Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BD.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
212.99 Кб
Скачать

6. Деректер қорының қолданушылары. Дқ администраторының негізгі функциясы.

Деректер қоры мен оны құру мен функционалдау процесінде әр түрлі категориядағы пайдаланушылар бірге іс-әрекет жасайды. Пайдаланушылардың негізгі категориясы болып түпкілікті пайдаланушылар, яғни олардың қажеттіліктері үшін деректер қоры құрылатын пайдаланушылар табылады. Деректер қорын функционалдау деректер қорын құруды, функционалдауды және дамытуды қамтамасыз етуші мамандардың қатысуынсыз мүмкін емес. Мамандардың мұндай тобы деректер қорының администраторлары (ДҚА) деп аталады. Деректер қорының администраторларының тобының құрамында олардың атқаратын функцияларына байланысты әртүрлі топшаларды бөліп көрсетуге болады. Деректер қорының әкімшілігінің құрамында жүйелік аналитиктер, деректер қорына қатысы бойынша сыртқы ақпараттық қамсыздандыруды жобалаушылар, деректерді өңдеудің технологиялық процесстерінің жобалаушылары, жүйелік және қолданбалы программистер, операторлар, техникалық қамсыздандыру бойынша мамандар болуы керек. Егер әңгіме коммерциялық деректер қоры жөнінде болса, онда бұл жерде маңызды рольді маркетинг бойынша мамандар ойнайды.

ДҚ қолданушысы. Қолданушылардың ақпараттық талаптарын қамтамасыз етудің екі аспектісі бар: нақты пәндік аймақтың шекараларын анықтау және сәйкесінше ақпараттық модельдердің сипаттамасын жасау; әртүрлі категориядағы қолданушылардың сұраныстарына тиімді қызмет көрсетуге бағытталған.

Деректер банкісін құру. Әртүрлі категориядағы қолданушылар: аналитиктер, жүйелік программистер, қолданбалы программистер, администраторлар, соңғы қолданушылар.

Деректер қорының администраторлары жан-жақты қызметтердің үлкен шеңберін орындайды: Пәндік облыс анализі; Деректер қорының құрылымын жобалау; Деректер қоры мен ДҚ-н өңдеу шараларының құрылымын жазбаша суреттеу кезінде толықтылықты шектеуді беру; Деректер қорын алғашқы жүктеу және жүргізу; Деректерді қорғау; ДҚ-н қайта қалыптастыруды қамтамасыз ету; ДҚ-на пайдаланушылардың жолдауының анализі; ДҚ-ның жұмыс жасау тиімділігінің анализі мен жүйенің дамуы; пайдаланушылармен жұмыс жасау; Жүйелік программалық жабдықтарды дайындау және қолдау; Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]