауланып өмір сүретін формалары.

5.Жасушалар тірі организмдердің дене құрылысын құрайды.

6.Молекулалық деңгей – жасуша өзегінде болатын құрылымдар; генетикалық мағлұматты сақтайтындар, – міне, солар.

Жасуша өмірдің негізгі сапалары мен қасиеттерін сақтайтын қарапайым құрамдас бөлшек болып табылады. Жасушаны ашқаны үшін, біз XIX ғасырдағы неміс ғалымдары Т.Шванн мен М.Шлейденге қарыздармыз. Олар өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жасушалардан тұратынын және құрылымдарының бір-бірлеріне өте ұқсас

382

екенін дәлелдей алды. Бұл жердегі бар тірі тіршіліктің тұтастығының, олардың шығуы мен дамуының маңызды дәлелдерінің бірі болды.

Қазіргі заманның биология ғылымында жасушаны зерттейтін цитология деген сала бар. Жасушаның қызметіне: ағза мен қоршаған орта арасындағы заттектер алмасуын, генетикалық мағлұматтардың сақталуын және ағзаның тіршілік қарекетінде соларды іске асыруды қамтамасыз ету жатады. Жасуша өмірінің ұзақтығы да әртүрлі. Мысалы, өңеш пен асқазан жасушалары жиі жаңарып отырады, ал ол кезде жүйке жасушалары ағза өмірінің соңына дейін сақталуы мүмкін.

Жасушаның құрылысы күрделі. Оның сол арқылы зат алмасуы іске асатын болбыр қабығы бар. Заттардың, энергия мен ақпараттың алмасуы жасушаның метаболизмі деп аталады. Ол кезде жасуша қашанда гомеостаз деп аталатын ішкі орнықты күйін сақтайды.

Ғылым ретінде биология тарихи тұрғыда өз дамуының үш сатысынан өтті. Бірінші сатыда өсімдік және жануарлар түрлерінің жүйеленуі орын алды. Бүгінгі күнге дейін 1 миллионға жуық жануар, 0,5 мил-

лион алуан түрлі өсімдік және үш мыңдай микроорганизм зерт-

телді. Бұл жүйелеу ісіне швед ғалымы Карл Линней орасан зор үлес қосты.

Екінші сатыда келесі сұрақтар пайда болды:

Тірі тіршілік әлемінде не болып жатыр? Жануарлардың бір түрінен қалайша екінші түрі пайда болады немесе олар Құдай қалай жаратса, солай қалады?

Жер шарының әр түкпірінен табылған ертедегі жануарлардың сүйектері ғалымдарды жоғарыдағы сұрақтар бойынша ойлануға мәжбүр етті. Француз ғалымы Ж.Ламарк жануарлардың өзгеруін екі жағдаймен түсіндіреді. Бір жағынан, бұл – өзгеріп жатқан қоршаған ортаның әсері, екінші жағынан, – тұқым қуалаушылық факторы, яғни жаңадан пайда болған қасиеттердің келесі ұрпаққа берілуі. «Биология» деген терминнің өзін ғылымға осы ғалым енгізген.

Ж.Ламарктың идеяларын қабылдап, ары қарай дамытқан ағылшын ғалымы, сэр Чарльз Спенсер Дарвин болды. Ол «Бигль» деген кемеге мініп, жер шарын айнала саяхат жасап, планетадағы әртүрлі жан-жануарлар мен өсімдіктердің саны туралы орасан көп факт жинақтаудың негізінде биологияға эволюциялық теория енгізді. Оның 1859 жылы жарық көрген «Түрлердің пайда болуы» деп аталатын кітабы сол замандағы қоғамдық пікірге «жарылған бомбадай» әсер етті, өйткені ол адамның маймылдан шыққанын дәлелдеуге әрекет

383

етіп, сол арқылы діннің «адамды Құдай өзіне ұқсатып жаратты» дейтін негізгі постулатын терістеді.

Әлбетте, өмірдің әртүрлі, әлі де көп құпияны сақтап отырған формаларының күрделілігі эволюциялық теорияға сенімсіздікпен қарайтын ғалымдардың болуына келтіреді. Кезінде М.Лютер атап көрсеткендей, «егер Құдайды білгің келсе, жай ғана бір биттің ішін ашып көр». Алайда бүгінгі таңда жер бетіндегі өмірдің осындай әртүрлілігін түсіндіріп бере алатын балама теория туған жоқ. Керісінше,биологиядатереңтамырланғанэволюцияидеясығылымның басқа салаларына да кең тарап жатыр.

Қазіргі заманғы физика әлемнің «Үлкен жарылыс» нәтижесінде пайда болғанына және миллиардтаған жылдар бойы қалыптасудың, күрделенудің әртүрлі сатыларынан өте келе, химиялық үдерістерді және соларға байланысты химиялық қосылыстарды туғыза отырып, өмірдің өзінің пайда болуының алғышарттарын құрғанына сендіреді. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы биологияның түрлі-түрлі салаларында ашылған жаңалықтарды қорыта және жүйеге келтіре отырып, өмірдің әртүрлі формаларын түсіндірудің теориялық негізі болады.

Эволюциялық теория жанды табиғаттың әртүрлілігін екі фактормен: өзгергіштікпен және жаңадан ие болған қасиеттердің табиғи іріктелуі, тұқым қуалаушылығы арқылы ғана түсіндіреді. Олар келесі ережелерден шығады:

а) жан-жануарлардың кез келгендерінің ішінде бір немесе басқа түрі өзгерістерге ұшырайды. Оны әрбір елгезек, зейінді адам байқай алады;

ә) кейбірөзгерістердіңгенетикалықсипатыболады,алкейбіреулері өзгермелі қоршаған ортаға бейімделу нәтижесінде пайда болады;

б) ересек кезде тудырушылық жағдайға жеткендерге қарағанда, дүниеге келіп жататын организмдердің саны қашанда басым. Кейбір организмдер өмір жағдайларына төтеп бере алмай, тиісті уақытқа жетпей, өліп жатады. Тек өмірге бейім, өзгеріп жататын болмысқа бейімделуге қабілетті даралар ғана өздерін сақтап қала алады. Жаңадан ие болған қасиеттерін ол тұқымқуалаушылық, мұрагерлік жолмен өз ұрпақтарына қалдырады.

Жануарлар тобында бір түрлердің ұзақ уақыт өмір сүруінің (популяция) эволюциялық үдерістері механизмдері ерекше айқын көрінеді. Бір немесе басқа табынның ішінде бір жануарлардың еркін және, сонымен қатар кездейсоқ будандасатынын көреміз. Біздің ойтолғаныстарымыз осы жерге келгенде: «Генетикалық өзгерістер (му-

384

тация) даму үдерісіне қаншалықты ықпал етеді?» – деген сұрақ туады. Әлбетте, мутация үдерісі, яғни генетикалық деректің өзгеруі бір немесе басқа популяцияның ішінде өмір сүріп жатқан жануарлардың бір түрлерінің басқа түрлерге айналуына жеткізеді. Демек, эволюциялық үдеріске ықпалын тигізеді, бірақ бұл эволюциялық үдерістің шешуші факторы болып табылады деп сендіру асығыстық болар еді. Керісінше, кейде ол теріс ықпалын да тигізіп отырған. Егер ядролық қаруды сынақтан өткізетін аймақта өмір сүрген адамдардың қайғы-қасіретін алып қарасақ, онда радиацияға, генетикалық мутацияға ұшыраған бірде-бір әйелдің жарық дүниеге дені сау, құрсақта дұрыс жетілген нәресте әкелмегенін көреміз.

«Популяциялықтолқын»(популяцияныңқұрғақшылықтың,басқа да апаттардың кесірінен күрт азаюы) туралы да жоғарыдағыға ұқсас пікір айтуға болады. Даму үдерісінде олар шешуші рөл атқармағанмен, бәрібір оларға белгілі бір әсері болады.

Оқшау күйге түскен популяция тұқымқуалаушылық дерекпен айырбасқа түспегенмен, алайда өзінің гендер қорын сақтау арқылы ары қарай өмір сүруін жалғастыра алады.

Олай болса, табиғи іріктелу эволюциялық үдерістің басты факторы болып табылады. Соның нәтижесінде популяция өмірде сақталады, қоршаған ортаға бейімделеді, жаңа ұрпақтарды дүниеге әкеледі. Бірақ бұл бір мезетте іске асатын үдеріс емес. Табиғи іріктелудің нәтижелері ұрпақтардың елеулі саны өткенде ғана көрінеді.

Сөйтіп, эволюция деп тарихи тұрғыда белгілі бір бағытта организмдердің өзгеруін түсінеміз. Популяцияның қоршаған ортаға бейімделу арқылы өзгеруі микроэволюция деп аталады. Бірақ кез келген эволюция, қайткенде де, өмірдің басқа формаларымен байланысты болғандықтан, оған өз ықпалын тигізбей қоймайды, демек,

макроэволюцияға келтіреді.

Қазіргі заманғы биологияның негізгі міндеттерінің бірі – эволюциялық үдерістерді терең түсіну арқылы оларды болжай білу, керек бағытта белсенді ықпал ету. Бұл міндетті шешуге жас, қарқынды дамып келе жатқан ғылым – генетика көмектеседі. XX ғасырда биология ғылымы дамуында үшінші сатының пайда болуы сол генетикаға байланысты. Оның негізі себептері төмендегідей:

Гендерде кез келген организмнің тұқымқуалаушылық дерегі бар.

Гендер барлық уақытта қоршаған ортаның әсерімен өзгерісте болады.

Австрия ғалымы Г.Мендельдің тұқымқуалаушылық деректің

берілуі механизмдері туралы жаңалық ашуы (соның көмегімен

385

өсімдіктер мен жануарлардың адамға қажетті бағытта өзгеруі мүмкіндігі туған).

Сонымен, генетика тірі организмдерде болып жататын тұқымқуалаушылық және өзгеру үдерістерін мақсатқа сай меңгеру үшін зерттейді. Генетиканың негізгі ұғымы – ген, ол жасушадағы молекулалық құрылым болып табылады. Химиялық құрамы жағынан ол, негізінен, азот пен фосфордан құралған нуклеиндік қышқылдардан тұрады. Ген жасуша өзегінде орналасқан.

Бүгінгі таңда генетика селекционерлермен бірге алынған жаңа организмдерден пайдалысын іріктеп алу, тұқымқуалаушылық деректің берілу механизмдерін жетілдіру мақсатында тиімді будандастыру жолдарын іздестіріп жатыр.

Азаматтардың денсаулығын сақтау үшін, медицинада генетиканың мүмкіндіктері тұқым қуалайтын аурулармен, қоршаған ортадағы мутагендік жағдаймен күрес жүргізуге бағытталған. Соңғы онжылдықтар ішінде өнеркәсіптің өркендеуі, химиялық жолмен түзілген көптеген жасанды материалдар өндірісі және басқадай факторлар қоршаған ортаның адамдардың денсаулығына теріс әсерін тигізіп жатқан мутагендік әлеуетін өршітті. Мысалы, жыл сайын әлемде 75 миллионға жуық нәресте дүниеге келсе, оның 1,5 миллионының гендерінде ауытқушылық байқалады. Бұл факторлардың барлығы генетиканың алдына үлкен міндеттер қояды. Генетиканың дамуы өмір мәнін терең түсінуге, оның жаңа формаларының тууына себеп болмақ.

4.4. Антроптық қағида. Биосаладан ноосалаға көшу мәселелері

Өзгеше күрделі құбылыс ретінде өмірдің қоршаған ортаға тигізетін ықпал-әсері көп. Соның нәтижесінде жердің беті өзгерді және біздің планетамыз ғарышта өте әдемі, көгілдір денеге айналды. Жер бетіндегі өмір жансыз материямен өзара әрекетке түсіп, өне бойы өзгерісте және дамуда болатын тұтас жүйені құрды.

Тарихи тұрғыда өмірдің өзгеруі тірі тіршіліктің формалары арасында айырмашылықтардың артуына, олардың өзара байланыстарының күрделенуіне келтіреді. Қоршаған ортаға бейімделе, онымен заттектер, энергия және ақпараттар алмаса отырып, өмір биогеоценоздар (экожүйелер) туғызады. Мысалы, Оңтүстік Қазақстанның экожүйесінің Солтүстік Қазақстан экожүйесінен айтарлықтай айырмашылығы бар. Биогеоценоздар өсімдіктермен қоректенетін жануарлардан бас-

386

тап, тамақтың қорытылуына қатысатын микроорганизмдерге дейін, биосаланың кіші үлгілері болып табылады.

Біріге отырып, әртүрлі биогеоценоздар биосала – жер бетіндегі

өмірдің супержүйесін құрайды.

Көрнекті орыс ойшылы А.И.Вернадский биосала түсінігіне жаңаша жарық берді. Егер оның алдындағы ғалымдар биосалаға өмірдің бір-бірлерімен байланысты барлық формаларын жатқызса, ал А.И.Вернадский, одан өзге, биосалаға миллиардтаған жылдар өмір сүруі барысында өмірдің жер бетінде тұрақтап қалған қалдықтарын жатқызды.

Мысалы, мұнай деген не? Ол – миллиардтаған жылдар өмір сүру барысында теңіздер мен мұхиттардың түбінде жинақталған планктондардың қалдықтары. Таскөмір деген не? Бұл – ерте замандарда болған, дін аман сақталған бұрынғы ормандардың қалдықтары. Жердің беті өсімдік әлеміне қажетті табиғи заттарға, – олардың өздері алдында болған өмірдің қалдықтары емес пе, – толы. Кез келген организм қоршаған ортадан өзіне қажетті химиялық элементтерді алады, өзі өлгеннен кейін кері қайтарады.

Қазіргі заманғы жаратылыстану коэволюция (бірлесе өзгеру, даму) ұғымын тудырды. Коэволюцияның көмегімен әртүрлі организмдер бір-бірлерімен өзара әрекеттесе отырып, өмірдің жүйелі бірбүтін ретінде дамуына себеп болады. Бұл ұғымның осы заманғы адамзат үшін әдістемелік мағынасын асыра бағалау мүмкін емес. Егер біз өзіміздің ары қарай дамуымызда өмірдің әртүрлі формаларын тұтынуға ғана бағыт алсақ, онда оны құртып тынуымыз әбден мүмкін, ал оның орнына біз бірлесе даму мақсатында жыл сайын экожүйеге көбірек көңіл бөлуге, оның хал-ахуалының жақсаруын қамқорлыққа алуға тиіспіз. Сол жағдайда ғана біз Табиғатпен үйлесімділікке жетеміз және ноосалаға – ақыл-парасатпен игерілетін салаға жол ашылады.

Сөйтіп, өзінің миллиардтаған жылдар бойы дамуы барысында өмір «ақылды жануарлар» деп аталатындардың шыңына шығып, өзінің миллиондаған әртүрлі формаларын тудырды. Олардың қатарына маймылдарды, иттерді, пілдерді, дельфиндерді, киттерді және т.б. жатқызуға болады. Олардың кейбіреулері өз дамуында сынақтар мен қателіктер, өмір сүрген кезінде әлдебір жаңашылдыққа үйрену, қоршаған ортаға икемді бейімделу арқылы нақты ойлау деңгейіне жетті. Зоологиялық күшке негізделген табындық өмір пайда болды. Жоғарыда аталған жағдайлардың барлығы да материя қозғалысының

биологиялық формалары аясында өмірдің жеткен жоғарғы

387

шыңдары болды – жетілудің ары қарайғы мүмкіндігі сарқылып бітті. Өмірдің ары қарай дамуы үшін «біртінділіктің үзілуі» және санаға секіру үшін, әлдебір «түсіргіш ілмек» қажет болды. Ол адамның пайда болуына байланысты еді. Ал түсіргіш ілмек деп климаттың күрт өзгеруін айтсақ, соның нәтижесінде архантроптар (ерте замандарда өмір сүрген, қазба жұмыстары арқылы табылған адамдар) жерге түсуге мәжбүр болды да, алдыңғы аяқтары босап, кейіннен адамның қолдарына айналды. Сананың пайда болуының шешуші факторы – алғашқы адамдардың бірлесе еңбек ету үдерісінде еңбек құралдарын жасауы және жүйелі түрде пайдалануыболды. Сөйтіп, материалистік философияда сананың пайда болуы қоғам мен адамның өздерінің антропосоциогенез деп аталған шығу тегімен тығыз байланыста қарастырылады. Бұл үдерістің терең мәні өмірдің қалыптасуының

биологиялық формадан әлеуметтік формаға секіруінде жатыр. Ондай мүмкіндік климаттың өзгеруіне, ормандардың сиреуіне,

соның нәтижесінде маймылдардың жерге түсуге мәжбүр болғанына байланысты ашылды. Артқы аяқтарымен тұрып, олар алдыңғы аяқтарын босатып, жемісті қағып түсіру немесе жауларынан қорғану үшін, олармен құрғақ бұтақтарды, тастарды ұстайтын болды. Мыңжылдықтар өте келе, маймылдардың алдыңғы аяқтары адамдардың қолдарына ұқсай бастады.

Ф.Энгельс атап айтқандай, еңбек құралдарын жасау және жүйелі түрде пайдалану бұл үдерісте шешуші рөл атқарды. Олай болса, бұл үдерісті ойша қайта құрып көрейік. Ең қарапайым тас құрал – «ашель шапқысы».1 Сырттай сәбізге ұқсайтын бұл құралдың төменгі бөлігі сүйір болып келеді. Ондай құралды жасау үшін, тасты тасқа ұра отырып, құралдың қарадүрсін кейпін қашанда есте сақтау керек, онсыз құрал жасау мүмкін емес; екіншіден, лайықты тасты табу үшін, өзен бойын жағалап ұзақ жүру керек; үшіншіден, ол тасты басқа таспен ұрып, оны өңдеу қажет; бұл аңғарымдылық пен сақтықты дамытады: ақырын ұрсаң – тас сынбайды, қатты ұрсаң – қақ айырыла сынады. Сонда өкінішке ұқсас сезім пайда болады. Ол өзін өзен жағасына баруғаитермелеп,қайтаданлайықтытасіздеугемәжбүрболады,–ерік- жігер дамиды. Енді ол мақсатына жетеді, – құрал дайын, оның бойын - да қуанышқа ұқсайтын сезім пайда болады. Бірақ егер құралдың шетшеті біркелкі шабылмаса, ол пайдалануға қолайсыз болып, тез сынады.

1 «Ашель шапқысы» – палеолит дәуіріндегі адамдардың тастан жасаған еңбек құралы Франциядағы Сент-Ашель деген жердің атымен аталған.

388

Содан кейін ол басқасын, қолайлырағын жасайды. Құралы ыңғайлы, ұзақ пайдалануға жарамды болып шыққан соң, оның бойын әсемдікке жақын ерекше сезім билейді. Келесі жолы симметриялық үйлесімді пішін, айталық, қарағайдың бұтағы оның пайдалануына байланыссыз, соған ұқсас қуанышты сезім оятады, ол кейіннен ғасырлар өткенде, сұлулық сезіміне айналады.

Сонымен, тіпті ең бір қарабайыр құрал жасаудың өзі адамның бойында ақыл, зерде, ерік қасиеттерін дамытып, тіпті әуелі эстетикалық сезімдерді оятады.

Еңбек құралдарын жасау және бірлесе аң аулау барысында әлдебір қашықтыққа маңызды ақпарат жеткізу қажеттігі туады. Әлі сөйлей білмегендіктен, алдымен аяқ-қол, бет қимылдары, дене қозғалыстары пайда болады. Соған байланысты би – өнердің ең ертедегі түрі деп айтуымызға болады. Ал бір немесе басқа сезімдер қуаныштынемесемұңдыдыбыстаршығарутүріндеберілетін.Кейіннен ғұлама адамдар сөздерді ойлап таба бастады, заттарды көрсете отырып, сөздерді қайталап айта берген соң, – содан тіл шықты. Әлемнің түкпір-түкпірінде пайда болған әртүрлі тілдер – табиғат үндеріне, әсіресе құстар мен аңдардың үндеріне құлақ түрудің нәтижесі. Ең болмағанда, бізге солай көрінеді.

Бұл үдерісте отты игеруді және пайдалануды асыра бағалау мүмкін емес. Отқа пісірілген тамақ, әсіресе ет мидың көлемінің жедел өсуіне жеткізді. Екінші жағынан, бүкіл ас қорыту жүйесі өзгерді. Аңның ақсиған азуының қажеті болмай қалды, жақ сүйектері адамдық кейіпке келе бастады. Үңгірді жылыту үшін отты пайдалану денедегі жүннің азаюына келтірді.

Адам мен қоғам бірге пайда болғандықтан, әлеуметтіктің алғашқы формаларының пайда болуы жолымен жүріп көрейік. Алғашқы үйір, әлбетте, жартылай биологиялық және жартылай әлеуметтік құрылым болып табылады. Антропологтардың ойынша, 40-50 мың жыл бұрын үйір-үйір болып өмір сүруден қоғам өмірінің ру-тайпаға ұйымдасуы, яғни нағыз әлеуметтікке күрт секіру орын алды. Сол кезден бастап адамның бүгінгі тұрпаты (кроманьонец), оның жер бетіндегі тарихи қадамдары қалыптасты.

Ру-тайпалық ұйымдасу аясында қан араласуына (инцест) тыйым салынды. Егер үйір өздігінен жетілген құбылыс болса, онда рутайпа болып ұйымдасу шектерінде олардың арасында байланыстар орнай бастайды, өйткені ұрпақ жалғастыруды жүзеге асыру қажет. Ру-тайпалық ұйымдасу аясында ғана нағыз адамдық сүйіспеншілік

389

сезімдер қалыптасады, өйткені бозбаланың назарына іліккен қыз қасында емес, басқа тайпада өмір сүреді. Жігіт ол туралы армандайды, қиялдайды, қайткенде де, оны көргісі, жанасқысы келеді. Бұл оның бойында шығармашылық шабыт тудырады. Осыдан келіп эпос және т.б. қалыптасады.

Ру-тайпалық ұйымдасу барысында бастапқы моральдық көзқарастар пайда болды. Егер үйірдің ішінде біреуі аяғын сындырып алса, ол өледі. Сол ру-тайпа аясында оған көмек көрсетіледі, тамақ беріледі, сөйтіп ол аман қалады. Өзара көмек, аяушылық, қамқорлық, үлкендерді сыйлау пайда болады.

Қоғамтанудың ең бір күрделі мәселелерінің бірі – үйірден ру-

тайпаға жетуді, секіруді қисынды түрде қайта құру болып табыла - ды, өйткені оны көптеген мыңжылдықтар бойындағы «тарих шаңы» басқан. Кезінде Ф.Энгельс гносеологиялық тұжырымдаманы, яғни мәні мыңжылдықтар бойы адамдардың жинақталған тәжірибелерді қорыта келе, қандас-туыс адамдардың арасындағы жыныстық байланыстың әлсіз, кемтар балалардың дүниеге келуіне әкеліп соқтыратынын байқағанында жатқан тұжырымдаманы алға тартты. Соны санамен түйсінген кезден қанның араласуына тыйым салынып, үйір ру-тайпаға айналып өмір сүре бастады. З.Фрейдтің «әкені өлтіру» тұжырымдамасымен бірге, терең қарастыра келгенде, «тотем» және «тыйым» бұл мәселені гносеологиялық түсінуге жақын, өйткені: «Біз қайдан пайда болдық?» – деген сұрақтың тууын, сондай-ақ ағақарындастар арасындағы туыстық қатынастарды табуды қажет етеді.

Біздің көзқарасымыз бойынша, шындыққа «бейбіт өмір қажеттігі» тұжырымдамасы жақын, оның үстіне, ол бірқатар фактілерге негізделген. Археологтар алғашқы тұрғын-жайлардың орнынан бір мәнермен өлтірілген адамдардың бас сүйегін тапқан. Сол заманның адамдары құрбанының ту сыртынан жасырынып келіп, шүйдесінен өткір таспен ұрып өлтіретін болған. Зерттеулер ол бас сүйектерінің барлығы да еркектердікі екенін көрсеткен. Әйелдерді иемдену үшін, еркектер бір-бірлерін өлтірген деген болжам жасалған. Еркектер аң аулаушылар болғандықтан, олардың санының азаюы үйірдің өзінің өмір сүруді жалғастыруына қауіп төндіреді. Сол кезде қанның араласуына тыйым салынған.

Тарихи фактілерге сүйене отырып, біз адам мен қоғамның пайда болуын ойша қайта құрып шығуға тырыстық. Әлбетте, бұл жерде әлі танылмаған нәрсе көп. Көптеген ауыспалы формалар әлі де табылған жоқ. Солай болғанмен, жүргізілген талдаудың өміршеңдігіне сенгіміз келеді.

390

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]