Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
науч.проект.docx
Скачиваний:
22
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
66.2 Кб
Скачать

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.

• Фразеологиялық теңеулерде ұлттық тілдік бейне таным категориясымен тығыз байланыста болғандықтан, ол таным, сана, ойлау категорияларымен байланыста қарастырылуы керек. Шындық болмыс ойлау арқылы жүзеге асады, ал тіл оның бейнелеу құралдарының бірі.

• Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің пайда болу көздері әр халықтың тарихымен, заттық және рухани мәдениетімен, өмір-тіршілігімен тығыз байланысты болғандықтан, олардың мағынасының лингвомәдени және когнитивтік тұрғыдан талдау арқылы тарихи-этимологиялық көздерін ашуға болады. Тіл мен мәдениет өзара тығыз байланыстағы бірін-бірі толықтырар біртұтас жүйе.

• Фразеологиялық теңеулерде әлемнің тілдік бейнесі антропоцентристік ұстаным негізінде құралады. Адам қоршаған ортаны өзі арқылы, өзіне таныс заттар мен құбылыстар арқылы ғана бағалап, танып біледі. Фразеологиялық теңеулер әр тілде өзіндік ұлттық нақышпен бейнеленіп, ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін көрсетеді.

• Әр ұлттың концептілер жүйесін дүниетаным құндылықтары құрайды. Әр тілдегі фразеологиялық теңеулердің мағына қалыптасу ерекшеліктері оларды концептілік жағынан топтастыруға мүмкіндік береді.

• Фразеологиялық теңеулердегі жеке көріністер тек сол тілге ғана тән ерекшеліктермен сипатталып, ұлттық нақышпен бейнеленеді. Олардың лингвомәдени сипатын ашу ұлттық дүниетанымның сыры мен ерекшеліктерін танып білуге септігін тигізеді. Құрамындағы ұлттық-мәдени компоненттер фразеологиялық теңеулердің ұлттық-мәдени сипатын ашады.

• Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулер уәжділігі әр түрлі деңгейде көрініс табады. Фразеологиялық теңеулер екі тілдің де лексика-фразеологиялық қорының мәнді, мағыналы және жүйелі қабатын құрай отырып, ұлт болмысының құндылықтары мен ерекшеліктерін жан-жақты сипаттайды.

Зерттеудің теориялық маңызы. Салыстырмалы-салғастырмалы лингвомәдени сараптама өзгенікін біліп, өзіңдікін дұрыс бағалап, тереңіне бойлауға жол ашады. Кейінгі кезде тіл білімінің шектес теориялық ғылымдар тоғысуындағы пайда болған бағыттарына орай, фразеологиялық теңеулерді лингвомәдениеттану және когнитивтік тұрғыдан сипаттау оны этностық дүниетанымның ажырамас бөлігі мен көрінісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Зерттеудің нәтижелері мен пайымдаулары тіл теориясындағы салыстырмалы-салғастырмалы лингвомәдениеттану және когнитивтік лингвистика теорияларын нақтылай түсуге, мәселелерін айқындауға өз деңгейіне сәйкес үлесін қосады. Сонымен қатар қазақ және герман тілдерінің салыстырмалы-салғастырмалы фразеологиясының тіл білімінің бір саласы ретінде қалыптасуына септігін тигізеді.

Зерттеудің практикалық құндылығы. Зерттеудің барысында қол жеткен нәтижелер мен тұжырымдарды этнос тарихын, этникалық дүниетанымды тіл арқылы тануға арналған лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, лингвоелтану, этнолингвистика, мәдениетаралық қарым-қатынас теориясы, салыстырмалы фразеология бойынша арнайы курстарда, семинарларда теориялық және практикалық материал ретінде пайдалануға болады. Зерттеуде талдау жасалған тілдік деректерді әр түрлі түсіндірме және тақырыптық екі тілді сөздіктер құрастыруда, ағылшын тілін практикалық тұрғыдан оқытуда қосымша материал ретінде қолдануға болады.

Зерттеудің методологиялық және теориялық негіздері. Жұмыстың ғылыми теориялық негізі ретінде жалпы тіл біліміндегі, салыстырмалы-салғастырмалы тіл ғылымындағы, лингвомәдениеттану мен когнитивтік лингвистика мәселелеріне арналған, сондай-ақ қазақ, орыс, неміс, ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық теңеулер зерттелген ғылыми еңбектерге жүгіндік. Тіл мен мәдениет арақатынасы мәселелерін зерттеу барысында В.фон Гумбольдт, Ф.де Сосюр, Л.Вайсгербер, А.А.Потебня, И.Н.Телия, В.А.Маслова, Ю.С.Степанов, А.Толстой т.б. және қазақстандық ғалымдар Ә.Т. Қайдар, Р.Сыздық, Е. Жанұзақов, Ж. Манкеева, Г.Н.Смагулова, А.И.Ислам, К.К. Дүйсекова, Г.И.Исина т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектері басшылыққа алынып, тілдің ұлттық мәдениет көрсеткіші екендігі теориялық тұрғыдан негізделеді.

Тіл білімінің салыстырмалы-салғастырмалы фразеология саласы бойынша ғылыми тұжырымдар жасап, дәлелдеп, негізін қалаған А.Д. Райхштейн, М.М.Копыленко, Э.М. Солодухо, З.Қ.Ахметжанова, С.Е.Исабеков, Д.Добровольский, М.Т.Сабитова т.б. зерттеулеріндегі негізгі тұжырымдарды бағдар етіп, екі тілдің фразеологиялық теңеулерінің жасалуында, мағына қалыптасуында және концептілік құралымындағы ұқсастықтары мен айырмашылық дәрежелері анықталады.

Фразеологиялық теңеулерді әр тілде арнайы зерттеген Т.Қоңыров, Г.Исина, Г.Қарбозова, В.Огольцев, Е. Ройзензон, Э. Бабаев, Р. Глазырин, М.Черемисина, З. Божеева т.б. ғалымдардың еңбектері жұмыстың теориялық негіздерінің бірі етіп алынды.

Зерттеудің әдістері. Диссертациялық жұмыста алға қойылған мақсат пен міндеттерге байланысты сипаттамалық-синхрондық, салыстырмалы-диахрондық, лингвомәдени және когнитивтік мағыналық талдау, әдістері пайдаланылды.

Зерттеудің дереккөздері. Зерттеу материалы мен зерттеудің дерек- көздері ретінде жалпы іріктеу негізінде жинақталған қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық теңеулер пайдаланылды. Зерттеу жұмысымызға 8 томдық "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі" (1974-1986) , "Қазақ тілінің сөздігі" (1999), "Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі" (І. Кеңесбаев, 1977), "Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі" (1966), "Бір мың әсерлі де бейнелі орам" (Ә.Қайдар, 2003), "Қазақ тілінің тұрақты теңеулері сөздігі" (Т.Қоңыров, 1990), "Лингвострановедческий словарь. Великобритания" (Л. Колесников и др. 1978), "Словарь живых идиом американского английского языка" (М.Карпова, 2004), "Англо-русский фразеологический словарь" (А.Кунин, 1984), "Новый большой англо-русский словарь" (в 3-х томах. Под.общ.ред. Ю.Апресяна, 2000), "Русско-английский фразеологический словарь "(Д.Квеселевич,2000), Oxford Compact English Dictionary over 145000 words, phrases and definitions edited by Catherine Jeans. – Oxford University press 2000, "A Dictionary of English Idioms" (B. Herderson,1954), "The Penguin Dictionary of English Idioms" (Daphne M. и др.,2001), Ammer C. The American Heritage dictionary of idioms. Houghton Mifflin Company. Boston. New York, 1997, Ayto J. Dictionary of World Origins London, Bloomsbury Publishing Dictionary, 1999. т.б.сөздіктер мен жинақтардан қазақ және ағылшын тілдерінен 1750 (900-қазақ тілінде, 850-ағылшын тілінде) фразеологиялық теңеулер жинақталып, талдауға түсті.