Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_stan_tarikhy_shpor_2.docx
Скачиваний:
99
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
250.56 Кб
Скачать

65. Қазақстандықтардың майданға аттануы және олардың қаһарман ерліктері (1941–1945 жж.)

Ұлы Отан соғысының даңқты тарихының беттеріне жазылған қазақстандықтардың ерлігі аз болған жоқ. Еліміздің басқа да халықтарының ұл-қыздарымен қатар біздің республиканың жастары да жаумен Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі майдан шептерінде ерлікпен шайқасты. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, Ш. Шолтаров, В. Лобанов, К. Әбдірахманов, К. Иманқұлов, Е. Качанов, В. Фурсов т.

б. Жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. Ұлы Отан соғысының алғашқы айларында қазақстандықтар Лиепая, Перемышль, Саарема аралы, Минск, Одесса, Бельцы, Шауляй, Севастополь және т. б. қалалар үшін шайқасты. Әсіресе 1941 жылғы қараша, желтоқсан айларында Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316-атқыштар дивизиясына астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі –

Волокалам тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Бауыржан Момышұлы басқарған 1073-ші атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді. 316-дивизияның жоғары қаһармандық қабілетін қамтамасыз етуге оның командирі И. В. Панфилов зор еңбек сіңірді.

Дубосекова разъезі түбінде 28 панфиловшы жауынгерлер жаудың 50 танкісінің шабуылына қарсы тұрды. Саяси жетекші В. Г. Клочковтың жауынгерлерді ерлікке жігерлендіріп: «Ресей жері кең байтақ, бірақ шегінер жер жоқ, артымызда Мәскеу!» — деген сөздері бүкіл майданға тарап кетті. 28 жауынгер – орыстар, қазақтар, украиндар, қырғыздар – 4 сағат бойы өршелене жасалған жау танктерінің тынымсыз шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қазақ тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай-ақ Мәскеуді қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Ғабдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Аманкелдиев өздерінің ерліктерімен мәңгі өшпес із қалдырды. 316-дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған құрметті 8-ші Ұлан дивизиясы атағы берілді.

Майданға ерікті көмек кең құлаш жайды. Халықтың патриоттық үлестерінен жиналған қорғаныс қоры 1943 жылы қазанға дейін ақшалай 185,5 млн. сомға және тапсырылған облигациялардың құны 193,6 млн. сомға жетті. 1941 жылы күзден бастап патриоттардың қаржысына танктер, ұшақтар, сүңгуір қайықтарын сатып алу науқаны басталды. Олар нақты жауынгерге арналды. Сондай-ақ бүтіндей колонна, эскадрилья сатып алынды. Қазақстанның қару-жарақ жасауға өткізілген барлық соғыс заемдарының және ақшалай-заттай лотереялардың құнын есептегенде республика халқының майдан қажетіне ерікті үлесі 4700 млн. сом болды, бұл соғыстың екі жетілік тікелей әскери шығынын өтеуге жететін еді.

Әсіресе соғыстың бірінші қысында жылы киім көмегі едәуір болды. Республикада халықтың 2,5 млн. жылы киім, оның ішінде 11,5мың шолақ тон, 312мың пар киіз байпақ түсті. Мұның үстіне майдандағы солдаттарға 1600 вагон жеке және ұжымдық сәлем-сауқаттар жіберілді, кейде оларды облыстың немесе республиканың арнаулы өкілдері алып барды. Отан қорғаушылардың олармен кездесуі, сол сияқты Қазақстан артистерінің майдан шебіндегі ормандарда, жер астындағы клубтарда немесе алдыңғы шептегі блиндаждарда көрсеткен 1216 концерттері майдан мен тылдың бірлігінің айқын көрінісі болды.

1943 жылы Қазақстан өз ресурстарынан Ресейдің Краснодар және Ставрополь өлкелеріне, Украинаның шығыс облыстарына 2700 трактор, 123 комбайн,

880 сеялка, 2500 соқа және көп мал, азық-түлік, киім жіберді. Осының бәрін жеткізіп апарғандардың ішінен 295 комбайншы, 636 трактор бригадасының бригадирі, 115 механизатор, 115 агроном, 65 МТС директоры сонда қалып, шаруашылықты қалпына келтіруге көмектесті.

66. Қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы еңбек майданындағы ерліктері Мәскеу шайқасының тарихи маңызы

Қызыл Армия Москва түбінде гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі де көп болды. Қазақстандық генерал-майор И. В. Панфилов пен комиссар А. С. Егоров басқарған 316-атқыштар дивизиясының аты аңызға айналды. Бұл дивизия 1941 жылы 26 қазаннан 18 қарашаға дейін ерлікпен жауға қарсы шайқасты. 1941 жылы 18 қарашада И. В. Панфилов ерлікпен қаза тапты. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Панфиловшы, ротаның саяси жетекшісі, қазақстандық КСРО батыры П. Б. Вихрев те ерлікпен қаза тапты.

Бауыржан Момышұлы басқарған батальон жаумен болған шайқаста ерліктің тамаша үлгісін көрсетті. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Т. Тоқтаровқа кеңестер Одағының батыры атағы берілді.

М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.

Бородино селосының түбінде Амангелді Имановтың ұлы Рамазан Амангелдиев 13 фашистің көзін жойды.

Фашистердің Москва түбінде жеңілуі, яғни «Блицкриг» жоспарының күйреуі жеңістің бастамасы, Ұлы Отан соғысындағы түбегейлі бетбұрыс болды.

Ленинград шайқасының тарихи маңызы

Ленинград қаласын қорғауға қазақ КСР-де құрылған 310-атқыштар дивизиясы мен 314-дивизия алғашқы кезеңнен қатысты.

Ленинград үшін шайқаста қазақ жауынгері Сұлтан Баймағанбетов кеудесін оққа төсеп, Александр Матросовтың ерлігін қайталады. Ол Кеңестер Одағының батыры атанды.

Балтық флотында көптеген қазақстандықтар жауға қарсы ерлікпен шайқасты. Мысалы, «Киров» крейсерінде 156 қазақстандық болған. Қазақстаннан барған әскерлердің 30%-дан астамы Ленинград түбіндегі шайқасқа қатысты. Рота командирі Қойбағаров өз бөлімшесімен неміс окоптарына басып кіріп, өшпес ерлік жасаған. Одан басқа Ленинград түбінде Дүйсенбай Шыныбеков, С. Жылқышев, Г. П. Зубков т. б. қазақстандықтар ерекше ерлік көрсетті.

  1. жылы қыркүйекте қазақстың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың ленинградтықтарға арнап жазған «Ленинградтық өренім» жыры фашистердің қоршауындағы қаһарман қала халқына, оны қорғаушыларға үлкен рухани дем берді. Сталинград шайқасының тарихи маңызы

  2. жылы Сталинград түбінде қиян-кескі шайқас басталды. Қазақстанның батысы Сталинград облысымен 500 шақырым шектесіп жатқандықтан, соғыстың оты Батыс Қазақстан өңірін қамтыды.

1942 жылы 1 қыркүйекте Гурьевте қорғаныс комитеті құрылды. 1942 жылы 15 қыркүйекте Гурьев облысында соғыс жағдайы мен қатерлі жағдай енгізілді. 1942 жылы 9 қазанда Қазақ КСР үкіметі Сталинград майданының ең жақын тылы Қазақстан екенін, сондықтан бұдан артық шегінетін жер жоқ екенін айтып, Сталинградты қорғаушы жерлестеріне үндеу тастады.

Батыс Қазақстан жерінде 6 қорғаныс шебі, Сайхан, Орда, Чапаев, Тайпақ аудандарында арнайы аэродромдар салынды. Ақтөбе облысында да қорғаныс құрылыстары салынды.

Сталинград майданының көптеген әскери бөлімдері, материалдық, техникалық базалары Батыс Қазақстанда орналастырылды. Орал қаласында әскери байланыс торабы орналасты. Батыс Қазақстан жерінде 20-ға жуық әскери госпиталь жұмыс істеді.

Сталинград майданын барлық жағынан Қазақстан қамтамасыз еткен. Осында көптеген әскери техника жөндеуден өтті. Қазақстан жерінде құрылған 292, 387атқыштар дивизиясы, 81-атты әскер дивизиясы т. б. Сталинградты қорғауға қатысты.

Жамбылдың ұлы Алғадай Сталинград түбінде ерлікпен қаза тапты. Кеңестер Одағының батыры, қарағандылық ұшқыш Нұркен Әбдіров өз ұшағын жаудың әскери базасына құлатып, Гастеллоның ерлігін қайталады.

Сталинград түбінде қазақстандықтар Қ. Сыпатаев пен А. А. Бельгин өздерінің ерлігі нәтижесінде Кеңестер Одағының Батыры атағына ие болды. Сталинград шайқасы соғыс тарихында ерекше орын алды. Гитлерлік басқыншылардың Сталинград түбіндегі жеңілуі олардың соғыстағы тағдырының шешілу уақытын жақындата түсті.

67. Соғыстан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі (1945–1950 жж.)

Соғыстан кейін де әміршіл-әкімшіл жүйе қоғамда үстем болды. КСРО-да, соның ішінде Қазақстанда Сталиннің жеке басына табыну күшейді. Жеке адам құқығы барған сайын аяққа тапталды. Қарапайым адамдар басқарудан шеттетілді.

Коммунистік партияның билігі шексіз болды. Қоғамда тоталитарлық, авторитарлық жүйе үстем болды. Осының бәрі жеке адамның басына табынғандықтан пайда болған. Жоғары билік басындағылар тез арада коммунизмге көшу туралы жоспарларды құрастыра бастады. Коммунизмнің теориялық негізі жасалды. Мұның бәрі И. В. Сталиннің көрегендігі ретінде бағаланды. Республикада осылай қияли утопиялық көзқарас пайда болды. Коммунистік партия қияли коммунистік идеологияның мүддесін халықтың өмірі мен тіршілігінен жоғары қойды. Адам мүддесімен ешкім санаспады. Ауыл шаруашылығы

Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Мысалы, ауыл шаруашылық техниканың жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы т. б.

Партияның 1946 жылғы қаулысына сәйкес совхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылғын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. 1950 жылы еліміздегі колхоздарда (76%) МТС-тер (машина-трактор станциялары) жұмыс істеді. Үкімет өзін қамтамасыз ете алмайтын ұсақ колхоздарды біріктіре бастады. 1952 жылы республикада 2047 колхоз жұмыс істеді.

Республика ауыл шаруашылығы біршама жақсы дамыды. Дегенмен барлық халықты бірдей азық-түлікпен қамтамасыз ете алмай, өнеркәсіптің шикізатқа деген сұранысын қанағаттандыра алмады. Ауыл шаруашылығы жоспарлы түрде жоғарыдан басқарылды.

Халықтың әлеуметтік жағдайы

Соғыстан кейін 1946–1950 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса ірі ауыр кез болды. 1947 жылы елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азықтүлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды.

Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуда біраз шаралар қолданылды. Бірақ бұл мәселе онымен шешілмеді. Жұмысшылардың жалақысы көп ретте азық-түлікті сатып алып отырды. Әсіресе, ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекет өте арзан бағамен сатып алды. 1946 жылы Кеңестер Одағының біраз өңірін аштық жайлады. Бұл туралы ешқандай мәліметтерде айтылмайды. Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру (1945–1950 жж.)

II дүниежүзілік соғыс КСРО шаруашылғына өте көп зиян әкелді. Соғыс зардаптары: 1710 қала, 70000 ауыл қирады, 32000 өнеркәсіп, 100000 ауыл шаруашылық кәсіпорны бүлінді және 2 млн. адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Сталинград, Минск т. б. қалалардың көп бөлігі талқандалды. Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Себебі КСРО соғыста 27 млн. адамнан айырылды. Осыған байланысты Қызыл Армия қатарында демобилизация (әскерден босату) басталды. 1945– 1948 жылдары Қызыл Армия қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды.

Соғыс жағдайына бейімделген ел экономикасының қайта құрылуы басталды. Сұрапыл жылдары соғыстың қажетін өтеп тұрған кәсіпорындар бейбіт тұрмыс өнімдерін шығара бастады.

Қазақстан экономикасын бейбіт жағдайға бейімдеу көп қиыншылықтар тудырды. Соғыс жылдары Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар азат етілген аудандарға қайта көшірілді. Сонымен бірге білікті мамандар да қайтты. Соғыста жарты миллионнан астам адам қаза тапты, көбі мүгедек болып оралды. Мұның бәрі шаруашылқты қалпына келтіруді кешеуілдетті. Қазақстан соғыстан зардап шеккен өңірлерге барынша көмек көрсетті. Сталинград, Ленинград, Киев қалаларын, көптеген қираған кәсіпорындарды қалпына келтіру барысында қазақстандықтар көп үлес қосты.

Сонымен қатар Қазақстан соғыстан зардап шеккен өңірлерге материалдық көмек көрсетті. Мысалы, 1945 жылы Украинаға 500-ге жуық трактор, ауыл шаруашылық техникасын; Ресей мен Белоруське, Украинаға 350000 қой, 22000 жылқы, 17500 сиырды тегін жіберді, 1946 жылы қабылданған 1946–1950 жылдарды қамтитын халық шаруашылығын дамытуға бюджеттен көптеген қаржы бөлінді.

Үкіметтің қолдауымен және жұмысшылардың қажырлы еңбегінің арқасында кәсіпорындар біртіндеп аяғынан тұра бастады. Теміртау металлургия зауыты, Ақтөбе Ферроқорытпа зауыты сияқты алыптардың қуаты артты. Екібастұз көмір кендері мен Маңғыстау мұнай кәсіпшіліктерінде жаңа құрылыстар салынды.

Ауыр өнеркәсіппен бірге жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің қуаты артты.

1950 жылы 483 шақырымға созылған Мойынты-Шу теміржолы салынды. Байланыс, коммуникация жүйелері де дамыды. 1949 жылы Алматы автоматтық станция арқылы республиканың 56 қаласымен байланыстырылды.

1950 жылы елімізде халық шаруашылғында еңбек ететін адамдардың саны 1 млн. 403000-ға жетті.

Қазақстан экономикасының бейбітшілік жағдайға сәйкес қайта құрылуы

1946 жылғы наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы 1946–1950 жылдар аралығын қамтитын халық шаруашылғын қалпына келтіру мен дамытуға арналған бесжылдық туралы Заң қабылдады. Бұл жоспарда қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға үлкен мән берілді. Ауыр өнеркәсіптің дамуына, жаңа темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді.

Еңбекшілер қауымының қажырлы қайрат көрсетуінің нәтижесінде 1946–1951 жылдары республикада болат прокатын, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. Бесжылдық жылдарында қара металлургия қарышты қадаммен дамыды. Теміртаудағы металлургия зауытында үй прокат станы мен екі мартен пеші, Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытында кәсіпорынның үшінші кезегі іске қосылды. 1947 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы мырышын берді. Екібастұз алабында көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды. Балқаш мыс қорыту зауытының қуатын арттыру жөніндегі жұмыстар жалғастырылды. Маңғыстауда мұнай кәсіпшіліктері қатарға қосылумен болды.

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Семейдегі илеу-сығынды зауыты, Қызылорда «Комсомолка» тігін фабрикасы өнім бере бастады. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері зауыттарының құрылысы аяқталды. 50-жылдардың басына қарай республикада 65 кәсіпорын болды. 1950 жылы ұзындығы 483 км. Мойынты-Шу темір жол төсемін қалау аяқталды.

1949 жылдың көктеміне қарай Алматыда елдің 56 қалаларымен байланыстыратын автоматтық станция қызмет істей бастады, радиоқабылдау және хабар беру, радио жүйесі 40-жылдармен салыстырғанда екі есе артты.

Республиканың экономикалық өміріндегі өзгерістер маманданған жұмысшылар қатарының өсуіне ықпал етті. Егер 1945 жылы халық шаруашылғындағы жұмысшылар мен қызметкердің саны 1044 мың, олардың ішінде өнеркәсіпте еңбек ететіндер 304 мың болса, 1950 жылы олардың жалпы саны 1403,3 мың, ал өнеркәсіптегілер 366 мың адамға тең болды.

Өнім өндіруді арттыру мақсатымен ұсақ колхоздар біріктіріліп, олардың орнына ірі ұжымдық шаруашылықтар құру жүзеге асырылды. Колхоздарды ірілендіру шапшаң қарқынмен жаппай жүргізілді. Осының нәтижесінде республикада колхоздар саны азайды: 1945 жылы Қазақстанда 6737 колхоз болса;

1952 жылы олардың саны 2047-ге тең болды.

Еңбекшілердің тұрмыс жағдайының өзгеруі.

40-жылдардың екінші жартысы мен 50-жылдардың басы КСРО азаматтарының басым көпшілігі үшін аса ауыр кезең болды.

1947 жылғы желтоқсанда карточка жүйесі және еңбекшілерді азық-түлік және өнеркәсіп өнімдерімен өлшеулі қамтамасыз ету жойылды. Сол жылы ақша реформасы жүзеге асырылды. Негізгі өнімдердің, нан және наннан жасалған өнімдердің, еттің, өнеркәсіп өнімінің бағасы арзандады. Сомның сатып алу құнының көтерілуімен қатар еңбекшілердің жалақысы да өсті.

Екінші дүниежүзілік соғыстың мүгедектеріне, соғыста қаза болғандардың отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді. Жасы ұлғайғандарға, асыраушысының қаза болуына байланысты және уақытша еңбекке жарамай қалғандарға зейнетақы тағайындалды. Көп балалы және жалғыз басты аналар жәрдем алып тұрды. Шипажайлар мен демалыс үйлеріне, балалар лагерьлеріне жеңілдіктермен жолдамалар берілді. Осы жылдары кезектен тыс жұмыс істеуге тиым салынды, ақылы демалыс алу қалпына келтірілді.

Мемлекеттік күрделі қаражат пен кооперативтік кәсіпорындардың және басқа ұйымдардың есебінен халық үшін тұрғын үйлер салу өрістеді.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің айлық жалақысы бір жарым есе ғана өсіп, 1950 жылы 64 сомға тең болды.

Әуел бастан негізсіз жасалған, соған қарамастан насихат кеңінен пайдаланған арзандату саясаты халықтың басым көпшілігі тұратын ауыл есебінен жүргізілді.

68.Тың және тыңайған жерлерді игеру (1954–1958 жж.)

Тың жерлердің игерілуі 1954 жылы басталды. 1954 жылы наурызда КОКП Орталық Комитетінің пленумында «Астық өндіруді арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Тың игеру, астық өсіретін егістік көлемін арттыру, негізінен, Орал мен Сібірде, Солтүстік Кавказ бен Қазақстанда жүргізілді. 1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 миллион гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28– 30 миллион гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқынмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 жылы 9,4 миллион гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн гектар жер жырту көзделген болатын. Тың жерлердің игерілуі жүргізілді: Ақмола, Солтүстік Қазақстан;

Қостанай, Көкшетау;

Торғай;

Павлодар облыстарында.

Тың жерлерді игеру мақсатында Қазақстанға көптеген жұмысшылар келді. 1953–1958 жылдар аралығында совхоздар мен колхоздарға 266,6 мың механизатор, 1954 жылы Ақмола облысына тың игеру үшін 20000-ға жуық адам келді. Тың игеруді жеделдету мақсатында көптеген шаралар қолданылды. Басқа өңірлерден тың игеруге келгендерге көптеген материалдық жеңілдіктер жасалды. Тың игеруге келген әр адамға 150–1000 сом аралығында бір реттік көмек берілді. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т. б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауыл шаруашылық салығынан босатылды.

1954–1959 жылдар аралығында Қазақ КСР-де тың және тыңайған жерлерді игеру мақсатында 20 млрд-қа жуық сом жұмсалды.

Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді. Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. Астық өндіру көлемі жөнінен Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты, интернационалдық елге айналды. Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени обьектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді.Тың игерудің салдары. Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, Мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.

Ең алдымен Қазақстанға тың және тыңайған жерлерді игеруге келгендер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954–1955 жылдарда Қазақстанға келген 650000 тың игерушінің 150000-ы ғана механизатор болды. Нәтижесінде көптеген тәртіп бұзушылықтар, қылмыстар етек алды.

Тың игеруге байланысты совхоздарға көбінесе тозған, бүлінген тракторлар мен комбайндар, ауыл шаруашылық техникасы жіберілді.

Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.

Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Миллиондаған гектар жерлер жыртылғандықтан, малдың жайылымы, жемшөп дайындайтын жерлер азайды. Мал шаруашылығының шығынға ұшырауынан ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.

Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады. Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді. Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолданылу аясы тарылды. Тың игеру жылдары келген 2 миллионға жуық басқа ұлт өкілдеріне берілген артықшылықтар қазақ халқын менсінбеушіліктің көрінісі болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]